Адам контрабандасы өркениетті АҚШ-та пайда болған құбылыс (2)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i31855-Адам_контрабандасы_өркениетті_АҚШ_та_пайда_болған_құбылыс_(2)
Адам контрабандасы құбылысы жайлы және АҚШ Мемлекеттік департаментінің есебінде осы мәселеге байланысты Иранға қарсы айтылған уәждеріне жауап ретінде әзірленген бағдарламаның екінші бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 21, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • Адам контрабандасы өркениетті АҚШ-та пайда болған құбылыс (2)

Адам контрабандасы құбылысы жайлы және АҚШ Мемлекеттік департаментінің есебінде осы мәселеге байланысты Иранға қарсы айтылған уәждеріне жауап ретінде әзірленген бағдарламаның екінші бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.

АҚШ Мемлекеттік департаменті өзінің жылдық есебінде Иранды адам контрабандасымен күресуде салғырттық танытып, лас адам саудасымен айналысуда және адам бостандықтарын қорлауда деп айыптаған болатын.

Бұл жиырма бірінші ғасырдағы сұм құбылыстың нағыз шыққан жері адам құқықтарын қорғау туралы уәж айтатын өркениетті АҚШ пен Еуропа саналатын жағдайда орын алып отыр. Топтамамыздың кезекті бөлімінде осы тақырыпты тереңірек қарастырамыз.

Адам контрабандасы немесе басқаша айтқанда адам саудасы халықаралық деңгейде дамып бара жатқан өте өкінішті құбылыстардың бірі саналады. АҚШ-та ерте заманнан зорлық-зомбылық әрекеттер, нәсілшілдік сипаттар мен құл иеленушілікке беталыс кең етек жайған жағдайда АҚШ Мемлекеттік департаменті басқа елдер туралы негізсіз уәждерге толы баяндамалар жариялап отыр. Бүгінгі таңда АҚШ қоғамында Американың үндістері, қара нәсілділері мен мигранттарға қарсы нәсілдік кемсітушілік осы адамзат баласына қарсы беталыстың көрінісі болып табылады. Бұл үдерістің қайталануы АҚШ-тағы нәсілшілдік азамат соғыстарының аяқталуына қарамастан нәсілдік кемсітушілік, тіпті адам құқықтарын қорғауды талап етуші бұл елде өлтіру мен нәсілшілдік зорлық-зомбылықтардың негіздерінің әлі де жалғасуына себеп болды.

Америка Құрама Штаттарында адамдардың құндылығын анықтаудың критерийлері нәсілшілдік ой-пікірлерге негізделген. Сол себепті, АҚШ-та құл иеленушілікке тыйым салынуына қарамастан, нәсілшілдік әрекеттер мен нәсілшілдік әрекеттермен байланысты оқиғалар үнемі қайталануда.

Отарлау мен халықаралық отарлаушы әлемді бөлу кезеңдерінде жергілікті халықты жою немесе оларды нәсілі мен тері түсі негізінде әлемдік қауымдастықта бөлу (жіктеу) құбылысы отарлаушы үкіметтердің олар үшін анықтаған шешімдеріне бағыну болды. Бірақ бүгінде, өркениет пен ілгерілеуді талап етуші қазіргі әлемде отарлау кезеңдерінің мұрасын импералистің өзін артық санауынан байқауға болады.

Адам құқықтарын бұзу, адам контрабандасының белгілері мен жағдайлары және құл иеленушілік әрекеттердің барлығын АҚШ-тың тарихынан көруге болады. Бұл жағдай нәсілшілдік пен соған байланысты беталыстардың әлеуметтік, мәдени, тіпті саяси топтарға әртүрлі позициялар бойынша ықпалын тигізіп жатқанын, оның айқын әрі тұрақты шегінің жоқтығын көрсететді.

АҚШ-тағы адам контрабандасы туралы жан түршіктірерлік есептер мен статистикалық мәліметтер АҚШ-та мыңдаған әйелдер мен балалардың қалайша құлға айналғанын көрсетеді. Бүгінде адам контрабандасы АҚШ қоғамында кең таралған құбылысқа айналған.  Бұл құбылыс осы елдің шамамен барлық штаттарында бар. Адам саудасымен күресуге міндетті Адам контрабандасын зерттеу ұлттық орталығының  (NHTRC) зерттеулері де осы мәселені растады.

Адам контрабандасы АҚШ-та көп жағдайда АҚШ-қа заңсыз түрде көшуге беталысты теріс пайдалану арқылы жүзеге асып жатады.

Жалпы алғанда адам контрабандасымен бетпе-бет келіп отырған елдерді үш ірі топқа бөлуге болады: мақсат елдер – баратын ел, транзиттік елдер және бастапқы елдер – сол жерден көшіп кеткісі келетін өзінің елі. Бастапқы елдердің ең маңыздыларына Шығыс Еуропаның Албания, Болгария, Чехия, Литва, Польша, Венгрия, Румыния, Украина секілді бөліктері мен Африканың Ливия, Сомали, Нигерия секілді кейбір мемлекеттері және Латын Америкасының Колумбия, Доминикана Республикасы сияқты елдер жатады. Ал Таиланд секілді елдер транзиттік немесе дәнекер ел саналады. Таиланд адам контрабандасы мен саудаға түскен адамдарды жыныстық тұрғыдан теріс пайдалану жағдайлары шоғырланған орталықтардың бірі болып табылады. Бұл елде жыныстық туризм кең етек жайған. Адам контрабандашыларының басым бөлігінің мақсаты осы ел саналады. Бельгия, Германия, Грекия, Италия, Жапония, Голландия (Нидерланды), Түркия, Таиланд және АҚШ адам контрабандасы саласындағы мақсат елдерге жатады.

Адам контрабандасының ала жібіне шырмалған адамдардың басым бөлігі АҚШ немесе мақсат еткен Еуропа елдеріне келуді армандағандарымен соңында құлдыққа түсіп жатады. Заңсыз саудаға түсетін адамдарды жұмыс күші ретінде, әйелдер мен қыздарды жыныстық тұрғыдан пайдалану және балалар саудасы мен дене органдары саудасының жағдайлары адам контрабандасы құрбандарының маңдайына жазылған тағдыр саналады.

2008 жылы тамыздан қазіргі кезге дейін БҰҰ-да адам контрабандасы, әсіресе әйелдер мен балалар саудасы жөнінде қызмет жасап жүрген БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы және Нигерия ісі жөніндегі сарапшы Джой Негози Эзейло (Joy Ngozi Ezeilo) біраз уақыт бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясына берген баяндамасында келесі шындыққа сілтеме жасап: "Әлемде трансплантацияға жарамды дене органдарының тапшылығы адам мүшелері мен органдарын пайдалану мақсатындағы адам контрабандасының негізгі себептерінің бірі саналады. Сонымен қатар, дене органдарын трансплантациялауға деген сұраныстың артуы мен трансплант органдарының қолжетімді банктеріне қатысты қатты шектеулер адам контрабандасының артуының келесі себептері болуы мүмкін",- деп жазды.

Еуропалық одақтың 2008-2010 жылдар аралығында жүргізген зерттеулеріне сәйкес, Еуропада жалпы алғанда адам саудасының шамамен 24 мың құрбанының есімі ресми түрде тіркелген. Құрбандардың басым бөлігі әйелдер, 12 пайызы – қыз балалар, 17 пайызы – ер азаматтар, қалған 3 пайызы ұл балалар болған. Үш құрбанның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрленсе, олардың 25 пайызы мәжбүрлі жұмыстар, қайыршылық және құқық бұзушылықпен айналысуға немесе хирургиялық ота арқылы дене мүшесін адам саудагерлеріне беруге мәжбүр болған. Адам саудасы жағдайларының басым бөлігі Италияда, одан кейін Испания, Румыния мен Нидерланд елдерінде тіркелген. Германияда адам саудасының шамамен 651 құрбаны бар. Адам саудасы жағдайларының 80 пайызы әйелдерге қатысты болған. Әрине Еуроодақтың Коммиссиясы өзінің зерттеуінде бұл статистикалық мәліметтердің тек айсбергтің басын ғана көрсететінін растады.

Қазіргі таңда дамыған елдердің басым бөлігі, атап айтқанда адам құқықтарын қорғауды талап етуші АҚШ өзінің заңсыз медициналық тәжірибелерін африкалық қара нәсілділерге жасайды. Жарияланған құжаттарға сәйкес, олар үшін Африканың қара нәсілді халқы осындай тәжірибелерді жасауға қолайлы саналады. Сол себепті зерттелмеген және белгісіз аурулар алдымен сол құрлықтан басталады.

Адам контрабандасын зерттеу ұлттық орталығының бес жыл бойғы мәлімет жинау жұмыстарының нәтижесі адам контрабандасының АҚШ-тың барлық штаттары мен бүкіл аймағында бар екендігін, бұл қылмыстық дағдарыстың Америка қоғамында кең таралғанын көрсетеді. Бұл орталықтың 2007 жылдың 7 желтоқсаны мен 2012 жылдың 31 желтоқсан аралығында, яғни бес жыл ішінде жүзеге асырған зерттеулеріне сәйкес, баяндамалардың 64 пайызы жыныстық сауда, 292 пайызы жұмысқа күштеп салу, шамамен 3 пайызы жұмыс және жыныстық контрабанда аралас жағдайларды қамтыған.  Ал 12 пайызы болса нақты анықталмаған.

Контрабандистер көбінесе әлсіз адамдарды алдау, бос уәделер беру, құлдыққа алу және бақылаудың басқа формалары секілді әртүрлі айла-тәсілдермен нысанаға алып, осылайша өз құрбандарын жыныстық қатынастар саудасы мен мәжбүрлі жұмыс жасаудың тұзағына түсіреді.

Бұл есептер мен баяндамалар мынадай бірнеше маңызды жайттарға сілтеме жасайды:

  1. Бес жылдың ішінде АҚШ-та адам контрабандасына қатысты іс қозғалғаны жайлы 9298 баяндама қабылданған.
  2. Құрбандардың 41 пайызы жыныстық саудаға, 20 пайызы америкалық азаматтардың еңбек саудасы жағдайларына жатады.
  3. Әйелдер жыныстық сауда құрбандарының 85 пайызын, ал ер кісілер еңбек саудасы құрбандарының 40 пайызын құрған.

Бұлардың барлығы адам құқықтарын қорғауды талап етуші елдердің өздері құлдықтың кең етек жаюына үлкен үлес қосып отырған қазіргі кездегі әлемдегі жаңа құлдық құбылысының қорқынышты салдарлары саналады. Бұл мемлекеттер тіпті ескі отарлау мен құл иеленушілік жүйе секілді құл иеленушіліктің бұрынғы ұғымдарын қолданбағанымен, бірақ, «жаңа отарлау» деген ұғым тудырып, бұрынғы құл иеленушілік мәселесін жою ұранын көтеріп, адамзат баласына қарсы қылмыстың айқын мысалы саналатын қазіргі құл иеленушілікті осы ғасырда жүзеге асырды.