Иран Ислам революциясының жылдығы 3
(last modified Fri, 02 Feb 2018 06:59:29 GMT )
Ақп 02, 2018 12:59 Asia/Almaty

Ядролық технология мен ядролық отын шығаруды меңгеріп, осы саладағы дүниежүзінің алдыңғы бес мемлекетінің қатарына кіру – Ислам революциясы жетістіктерінің бір бөлімі. Иран аталмыш жетістіктерге Батыс салған санкциялар мен әртүрлі қастықтары кезінде жетті.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  Иранның ғылыми жетістіктері туралы әртүрлі баяндамаларында, соның ішінде Теһран жұма намазының құтпаларында тоқталып: "Барлық ғылыми, қоғамдық және техникалық жетістіктер санкциялар енгізілген жағдайда орын алды. Бұл өте маңызды. Өйткені, санкциялар біздің алдымыздағы ғылым мен технология дарбазалары мен оларға жететін жолдарды жапты; қажет өнімдерді бізге сатқызбады, бірақ біз дамыдық",- деді. 

Ресейдің Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі эксперті Андрей Ефстратов ИИР-ның өткен жылдардағы ғылыми-технологиялық табыстарына тоқталып, Иранды ислам әлемінің ғылыми жетістіктерінің көшбасшысы деп атады. Ол ресейлік "Iran.ru" ғаламтор базасында 2012-шы жылдың қыркүйек айында Иранның әуе-ғарыш саласындағы дамуына тоқталып: "Иран өндіріс, ғарыш және зымыран өнеркәсібіне ие. Иранның табыстары Таяу Шығыстағы бұл үлкен елдің жағдайымен таныс адамдардың таңданысына себеп болды",- деп жазды. Иранның Ғарыш ұйымының басшысы Мұртаза Барари Иранды ғарышқа жерсерігін жібере алған тоғызыншы мемлекет деп атап: "Ғарыш ұйымы жұмысын бастаған алғашқы 10 жылда орын алған бұл маңызды оқиға ирандық ғалымдар мен мамандардың күш-қуатын білдіреді",- деп қуаттады. Иранның Байланыс және технология министрінің орынбасары ғарыш саласындағы екінші онжылдық бағдарламасының ғарыш экономикасының ілгерілеуін қажет ететінін және күш-қуат пен экономиканың ғарыштық технология өнеркәсібінің екі қанаты екенін қуаттап: "Жерсерігін жіберу ғарыш саласындағы ең жақсы жұмыс болды, бірақ қазіргі таңда Иранның ғарыш экономикасы саласында өзгерісті қажет етуде",- деді.

Ғылыми-технологиялық жетістіктер саласында Иранның ядролық ғылымға ие болуы бұл елдің мамандары мен ғалымдарының арқасында жасалған келесі қадам болды. Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи осыдан үш жыл бұрын Ұлттық ядролық технология күні Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы, мамандары және эксперттерімен кездесуінде елдің ең маңызды жетістігін  ұлттық өз-өзіне сенім арту мен басқа ғылыми дамуларға жағдау жасау деп атап, Иран мен "алтылық" тобының келіссөздеріне тоқталып: "Келіссөздерде келісудегі мақсат Иранға қарсы үстемшіл майданның дұшпандығын бұзу болды. Келіссөздер жалғасуы керек. Бірақ барша келіссөздер жалғасқанымен, ИИР-ның ядролық зерттеу мен даму саласындағы жұмыстарының аяқталмайтынын, сондай-ақ, ешбір ядролық жұмыстың тоқтамайтынын білгені жөн. Сонымен бірге Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі мен Иранның қарым-қатынастары қалыпты болуы керек. Қазіргі таңда Иран ғарыш ғылымы саласында аймақ бойынша бірінші, дүниежүзі елдері арасында 11-ші орында орналасқан. 

Өткен жылдары Иран сенімділікке ие болу үшін әлеммен қарым-қатынас орнатып, Агенттікпен ынтымақтастық жасап, ядролық медицина сынды ядролық ғылым саласында қадам басты. Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи ядролық технология ұлттық күнінің 11-ші жылдығына қатысты рәсімде сөз сөйлеп: "ИИР – ғылымның артықшылықтарын пайдаланатын әлемдегі төртінші, Таяу Шығыстағы бірінші мемлекет. Форду нысанындағы тұрақты изотоптар үшін алғашқы пилоттық лаборатория жақын арада ядролық зерттеулерге арналған негізгі орталық ретінде пайдаланылатын болады",- деген болатын. 

 Иранның Атом қуаты ұйымының макро саясаты  – Иранды Таяу Шығыс аймағындағы радиодәрі шығаратын полюске айналдыру. Бұл мақсат Иранның аталмыш ұйымының басты бағдарламасы ретінде көрсетілген. Осы салада орын алған жобалар бойынша бұл ұйымның мамандары шығарылған дәрілер аймақ пен әлем елдеріне ұсынылып, GMP жобасы ретінде 60 миллион еуроға жуық инвестицияның арқасында жүзеге асырылуда. Бүгінде бұл салада жасалған жұмыстармен қатар, Иранда шығарылған радиодәрілер Үндістан, Пәкістан, Мысыр мен Ливанға экспортталуда. Иран сондай-ақ, ядролық энергия жобалары саласында Еуропамен ынтымақтастық жасауды бастады.

 

 

Тегтер