Пәкістанның Ауғанстанның бейбітшілік үдерісіне әсері 2
(last modified Thu, 03 May 2018 09:30:10 GMT )
Maм 03, 2018 15:30 Asia/Almaty
  • Пәкістанның Ауғанстанның бейбітшілік үдерісіне әсері 2

Пәкістанның Ауғанстандағы ықпалына байланысты Кабул үкіметі Пәкістанның бұл үдерісте маңызды рөл атқаруын күтеді.

Кеңес Одағы мен АҚШ-тың арасындағы қырғи-қабақ соғысы мен бәсекелестігі кезінде 1979-шы жылы Кеңес Одағы армиясының Ауғанстанды басып алуынан кейін Вашингтон бұл елдегі кейбір қарулы топтарды Қызыл Армияға қарсы күресу үшін қарумен жабдықтап, күшейтті. Мұндай жағдайда Пәкістан армиясы Батыстан көмек алып, олардың бір бөлігін Ауғанстандағы әскери жасақтардың арасында таратып, сол елдегі жағдайын нығайтты. Сол кезде Пәкістанның кейбір басшылары Ауғанстанның осы елге қосылу ықтималы туралы айтты. Кеңес Одағы армиясы Ауғанстанда сәтсіздікке ұшырап, өз әскери күштерін бұл елден шығарғаннан кейін «Моджахеддин» үкіметін құру бағытындағы талпыныстар басталды.  Бірақ олардың арасындағы қайшылықтар бір жақтан, Батыстың Ауғанстан өзгерістеріне аз көңіл бөлуі басқа жақтан Пәкістанның Ауғанстандағы жағдайының әлсіреуіне себеп болды. Сондықтан Исламабад аймақтағы кейбір араб үкіметтерінің, атап айтқанда Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің, сондай-ақ АҚШ пен оның барлау ұйымдарының көмегімен Ауғанстанда өз бақылауында болатын «Талибан» тобын құруға әрекет жасады. Талибан  тобы Кабулды басып алып, Ауғанстанның аймақтарының көбін, нақты айтқанда солтүстік аймақтарынан басқа аймақтарда өзінің тәртібін орнатты. Бірақ, АҚШ-тың 2001-ші жылғы Ауғанстанға жасаған шабуылы мен «Солтүстік коалиция» деген моджахедтердің Кабулды басып алуы Талибан режимінің жойылып, Ауғанстандағы Пәкістанның жағдайын қайтадан қауіп-қатерге тіреді. Парвиз Мошаррафтың билігі кезінде Исламабад  Америкаға қосылып, Талибандарға қарсы шықты. Бірақ, көп ұзамай қайтадан «Талибан» тобын қолдап, оны қайта күшейтіп, Кабул үкіметіне қарсы қақтығысын бастады. Саяси мәселелер бойынша эксперт Масуд Шахзаде: «Халықаралық қоғам Пәкістанға сезінерліктей қысым көрсетіп, экономикалық санкция салмай, бұл мемлекет талибандарды қолдауын тоқтатпайды»,- деді.

Талибандардың Ауғанстан үкіметіне қарсы тұруын жалғастыруына назар аударып, Бонн конференциясының негіздері бойынша Ауғанстанның уақытша үкіметінің басшысы болған бұл елдің бұрынғы президенті Хамед Карзай Ауғанстанның Бейбітшілік Жоғары Кеңесін құрды. 62 мүшеден құрылған бұл кеңестің міндеті талибандармен қарым-қатынас орнатып, оларды Ауғанстанның бейбітшілік үдерісіне қосылуға көндіру болды. Пәкістанның Талибан тобын құрып, оны қаруландыруда маңызды рөл атқаруына көңіл бөліп, Ауғанстанның Бейбітшілік Жоғары Кеңесі Исламабадқа делегациялар аттандырып, Пәкістанды бейбітшілік орнату саласында Кабул үкіметімен ынтымақтастық жасауға жігерлендірді. Бірақ, Ауғанстанда өзіне бағындыруды көздейтін, Карзай үкіметінің әрекеттерін қалауларына қайшы санайтын Пәкістан ынтымақтастық жасауға ниет танытпайды. АҚШ Пәкістанды өзінің НАТО-ға кірмейтін одақтасы деп жариялап, Ауғанстанға қарсы екіжүзді саясат жүргізіп, АҚШ армиясымен ынтымақтастық жасауын айыптап, бұл елдің ұшқышсыз ұшақтары Пәкістанның аймақтарына қарсы шабуыл бастады. Саяси мәселелер бойынша сарапшы Джавид Кухестани: «Пәкістан бұл елде орналасқан Хақани лаңкестік тобына қарсы шынайы күресуге міндетті. Өйткені, бұл топ Ауғанстанда кең ауқымды шабуылдарды іске асырып, әлі жалғастыруда» деді.

Пәкістанның Ауғанстанда тәуелсіз үкіметтің орнатылуына қатысты ең маңызды алаңдаушылықтарының бірі Дюранг шекара сызығына қарсылық білдіруімен байланысты. Бұл сызық Үнді түбегі мен Ауғанстандағы Британияның отаршылығы кезінде олардың болжамды шекарасы ретінде анықталған болатын. Дюранг сызығын Ауғанстанның әртүрлі саяси топтары қабылдамайды. Пәкістанның бақылауындағы Талибан режимі бұл болжамды сызықты растауға дайын болғанымен ол екі ел арасындағы халықаралық шекараға айналмады. Хамед Карзай үкіметінің Пәкістанның дәстүрлі әрі ядролық қаруға ие бәсекелесі Үндістанға бет бұруы бұл мемлекеттің талибандардың ықпалды мүшелерін қамауға алып, Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісін бұзуға қарай қадам басуына себеп болды. Ауғанстан мәселелері бойынша сарапшы Ашеқ Хосейн Тури: «Пәкістан Үндістанға тек бәсекелесі ғана емес, дұшпаны ретінде қарайды. Пәкістанның мемлекеттік және әскери басшылары сан рет Үндістанды Балучестандағы Ауғанстанның жерін пайдаланып, балучтердің азаттық талап етуші топтарына қаржылай және әскери көмек көрсетумен айыптауда.

2014-ші жылы Ашраф Ғани Ауғанстан Президенті болып сайланған соң ол: «Елдің бейбітшілік жолы Пәкістаннан өтеді»,- деп жариялап, сол елмен қарым-қатынасын дамыту үшін Исламабадқа сапар шекті. Бірақ, іс жүзінде Пәкістан Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісін алға ілгерілетуге көмектесетіндей қадам баспады. Бұл мәселенің ең маңызды себебі Ауғанстан ісінің Кашмир мен Үндістан істері сынды Пәкістанның ISI барлау ұйымының ықтиярында болуы болды. Сондықтан Пәкістан үкіметі іс жүзінде Ауғанстан мәселесіне еш ықпал ете алмады. Пәкістан армиясының көзқарасы  бойынша, Ауғанстан –  Пәкістан ықпал ететін стратегиялық аймақ. Осыған орай Кабулда  әрқашан Исламабад қолдайтын үкімет орнатылуы керек. Ал Ауғанстанның үкімет басшылары бұл елде тәуелсіз үкімет пен парламент орнатылуы және Исламабад үкіметі оған құрмет көрсетуі керек деп санайды. Ауғанстандағы әртүрлі саяси топтардың көзақарасы бойынша Пәкістан «Талибан» тобын Ауғанстан үкіметіне қысым көрсетіп, Исламабад талаптарын, әсіресе Дюранд сызығын екі ел арасындағы халықаралық шекара ретінде қабылдатқызу құралы ретінде пайдалануда.  Сонымен бірге Пәкістан Кабул үкіметін саяси биліктің бір бөлігін Талибан тобына бергізіп, Ауғанстанның саяси сахнасындағы өз жағдайын нығайтпақ. Ауғанстан үкіметі «Талибан» тобы саяси топ ретінде сайлауға қатысып, демократиялық жол арқылы жеңіске жеткен жағдайда билікке қатысуын қалайды.Пәкістан Премьер-министрі Шахид Хақан Аббасидің соңғы Кабул сапары мен "Үкімет пен үкіметтің келіссөздері" жобасы бойынша Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғанимен кездесуі  Пәкістанның Ауғанстанның бейбітшілік үдерісін ілгерілету үшін Талибан тобын бұл үдеріске қосылуға жігерлендіруге көмектесетіндігіне үміт тудырды. Ашраф Ғани Исламабад пен Кабулдың ынтымақтастық үдерісінің басталғаны туралы жариялады. Сондай-ақ, Ауғанстан үкімет басшыларының пікірінше, егер Пәкістан дұрыс әрекет етсе, Ауғанстанның бейбітшілік үдерісін дамыта алады. Ауғанстандағы саяси мәселелердің сарапшысы Ахмад Саиди: "Ауғанстан мен Пәкістанның жоғары лауазымды қайраткерлерінің соңғы кездесулері Ауғанстанның бейбітшілік үдерісін алға ілгерілету саласындағы екі елдің қарым-қатынастарында жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Егер бұл қатынастар адал әрі бейбітшілік үдерісіне көмектесу мақсатында болса, екі елдің қарым-қатынасында маңызды рөл атқара алады",- деді.