Теһранда Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммиты өтті
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i34543-Теһранда_Азиялық_мәдени_диалогтардың_алғашқы_саммиты_өтті
Иранда өткен Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммиты бүгінгі қиындықтарға толы әлемде өзара әрекеттестік пен диалог кеңістігінің деңгейін көтеру саласындағы бастама саналады. Бүгінгі бағдарламамызда осы саммитте көтерілген ең маңызды мәселелерді қарастырамыз.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 05, 2018 10:34 Asia/Almaty
  • Теһранда Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммиты өтті

Иранда өткен Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммиты бүгінгі қиындықтарға толы әлемде өзара әрекеттестік пен диалог кеңістігінің деңгейін көтеру саласындағы бастама саналады. Бүгінгі бағдарламамызда осы саммитте көтерілген ең маңызды мәселелерді қарастырамыз.

Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммиты

Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммиты ИИР-ның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының бастамасымен қаңтардың он үші күні 21 елдің ойшылдары мен басшыларының қатысуымен өтті. Бұл саммит Иранның үш жерінде: Теһран университетінің Әлемдік зерттеулер факультеті, Машһадтың Фердоуси университеті мен Бобулсар шаһристанындағы Мазендеран университетінде өткізілді. Диалог – бүгінгі әлем қажеттіліктерінің бірі; диалог ішкі және әлемдік деңгейдегі көптеген мәселелердің шешім жолы. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф та мәдени диалогтардың саммитінде сөйлеген сөзінде: "Диалог – қауіпсіздік және өмірлік мәні бар қажеттілік. Өкінішке орай, бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттарындағы билік халықтардың мәдени қатынастары жөніндегі түсінігі жоқ адамның қолына түсіп отыр",- деді. Мұхаммад Джавад Зариф Азиядағы жағдай мен бұл құрлық мәселелерінің шешім жолы жайлы: "Азия алуан түрлі мәдениеттер мен пікірлердің бесігі саналады. Халықаралық қауымдастық та Азия құрлығын терең ой-пікір, пәлсапасы және диалогымен таниды. Бірақ, қазіргі кезде дәл осы аймақ Азияның түрлі көзқарастарындағы мәдени және сенім негіздеріне сәйкеспейтін дағдарыстар мен қақтығыстардың, өлімнің мекеніне айналған. Азия аймағында алуан түрлі көзқарастар жинақталған. Бірақ, бүгінгі таңда біздің аймақта, атап айтқанда Батыс Азияда орын алып жатқан жағдай біз сенетін мәдени негіздерге қайшы. Менің пікірімше, мәдени диалогтар академиялық әрекет емес. Университеттер мен мәдени орталардың бұл салаларға әсер ете алуына қарамастан, бүгінгі мәдени диалогтар барлық қоғамдар үшін қауіпсіздік және өмірлік мәні бар қажеттілік саналады. Біз мәдени диалогты қажет етеміз",- деп баса айтты. Иран Сыртқы Істер Министрі "Диалог дегеніміз не?" деген сауалға: "Әлем өткен ғасырларда әлем халықтары үшін зарар, зорлық-зомбылық пен өлімнен басқа ешнәрсе тигізбеген билікке негізделген бір парадигмаға сәйкес әрекет етіп келеді. Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы парадигма болжамды дұшпандарды талқандау үшін дұшпан санау мен коалиция  құруға негізделген. Егер басқаларға қауіп төндіру бағасымен өзіміз үшін қауіпсіздік сатып алатын болсақ, өзіміз үшін тынышсыздық тудыруға көмектесуге мәжбүр болдық. Бүгінгі таңдағы халықаралық қауіпсіздікті барлығын қырып салудан қорқу сақтап келді» деп жауап берді.

Зариф Азиялық мәдени диалогтардың саммитінде баяндама жасады

Теһран университетінің әлемдік зерттеулер факультетінің деканы әрі Азиялық мәдени диалогтар саммитінің төрағасы Сейіт Реза Амели диалог ұғымын басқа көзқарас тұрғысынан қарастырып, оны бүгінгі әлем қажеттілігі деп атады. Амели мырза "ресми және әкімшілік диалогтың" орнына "тиімді диалогты" ұсынып: "Ресми және әкімшілік диалогта  қарсы тараптың ризалығына себеп болатын, бірақ тиімді болуы міндетті емес мәселе ұсынылады",- деді. Азиялық мәдени диалогтар саммитінің төрағасы Теһран университетінің Әлемдік зерттеулер факультетінде сөйлеген сөзінің жалғасында Азияның халық саны тұрғысындағы потенцалы мен экономикалық қабілетіне тоқталып: "Шығыс Азия аймағы мен Азияның оңтүстік-шығысы әлемдегі ең жоғары қабілетті аймақ саналатын әлеует пен потенциялға толы және жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіші 40 миллиард долларға жететін аймақ болып табылады. Бұл аймақтағы халықтың саны 2 миллиард 300 миллион адамға жетіп, әлемдегі қаржылай және адами ресурстардың үштен біріне ие болып отыр. Әлемдегі маңызды экономикалар, яғни әлемнің екінші, үшінші және төртінші экономикасы осы маңызды географиялық, саяси және мәдени аймақ елдеріне тиесілі болып отыр. Бұл маңызды аймақ сондай-ақ Батыс елдерінің Шығысқа деген көзқарасы мен Азияны әлемнің орталығы деп тану көзқарасын көздей алатын үлкен өркениеттік мұраны пайдалана алады",- деді.

Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының басшысы Абузар Ибраһими Торкаман Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммитінде сөз сөйлеп, мәдени диалогтың қажеттігін қуаттап, қарапайым диалогты жеккөрушілік пен ашу-ызаны маххаббатқа айналдыратын фактор деп атады. Диалогтың мақсаты қарсы тараптың үнсіз қалып, біздің сөзімізді қабылдауға мәжбүр болмауында.

Абузар Ибраһими Торкаман алдымен Аллаға одан қорыққандықтан табынып, кейін өмірінің жартысына келгенде үрейдің Құдайға тән сипат емес, пендеге тән сипат және оның біржақты екені мен ғибадаттың махаббат пен сүйіспеншілікке толы болу керектігі туралы сенімге жеткен имам Ғазалидің сөзіне сілтеме жасап: "Диалог жүргізу кезінде дәлелді емес, себебін анықтауды көздеп, дәлелдеудің орнына қанағат пен ризалыққа бет бұру керек. Диалогта құлақ асып тыңдау арқылы жүрекке жол тауып, иеліктен болды деген бағытқа қарай әрекет ету қажет. Сонымен қатар, диалог құру кезінде мәдени қиындықтардың түпкі мәселесіне ден қою керек" деді.

Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының басшысы – Абузар Ибраһими Торкаман

Индонезия президентінің кеңесшісі Дин Шамсаддин Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммитін ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, ғылым тілі мен мағрифат тілін бір-бірінен айырып, бөлек қарастыру қажеттігін қуаттады. Сонымен қоса, ол адамдардың жеке және әлеуметтік  өміріндегі барлық тұстарына әсер ететін діннің мәдениеттің қалыптасуы мен ғаламдану үдерісіндегі теріс жайттарды жоюда атқаратын рөлін баса айтты. Оның пайымдауынша, виртуалдық мәдениет мемлекеттер арасындағы шекараны жойып, мәдениеттер арасындағы "әлемдік ауылдың" қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Екі Корей мемлекеті арасындағы соғыс дәл осы жеке-даралықтардың салдары саналады. Сондай-ақ, көп мәдениетті қоғамдарда диалогтар арқылы қарама-қарсы тарапқа деген құрмет пен түсіністік ұғымдарын күшейту керек. Ол Ислам дінін ұстамдылық, бейбітшілік пен махаббаттың діні деп қуаттады.

Малайзия университетінің Өнер және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Ханафи ибн Хосейн ерте заманнан бергі Иран мен Оңтүстік-шығыс Азия елдері арасындағы мәдени қатынастарға тоқталды. Шығыс Азия халықтарының пікірінше, Иран – бай мәдениет пен аймақтағы ең маңызды мәдениетке ие ел. Бұл халықтардың қатынастары өткен замандарда көбінесе сауда-сатыққа негізделіп, сауда қатынастары арқылы ақырындап мәдени қатынастар да орнай бастады. Ханафи ибн Хосейннің айтуынша, ислам дінін насихаттаушылар өз дінін осы аймақта таратуда ықпалды рөл атқарған. Ол сонымен қоса, парсы тілі, шиіт мазхабы мен имам Хусейнің шәһид болуына қатысты Ашура рәсімдері мен Иранның фольклорлық мәдениетінің аймақта атқарған рөлі мен маңызына сілтеме жасады. Вьетнам Әлеуметтік-гуманитарлық  университетінің ректоры Фан Кванг Мин өзінің қысқа, әрі нұсқа сөзінде саммитке қатысушылардың шаршағанын басу мақсатында диалог ұғымын қырғи қабақ соғысына дейінгі және одан кейінгі екі кезеңге бөлді. Қырғи қабақ соғысына дейінгі диалог соғыс пен қару диалогы болды, ал қырғи қабақ соғысынан кейінгі диалог халықтар арасындағы қатынастарға негізделген. Ол қырғи қабақ соғысынан кейінгі диалогтың жеңілдігін баса айтып, сондай-ақ азиялық құндылықтарды қуаттап, гуманитарлық тағылымдардағы азиялық рөл мен оның даралығына сілтеме жасады.

Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммитінде Индонезия президентінің кеңесшісі Дин Шамсаддин сөз сөйледі

Азиялық мәдени диалогтардың үш күндік саммитінің соңында Вьетнам Әлеуметтік-гуманитарлық университетінің ректоры Фан Кван Мин Иранда өткен Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммитінде жасаған тұжырымдамаларында үш жайтқа тоқталды: біріншіден, бұл оның Иранға алғаш келуі.  Еуропада 10 жыл, Ресейде 6 жылдан астам, Германияда 3 жыл тұрып, Иран жайлы кітаптар мен БАҚ-тан оқып, естіп, Ираннан үрейленуіне қарамастан, Иранды өз көзімен көріп, халқымен танысып, осындай елге келгеніне қуанышты екенін білдіріп, Иранның бай әрі көне мәдениетіне, қонақжайлығы мен ирандықтардың қатынасына тәнті болды. Мин мырза ирандықтарды өте ашық халық деп атап, Иран мен оның академиялық топтарымен көбірек байланыс орнатуға үміт білдірді. Алғаш рет Иранға сапармен келген Индонезияның Джокекьярта қаласындағы Сунан Калиджага университетінің ректоры Юдиан Вахиюди өзінің Иранда өткізген үш күнін Иран және ислам елін өз көзімен көру арқылы танысқан маңызды тәжірибе деп атады. Оның айтуынша, мұсылман қауымдастығы өз ілімдерінің негізін қалап, Исламның басқаларға деген билігін орнатты. Ол сондай-ақ, маңызды әрі тиімді диалогтар құруда ойшылдардың маңызды рөл атқаратынын айтты. Мионджи университетінің Таяу Шығыс зерттеулері институтының профессоры әрі Оңтүстік Кореяның Діндерді жақындастыру ассоциациясының мүшесі Парк Хиюн Ду бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Иран жайлы қате түсініктің қалыптасқаны туралы айтып, өзінің Иранға сапары мен Иран халқы және осы елдің тілімен жақыннан танысуына ризалық білдіріп, алдағы жылдары осындай самитті3 басқа елдерде ұйымдастыруды жалғастыруды сұрады. Иранда қаңтардың 13-16 аралығында өткен Азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммиты диалог пен келіссөздің қиындықтарды шешуде, мемлекеттер мен халықтарды бір-біріне жақындатып, өзара түсіністік үшін қажеттілігін дәлелдеуде өте табысты шара болды.