Екі Кореяның келіссөздеріне қатысты аймақ пен әлемнің, әсіресе АҚШ-ның реакциясы
Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтіп жатқан 23 қысқы Олимпиадамен тұспа-тұс бұл ел мен Солтүстік Кореяның жоғары лауазымды топтары Сеулде кездесіп, пікір алмасты.
Солтүстік Корея лидерінің қарындасы Ким Е Чонның елдің Оңтүстік Кореяға аттанған делегациясының құрамында болуы екі елдің жоғары лауазымды қайраткерлерінің, әсіресе Оңтүстік Корея Президенті Мун Джэйнмен келіссөздерінің маңызын арттыра түсті. Бұл кездесуде Солтүстік Корея Лидерінің қарындасы Оңтүстік Корея Президентіне Пхеньянның ресми шақыруын жеткізді. Сонымен бірге Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның жоғары лауазымды қайраткерлерінің келіссөздері мен бұл ел спортшыларының Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы әлемдік қолдаумен кезікті. АҚШ-тың саяси мәселелер маманы Майкл Мэдден: «Екі мемлекет – Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея абайлап қадам басқанымен, бұл кездесулер қарым-қатынастардың ілгерілеуінің басталуы болғанын көрсетеді»,- деді.
АҚШ екі Корея арасындағы келісім мен келіссөздерді бұзу мақсатында қастандықтарын жалғастырып, Солтүстік Кореяны ядролық қаруы туралы мәселені қайтадан көтеруімен бірге бұл елді Пхёнчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының артында адам құқығын бұзып, қырып-жоятын қаруларды жасырумен айыптады. Саяси топтардың көбі АҚШ-тың мұндай реакциясын Вашингтонның Солтүстік Корея Лидерінің ұстанымына шара қолданбауы мен Ким Чен Ынның Оңтүстік Корея Президентін Пхеньянға сапармен келуге шақыруына реакция деп бағалады. АҚШ пен оның одақтастары Солтүстік Кореяны ядролық қаруынан бас тартқызу мақсатында қысым көрсету үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен көбірек санкция салуды сұрады. Бұл – Вашингтонның Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасында қайшылық тудыру әрекеттерінің бір бөлімі. Ресейдің саяси мәселелер маманы Андрей Баклицкий: «Корея түбегіндегі жаңа өзгерістерге назар аударып, бұл түбектегі қайшылықтарды жою үшін қажет келісімдер нәтижеге жетуі үшін жаңа пікірлер ұсынылуы қажет»,- деді. Оңтүстік Кореяның үкімет басшыларының айтуынша, ондаған елдердің басшылары мен жоғары лауазымды қайраткерлері екі Кореяның делегацияларының келіссөздерін қолдады. БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш екі Кореяның келіссөздерін қолдауымен бірге оларды Корея түбегіндегі қақтығыстардың қатерін төмендету үшін жасалған талпыныс деп бағалады. АҚШ пен одақтастарының келіссөздердің алдын алу әрекеттеріне қарсы Қытай мен Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде екі Кореяның келіссөздерін қолдауымен қатар кездесулерді аталмыш түбектегі қайышылықтарды шешу саласындағы оң қадам депатады. Қытай үкіметі екі Кореяның келіссөздерін Корея түбегіндегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа жетудің ең негізгі факторы ретінде қуаттап, халықаралық қоғамнан бұл келіссөздерді қолдауды сұрады. Қытайдың пікірінше, бұл үдерістің ең маңызды бөлімі АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы келіссөздер болып табылады. Ресейдің саяси мәселелер бойынша маманы Глеб Юващенцев: «АҚШ-тың жаттығуларды тоқтату мен Солтүстік Кореяның әскери және ядролық бөліміндегі ұстамдылығы Вашингтон мен Пхеньян арасындағы келіссөздердің басталуы үшін қажет жағдай тудырады»,- деді.
Оңтүстік Корея Президентінің екі Корея делегацияларының соңғы кездесулерімен тұспа-тұс Жапония үкіметінің АҚШ-пен бірге ортақ әскери жаттығу өткізу ұсынысын қабылдамауы Пхеньянмен арадағы қайшылықтарды азайту ұранымен билік басына келген Оңтүстік Корея Президенті Мун Джэйнның бұл мәселеге қатысты шынайы ерік-жігерге ие екенін көрсетті. Өзінің ядролық және зымырандық әлеуетін қажет деңгейге жеткізген Солтүстік Корея да АҚШ-ның қастықтарын залалсыздандырып, екі Кореяның бірлігін нығайту үшін өз ұстанымын назар аударарлық деңгейде икемді етті. Оңтүстік Кореяның саяси мәселелер эксперті Чон Сон Чан: «Солтүстік Кореяның Лидері жастығына қарамастан, елінің ядролық-зымырандық бағдарламасын дамытып, нәтижесінде әскери күші Оңтүстік Кореядан артты»,- деді. Солтүстік Корея Лидерінің қарындасының бұл елдің екінші адамы саналатын Парламент Төрағасы басқарған Пхеньяның жоғары лауазымды қайраткерлерінен құралған саяси делегациясымен Оңтүстік Кореяға аттануы мәдени және қандас тұрғыдан екі Кореяның халықтары үшін өте маңызды саналады. Өткен ғасырдың 50 жылдарының басындағы екі Корея арасындағы соғыстардан кейін Солтүстік Корея басшысының жақын туысының Оңтүстік Кореяға сапар шегуі бірінші рет. Оңтүстік Корея Президенті Мун Джэйнның туған жері Корея түбегінің солтүстік аймақтары саналатындықтан, ол түбектің солтүстігі мен оңтүстік аймақтары арасындағы қайшылықтарды жоюға талпынуда. Сондықтан ол мен Солтүстік Корея Лидерінің қайшылықтарды азайту жолындағы талпыныстарына халықаралық қолдау көрсету бұл үдерісті дамытуға көмектесе алады. Бүгінде АҚШ қайта-қайта көтеріп отырған Солтүстік Кореяны ядролық қарудан босату жобасынан бұрын бір-бірінен алыстаған отбасыларды кездестіріп, екі Кореяның арасындағы өнеркәсіптік аймақты қайтадан белсенді ету сияқты тақырыптар екі ел басшылары кездесулерінің ең маңызды мәселелерінің бірі болуы мүмкін. Сауалнамалар бойынша, Оңтүстік Корея халқының көпшілігі өз елі үкіметінің Солтүстік Кореямен арадағы қайшылықтарды жою жобасын қолдайды. Бұл Мун Джэиннің Солтүстік Кореямен келісөздерін жалғастыру үшін жақсы мұрсат. АҚШ Солтүстік Кореядан қорқыту саясатын іске асыруға талпынып, бұл елге жұмсақ қарауды қатерлі деп көрсетуге әрекет жасап жатыр. Негізінде Солтүстік Кореяның Лидерінің елінің зымырандық және ядролық қаруларының Оңтүстік Кореяға қарсы емес екенін қуаттауы бұл ел халқының арасына сенім сыйлауымен бірге олардығ бірігіп, аймақтағы маңызды күшке айналуға қатысты жігерлерін арттырды. Қорыта айтқанда, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея саяси делегациялары келіссөздерінің әлемдік қолдауға ие болуы Корея түбегі дағдарысының әскери жолмен емес, тек келіссөздер арқылы ғана шешілетінін көрсетеді. Бұл мақсатқа жету үшін Оңтүстік Корея үкіметі АҚШ-тың қысымдарына қаармастан, қатаң шешім қабылдауы керек. Өйткені, АҚШ тек өзінің мүдделері мен мақсаттары туралы ғана ойлайды. Дағдарыс күшейген жағдайда Оңтүстік Корея көп шығын көреді.