Иранның 2018 жылғы Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатындағы құзырына шолу
(last modified Mon, 25 Jun 2018 04:24:00 GMT )
Маусым 25, 2018 10:24 Asia/Almaty

«Футболдан әлем чемпионаты» деп аталатын ең көп көрермен мен жанкүйерді тәнті еткен әлемдегі спорт сайысы х.ш.ж.с.б хордад айының жиырма төрті, сәйкесінше маусымның он төрті күні Ресейде басталды.

Бұл күндері «әлем чемпионаты» мен «футбол» сөздері басқа кезбен салыстырғанда көбірек естіліп, халықтың, әсіресе жастардың бойында шаттық пен құмарлық тудырып отыр.
Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) әлем чемпионаты 1930 жылдан бастап жүйелі түрде 4 жылда бір рет ұйымдастырылатын кәсіби жарыс саналады. Бұл шара тек 1942 және 1946 жылдары Екінші дүниежүзілік соғыс орын алғандықтан өткізілмеген болатын. Өткен кезеңде, яғни 2014 жылы Германия футболдан әлем чемпионы атанды. Бұл сайыс шамамен 1 ай бойы 32 команданың қатысуымен өткізіледі.

Иран командасы азиялық ең мықты командалардың бірі саналады. Иран 1968, 1972 және 1976 ж.ж. Азия елдері арасындағы чемпионатта жеңімпаз атанған. Иранның ұлттық құрама командасы 1974 жылы Теһранда, 1990 жылы Бейжіңде, 1998 жылы Бангкокте өткен Азия ойындарының үш кезеңінде алтын медаль алған.

Иранның футболдан ұлттық құрама командасы бүгінге дейін футболдан әлем чемпионатының бес кезеңіне, атап айтқанда 1978 жылы Аргентинада, 1998 жылы Францияда, 2006 жылы Германияда, 2014 жылы Бразилияда өткен кезеңдеріне қатысқан. Енді 2018 жылы Ресейде өтіп жатқан кезеңге қатысуда. Иранның футболдан ұлттық құрама командасы 2015 жылдың көктемінен бастап, 2018 жылғы Ресейдегі футболдан әлем чемпионатына іріктеме кезеңдеріне қатысып, алғаш рет футболдан әлем чемпионатының екі кезеңіне қатар қатысу үшін жеңіліссіз өрлеуді бастан өткерді.

ИИР-ның футбол бойынша ұлттық құрама командасы жеребе бойынша Испания, Португалия және Марокко командаларымен бірге сайыстың екінші тобында өнер көрсетуде. Иран маусымның он бесі күні Санкт-Петербургтегі Крестовский аралындағы "Санкт-Петербург Арена" стадионында болған әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Африка чемпионы Марокко командасымен бақ сынасып, 1:0 есебімен алғашқы жеңіске жетті. Одан бес күннен кейін, маусымның жиырмасы күні Иран командасы Қазан қаласындағы "Қазан Арена" стадионында Испания командасымен сайысқа түседі. Содан кейін, маусымның жиырма бесі күні Иранның ұлттық құрама командасы Саранск қаласындағы "Мордовия Арена" стадионында Еуропа чемпионы Португалия командасымен сайысқа түседі.

Айта кететін жайт, ИИР-ның футболдан ұлттық құрама командасының бұған дейін ешқашан нақты символы болмаған. Ағымдағы жылдың ордибехешт айында алғаш рет қазіргі таңда соңғы өкілдері тек Иранда ғана кездесетін азиялық қабылан Иранның футбол бойынша ұлттық құрама командасының ресми символы ретінде "ЮПА" (жүйрік қабылан) деген атпен, яғни парсыша "юзпаланг" (қабылан) және "тизпа" (жүйрік) деген сөз тіркестерінің қысқарған түрі ретінде таңдалғанын айтқан жөн.

"Жүйрік қабылан"

Ресейлік TASS ақпарат агенттігі Иран футбол командасының өткен сенбідегі жаттығуы жайлы: "Бұл жаттығу бір сағатқа созылды. Ирандық ойыншылар көтеріңкі көңілмен жаттықты. Иран футбол командасы мүшелерінің арасынан өте жақсы кеңістік байқалады",- деп жазды.

Содан кейін ресейлік мемлекеттік ақпарат агенттігі бір ирандық жанкүйердің сөзіне сілтеме жасап: "2018 жылғы футболдан әлем чемпионатында Ресей мен Иран командалары үшін жанкүйер боламын. Иран командасының Марокко және Португалия командаларымен ойындарын тамашалағым келеді. Иранның футболдан ұлттық құрама командасының Мәскеуде өнер көрсететініне қуаныштымын. Мен оларға қолдау көрсеткім келеді. Менің ойымша, Иран 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетеді",- деп жазды.

Ұлттық құрама командасының келесі бір ирандық жанкүйері ресейлік TASS ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Мен Теһраннан Мәскеуге 2 аптаға келдім. Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы чемпионаттың топтық кезеңіндегі Иранның үш кездесуіне билет алдым",- деді.

Иранның футболдан құрама командасының бас бапкері Карлуш Кейруш 2011 жылдың сәуір айынан бастап осы қызметке келген. Ол оның арманы әрі күн сайынғы дұғасының Иранның өркендеуі екенін баса айтты. Оның пікірінше, командасы әлем чемпионатында таң қалдыра алады. Кейруш Иранның әлем чемпионатындағы ойындары басталмай тұрып: "Біз айта алатын тосын сый мен ешқашан өзгермейтін мәселе ол – жеңіс мәселесі. Соңғы сәтке дейін талпыныс жасау мен ұлттық құрамаға берік болу қағидасы ешқашан өзгермейді. Біз үшін алғашқы ойын өте маңызды. Марокко командасымен сайыста, тіпті құрам бойынша тосын сыйды күткеніміз жөн. Бұл біздің қарсыласты, Марокконы таң қалдыратын жол саналады. Себебі, біз олар жайлы бәрін білеміз. Бірақ, олар біз жайлы ешнәрсе білмейді. Тек өзімізге ғана сенім артып, барынша күш салуымыз керек",- деген болатын.

Бүгінде телеарналар, радио бағдарламалар мен газеттерден бастап интернет сайттары мен әлеуметтік желілерді қамтыған бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы футбол жайлы сөз қозғап жатыр. Сол себепті, ең алдымен санамызда туындайтын мәселе тек футбол ойнау мен оны тамашалауға деген құштарлықтың себебін зерттеу емес, сондай-ақ, футболдың бүгінгі әлемдегі маңыздылығы мен кең таралу мәселелерін талдау саналады. Күн сайын маңызы артуымен қатар, саяси басшылар оны тамашалау үшін жиналыстарын өткізбейді немесе кейінге қалдырады.

Қолда бар шындықтар бойынша бүгінгі әлемдегі футбол ортақ әлемдік тілге айналған. Футбол – грамматикасы, өзіндік сөздік қоры мен халықаралық ережелері бар әлемдік тілге ұқсас. Оны жүзеге асыру үдерісінің өзі әлемдік сипатқа ие болған. Футболдың бүгінгі әлем мәдениетінің ең маңызды тіректерінің бірін құрайтыны анық. Алайда, қазір бұл топтық спорт түрі жергілікті құбылыс болып есептеледі. Себебі, қауымдастықтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тетіктерінің басым бөлігі өздерінің жергілікті аспектісі бойынша футбол құбылысының ықпалында.

«Футбол» атты қазіргі заманғы құбылыс қайғы мен шаттық, жеңіс пен жеңіліс, достық пен бәсекелестік, тәкаппарлық пен тілектестік көптеп кездесетін романға ұқсас. Футбол әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың түрлі салаларының белсенділігі үшін үлкен негіз бар әлеуметтік құбылыс сияқты. Бұл салада футболдың әлеуметтік құрылымға, әлеуметтік құрылымның  футболға әсері жайлы айтуға болады.

Футбол әлемдік деңгейдегі ауқымды спорт түрі ретінде әлеуметтік бірлік пен беріктік қалыптастыруда, әлеуметтік шаттық пен қуаныш, тілекткестік тудыруда және қоғамда топтық жұмыс рухын арттыруда ерекше рөл атқарады. Футбол қоғамда өмірге деген құштарлық пен құмарлықты оятып, қоғамды шашыраңқы әрі ақылға сыймайтын ойлардан құтқара алады. Сонымен қатар, футбол қоғамдағы адамдардың бойында өмірлік мақсат қасиетін қалыптастырады. Қазіргі заманғы қоғам өзі үшін заманауи құндылықтарды қалыптастырады. Футбол модернизм үрдісімен тығыз байланысты спорт саналады. Сондықтан, оны қазіргі заманғы әлемнен бөліп қарастыруға болмайды. Бүгінде футбол қазіргі заманғы өмірдің бір бөлігіне айналған. Әлемдегі кейбір статистикалық мәліметтерге сәйкес, 600-ден 700 миллионға дейінгі адамның күнкөрісі футболға тәуелді.

Футбол әлеміндегі статистикалық мәліметтер мен орасан қаржы айналымы футболдың тек бір бөлігінің ғана көрермендер үшін миллиардтаған пайда түсіретін өте табысты өнеркәсіпке айналғанын көрсетіп отыр. Мысалы, 2018 жылғы футболда әлем чемпионатын трансляциялау құқығы әлемнің 200 елі мен әртүрлі аймақтары тарапынан сатылып алынды. Сондықтан басым бөлігі телеарна арқылы трансляциялау құқығы сатылған мекеннен түсетін Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) 2018 - 2022 ж.ж. осы спорттық шарадан түсетін табысы 1,85 миллиард доллар, сәйкесінше 1,15 миллиард фунтқа жетеді. Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) мәліметіне сәйкес, 2014 жылғы футболдан әлем чемпионатын 1 миллиардтан астам адам тамашалаған. Соның ішінде шамамен 700 миллион адам чемпионатты телеарна арқылы тамашалаған. 2014 жылы Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатын әлем бойынша 2,3 миллард адам теледидар арқылы тамашалаған. Биыл Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы телекөрермендердің саны жаңа рекорд жасайды деп күтілуде.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, футбол қазіргі таңда қоғамдардың өмірінің бір бөлігіне айналған. Бүгінгі әлемді әлемді футболсыз елестету мүмкін емес. Бұл спорт түрі экономика мен қоғамдардың дамуында маңызды рөл атқарады, тіпті сол қлғамдар мәдениетінің бір көрінісі бола алады. Сол себепті, футболдан әлем чемпионаты мемлекеттердің қоғамдық дипломатияны пайдаланып, өз мәдениеті мен құндылықтарын кең саханада көрсету үшін қолайлы мүмкіндік қалыптастырады.

Футбол сондай-ақ, адамдарға ойыншы болсын, көрермен болсын, оның сиқырлы әлемінде өмірдің ауыртпалығы мен әбігерге салатын қысымдарын азайтуға көмектеседі.

Футбол өмірдегідей жеке және топтық ойын саналады. Футболда тактика мен техника, зорлық пен мейірімділік, қулық пен алдау, кешірім мен мәрттік, ахлақ пен ахлақсыздық, күш пен зейін болады. Бұл ойында тура өмірдегідей әрбір ойыншының әрекеттері мен ойынның ақырғы нәтижесін болжаусыз ететін ойыншылардың алдында көптеген мүмкіндік болады.

Иранның футболдан ұлттық құрама командасы үшін осы халықаралық сахнада мол табыс тілейміз. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі футбол сүйер қауымның шаттық пен жалынға толы айды өткізетіндігіне үміттенеміз.