ДАИШ-тың ақпараттық жарнамалары: құрылуынан құлдырауына дейін 2
Лаңкестіктің киберкеңістікпен өзара байланысы постмодерндік терроризмді қалыптастырды. Сөйтіп, ДАИШ лаңкестік тобы киберкеңістіктің мүмкіндіктерін пайдаланып, өзінің бұрмаланған қате көзқарастарын таратуға әрекет жасады.
Байланыс пен ақпарат арналарының мүмкіндіктерінің дамуы ДАИШ сияқты лаңкестік топтарға Facebook, Twitter, YouTube сынды әртүрлі ақпарат арналарды пайдаланып, жақтас жинауға мүмкіндік берді. Twitter-ді ДАИШ-тың ең маңызды ақпарат құралы деп атауға болады. Бұл топ Twitter-ге жазған мәліметтерін алдымен ағылшын, кейін араб тілінде жіберді. ДАИШ біраз уақыт хабарларды бір аккаунттан жіберіп, кейін оны жауып, жаңа аккаунттан жіберіп тұрды. Яғни, ДАИШ тобы Twitter-ге бірнеше пайдаланушының атымен кіріп, бір аккаунтты жапқан соң дереу келесі аккаунтты ашып, қолданды.
ДАИШ еуропалық жастарды қызықтыру үшін өздері басып алған аймақта өмір сүретіндердің тұрмысын жақсы деп көрсетуге талпынды. Бұл салада Джон Кантлидің «Құлақтарыңды маған қарызға беріңдер» деген халықтың өмірінің қалыпты үдерісін көрсетуге әрекет жасаған бейнематериалдарына тоқталуға болады. ДАИШ лаңкестерінің балалардың арасында балмұздақ пен кәмпит таратып жүргені немесе ауруханалардағы жаралылар мен қарт адамдарды аралап, олардың жағдайларын біліп жүргені туралы бір минуттік фильмдерін таратты. Киберкеңістікті пайдалану ДАИШ-ке қызығушылық танытатын еуропалықтарға ғаламтор желілері арқылы бұл топтың мүшелерімен қарым-қатынас орнатуға жағдай тудырды.
ДАИШ тобының фильмдері басқа лаңкестік топтардың фильмдеріне қарағанда режиессурасымен бірге тактикалық тұрғысынан да аэрофототүсірілім мен After Effects сынды әсерлері бар бағдарламалық жасақтаманы пайдалану арқылы әзірленген. Бұл ДАИШ-тың үгіт-насихат саласына инвестиция салғанын көрсетеді. Мәселен, Сириядағы ДАИШ-тың қамауындағы тұтқындар үшін бұл топтың қанқұйлы тарихы туралы «Кәпір қабылдамайды» деп аталған фильмді көрсетті. Сонымен бірге қырып-жою тәсілі туралы қысқа клиптер шығарып, соларын басқа мемлекеттерден күш жинау үшін пайдалануда.
ДАИШ тобы еуропалық елдердің қыздары мен әйелдерін қызықтыру үшін әртүрлі әлеуметтік желілерде «Зура Фоундейшн» деген органды құрды. Сол арна арқылы ДАИШ мүшелерін қолдау идеясын баяндап, еуропалық жас қыздарды лаңкестік топқа қосылуға жігерлендірді. ДАИШ мүшелері отбасыларының қуаныштарын көрсетіп, әйелдерінің оқиғаларын жариялау ДАИШ-тың еуропалық қыздарды өз қатарына тарту жолдарының бірі болды. Сонымен бірге салафи мүфтилердің бірі Мұхаммад Аризи «жиһаде некаһ» деген пәтуа шығарды. Бұл ДАИШ-тың әйелдерді өздеріне қосылуға шақыратын келесі әдісі болды. Әйелдерге арналған «Әш-Шамхе» басылымын шығару мен әйелдер арасында кең тараған әлеуметтік желілерді пайдалану ДАИШ-тың келесі құралы болып табылады. ДАИШ, сондай-ақ, әл-Хонса әскери тобын құрып, әлеуметтік желілерде суреттер мен фильмдер таратып, ДАИШ-тың билігіне түскен әйелдер өздерін қорғайтын қару таси алады деп көрсетті.
ДАИШ өз қылмыстары мен Сирия мен Ирактың әртүрлі аймақтарына жасаған шабуылдарына қатысты жан түршіктірерлік бейнематериалдары мен фильмдерін таратып, саяси және әскери күш-қуатын көрсетіп, экстремистерді уәжденген халифатының әртүрлі аймақтарына көшіп, орналасуға мәжбүрлейді. Құрбандарын биік жерден лақтырып жіберу, торға қамап, жыртқыштардың ортасында қалдыру, қамауға түскен адамдарды тірідей өртеу ДАИШ-тың үрейлі қылмыстарының бір бөлігі. Мәселен, лаңкес иорданиялық ұшқышты өртеп жіберді. ДАИШ өлім жазасы мен шабуылдардың және құлдықтың жаңа тәсілдерін таныстырып, соларды іске асырып, өз мақсаттарына жету үшін әрқашан жаңа тәсілдерді пайдалануды көздейді. Әлемдік ақпарат құралдары бұл әрекеттерді көрсетіп, өздері ойланбаған түрде ДАИШ-ке қызмет етуде. Сондай-ақ, бұл лаңкестік топ әскери күш-қуат туралы үгіт-насихаттық фильмдерді көрсетуімен бірге Ракка мен Мосул қалаларының адамдарының тұрмысын көрсетіп, сол аймақтағы кедейшілікті азайтуға күш салғандай көрсетіп, жұмыссыз жастар мен топтарды өз қатарына шақыруға жағдай жасады.
ДАИШ тобының дінбасыларының пәтуалары бойынша фильм көру, тіпті кинотеатрға бару харам саналған жағдайда бұл топ ақпарат құралдарын пайдаланып, қиянаттарын көрсететін фильмдерін таратып отыр.
ДАИШ ақпарат құралдарындағы күшін көрсетіп, «жиһадтық ақпарат» атты мектеп құрды. Бұл ағым 2004 жылы YouTube-те кепілге алынған америкалық Юджин Армстронгты бауыздау туралы фильмді жарыққа шығаруымен басталды. Сол фильм олардың үгіт-насихаттарының бағдарын анықтады. Басында ДАИШ-тың кепілдерін құрбан ету туралы фильмдері түсірілуі мен монтаж тұрғыларынан осал болғанымен, кейін фильмдерінің сапасы өзгерді. лаңкестердің Ирак пен Сирия армиясы арасындағы қақтығыстарын көрсеткен «Соғыс жалындары» атты деректі фильм ұсынылды. Бұл деректі фильм әлемдік ақпарат құралдарының назарына алынды. Оның көрермендері ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияға кірген халықтар мен үкіметтер болды. Уақыт өте келе ДАИШ соғыстар мен шабуылдарын түсіруді арттырып, бейнематериалдар арқылы жолдауларын адамдарға жеткізуге талпыныс жасады. Бұл фильмдер негізінде әскери әрекеттер немесе дыбыс өшіргіші бар қарумен құрбандарға террор жасау туралы баяндайды. ДАИШ мамандары қысқа фильмдер саласында жоғары сапалы фильмдер шығарды. Мысал ретінде америкалық тілші Джеймс Фолидің басын кесу туралы фильмін атауға болады. Сондай-ақ, аталмыш фильмдер топтамаларымен бірге Let’s Go деп аталған бейнематериалдары жылдамдықпен монтаждалып, өзінің музыкасымен Батыс жастарын Ирак пен Сириядағы ДАИШ-тың қатарына қосылуға жігерлендірді. ДАИШ естімейтін адамдар үшін де фильм шығарды. Бұл фильмде екі әскери ишара тілімен батыстықтарды ДАИШ-ке қосылуға шақырды. Фильмде екі естімейтін әрі сөйлемейтін адам Мосулда жол полициясы ретінде ДАИШ-ке қызмет етуде. Айта кететін жайт, барлық фильмдердің ерекшелігіне құрбан болған адамдардың киімдерінің қызғылт-сары түсті болуы жатады. Алайда бұл түсті таңдаудың себебі не? ДАИШ бұл түсті таңдау арқылы кімге қандай жолдау жеткізгісі келді? «Вашингтон пост» өз мәлімдемесінде: «ДАИШ-тың кепілге алған адамдарына кигізетін киімдерінің түсі Гуантанамо абақтысы тұтқындарының киімінен алынған. Негізінде ДАИШ лаңкестік тобы бұл түсті таңдап, Батысқа реакция білдірмек болды. АҚШ-тың Ауғанстанға әскери шабуылдарын бастауымен Гуантанамо абақтысының да Куба жерінде 2002 жылы құрылып, содан бері тұтқындарының киімдерінің қызғылт-сары түсті екендігін еске салды. Сондықтан, ДАИШ АҚШ-қа жиіркеніш білдіру үшін қызғылт-сары түсті пайдаланды. Бұл оқиғаның сырт көрінісі болғанымен, негізінде ДАИШ-ты АҚШ-тың өзі құрды.