Пәкістанның 2018 жылғы парламенттік сайлауы өткен сайлаулардан өзгеше
Шілденің 25 күні өтетін Пәкістанның парламенттік сайлауы елдің өткен сайлауларымен салыстырғанда ерекшеліктер мен айырмашылықтарға ие болып, елдің саяси өзгерістерінің келешегіне маңызды әсер етеді деп күтілуде. Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Мұхаммад Наваз Шариф пен қызының Лахур әуежайында қамауға алынуы елдегі парламенттік сайлауға қатысты үдерісті өзгертеді.
Пәкістанның алдағы парламенттік сайлауына әсер етуге қатысты дайындақтар шамамен екі жыл бұрын «Панама» деген мәліметтер жарияланғаннан кейін басталды. Бұл мәліметтерде Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Мұхаммад Наваз Шарифтың балалары қаржы жемқорлығымен айыпталды. «Техрик-е инсаф» партиясы Наваз Шарифтың үстінен алдын ала дайындылған шағым түсіріп, сот оны премьер-министрлік міндеті мен «Лиг» партиясын басқарудан босатты. Наваз Шариф пен оның отбасына қатысты қысымдар жалғасып, Наваз Шарифтың өзі мен қызы Мариям Наваз Шариф пен күйеу баласын абақтыға отырғызу туралы шешім қабылданды. Пәкістандағы саяси топтардың пікірінше, сот органдары алдын ала жоспарланған жоба бойынша, бұл елдің екі партиясын нысанаға алды. Сөйтіп Пәкістанның бұрынғы президенті Асеф Әли Зардари қаржы бұзақылығымен айыпталды. Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Мұхаммад Наваз Шариф пен қызының Лахур әуежайында қамауға алынуы мен оларға шетелге шығуға тыйым салу туралы шешім қабылдау Пәкістандағы алдағы сайлаудың ерекшеліктерінің бірі саналады. Екінші ерекшелігі Наваз Зариф пен Зардаридің балаларының сайлау науқанына қатысуы екінші ерекшелік саналады. Мариям Наваз Шариф пен Хамзе Шариф және Зардаридің ұлы Билавал мен қызы Асеф Зардари сайлауға түсті. Билавал өзін соттың әкесіне қарсы қысымдарынан алыстатуға талпынды. Урду тілін білмеуі оның сышыларының «Белавел ана тілінде сөйлей алмайды. Сондықтан оған істі қалай тапсыруға болады» деген айыптауларына себеп болды. Мариям Наваз Шариф те сот тарапынан қамауға алынуымен айыпталды. Наваз Шариф пен Шахбаз Шариф Наваз Лигасының келешегіне қатысты әртүрлі ұстанымдарға ие болғандықтан сайлау саласында бірге емес. Егер «Техрике инсаф» партиясының төрағасы Имран Ханды Пәкістан саясаткерлерінің жаңа буыны санайтын болсақ, бұл елдегі саяси бәскелестікті үш жақты деп айтуымыз керек. Пәкістанның жер-жерінде парламенттік сайлаудың өтуімен тұспа-тұс провинциялардың мәжіліс сайлаулары да өтеді. Сондықтан бұл сайлау Наваздың «»Мұсылман лигасы» партиясы мен «Халық лигасы» үшін маңызды болып, олар өздері ықпал етет алатын провинцяларда жеңіске жетуге талпынуда. Пәкістанның бұл жолғы парламенттік сайлауының үшінші ерекшелігі кейбір әскери ағымдардың елдің сот органдарымен ынтымақтастық жасауында. Өйткені, бұл ынтымақтастықтар «Техрике инсафтың» жағдайын нығайтуда. Пәкістанның бұрынғы Қауіпсіздік министрі Джавид Джабар: «Пәкістан армиясының азаматтық және саяси салаларына араласатындай идеологиялық, саяси мүмкіндігі жоқ. Бірақ сот органдарының елдің саяси өзгерістеріндегі рөлі артты»,- деді.
Пәкістанның кейбір саяси топтары алдағы парламенттік сайлау елдегі екі дәстүрлі партияның, атап айтқанда Наваз Шарифтың «Лига» партиясы мен «Халық» партиясының билігін аяқтатып, билікті үшполюсті етеді деген болжамдар айтуда. Алайда тәжірибе бұл елдің армиясының, АҚШ пен шетелдік инвесторларды өзіне қызықтыра алған партияның сайлауда нәтижеге жететінін көрсетеді. Осыған орай «Пәкістанның парламенттік сайлауының бұл кезеңінде сайлаудың жеңімпазы қай партия болады?» деген сұрақ маңызды саналады. Сырт көзге «Техрике инсаф» партиясы Пәкістан армиясының қолдауына ие және оның мақсаты елдің екі полюстік кеңістігін үш полюстік кеңістікке айналдыру болып табылады. Осы кезге дейін Наваз Шарифтың «Лига» партиясы мен «Халық» партиясының басшылары мен жоғары лауазымды мүшелерінен 34 адам «Техрике инсаф» партиясына қосылды. Сондықтан Пәкістан армиясының елдің сайлауында маңызды рөл атқаруын Имран Ханның «Техрике инсаф» сынды шағын партияларға қолдау көрсетуінен, партиялар мен олардың басшыларының құпия мәселелерін әшкерелеу үшін көптеген қаржы жұмсауы мен Наваз Шариф үшін сот шешімін шығару сияқты әрекеттерінен көріп отырмыз. Бұл Пәкістан армиясындағы ағымдардың Наваз Шарифтың Лига партиясын елдің саяси сахнасынан кетіру үшін шынайы түрде қарсы тұрғанын көрсетеді. Қарсыластық 1999-шы жылғы Парвиз Мошшарафтың Наваз Шариф үкіметіне қарсы төңкерісінен кейін басталды. Наваз Шариф отбасының айыпталып, өзінің абақтыға түсуі –армияның келісімге келмейтіндігінің белгісі. Алаңдататын мәселелердің біріне армияның экстремистік діни топтарға қолдау көрсетуі жатады. Мұндай қолдау бұрын-соңды болмаған жайт. Егер Пәкістан Парламентіне экстремистік ұстанымдары бар адамдар кірсе, экстремистік әрі зорлық-зомбылықты талап ететін топтар саяси күшке ие болып, Пәкістанның өзгерістер үдерісіндегі олардың жағдайы күшейе түседі. Саяси мәселелердің маманы Тахере Абдолла: «Қазіргі жағдайымен Пәкістан жылдамдықпен талибандарға қарай бет бұрып, Пәкісатнның саяси, қауіпсіздік, тіпті, қоғамдық-діни өзгерістеріне әсер ететін болады»,- деді.
Панджабтағы Наваз Шарифтың «Лига» партиясы оңай түрде федералдық парламенттік сайлаудың 272 орнының жартысына ие бола алады. Пәкістан Парламентінің 342 орны бар. Соның ішінде 60 орын әйелдерге, 10 орын аз сандылар үшін белгіленген. Осы кезеңде Наваз Шарифтың «Лига» партиясының жоғары басшыларының айыпталуы мен оның жаңа басшысы Шахбаз Шарифтың көбінесе ұлттық деңгейде емес, Панджаб штатында танымал болуы бұл партияны әлсірететін мәселелер саналады. Наваз Шарифтың «Лига» партиясының басқа партияларға емес, армияға қарсы тұруы – оның сайлауалды стратегиясы. Осыған орай Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Мұхаммад Наваз Шариф бұл елдің армиясын 2008 жылғы Үндістанның Мумбай қаласындағы лаңкестік шабуылға қатысты деп айыптады. Негізінде Наваз Шариф қоғамдық пікірдің алдында армияны Пәкістанның даму жолындағы үлкен кедергі деп таныстыруға күш салуда. Наваз Шарифтың «Лига» партиясы мен «Халық» партиясының өткен жылдардағы жұмыстары да бұл елдің халқының ризалығына ие болмады. Мәсеелен, Пәкістан халқы энергия мен қауіпсіздік тапшылығынан қиындық көруде. Саяси мәселелер маманы Фарзане Бари: «Пәкістан халқы энергия тапшылығы, экономикалық жемқорлықтың күнделікті артуы және қауіпсіздіктің нашар жағдайы сияқты мәселелермен бетпе-бет келуде»,- деді. Имран Ханның сайлау стратегиясы кеңселік сыйбайластық және қаржы жемқорлығымен күресу болғандықтан Наваз Шарифтың өзі мен отбасына ерекше көңіл бөлуде. Әрине, Имран Хан мен оның «Техрике инсаф» партиясының да кемшіліктері бар. Бұл партияның ішкі және сыртқы саясат саласында орынды бағдарламасы жоқ. Сонымен қатар, Имран Хан биліктің өз қолында болғанын жақсы көреді. Имран Хан Пәкістан халқының арасында таралған крикет ойынының жеңімпазы болған. «Техрике инсаф» партиясына қосылған әртүрлі партиялардың мүшелеріне жасаған шолудан аталмыш партияның жеңіске жеткен жағдайда да олардың біртұтас және мықты үкімет құрай алмайтынын көруге болады. Моулана Фазл әр-Рахман басқарған «Ислам үлемдері жамағаты» партиясы мен «Исламдық қолдау» партиясы Пәкістанның сайлауына әсер ете алатын партиялар саналады. Саяси мәселелердің маманы Мұхаммад Нақавидің айтуынша, шиіттердің бір партиясы мен сүнниттердің төрт партиясынан құрылған «Бірлік амал Мәжілісі» деп аталған исламдық партиялар колициясының жаңғыруы Пәкістанның алдағы сайлауына әсер ете алады. Өйткені, бұл партиялар біріккен сайын олардың ықпалы арта түседі.
پاکستان