Ислам революциясының арқасында туындаған өнер (1)
Ислам революциясы жеңісінің жылдығы мен х.ш.ж.с.б 1396 жылғы «Фаджр» онкүндігіне орай "Ислам революциясының арқасында туындаған өнер" атты 10 бөлімнен тұратын топтамамызды назарларыңызға ұсынамыз. Бағдарлама барысында Ислам революциясының жеңіске жетуінен кейінгі қырық жыл аралығындағы Иран өнерінің тарихы, құрылымы, негізгі ұғымдары, тармақтары, қол жеткізген табыстары мен оның сақталуының құпиясы жайлы сөз қозғаймыз.
"Ислам революциясының өнері" Иран халқының наразылықтары мен революциялық шерулерінің шарықтау шегіне жетуімен бір мезгілде революцияшыл халықпен бір бағытта қадам басқан бір топ мұсылман өнерпаздың арқасында қалыптасқан өнердің ерекше стилі саналады. Бұл туындылар Иранның Ислам революциясынан кейін х.ш.ж.с.б 1357 жылы баһман айында, сәйкесінше 1979 жылдың ақпан айында"Революция өнері" деп аталды.
Революция өнерінің пайда болу кезеңін Иран тарихындағы мәдениет пен өнердің ең жарқын кезеңдерінің бірі санауға болады. Бұл кезеңдегі өнерпаздар сол кездегі заманауи жаңа өнерлер негіздеріне сәйкес көне ирандық-исламдық өнердің негіздерінен нәзік әрі шебер тұжырымдар жасау арқылы ирандық өнер элементтері мен исламдық мәдениетпен бағыттас рухани кеңістік негізінде ислам революциясы өнерінің іргетасын қалауға талыпыныс жасады. Алайда бұл өнердің қалыптасу тарихы қандай болды?
Пехлеви әулеті билігінің соңғы жылдарында Иран қоғамы жоғары жылдамдықпен батыстық мәдениетке назар аудады. Өнерпаздардың өткен салт-дәстүрмен байланыс орнатуға бағытталған талпыныстарына қарамастан, Иранды билеп отырған үкімет пен басқарушы жүйенің шынайы шешімі Батысқа еліктеу, Батыстың технологиясы мен өмір сүру салтын, мәдениетін кіргізу мен тарату және батыстық өнерді насихаттау болды. Сондықтан Пехлеви үкіметі ирандық өнерде соңғы батыстық өзгерістерімен қатар болған модернизмді қалыптастыруға, өнерпаздарды тек соны танып білу үшін ғана емес, сондай-ақ онымен бағыттас болып, соның тәсілдерін өздеріне үлгі ету жолында ынталандыруға талпыныс жасады.
Кез келген уақыт пен әлемнің барлық жерінде орын алған революция талаптарының бірі бұрынғы жүйемен кез келген байланыстан бас тарту болып табылады. Бұл тұрғыдан Иран ислам революциясы да тыс қалмай, революцияшыл өнерпаздар Пехлеви әулеті билігі кезінде кең тараған модернистік өнер ағымдары мен тәсілдердін қабылдамады. Осылайша, өткеннен ажырау қажеттілігі жаңа қоғамды құру үшін өзгерісті кезең қалыптастырды. Сонымен қатар өнерде идеализмнің бір түрі қалыптасты. Мысалы, егер Пехлеви әулеті билігі кезінде өнер және әдеби туындыларды тарихи тұрғыдан сипаттап, оны қастерлеу басым болса, революцияның алғашқы кезеңінде ислам революциясының соңғы себептерін нығайту мақсатында идеализмді насихаттаған тарихи сипаттауға қарсы көзқарас қалыптасты. Осылайша, біртіндеп, революцияның "халықтық өнері" Пехлеви әулеті режимі тарапынан таралған заманауи өнердің орнын басты.
Өнердегі бұл ағымдардың теориялық тамырларын х.ш.ж.с.б 1320 жж (1941 ж.) кейін Иранның өнерпаздары арасында солшыл көзқарастардың кең таралуымен пайда болған "нарзылық өнерінен" іздеуге болады. Бұл ағым х.ш.ж.с.б 1332 жылғы (1953 ж.) төңкерісткен кейін «қара әдебиет пен өнер» қалыбында қалыптасып, қырқыншы жылдардан бастап басылым беттерінде түрлі қалыптарда көрініс тапты. Ақырында 50-ші жылдары, нақтырақ айтқанда х.ш.ж.с.б 1354 жылы (1975 ж.) бір топ өнерпаз шаһ режимінің халыққа қарсы әрекеттерін шынайы түрде сынға ала бастады. Бұл әрекет университет студенттері мен оқуын тәмамдаған жас мамандардың талпыныстарының арқасында қалыптасып, өнердің ресми ағымы үшін бірқатар қиындық тудырды.
Революция қызған күндері алуан түрлі мазхабтық және мазхабтан тыс бағыттағы осы өнерпаздардың басым бөлігі шаһтың үстемшілдігіне қарсы бірігіп, табандылық көрсетіп, қысқа мерзім аралығында көптеген туындыларды баршаның назарына ұсынып жатты. Олар мүмкіндігінше кез келген жерде революцияшыл сарындағы туындыларын халықтың назарына ұсынды. Мысалы, революция негіздерінен әсер алған студенттердің мүсіндік туындылары х.ш.ж.с.б 1357 жылдың баһман айында (1979 ж.) революцияшыл жастар күштерінің негізгі назарын аударатын орталықтардың бірі болған «Эршад» хосейниесінде халықтың назарына ұсынылып, қатты қолдау тапты. Бұл туындылардың негізгі тақырыбы ахлақ пен мазхабтық мәселелерге көңіл бөлу, әлеуметтік кедейшілік пен әділетсіздік, революция ұрандары және имперализммен күрес болды. Халық бұл туындыларды көру үшін ұзақ кезектерге тұрды.
Бұл туындылар елдің жер-жерін шарлап, жалпы халықтың назарына ұсынылды. Иранның түрлі қалаларында, соның ішінде Құм, Исфахан, Шираз, Аһваз, Керманшаһ пен Табризде ұйымдастырылған көшпелі көрмелерде өнерпаздар өнерді зияткерлік және халықтан шеттелу қалпынан тыс шығарып, жалпы халықпен байланыс орнату үшін жолдау мен байланыс тілі ретінде қалыптастырды.
Революцияшыл көзқарастардың қуатты қозғалтқыш секілді Пехлеви әулеті билігі кезінде болған өнер бағытын өзгертуіне қарамастан, бүгінгі таңда сол кезеңнен қалған туындыларды зерттеу оның жалпы және мақсатты саясатын көрсете алмайды.
Басқаша айтқанда, революция өнерінің қатты ынтамен және көбінесе жастар арасында қалыптасып, тамыр жаюына қарамастан, ол белгілі бір жүйеге келтірілместен бұрын революция рухынан өздігінен пайда болды. Дәл осы іс таңылған соғыс аяқталып, салыстырмалы түрде тыныштық орнағаннан кейін өнердің бұл ағымының ғұмырын жалғастыра алмауына себеп болды.
Осы жерде өнердің революция құндылықтары негізіндегі насихаттық сапасымен қатар халықтық және оның баршаға түсінікті болуы тарихтағы барлық ірі революцияларға тән сипаттама саналады. Бұл тек ислам революциясымен шектелмейді. Атап айтқанда Мексика, Куба және тағы сол сияқты елдердегі революциялардан да осы қағидаларды байқауға болады. Алайда, ислам революциясы мен жиырмасыншы ғасыр революцияларының арасынан бір айырмашылық көзге ерекше түседі: ол – жиырмасыншы ғасырдағы революциялардың өз тарихындағы мінсіз қоғамның үлгісі болмауында. Олар ұжымдық сенімдер мен армандарға иек артқан еді. Ал ислам революциясы өз келешегін өз өткені мен исламдық даралығы және өз армандарының ішінен ең алдымен діни дәстүрлерді қайта жандандыруға негіздеді. Ислам революциясы өнерінің революцияшыл армандары мен насихаттары негізіндегі өнер туындыларының формаларындағы айрықша мазмұнына қарамастан шамамен басқа революцияларға ұқсас болып, ирандық өнерпаздар революцияның алғашқы жылдары сырттай форма тұрғысынан басқа елдердегі өнер қайраткерлерінің туындыларына ұқсас дүниелер жасады.