Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумынан кейінгі ықтималды жағдайлар 3
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i31879-Күрдістан_аймағының_бөліну_туралы_референдумынан_кейінгі_ықтималды_жағдайлар_3
2017 жылдың қыркүйек айының 25 күні көптеген қарсылықтарға қарамастан, Күрдістан аймағын Ирактан бөлу туралы референдум өтті. Бірақ референдумнан кейінгі Ирактың Күрдістан аймағының жағдайы туралы әлі нақты айтуға болмайды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 22, 2017 21:02 Asia/Almaty
  • Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумынан кейінгі ықтималды жағдайлар 3

2017 жылдың қыркүйек айының 25 күні көптеген қарсылықтарға қарамастан, Күрдістан аймағын Ирактан бөлу туралы референдум өтті. Бірақ референдумнан кейінгі Ирактың Күрдістан аймағының жағдайы туралы әлі нақты айтуға болмайды.

 

Ирактың Күрдістан аймағын бөлудің үшінші болжамын үшінші ойыншылардың арағайындығы деп айтуға болады. Егер, Ирактың Күрдістан аймағы референдумның нәтижесін, яғни аймақты Ирактан бөлуді іске асырып, Ирак үкіметі аймақты  қоршауға алуды жалғастырып, жаза қолдануға қысым көрсететін болса, үшінші ойыншылар арағайындық жасауы мүмкін. Ирактың Күрдістан аймағы басшыларының референдумның нәтижесін іске асыру және Ирактың орталық үкіметінің оларды жазалау ұстанымдары Күрдістан аймағын әлеуметтік қиындықтарға тіреп, екі жақ арасындағы қақтығыстарға, тіпті соғысқа себеп болуы мүмкін. Бұл – күрдтер мен Ирактың тарихында бұрын-сонды болмаған жағдай. Мұндай жағдайда екі жақ қабылдайтын үшінші ойыншының арағайындыққа түсуі туралы болжамдар айтылуда. Алайда Ирактың Күрдістан аймағы мен Ирак үкіметінің арасында қай ел арағайындық ете алады деген сауал туындайды. Арағайындық атқарудың ең маңызды шарты арағайын болатын елдің екі жақпен жақсы қарым-қатынасқа ие болуы әрі екі жақтың да оның арағайындығын қабылдауы болып табылады. Арағайындыққа дайын екендіктерін жариялаған Түркия мен ИИР Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдумға қарсылық білдірген болатын. Сондықтан, Эрбил бұл мәселеге қатысты Теһран мен Анкараның арағайындығын қабылдамайды. Сауд Арабиясы да Бағдад пен Эрбил арасына арағайындық етуге дайын екенін жариялады. Бірақ, Риядтың арағайындығының іс жүзінде іске асырылатындыңына күмән туады. Өйткені, Хейдар әл-Абади үкіметінде Сауд Арабиясы мен Ирактың қарым-қатынастары жақсарғанымен, екі елдің қарым-қатынасынан сенімсіздік байқалады. Аймақ дағдарыстарына арағайындық ету тәжірибесіне ие Қатар да бұл дағдарысты шешу үшін өзін арағайын ретінде таныстыра алмайды. Өйткені, Қатар мен Түркияның жақсы қарым-қатынастары мен Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі Түркияның қауіпсіздігіне әсерін тигізеді. Сол себепті, Күрдістан аймағы Қатар үкіметін бейтарап ойыншы санамайды. Мұндай жағдайда Бағдад пен Эрбил арасындағы арағайындықты аймақтың сыртындағы ойыншылар немесе БҰҰ іске асыруы керек. Кейбір сараптамалар Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумның өткізілуіне АҚШ-тың жасырын түрде қатысы болғанын көрсетеді. Алайда, АҚШ-тың Бағдад және Эрбилмен жақсы қарым-қатынасына көңіл бөліп, бұл дағдарыста АҚШ-тың арағайын болу ықтималы жоғары. Осы ретте АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт қыркүйектің 29 күні, яғни референдумнан бес күн өткеннен кейін Вашингтонның Эрбил мен Бағдад арасында арағайын болуына дайын екенін хабарлап: «Егер АҚШ-қа арағайындық ету туралы ұсыныс жасалса, біз екі жақтың келіссөздері үшін қажет жағдайды қалыптастырамыз»,- деді. Франция, Ұлыбритания, Германия немесе Ресей – Бағдад пен Эрбилдің арасында арағайындық жасай алатын төрт мемлекет. Бұл салада Франция Президенті Эммануэль Макрон Ирак Премьер-министрі Хейдар әл-Абадидің Париж сапарында Францияның Бағдад пен Эрбил арасындағы арағайныдыққа дайын екендігін жариялады. БҰҰ да – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғайтын ең маңызды ұйым ретінде Эрбил мен Бағдад арасында арағайындық жасайтын келесі орган. Осы салада Ирак істері жөніндегі БҰҰ-ның арнайы өкілі Ян Кубиш қыркүйектің 28 күні Ирак Сыртқы істер министрі Ибрахим Джафаримен кездесуінде БҰҰ-н Ирак үкіметі мен Күрдістан аймағы арасында арағайын ретінде ұсынды. АҚШ немесе БҰҰ-ның Бағдад пен Эрбилдің арасындағы қайшылықтарға арағайындық ету ықтималы басқалардан жоғары.

Келесі мәселе Эрбил мен Бағдад арасындағы арағайындықтың нәтижелері қандай болады  деген сұрақтың жауабы болып табылады. Үшінші күштердің арағайындығы біріншіден, Бағдадтың Эрбилге ұпай беріп, референдумның нәтижелерін жоюға соқтырады. Ұпайлардың қатарына Эрбилге төленбеген бюджетті төлеу, Эрбилге көбірек мұнай сатуға және қайшылықтарға ие аймақтардың мәселелерін Ирактың Конституциясына сай шешу туралы келіссөздер жүргізу кіреді. Берілуі ықтимал ұпайларға сәйкес,  Күрдістан аймағының үкіметі өз алдына референдумның нәтижелерінің күшін жойып, Ирактың территориялық тұтастығын бұзбай, федералдық аймақ ретінде елдің бір бөлігі болып қалады. Арағайындықтың мұндай нәтижеге жету мүмкіндігі өте жоғары. Арағайындықтың келесі ықтималды нәтижесі – Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі үшін уақыт белгілеу мүмкіндігі. Бұл Масуд Барзани қалайтын жағдай. Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзани сан рет: «Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумның мақсаты бұл аймақты тез арада Ирактан бөліп алу емес. Бөліну екі-үш жылға созылатын үдеріс болады»,- деп мәлімдеді. Осыған орай Барзани өткен күндері де референдумның нәтижесін екі жылға тоқтатуға дайын екені туралы жариялады. Негізінде, екі-үш жылға созылатын уақыт қайшылықтарға ие тараптардың мәселелерін шешу мақсатында белгіленіп, нәтижесінде Күрдістан аймағының бөлінуіне әкеледі. Егер,  ықтималды жобаның бірі ретінде Эрбил мен Бағдад Киркук  Ирактың жері ретінде қалады деген шартпен Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы келісімге келеді деген болжам ұсынсақ, Ирак үкіметінің референдумға қатысты қатаң ұсатнымына қарап, арағайындық мұндай нәтижеге жетеді деп айта алмаймыз. Қорыта айтқанда, үшінші күштердің арағайындығының екі жақтың бір-біріне ұпай беруімен аяқталатындығы анық. Масуд Барзани мен Күрдістан аймағының үкіметі Эрбил мен Бағдад арасындағы үшінші күштердің арағайындығынан пайда көре алады. Барзани үшін қазіргі жағдайда Күрдістан аймағына қысымды жалғастырып, үшінші күштердің арағайындығы пайдалы. Сондықтан, жақын арада Эрбил мен Бағдад арасындағы үшінші ойыншының арағайындығына куә бола аламыз.