Иран Ислам революциясының тұрақтылығы мен мәңгіліктігінің факторлары
(last modified Sun, 11 Feb 2018 04:38:56 GMT )
Ақп 11, 2018 10:38 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясының тұрақтылығы мен мәңгіліктігінің факторлары

Бүгін – Иран Ислам революциясы жеңісінің жылдығы. Бұл революция дұшпандарының қастықтарына қарамастан, тұрақтылығы және табандылығымен өз жолын жалғастыруда. Бүгінде революция қырқыншы жылдығына қарай қадам басып, мақсаттарын жүзеге асыруға талпыныс жасауда.

Ислам революциясы өзінің қырқыншы жылдығына жақындап қалды. Осыдан 39 жыл бұрын Иран халқы үлгі боларлық жігерімен автократиялық әрі тәуелді Пехлеви режимін құлатып, Иран тарихының жаңа бетін бастады. Адамгершілік және исламдық жоғары армандармен басталып, илаһи көмек пен бірліктің арқасында жеңіске жеткен бұл революция осы уақытқа дейін әртүрлі қоқан-лоққылармен кезікті. Зұлымдық пен үстемдікті қабылдаму, илаһи билікке жету, Ислам республикасы жүйесі арқылы тәуелсіз әрі азат қоғам құру ішкі және сыртқы дұшпандар үшін төзуге болмйтын жағдай болып, олар исламдық Иранға қарсы дұшпандық білдірді. Алайда дұшпандырдың қастықтары мен кедергі тудыруына қарамастан, Иранның Ислам революциясы бірінші онжылдығында имам Хомейнидің, кейін аятолла Хаменеидің қырағы басқаруымен күшті дауылдардан өтіп, қысымдармен қарсыласып, күш-қуаты күннен күнге артты. Ислам революциясының 39 жылдық өмірі Ислам республикасының әрқашан алға ілгерілеп, жарқын келешектен үмітті екенін көрсетті.

Ислам революциясының сарапшыларының бірі "Төрт революцияға шолу" атты кітабында революциялар бір кезде орын алып, бір кезде ұмытылады деген тақырыпты қарастырды. Оның пікірінше, Франция, Англия, Америка мен Ресейде орын алған төрт революциядан ұқсас жайттар байқалды. Бринтон негізі бойыншакещ келген революцияда революционерлер жеңіске жеткен соң үміт пен қуаныш кезеңі басталады. Ол бұл кезеңді "шәрбат айы" деп атады. Бұл кезең – бұрынғы үкімет құлап, оның орнына жаңа жүйе орнатылатын кезең. Бірақ "шәрбат айы" жылдам аяқталып, билік басына ұстамдылар мен асыра сілтеушілер келіп, революцияның ішкі қайшылықтары мен қақтығыстар пайда болып, революцияның өліміне жағдай туады. Осыған орай революциялар көбінесе табиғи емес құбылыс болып табылады. Сондықтан жылдам қалыпты табиғи жағдайға оралған жөн. Иран ислам революциясының тағдыры да осыған ұқсас па? Егер өзгеше болса, оның мәңгіліктігінің сыры неде?

Әлемде орын алған төрт революцияның әрқайсы  өз қоғамына өзгеріс енгізді, тіпті одақтас елдерге де әсерін тигізді. Бірақ мамандардың көбінің пікірінше, Иранның Ислам революциясы орын алуы, ұмытылмауы және ықпалы тұрғыларынан ерекше болып, күн сайын әсерін арттыруда. Ислам революциясының әсері Иранның географиялық шекараларынан шығып, самал жел сынды әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп, шындық пен әділет талап етушілерге серпін беруде. Сонымен бірге оянуға жағдай туып, халықтық қозғалыстар пайда болды. Имам Хомейни бұл маңызды мәселеге назар аударып, өсиетнамасында: "Иранның Ислам революциясының басқа революциялардан өзгеше екендігіне күмандануға болмайды. Оның орын алу себептері, күресінің сапасы мен мақсаттары да өзгеше",- деген болатын. Аятолла Хаменеи ислам революциясы жалғасуының ең маңызды дәлелін революцияның шындықты ұсынауына қатысты санап: "Революцияның сөзі – шындық. Оның ерекшелігі – шындықты айтуында. Бұл – тың жерде өсетін пәк ағаш. Оның тамыры мықты, бұтақтары жоғары таралып өсуде. Оның жемісі таусылмай,  әр маусымда өз жемісін береді. "Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді. Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша, әр уақыт жемісін береді". ("Ибрахим" сүресі, 24-25-ші аяттары). Яғни, әлемде орын алатын маусымдық әрекеттер сынды бір кезеңдік емес. Аталмыш әрекеттер революция немесе төңкерістің атымен орын алып, үкіметтерді өзгертеді. Бірақ, олар бір маусымдық. Шындықтың сөзі  маусымдық емес, шындық – мәңгі",- деген болатын.

Ислам революциясы дінді серпінді рухани құбылыс ретінде көрсетіп, діни тағылымдар мен наным-сенімдерді жеке, қоғамдық  және саяси өмірдің негіздері, сондай-ақ діннің күш-қуатын бөгделердің зұлымдығына қарсы күрестің рухани туын көтеруші, діннің өзін саяси-мәдени құбылыс ретінде таныстырады. Келесі маңызды мәселе – діни билік пен діни жетекшінің арқасында жүйенің мықтылығының екі есе артатындығында. Діни билік – исламдық жүйе болмысының кепілдігі. Имам Хомейни мен аятолла Хаменеидің қырағы басшылығы жолдың қатерге толы болуына қарамастан, Ислам революциясының жалғасуындағы діни биліктің орнын анықтады.  Имам Хомейниден кейін аятолла Хаменеи 25 жыл бойы сындарлы стратегия ұстанып, Иранның Ислам республикасы жүйесін басқарып келеді. Діни жетекшінің шынайы түрде саясат пен қауіпсіздік, қорғаныс негіздерін нығайту және саясат пен экономика салаларында ұлттық күш-қуатты қамтамасыз етуге талпынуы, сонымен бірге революцияның құндылықтарына назар аударуы, бөгделердің билеп-төстеушіліктерінің алдын алуы Ислам революциясы тарихында келесі Хомейнидің бар екенін көрсетті. Аятолла Хаменеи қастықтарды бірінен соң бірін залалсыздандырып, Ислам революциясының тарихындағы жаңа жетістіктерді арттырып, дұшпандардың үмітін үзді.

Адамның илаһи болмысымен үндестігі және онымен сәйкестігі – Ислам революциясы тұрақтылығының келесі факторы. Аятолла Хаменеи былай деді: «Миллиондаған халықтың жүрегін үндестіру оңай емес. Адам өз болмысымен сөйлесіп, Алла туралы айтатын болса, басқа адамдар оған қарай тартылады. «Және Ол мүміндердің жүректерін қосты. Егер сен жер жүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да, олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ, Алла олардың араларын біріктірді». («Әнфал» сүресі, 63-ші аят). Бахманның 22 күні көшелер  мен алаңдарға халық бұрынғы жылдардан көбірек шығады. Жылдан жылға шеруге шығатын адамдардың саны артпаса, азаймады. Табиғатта уақыттың өтуімен қоғамдық толқындар басылатын болса, адамның болмысына сүйеніп, пайда болатын шындық уақыт өтсе де басылмай, керісінше күннен күнге артуда».

Революцияның рухани тұрғысы халықтың жаппай қатысуы мен әлемдіктердің таңданысына себеп болды. Францияның танымал жазушысы Мишель Фуко: «Осы уақытқа дейін ұжымдық жігер байқалмады. Менің жеке басым Құдай немесе рух сынды ұжымдық жігерді еш уақытта көрген жоқпын. Бірақ, біз Теһраннан ғана емес, бүкіл Ираннан халықтың ұжымдық жігерін көрдік»,- деді. Негізінде Иранның Ислам революциясы идеологиялық-мәдени революция болып, әлемдік тұрғысымен ИИР-н дін халықтық демократияның жалғыз тәжірибесі ретінде таныстырды. Халықтық болуы – Исламның болмысы. Ислам халықты дұрыс жолға нұсқау үшін Алла тарапынан жіберілді. Халықтың заңдарды іске асыру мен өз қоғамын қорғауға  қатысуы – ислам дінінің басты негізі. Бұл ерекшеліктер халықтың Ислам революциясына жаппай қатысуына,  сондай-ақ, дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі жүректері Ислам үшін толқитын адамдарды Исламды жандандыру мақсатында орын алып, Ислам революциясының нәтижесінде орнатылған Ислам республикасына сүйіспеншілік білдіруге себеп болды. Осылайша, бұл революция күннен күнге аймақ пен әлем деңгейінде жақтастарын тапты.

 

 

 

Тегтер