Имам Хусейн (ғ.с.) әскерилерінің шәһиды сардар Шаабан Насириды еске алу
(last modified Sat, 28 Oct 2017 13:46:01 GMT )
Қаз 28, 2017 19:46 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.) әскерилерінің шәһиды сардар Шаабан Насириды еске алу

Мұхаррамның көңіл-күйі мен имам Хусейн (ғ.с.)-ды еске алу әлемнің азат адамдарының жүректерін осы уақытқа дейін ерекше толқытады. Күн сайын қасиетті кесенелерді қорғаушы шәһидтерінің суреттері кейбір исламдық елдердің әртүрлі қалаларының көшелерін безендіреді.

Бұл шәһидтердің қай жолда және қандай мақсатпен қадам басқандары туралы білетіндер ерекше көңіл-күйге ие болады. Бірақ аймақтағы өзгерістер мен билікқұмар жүйелердің Сирия мен Ирак сияқты мемлекеттердегі гибридтік соғыстарынан хабарсыз адамдар бұл адамдар Сирия мен Иракқа не үшін барды деп сұрайды. Шәһидтердің бірі бұл сұраққа «Ақыл қал, махаббат бар деп айтады» деп жауап берді Адамның болмысын анықтау үшін ақылды да, махаббатты да Алла Тағала жаратты. Ашура оқиғасы адамның болмысындағы ең құнды факторды арттырады. Кербала – шынайы иманды көрсететін ағым. Кербала оқиғасының басшысы имам Хусейн (ғ.с.) мен Ашураны еске салушылар – зұлымдыққа қарсылық білдіруді, жанкештілікті, жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан жирендіруді, шындық талап ету мен Алланың дінін жаңғыртуды үйрететін ұстаздар. 

Ислам революциясының жетекшісі пайғамбар әулетінің қасиетті кесенелерін қорғайтын шәһидтер мәселесін тарихтың таңғалдырарлық оқиғасы деп атап: «Біз соғыс кезінде жастарды соғыс майданына баруға жігерлендірдік. Олар қабылдап, майданға барды. Имам сөз сөйлегеннен кейін жастар тасқындай соғысқа аттанды. Алайда бүгін біз майданға баруға жігерлендірмейміз. Жігер қандай мықты, иман қандай анық. Иран, Ауғанстан және басқа елдердің жастары көтеріліп, жас әйелдері, кішкентай балалары мен рахат өмірлерін тастап, басқа елге, бөгде жерге барып, Алланың жолында күресіп, шәһид болуда. Бұл кішкентай мәселе ме? Бұл таңғалатын жайт. Ислам революциясы мұндай ғажайыптарды көрді»,- деді.

Сардар Шаабан Насири – хиджри шамси күнтізбесі бойынша биылғы 1396-шы жылдың хордад айының 5 күні, қасиетті рамазан айының бірінші кешінде Мосулдың батысын азат ету операциясында тәкфиршіл лаңкестердің қолынан қаза болған Ирактағы Иранның әскери кеңесшілерінің бірі. Ол сегіз жылдық қорғаныс соғысына қатысқан Алборз облысының Карадж қаласындағы ардагерлерлердің бірі болған. Ол имам Саджад (ғ.с.) атындағы батальон  қолбасшысының орынбасары және Сейд әл-Шоһада дивизиясының хазірет Әлиакбар атындағы батальон қолбасшысының орынбасары  міндеттерін атқарды. Мықты стратег болған сардар Насири адамды оңай түрде соғыс майданына жібермейтін және эмоцияға берілмей, әрқашан қырағы шешім қабылдайтын.

Шәһид Насиридың болмысы сырт көзге қайшы сипаттарға ие болды. Оның қоғамның жасөспірімдері мен орта жастағылары және қарттарымен қарым-қатынасы терең, қызықтыратын және ұмытылмайтын қарым-қатынас болды. Осы ретте оның тәлім-тәрбие мен идеологиялық мектебінде жастық шағын өткізген бірнеше буынды атауға болады. Шәһид Насири дұшпанның Ислам революциясына қарсы тұру үшін бастаған «жұмсақ соғысы» саласында мәдени күш ретінде жастармен бірге мәдени ұйым құрып, қоғам мен шәһидтердің отбасыларына кең ауқымды мәдени және тәрбие бойынша қызмет көрсетті. Насиридің әйелі оның мұндай әрекеттерінің бірі туралы: «Соғыстан кейін шәһидтердің отбасыларын соғыс болған аймақтарға апаруға шешім қабылдады. Ол бұл балалар әкелерінің қай жерде шәһид болғанын және елді қорғап қандай қиындықтарды бастарынан кешкені туралы білуі керек дейтін. Ол топты өзі басқарып, балаларға соғыс оқиғалары туралы айтатын. Балалар оны «Шаабан әке» деп  шақыратын. Ол балалар үшін шәһид болған әкелерінің орнына қамқор болғандықтан, оны тек «әке» деп атайтын. Ол шәһид болған күнге дейін балалар онымен байланыс орнатып, үйімізге келетін. Олар кез келген мәселелерін шешу үшін Шаабан әкемен хабарласатын»,- деді.

Қасем Солеймани мен шәһид Насири

Шын мәнінде шәһид шындық пен әділет орнату үшін зұлымдық және әділетсіздікпен күреседі. Сондықтан, шәһидтерді адам құқығының қаһармандары деп атау қажет. Барлық шәһидтер жоғары армандар мен ой-пікірлерге ие. Олардың амалдары тек Алланың ризалығы үшін. Бірақ солардың ішінде кейбіреулері басқаларға қарағанда озық болады. Бұл үлкен шәһид имам Хосейн (ғ.с.)-ды үлгі етті. Ол хиджри шамси күнтізбесінің 1390-шы жылы Сомалидің жәбір көрген халқына көмектесу үшін Могадишоға, Сирия мен Иракта қақтығыстар басталған кезде Дамаск пен Алеппоға, Кербала мен Самерраға аттанды. Ол Сирияда ықпалды құзырға ие болды. Құдс әскерінің қолбасшысы сардар Қасем Солейманиге жақын болуы оның әртүрлі салалардағы кеңестерін пайдалануына себеп болды. Сондай-ақ, оның ирактық күрескерлермен ертеден таныс болуы Ирактағы ДАИШ-пен күресуіне себеп болды. Шәһид Шаабан Насири халықтың қиындықтарын түсінетін адам, ирандық және басқа халықтардың досы, сардар және қарапайым жауынгер болды. Ол бұл дүниеде өмір сүргенімен, оның жүрегі ақырет туралы ойлап, дүниені адал ғамалдар үшін үлкен мұрсат санады. Ол имам Хомейни мектебінен артта қалушылық мен күпірліктің қатар жүретінін жақсы үйренді. Сондықтан, өмірінің маңызды бөлімін ДАИШ-пен күресуге арнады. Оның болмысында қырағылық пен хикметтің бір түрі қалыптасқан болатын.

Шаабан Насири ДАИШ-ке қарсы соғыстағы жаунгерлердің арасында

Шаабан Насиридың сабырлығы Жаратушының сабырлығынан тамырланады. Дағдарыстар, шиелініскен жағдайлар мен өмірдің қиындықтары, жараланған және соғыс кезінде әрқашан сабыр сақтайтын. Бұл – дүниені маңызды емес санап, Алламен сырласқан кезде жоғары рухқа ие болатын адамдардың ерекшелігі. Сол себепті шәһид Насиридың жеке және отбасылық өмірінен еш уақытта дүниеқұмарлық  байқалмады. Ол үшін өмірдің илаһи түсі өзгермеді. Оның өмірі мен амалдары «Бақара» сүресінің 138-ші аятында  «Өң Алланыкі. Өң (беру) де Алладан кім артық? Сондықтан біз Оған құлшылық қыламыз» деп айтылған шындықты растады.  Кейбіреулер ұтымдылықтың тек дүниелік болмысы бар, ұтымды есептеулер билік пен экономикалық, қоғамдық және саяси  дамуға себеп болады деп ойлайды. Илаһи ой-пікір бойынша, ақылды адам – шындықты жалғандықтан ажырата алатын және илаһи жолда алға ілгерілей алатын адам. Шәһид Насири өзінің білімі мен ойларын жасөспірімдерді тәрбиелеуге шоғырландырды. Сардар Насири өсиетнамасында немересіне: «Бұл өте қысқа уақытта жолың әрқашан жарық болуы үшін не жазатыным туралы ойладым. Өтірік айтпауға талпын. Өтірік айту үлкен күнә. Егер шындықты танысаң, еш уақытта бұл жолдан ауытқыма. Қарапайым өмір сүр. Кім болсаң да, мейлі еңбекқор аула сыпырушы болсаң да, мейлі зымырандық отын маманы болсаң да, кішкентай болса да қателіктерді қабылдап, солардың орнын толтыруға талпын»,- деп жазды.

Шәһид Насиридың немересіне жасзған өсиеті

Сардар Насири шәһид болуынан шамамен бір ай бұрын ДАИШ лаңкестерінің оғы тиіп, оң қолынан жараланды. Ирактың ауруханаларында емдеу мүмкін болмағандықтан Иранға оралды. Бірақ емді жалғастыру үшін Германияға баруы қажет болғанымен, ол қабылдамай, Иракқа қайтып, күресін жалғастырды. Сардар Насири 2017-ші жылдың мамыр айының 26 күні, шағбан айының соңғы күні Мосулдың батысын азат ету амалдарында шәһид болды. Ол шәһид болудың өмірдің соңы емес, артында қалған адамдардың иманын нығайту мен дұрыс жолға нұсқаудың және илаһи жаннаттың басталуы деген жолдауды жеткізді. Қасында болған адамдардың айтуынша, ол зуһр намазынан кейін шәһадат ғұсылын алған. Содан кейін оның жүзі бұрынғыдан бетер нұрлана түскен...

*********************************