Пәкістандағы шиіттер мен сүниттердің бірлігінің қажеттілігіне шолу: жалған секталарды анықтау
(last modified Tue, 26 Dec 2017 10:06:55 GMT )
Жел 26, 2017 16:06 Asia/Almaty
  • Пәкістандағы шиіттер мен сүниттердің бірлігінің қажеттілігіне шолу: жалған секталарды анықтау

Исламдық мазхабтар арасындағы көптеген ортақ мәселелерге сүйену Пәкістандағы бірліктің нығаюына, бұл елдің қоғамының қауіпсіздік пен тыныштыққа қарай ілгерілеуіне себеп болады.

Пәкістан халқының 97 пайыздан астамын сүнниттер мен шиіттерден тұратын мұсылмандар құрайды. Сүнниттер маңызды екі бөлімге: барели және деобанди топтарына бөлінеді. Нақтырақ айтқанда барели топтары ел халқының 50 пайыздан астамын, деобанди топтары 20 пайыздан астамын, қалған 30 пайыздың 20 пайызын шиіттер, 10 пайызын хадисшілер құрайды. Барели және деобанди мектептері бұл құрлықта Англия отаршылары кезінде құрылды. Бұл екі мектептің ұраны әртүрлі секталар мен ағымдарды енгізіп, бұл аймақтағы Исламға әсер етпек болған Англияның билігі мен ықпалынан Исламды қорғауды мақсат етті. Барели  мұсылмандары – Абу Ханифа, Ханбал, Шафии немесе Мәлеки мазхабтарының жақтастары. Деобандилер – Ханафи мазхабының жақтастары. Олар Нақшбанди тариқатының сопылары. Пәкістанның сүннит қоғамы барели және деобандидің ықпалына түсіп, ғұламалар бірлікті нығайтып, Пәкістанның мәселелерін шешуге көмектеседі деп күтуде. Деобандилер арасындағы кейбір асыра сілтеушіліктерге байланысты Пәкістан қоғамы оларды сектанттық пен экстремизмге жақын санайды. Негізінде Пәкістанның сүннит қоғамы әрқашан лаңкестік пен экстремизмді айыптап, мұсылмандар арсындағы бірлікті қуаттады. Сектанттық Пәкістанда Сауд режимінің ақшаларымен ваххабизм тарала басталған кезде ілгеріледі. Көпшілік хадисшілерді уаһабшылардың идеологиясының ықпалына түсушілер деп санайды. Сондай-ақ, Пәкістанда басқа секталар дамып, бұл елдегі дағдарыстың ең маңызды факторларының біріне айналды. «Лашкаре Джахангуи», «Сепахе сахабе» және «Джондолла» деген лаңкестік топтар қайшылықтар мен қақтығыстарды арттыру үшін әрекет жасауда. Бұл топтармен бірге «Джейш әл-Адл», «әл-Фұрқан» және «Джейш Мұхаммад» деген топтарға да тоқталуға болады. Барели және деобанди мұсылмандарының арасында қайшылықтар болғанымен, оларды Пәкістан қоғамындағы зорлық-зомбылықтар мен тынышсыздықтар үшін пайдалануға болмайды. Діни мәселелердің маманы Саджед Әли Нақави бұл туралы: «Пәкістандағы мұсылмандарға қарсы қастандықтар мен олардың арасына іріткі салумен күресу үшін мазхабаралық қарым-қатынастарды күшейтіп, барлық мазхабтардың құндылықтарын құрметтеу қажет»,- деді. Исламдық мазхабтар арасындағы көптеген ортақ мәселелерге сүйену Пәкістандағы бірліктің нығаюына, бұл елдің қоғамының қауіпсіздік пен тыныштыққа қарай ілгерілеуіне себеп болады. Діни мәселелердің эксперті Сахебзаде Ахмад Әли: «Исламның ұлық пайғамбары мұсылмандар мен Ислам әлемінің бірлігі мен біртұтастығының көрінісі болуымен бірге адамзатты адамгершілік пен бауырластыққа үйретеді»,- деді.

Пәкістанда көпшілік бұл елдің қиындықтары ваххабизмнің таралуымен басталды деп санайды. Сауд Арабиясы Пәкістанда медреселер салып, лаңкестік топтар құруға көптеген қаржы жұмсап, бұл ел 1947-ші жылы тәуелсіздік алғаннан бері толық бірлік пен қауіпсіздікке жете алмай, әрқашан мазхабаралық қақтығыстарға тірелуіне себеп болды. Өйткені, уаһабшылар басқаларды кәпір санап, олардың қанын төгуді қуаттайды. Пәкістандағы лаңкестік топтар ваххабизм идеологиясына сүйенеді. Пәкістанның сүнниттер одағы кеңесінің басшысы Сахебзаде Эмадреза: «Тәкфиршілік пен ваххабизм – Пәкістандағы тұрақсыздықтардың факторы. Бұл елде шиіттер мен сүнниттердің арасында қайшылық жоқ»,- деді. Пәкістан мазхаби мектептерімен бірге көптеген сүннит саяси топтарға да ие. Олардың  ішіндегі ең маңыздыларының қатарында Ислам ғұламалары жамағаты мен Исламдық жамағат топтарын атауға болады. Пәкістандағы исламдық басшылар сүннит  болса да, шиіт болса да исламдық қоғамдағы бірлікті күшейтуге, лаңкестік пен сектантықты оқшаулауға  талпыныс жасады. Өйткені, өткен жылдардан бері лаңкестер шиіттер мен сүнниттерге шабуыл жасап, екі жақты соғыстыруға әрекет жасауда. Пәкістанның ғұламалар кеңесінің басшысы Хафиз Тахир Ашрафи, Пәкістанның діни басшылары бірігіп, бұл ел халқының бірлігі мен тұрақтылығы үшін талпыныс жасап жатқанын мәлімдеді. Қорыта айтқанда, ислам ғұламаларының залым топтарға қарсы талпыныстары жеткіліксіз. Сондықтан, Пәкістанның қауіпсіздік және әскери органдарының барлығының ынтымақтастығы қажет. Ислам мен Пәкістан халқының дұшпандары қауіпсіздікті сезінбеуі керек. Саяси жұмыстармен айналысатын исламдық топтар лаңкестік топтарды оқшаулау сияқты ауыр міндетке ие.