Уаһабшылардың Ауғанстанда орналасу мақсатындағы талпыныстары
(last modified Sat, 23 Dec 2017 11:51:26 GMT )
Жел 23, 2017 17:51 Asia/Almaty
  • Уаһабшылардың Ауғанстанда орналасу мақсатындағы талпыныстары

Соңғы жылдары аймақтағы, әсіресе Пәкістандағы лаңкестік және секталық топтардың ең маңызды идеологиялық негізі бұрмаланған ваххабизм идеологиясы болды. Сол идеология енді Ауғанстанға да таралып, оны ваххабизмның аймақтағы екінші базасына айналдырмақ.

 Зорлық-зомбылық, экстремизм және сектанттықты тарату, мазхабаралық қайшылықтар тудырып, шиіттер мен сүнниттер арасында соғыс ашу және ваххабизмды қабылдамаған мұсылмандарды кәпір санау Сауд режимінің қаржы көмектерін пайдаланатын уаһабшылардың тек исламдық елдерде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі мақсаттары мен бағдарламаларының қатарына кіреді. Ваххабизмнің өз мақсаттарына жету жолындағы қолданатын құралдарына іріткі салу, соғысқа итермелеу, діни медреселер ашу, лаңкестік және зорлық-зомбылық көрсететін жасақтар құру, уағыздар мен үгіт-насихаттар, киберлік және әлеуметтік желілер, аудио және визуалды материалдар мен үкіметтегі қызметкерлерге ықпал ету жатады. Тарихшы және "Таяу Шығыс форумы"  институтының негізін қалаушы Даниэль Пайпс: "Сауд Арабиясының мешіттер салу сынды діни жобаларды қаржымен қамтамасыз етуі халықтың ой-пікіріне инвестиция салу болып табылады. Мұндай жағдай келешекте ваххабизмды құдыретті күшке айналдырады",- деді. Болжамдар бойынша өткен онжылдықтарда Сауд Арабиясының әлемнің әртүрлі аймағында, соның ішінде Оңтүстік Азияда экстремизм мен лаңкестікті дамытуға жұмсаған қаржысы 100 миллиард доллардан асты. Сауд Арабиясының Ауғанстанның Нангархар провинциясында 500 миллион доллардан астам қаржыға исламдық деген университет ашуы және бұл оқу орнында Ауғанстан мен басқа елдердің студенттерінің білім алуы жоспарланғаны жарияланды. Нангархардың исламдық деп аталатын университеті Сауд Арабиясының Кабулда салып жатқан университетінен өзгеше. Нангархар Ауғанстандағы лаңкестердің жиналатын мекені болғандықтан, Сауд Арабиясының жоғары оқу орнын салуға  бұл провинцияны таңдауы бекер емес. Ауғанстандағы саяси мәселелердің эксперті Джафар Махдави: "ДАИШ сынды лаңкестік топтың Ауғанстанда пайда болуы бұл топтың қолдаушыларының есебімен орын алып отырған жайт. Лаңкестікті қолдайтын Сауд Арабиясы  сынды мемлекеттердің  барлау ұйымдарының қатыстылығына  күмән тумайды",- деді. Сауд Арабиясының қолдауына ие Пәкістандағы діни оқу орындарындағы шәкірттер мен студенттердің көбінің тегін білім алуы мен жатақханаларда орналасуына назара аудару Сауд режимінің Ауғанстандағы қырық жылғы азамат соғысы мен басқыншылықтан туындаған кедейшілік пен қиындықтарды пайдаланып,  ауған жастарын тегін оқумен қызықтырмақ болғанын білдіреді. Осыған орай соңғы жылдары Ауғанстандағы саяси топтар мен ақпарат орталары бұл ел мен Сауд Арабиясымен арадағы қарым-қатынастарының салдары және уаһабшылардың Ауғанстанда орналасуына қатысты ескерту жасады. Бұл салада Ауғанстан халқы мен үкіметінің, сондай-ақ бұл елдің саяси және діни топтарының қырағылығы қажет.  Олар бұл елдегі Сауд әулетінің қастандықтары үшін  жұмсалып жатқан үлкен ақшаның торына түсуден абай болғаны жөн. Ауғанстан Парламентінің өкілі Джамал Факури Бехешти: "Парламент өкілдері Ауғанстан үкіметінен Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарын қайтадан қарастыруды талап етуде. Өйткені, Сауд режимі әрқашан Ауғанстанда ғана емес, басқа елдердегі де лаңкестік топтарды қолдады",- деп мәлімдеді. 

Сауд Арабиясы әртүрлі аймақтарда мыңдаған медресе мен мешіт, қоғамдық орталықтар мен университеттер салып, мыңдаған уағызшыларын, мұғалімдері мен белсенділерін кітаптары және уаһабшы әдебиетпен аттандырып, лаңкестікті дамытып, Ауғанстанның әртүрі аймақтарында пайдаланбақ. Үндістанның саяси зерттеулер орталығының маманы Брахма Челини: "Ваххабизмның зорлық-зомбылықты қолдайтын идеологиясы – әлемдік лаңкестіктің тамыры. Сондықтан, егер ваххабизмның таралуына тосқауыл қойылмаса,  лаңкестікке қарсы әлемдік күрес нәтижеге жетпейді",- деді. Уаһабшылардың өте қатерлі әрекеттерінің бірі шиіттер мен сүнниттер арасында мазхабаралық соғыс тудыру талпыныстары саналады. Ауғанстан еш уақытта мазхабаралық соғыспен кезікпеген. Бұл елдегі ішкі қақтығыстардың көбі ұлтаралық қақатығыстар саналады. Ауғанстанның тарихында шиіттер мен сүнниттер бірге, бейбіт қатар өмір сүрген. Бұл мәселе АҚШ-тың сол елге билігін орнатуын қиындыққа тіреді. 

 Ауғанстан халқы осы кезге дейін екі алптауыт  мемлекетті – Англия мен Кеңес Одағын жеңді. Сондай-ақ, бүгін АҚШ-ның Ауғанстандағы орналасуының жалғасуына алаңдауда.  Сондықтан, АҚШ пен одақтастары бұл елде мазхабаралық соғыс ашып,  АҚШ пен НАТО күштерінің Ауғанстанда қалуы үшін қауіпсіздік мәселесін сылтау етпек. Кейбіреулер Сауд Арабиясы Ауғанстан халқы Кеңес одағының армиясымен күрескен кезде  жиһадтық топтарға ықпал етіп, Ауғанстанға кіріп, бұл елде тамыр жаюға талпыныс жасады деп санайды. Арабстандық Асаме бен Ладен құрған әл-Қаида лаңкестік тобы ваххабизмді тарату үшін Ауғанстанға кірген болатын. Бірақ, Ауғанстан халқының бұл топқа немқұрайдылық танытуына байланысты бұл елде қоғамдық база құра алмады. Қазіргі таңда да Ауғанстан халқы өз қырағылығымен сектантық ағымдарды нәтижесіз қалдыруымен бірге кедейшілік пен басқыншылық салдарынан еш уақытта Сауд режиміне Ауғанстанды лаңкестік пен экстремизмді тарату үшін өзінің екінші базасына айналдыруға рұқсат етпейтінін көрсетті. Қазіргі таңда әлемдіктер үшін лаңкестік топтардың идеологиялық негіздерінің ваххабизм екенін толығымен анықталды. Пәкістандағы жағдай мен лаңкестік шабуылдардың Ауғанстанға жетуі – лаңкестердің стратегиялық мақсаттарының бірі. Олар мұсылмандардың біртұтас қоғамына соққы беріп, тынышсыздық тудыруды көздеп отыр. Пәкістанда да әрқашан шиіттер мен сүнниттер бейбіт түрде бір-бірінің қасында бейбіт қатар өмір сүрді. Бірақ, өткен қырық жылда Пәкістанда Сауд Арабиясы мен уаһабшылардың қолдауымен медреселер діни дамып, ваххабизм енді Ауғанстанды нысанаға алып отыр. Уаһабшылар бұл ел халқының бірлігіне соққы беріп, Ауғанстанды ішкі соғысқа тіреуді көздеуде.