Ислам революциясының арқасында туындаған өнер (2)
(last modified Wed, 07 Feb 2018 05:20:06 GMT )
Ақп 07, 2018 11:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының арқасында туындаған өнер (2)

Революцияшыл өнерге ерекшелік беріп, оны Ирандағы революцияға дейінгі өнер мен әлемдегі жаңа өнерден ажыртқан нәрсе – оның мазмұндары мен сюжеттері. Осы өнердің тартымды сюжеттерге негізделген әсері мен қызметі бүгінгі бағдарламамыздың басты тақырыбы саналады.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, ислам революциясы марксизм мен либерализм секілді діннен үркіту мен руханилықтан безу мектептері гүлденген дәуірде жеңіске жетіп, адам мен діннің байланысы туралы үндеуді әлемдіктердің назарына ұсынды. Адамның тәрбиесі мен жоғары мәртебесіне назар аудару, адами игі қасиеттердің дамуы үшін қолайлы негіз бен орта құру исламдық тағылымдардағы ең негізгі қағида саналады. Ал оның маңызды мақсаты ислам республикасының жүйесін құру болды. Сол себепті "өнер жолындағы өнер" секілді ұрандар мен мағынасыз бос ой-пікірлер шетке ығыстырылды. Олар Иран қоғамы және революцияшыл өнер қайраткерлері мен мұсылмандардың көңілінен шықпады.

Ислам революциясы жеңісінен кейінгі алғашқы жылдары революцияның мәдени құндылықтарын жеткізуші болған "халықтық өнер" ұсынылып, қолдау тапты. "Халықтық өнер" сол кезеңде "модернисттік өнердің" орнын басқан термин болды. Ол реализм, кейде экспрессионизмнің қосындысынан пайда болған стильге ие болды. Бұл өнер өзінің саяси және революцияшыл тақырыптары арқылы революция өзектерінің негізін таратып, оны насихаттау үшін талпыныс жасады, қарапайым халықтың, әсіресе қоғамның тұрмысы төмен тобы үшін түсінікті болды.

Ислам революциясынан кейін модернизмге қарсы халықтық өнердің қалыптасуы

Бөгде мәдениеттің көзін жоюмен бір мезгілде өз мәдениетін күшейту мәселесі теріске шығаруға келмейтіндей қажеттілік болып, сол жылдары Иран өнеріне жағымды әсерін тигізді. Өзіндік мәдениетті нығайту бір жағынан мәдени нұқсандар мен жалпы халықтық мәдениет деңгейін көтеру арқылы оның сақталуына алып келсе, басқа жағынан Иран өнерін әлемдік деңгейде бірегей өнерге айналдырды. Мысал ретінде революцияға дейінгі жылдармен салыстыруға келмейтін Иран кинематографиясы мен ондағы таңқаларлық өзгерістерге сілтеме жасауға болады. Мамандардың айтуынша, Пехлеви әулеті режимі өмірінің соңында жойылған кинематография өнері революциядан кейінгі 40 жылдың ішінде тек ішкі деңгейде ғана емес, сондай-ақ, әлемнің жер-жерінде революцияшыл кинематографияның ахлақ пен адамгершіліктің арқасында үлгі ретінде танылған даму мен ілгерілеуге қол жеткізді.

Қоғамның арқасында пайда болған өнер қалай қалыптасады және қандай қағидаларға негізделеді деген сауал туындауы мүмкін.

Кез келген адами белсенділіктің мақсаты адамзат баласын бақытқа жеткізіп, оның жеке және топтық белсенділіктердегі жалпы қағида саналатыны анық. Өнер жеке тұлға мен қоғамды бақытты ету үшін өзінің қатерлі рөлін атқарып, өмірді жүрекке жағымдырақ етіп бейнелеуге талпынып, әлемнің ақиқаттарын тұспалдап баяндайтын белсенділіктің түрі саналады.

Осындай қоғамға қарыздар өнер өнерпаздың белгілі бір дін пен ой-пікірге беріктігі оның өнер туындысының сол мектептің құндылықтары мен идеясын баяндап-жеткізуге қызмет етуіне себеп болатын ой-санасы мен ойлау тәсілінен бастау алады.

Бұл тақырып өнер қайраткерінің еркіндігін бұзу саналмайды. Оны шектеу деп қарастырмаған жөн. Себебі, бұл көзқарастың мақсаты еркіндікті жүйелеп, реттеп, оның адами мақсаттардан ауытқып кетуінің алдын алу болып табылады.

Иранның исламдық қоғамы ислам революциясынан кейін діни және мәдени құндылықтарды бір-бірімен сәйкестендіруге талпыныс жасады. Бұл бағытта жалпыхалықтық мәдениетте түбегейлі өзгерістер орын алып, кинематография, театр, тіпті дәстүрлі өнер секілді өнер түрлерінің діни мәдениет пен құндылықтарға жақындай түсуіне жеткізді. Осындай жақындасудың арқасында қол жеткізген жетістіктердің бірі өнер қайраткерлерінің өнердің қуатты ақпарат құралдары арқылы ахлақтық және исламдық құндылықтарды таратуға міндеттелуі жатады. Ирандық өнерпаздар барша әлемнің алдындағы міндетін сезініп, түсінгеннен кейін адамзат баласының адамгершілігі мен қоғамның алдындағы жауапкершілігін мойнына алып, қоғамдағы әділет, мейірімділік, жанпидалық, ахлақ пен адами мазмұндарды жеткізетін өнердің сипаттамасы болды. Ирандық өнер қайраткері осы туындылардағы қажеттілік пен міндеттің олардың өнер және өнер құндылықтарына нұқсан келтірмейтінін, өзінің өнер туындысын насихатқа  айналдырмау керектігін біртіндеп түсінді. Бұл мәселе мұның алдында да әлемде орын алған басқа ірі революциялардан көрініс тапқан. Мысалы, Ресейдегі әдеби қайта жандану Толстой, Достоевский, Горький және Тургенев секілді жазушылардың бірегей шығармаларды жазуына себеп болды. Әдеби және өнердегі теріске шығаруға келмейтін құндылықтардың болуымен қоса, олардың нақты ерекше көзқарасты қажет етіп, оған берік болуы революцияға қарыздар әдебиет түрі негізінің қалануына себеп болды.

Ислам революциясының арқасында пайда болған өнер мен әдебиетке байланысты өнер тек ирандық-исламдық мәдениет пен өркениеттің ағымына ғана терең әсер етіп қоймай, сондай-ақ, әлемнің жер-жеріндегі азат етуші күрестер мәдениетінің кең етек жаюында әсерлі болып, әлемдіктерді ислам мектебіндегі үстемшіл жүйемен күресу мәдениетімен таныстырды деп айтқан жөн.

Революцияшыл құндылықтар мен нормалардың басым бөлігінің сақталып қалуы Иранның мұсылман халқының өнері мен революциясы арасындағы берік байланысқа қарыздар. Егер бұл байланыс берік болмағанда, мүмкін революцияның барлық тараптары мен бұрыштары бейнеленбей, қалтарыста қалып, оны әлемнің басқа халықтарына көрсету мүмкін болмас еді. Сол себепті, бүгінде ирандық өнер және өнер қайраткерлерінің дамуы мен күшеюін ислам революциясына қарыздар деп айтуға болады. Ислам революциясы да әлемдегі ауыр жағдайлар, дұшпандардың санкциялары мен насихаттық шабуылына байланысты өз өнерпаздарының ойлауы, қаламы мен фотокамера және бейнекамера секілді негізгі құралдарының көмегімен өз даусын әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізе алды.

 

Тегтер