Еуропада әсіре оңшыл партиялар қайта жанданды
Еуроодақтың жоғары басшыларының алаңдаушылығы мен ашық ескертуіне себеп болған Еуроодаққа мүше елдердің саяси-әлеуметтік тұрғыдағы маңызды қиындықтарының бірі еуропалық қауымдастық арасында әсіре оңшыл партиялар мен қозғалыстардың қарқынды түрде көбеюі мен бұл партиялардың Еуропа парламенттеріне жол табуы және сол партиялардың басында популистік саясаткерлердің отыруы саналады.
Германия канцлері Ангела Меркель секілді ірі еуропалық мемлекеттердің басшылары да Еуропада әсіре ұлтшылдық, оңшылдық пен популизмнің етек жаюына қатысты қорқыныш пен алаңдаушылық білдіруде. Ол осы салада ескерту жасап, бұл одақтың бірігуі мен ынтымағын нығайту қажеттігін қуаттады. Еуропада әсіре ұлтшылдықтың дамуы салдарының бірі мүше елдердің сауда-экономикалық интеграцияға негізделген Еуропа одағы болмысының пәлсапасына ашық түрде қайшы келетін экономика саласындағы протекционизм саясатының артуы саналады. Бұл мәселе әсіресе АҚШ президенті Дональд Трамптың сол ел экономикасына қатысты протекционистік тәсілімен байланысты.
Еуроодаққа мүше елдердің басшылары мен одақтың жоғары лауазымды басшыларынан тұратын Еуропаның жоғары лауазымды саясаткерлерінің арасында көпшілік халықтың әсіре оңшыл партиялар мен қозғалыстарды қабылдауы Еуроодаққа мүше мемлекеттердегі билік басына соңында әсіре ұлтшылдық тәсілін ұстанатын, еуропалық бірігу мен интеграция идеясына түпкілікті сенбейтін, оның орнына саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әскери-қауіпсіздік салалардың барлығында ұлттық болмыс пен тәуелсіздікке қайта оралуды жақтайтын саясаткерлердің келуімен аяқталуына қатысты қатты алаңдаушылық туындаған. Алаңдаушылықтарға қарамастан, 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында Голландия мен Франция елдерінде өткен парламенттік және президенттік сайлаулардың нәтижелері әсіре оңшыл партияларға зарар тигізді. Осы арада "Ұлттық майдан" әсірешіл оңшыл партиясының жетекшісі Марин Ле Пен танымалдығының артуы мен президенттікке үміткер ретінде 2017 жылы Франциядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңіне өтуіне қарамастан, сайлаудың екінші кезеңінде ол тәуелсіз әрі еуропашыл үміткер Эммануэль Макронмен бәсекелестікте жеңіліс тапты. Әсіре оңшылдар 2017 жылдың наурыз айында Голландиядағы парламенттік сайлауда тағы жеңіліс тапты. Герт Вилдерс басқаратын "Бостандық (Азаттық)" партиясының сайлауға дейін Еуропадағы босқындар дағдарысы мен лаңкестік оқиғаларға байланысты Голландия парламентіндегі депутаттық орындарын айтарлықтай көбейтуден үміттенгеніне қарамастан, Голландияның премьер-министрі әрі "Бостандық пен демократия" халықтық партиясының басшысы Марк Рютте жағдайды реалистік тұрғыдан бағалап, "Бостандық" партиясының кейбір ұрандарын пайдаланып, осы партияның көші-қонға қарсы ұрандарына байланысты дауыс беруі ықтимал Голландия халқының бір бөлігінің назарын өзіне қарата алды. Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Вирт Дуктың айтуынша, Вилдерске дауыс бермеген голландиялықтар популизмге қарсы тұруға болатындығын көрсеткісі келді.
Осылайша, бірнеше еуропалық елдегі саяси өзгерістер Еуропадағы әсіре оңшыл партиялардың қайта көтеріліп жатқанын көрсетіп отыр. Шын мәнінде, қазір Еуропадағы популистік пікірлерге негізделген әсірешіл оңшылдықтың жаңа толқынына тап болып отырмыз. Саяси мәселелер жөніндегі америкалық сарапшы Кэти О'Дннель 2017 жылы қазан айының аяғында Чехия Республикасында өткен парламенттік сайлаудың нәтижелеріне сілтеме жасап: "Чехия Республикасының халқы осы елдің болашақ премьер-министрі ретінде әрдайым Еуроодаққа қорлаушы әрі жеккөрушілік көзқараспен қарайтын, босқындар мен мигранттарды қабылдауға қатысты үнемі қарсылық білдіріп, тіпті "Чехия Респубикасы бірде-бір босқынды қабылдамауы тиіс еді" деген сөздерді айтқан адамға дауыс берді",-деді. Ол ANO 2011 атты популистік партияның жетекшісі Андрей Бабиштың осы елдегі парламенттік сайлаудағы жеңісіне сілтеме жасаған болатын. Мұнымен қатар, Германияда нацистер басқарған кезеңнен бері алғашқы рет бұл ел парламентіне "Die Alternative für Deutschland" немесе "Германия үшін балама" атты оңшыл партияның келуіне куә болдық. 2017 жылдың қазан айында Австрияда өткен парламенттік сайлауда 1999 жылдан қазіргі таңға дейін бұрын-соңды болмаған өзгерістің жалғасында әсірешіл әрі көші-қонға қарсы "Бостандық" партиясы айтарлықтай дауыс жинап, консервативтік әрі орта оңшыл "Халық" партиясынан кейінгі орынға орналасты. Тағы бір айта кететін маңызды жайт, ол қатысушылардың басым бөлігі оң дауыс берген Италияның екі аймағы, яғни Ломбардия және Венетоның көбірек автономия алу туралы референдум өткізуі болды. Олар шынтуайтында осы екі аймақты басқарып отырған, кезінде бөлінуді ашық түрде талап еткен "Солтүстік лига" әсіре оңшыл партиясының идеяларын қолдады. Соңғы бір ай ішінде орын алған бұл маңызды төрт оқиға бастапқы мақсаты еуропалық интеграция мен оның символы Еуропа одағының ыдырауы болып табылатын популистік дивергенция тәсілдерінің қайта жандануын көрсетіп отыр. Шындығына келсек, әсіре ұлтшыл бағыттағы саяси партиялар дәл қазір Еуропаның оңтүстігінен солтүстігіне дейін пісіп жетіліп, билікке қол жеткізу үшін бар күштерін салып жатқан секілді көрінеді. Бұл мәселе Еуропаның қоғамдық пікірінде Еуропаның жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысындағы жағдайларға, яғни Еуропа мемлекеттеріндегі әсірешіл ұлтшылдық кезеңдер мен соған байланысты дұшпандықтарға қайта оралу туралы қорқынышты түсті қайта еске салды.
Туындайтын келесі сауал мынадай: кейбір Еуропа елдерінде әсіре оңшыл партиялардың қайта жандануының себептері қандай? Бұл елдердегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай мен нәсілшіл пікірлердің етек жаюы осы құбылыстың туындауының себептері саналады. Еуропалық одақтың соңғы жылдары бетпе-бет келіп отырған дағдарыстарына, соның ішінде қаржылай-экономикалық дағдарысқа, босқындар дағдарысы мен Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу (Brexit) дағдарысына байланысты еуропалық қоғамдық пікірде Еуропа одағының қалыптасуының теориялық іргетасын қалаған интеграцияға негізделген идеяларды қайта қарастыру үшін айқын ықылас пайда болған. Еуропа мәселелері жөніндегі сарапшы Ясер Аливандитың айтуынша, шындығында, "Еуропалық мәселелердің барлығының шешім жолы бірлігі мен ынтымағы бұрынғыдан бетер нығая түскен Еуропа одағындта" деген ұран енді Еуроодаққа мүше елдердің азаматтарын қанағаттандырмайды. Ұлыбритания халқының бұл елдің Еуроодақтан шығуына оң дауыс беруі Еуроодақ басшыларына шын мәнінде еуропалық интеграция идеясы бұл еуропалық ұйымның қаржылай-экономикалық дағдарыстар мен босқындар дағдарысын шешудегі тиімсіздігінің айқындалуына байланысты қазір шынайы түрде қатерге ұшыратқаны туралы ескертуі болды. Сонымен қатар, соңғы жылдары әсіре оңшыл партиялар мен қозғалыстар Германия, Австрия, Франция, Ұлыбритания, Дания, Грекия секілді Еуропа елдері мен Венгрия, Польша, Чехия Республикасы секілді Шығыс Еуропа елдерінде қалыптасып, етек жайған. Бұл әсіре оңшылдар Еуроодақтан бөлініп шығуды, еуроаймақтан шығып, ұлттық валютаны қайта қолданысқа енгізуді, босқындар және мигранттармен қатаң күресуді, оларды елден шығаруды, жалпы алғанда өздерінің ұлттық болмыстарына қайта оралуды жақтап отыр. Осылайша, қазіргі кезеңде Еуропадағы әсіре оңшыл партиялардың үгіт-насихаттарының негізгі бағыты Еуропа халқының қоғамдық алаңдаушылығы мен қорқыныштарының бөлігі саналатын мәселелерге назар аудару және олардың маневрін жүзеге асыру болып табылады. Осы арада Францияның "Ұлттық майдан" пратиясы, Ұлыбританияның "Тәуелсіздік" партиясы, Германиядағы "Pegida" (Батыстың исламдануына қарсы патриот еуропалықтар) қозғалысы мен "Die Alternative für Deutschland" (Германия үшін балама) партиясы, Австрияның "Бостандық" партиясы, Чехия Республикасындағы ANO 2011 партиясы секілді Шығыс Еуропадағы әсіре оңшыл партиялар босқындар мен мигранттар мәселесін өздерінің үгіт-насихаттарының негізгі дәлелі ретінде алып, көші-қонға қарсылық пен мигранттардың бұл елдерге келуіне тыйым салуды, сол елдердегі мигранттарды шығару туралы өтініш пен босқындардың әрдайым келуіне қатты қарсылықты өздерінің сайлауалды үгіт-насихаттарындағы негізгі уәделері ретінде көтерген болатын. Бұған байланысты саяси мәселелер сарапшысы Мартин Плюимның пайымдауынша, босқындар дағдарысы Еуропа жеріне шамадан тыс босқындардың келуінен бұрын, еуропалық басқару мен саясат жүргізу дағдарысы саналады. Басқа жағынан ашық түрде популисттік әрі әсіре оңшыл бағыт ұстанған Дональд Трамптың АҚШ-тың президент болуы Еуропа елдеріндегі әсіре оңшыл партиялар мен қозғалыстар басшыларының билікке қол жеткізуге ынтасы мен батылдығын нығайып, күшеюіне себеп болды. Германияда "Die Alternative für Deutschland" (Германия үшін балама) партиясы облыстық бірнеше сайлау кезеңдерінде жеңіске жеткеннен кейін 2017 жылдың қыркүйек айында өткен парламенттік сайлауда 13 пайызға жуық дауыс жинап, осы елдің парламентіне жол тапты. Әсіре оңшыл партиялардың жеңістерге жетуіне көп септігін тигізген келесі мәселе ол – Еуропа халқының осы құрлық елдерінінің басым бөлігінде кезектесіп билік басына келіп, әлеуметтік және экономикалық қиындықтарды шешуге байланысты жалған уәделер беру арқылы азаматтардың дауысын жинап, содан кейін өз ұрандарын ұмытқан дәстүрлі оңшыл және солшыл партиялардан үміттерін үзуі. Осы елдердің азаматтарының басым бөлігінің ойындағы ұрандар мен уәделерді көтеретін партияларға бет бұруы табиғи жағдай саналады. Бұл мәселе Германия, Австрия мен Чехия Республикасындағы сайлаулар кезінде ашық түрде орын алды. Әсіресе қазір босқындар мен мигранттар мәселесі осы үш елдің негізгі алаңдаушылықтарының бірі саналады. Әсіре оңшыл партиялар олармен қатаң қатынас жасау туралы уәде берген болатын. Дәл осы мәселе еуропалық елдер басшыларының әсіре оңшылдық пен ұлтшылдық бағыттардың етек жаю қатерін сезінуіне себеп болды. Атап айтқанда, Германияның бұрынғы президенті Йоахим Гаук 2016 жылы маусым айының орта шенінде: "Әсіре ұлтшылдық Еуропадағы интеграцияның етек жаю жолындағы тосқауылдардың бірі ретінде қарастырылуы мүмкін",- деп айтқан болатын. Еуропадағы ұлтшыл қозғалыстар АҚШ-тағы 2016 жылдың қараша айындағы президенттік сайлауда Дональд Трамптың жеңіске жетуіне себеп болған саяси үдерістерге қатты ұқсас сияқты көрінеді.
Бірнеше Еуропа еліндегі сайлау нәтижелеріне байланысты еуропалық азаматтардың ашық түрде әсіре оңшыл бағытқа беталысын байқауға болады. Бұл партиялардың басшылары мен жетекшілерінің Еуропа парламенттеріне жол табуы және келесі кезеңде Еуропа парламентінің Еуроодақтың қаржылай-экономикалық саясаттары мен босқындар мәселесімен күресу әдісі секілді қиындықтармен күресуге байланысты саясаттарға қарсылықтарының артуына себеп болады. Шынтуайтында, Еуропа елдерінде әсірешіл саясаткерді таңдау мен соның нәтижесінде бұл адамдардың Брюссельдегі Еуропа Парламентіне кіруіне байланысты бар қиындықтарды шешуге қатысты келісімдерге қолжетімділік мәселесі қиындай түседі. Босқындар дағдарысымен күресу жайлы ортақ саясат әзірлеу де қатты қиындай түспек. Дәл осы мәселе Еуропаның басқа қиындықтарына да қатысты расталып отыр. Осылайша Еуроодаққа мүше елдер арасында қаржы, экономикалық, валюта саясаттары мен басқа да көптеген мәселелерге байланысты келіспеушіліктердің артуын күткен жөн. Сондай-ақ экономикалық ұлтшылдықтың АҚШ президенті Дональд Трамптың саудаға қарсы әдісі, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы (Brexit), Еуропада әсірешіл оңшыл қозғалыстардың қайта пайда болуы секілді құбылыстармен қатар кең етек жаюы компаниялардың Еуропадағы зерттеу және даму салаларына инвестиция салу жөніндегі өз бағдарламаларын қайта қарастыруына себеп болады.