Трамптың Құдсқа қатысты шешімінің салдарлары 2
(last modified Mon, 15 Jan 2018 14:10:14 GMT )
Қаң 15, 2018 20:10 Asia/Almaty
  • Трамптың Құдсқа қатысты шешімінің салдарлары 2

АҚШ Президенті Дональд Трамп өткен жылдың желтоқсан айының 6 күні біржақты шешім қабылдап, Бейт әл-Мұқаддасты Тель-Авивтің орнына сионистік режимнің астанасы ретінде жариялап, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа көшіруге бұйырды. Трамптың бұл шешімінің Палестинаға тигізетін оң нәтижелері мен теріс салдарлары болды. Трамптың бұл шешімі АҚШ мүдделеріне әсерін тигізді.

Трамптың Құдс туралы шешімінің АҚШ-қа қатысты ең маңызды салдарлары ретінде АҚШ-ның абыройы мен Палестина-Израиль қайшылықтарындағы  АҚШ-тың арағайындығына нұқсан келтіруін, сондай-ақ, бұл шешімінің Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ мүдделеріне қайшы болуы мен АҚШ пен еуропалық мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды арттыру сынды мәселелерді атауға болады.

АҚШ-ның беделіне нұқсан келтіру

Трамптың  Құдсқа қатысты шешімі АҚШ-қа қарсы әлемдік қарсылықтарға себеп болды. Бірінші рет Қауіпсіздік Кеңесінің 14 мүшесі желтоқсан айының 20 күні Мысырдың Трамптың шешіміне қарсы ұсынысына оң дауыс берді. Тек АҚШ-тың вето құқығын пайдалануы бұл қарардың бекітілмеуіне себеп болды. Сондай жағдайда БҰҰ Бас ассамблеясында Түркия мен Йеменнің ұсынған қарарларына 128 мемлекет оң, 9 мемлекет теріс, 35 мемлекет қалыс дауыс берді. 21 мемлекет отырысқа қатыспады. БҰҰ-ның бұл қарары Дональд Трамп пен Никки Хейли АҚШ-тан көмек алатын мемлекеттерге көмектерін тоқтату туралы қоқан-лоққы жасаған жағдайда бекітілді. Бірақ, қоқан-лоққылар әсер етпей, БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Құдс қарарын бекітті. Дауыс беру әшкере түрде АҚШ-тың халықаралық беделінің төмендегенін көрсетті. Шын мәнінде, БҰҰ бүгінде дұшпанға айналды. Өйткені, бұл мемлекет халықаралық тәртіпті қорғаушының орнына, тәртіптің бұзушысына айналды.

Палестина-Израиль қайшылықтарындағы АҚШ-тың арағайындығының бұзылуы

АҚШ үкіметі Израиль мен Палестина арасындағы қайшылықтарда әрқашан сионистік режимді қолдағанымен, Вашингтонның маңызды саясаттарының бірі бұл дағдарыста бейтарап арағайындық етші етіп көрсетуі болды. Трамп шешімінің маңызды салдарларының біріне АҚШ-тың бұрынғы үкіметтерінің шамамен 70 жыл бойы Палестина-Израиль қайшылықтарына бейтарап ұстаным көрсету талпыныстарына нұқсан келтіргені жатады. Трамптың шешімі сондай-ақ,  Бейт әл-Мұқаддасты өз астанасы етіп қалдырғысы келетін палестиналықтардың ашу-ызасына себеп болды.

Осы салада АҚШ-тың танымал сарапшыларының бірі Марк Линч Американың «Карнеги» ұйымы жариялаған мәліметінде: «АҚШ Президенті  Дональд Трамп Иерусалимді (Құдсты) Израиль астанасы ретінде танып, АҚШ-тың Таяу Шығысқа қатысты саястының радикалды бағдарын жариялады. Трамптың бұл шешімі өзінің сайлау алдындағы уәделерінің бірі мен Израильдің ежелден келе жатқан қалауын орындауы болды. Алайда оның шешімі палестиналықтар мен арабтардың және халықаралық қоғамның көпшілігінің ашу-ызасын тудырды. Трамп бұл шешімімен мәселені шешетін бейбіт үдерістің және екі үкімет құру перспективасы мен АҚШ-тың бейтараптық ұстаным сақтау жолдарының қалмағанын білдірді»,- деп жазды.

Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ мүдделеріне қайшы шешім

Трамптың Құдс туралы шешімінің АҚШ-қа қатысты келесі сараптамалары  бұл шешімнің АҚШ-ның мүдделеріне емес, керісінше Вашингтонның Таяу Шығыстағы мүдделеріне  нұқсан келтіргенін көрсетеді. Өйткені, АҚШ-тың ислам әлеміндегі беделін бұрынғыдан бетер әлсіретті. Американың белгілі зерттеушісі Антони Курдзмен «Құдсты Израильдің ресми астанасы ретінде тану стратегиясының әсері» деген мақаласында Трамптың шешімін сынап: «Трамптың Құдсты Израиль басқыншы режимінің астанасы ретінде жариялау және АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру  шешімі АҚШ-тың мүддесіне нұқсан келтіреді. Араб әлемін шайқалтып, Иран, Хизболла мен Ресейге қайшылықтар мен алауыздықтарды өз мүдделеріне пайдалануға мұрсат берді. Трамптың сайлау науқаны кезіндегі ұрандары мен Израильдің саяси саладағы экстремизміне  назар аудармауы  Израильге көмектесу үшін қажет болды. 1967 жылдан осы күнге дейін Құдсты еврейлендіру іс жүзінде Иордан өзеніне жетті. Трамптың ешбір шара қолданбауы Иран, Хизболла мен Ресей және Сирияға саяси мұрсат берместен, бұл үдерістің жалғасуына себеп болатын еді. Трамптың шешімінің нәтижесінде АҚШ-тың Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайы әлсіреп, көптеген қарсылықтарға тап болды. Сонымен бірге АҚШ-тың еуропалық одақтастарының арасында шынайы күдік-күмән тудырды»,- деп жазды.

АҚШ пен еуропалық мемлекеттер арасындағы қайшылықтардың артуы

Трамптың шешімінің келесі маңызды салдарына Вашингтон мен еуропалық мемлекетер арасындағы қайшылықтардың артуы жатады. Дональд Трамп үкіметінің өткен бірінші жылының ішіндегі сөздері мен әрекеттері АҚШ пен оның еуропалық одақтастарының арасындағы қайшылықтарды арттырды.  Дональд Трамптың еуропалықтардың НАТО-дағы рөлі мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы туралы сөздері, сондай-ақ, халықаралық келісімдерге қатысты көзқарасы, мәселен, климат туралы Париж келісімі мен ЮНЕСКО-дан шығуы АҚ үй мен Еуропа арасындағы әшкере  қайшылықтардың қатарына жатады. Трамптың Құдс туралы шешімі АҚШ пен Еуропа арасындағы алшақтықтарды одан сайын тереңдетті. Еуропалық мемлекеттердің көбі және Еуроодақ сынды органдар Трамптың Құдс туралы шешіміне реакция білдіріп, бұл шешімді айыптаумен бірге, өз елшіліктерін Құдсқа көшірмейтіндіктерін жариялады.  

АҚШ-тың стратегиялық одақтасы Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мей Трамптың бұл шешімін «сындарсыз» деп атап, оны айыптады. Еуроодақтың Сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могерини өзінің бірінші реакциясында Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялауын айыптап, Вашингтонның біржақты шешімін Палестина мәселесін бейбіт жолдар арқылы шешу мен әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылыққа зардап келтіретін шешім деп бағалады. 2017 жылдың желтоқсан айының 8 күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, АҚШ Мысырдың ұсыныс қарарына қарсы вето құқығын қолданғаннан кейін Қауіпсіздік кеңесінің еуропалық тұрақты және тұрақты емес мүшелері, соның ішінде Франция, Германия, Швеция, Ұлыбритания өкілдері ортақ мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың  Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялауын Қауіпсіздік кеңесінің қарараларына қайшы   және аймақтағы бейбітшілікке зиян келтіруші шешім деп атады.

Трамптың Құдс туралы шешімі АҚШ Президентінің ақылы мен саяси біліксіздігін,  сондай-ақ, АҚШ-тағы еврейлер лоббиі мен сионистік режимнің Премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың ықпалына түскенін көрсетті. Саяси сарапшылар мен хабардар адамдардың көбі Трамптың бұл шешімін «АҚШ мүдделерінің құрбан болуы» деп бағалады. Трамптың өткен бір жылдағы кейбір әрекеттері мен саясаттары АҚШ-тың әлемдік жағдайының әлсіреуіне себеп болды.