«Ғасыр мәмілесі» жобасы: мақсаттары, ойыншылары мен салдарлары 1
АҚШ Президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс аймағына қатысты стратегияларының бірі «Ғасыр мәмілесі» деп аталған жобаны іске асыру болып табылады.
АҚШ басшыларының Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейнгі ең маңызды дағдарыстарының бірі Палестина-Израиль қайшылықтары болды. Бірақ, еш уақытта бұл қайшылықтарды шеше алмады. Өйткені, АҚШ еш уақытта бейтарап болмаған және әрқашан Израиль режимі мен осы режимнің қылмыстарын қолдап келеді. Америкалықтар Палестина-Израиль қайшылықтарын шешу үшін көптеген жобаларды ұсынды. Бірақ бұл жобалар қайшылықтарды шешпегенімен қатар оларды азайтқан да жоқ. Дональд Трамп билік басына келген соң Палестина-Израиль қайшылықтарын тоқтатуды өзінің ең маңызды мақсаттарының бірі ретінде жариялады. Сол себепті Трамп үкіметі «Ғасыр мәмілесі» деген жобаны іске асыруды көздеп отыр. Бұл жобаның негізгі жобалаушылары Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы елшісі Джейсон Гринблатт және басып алынған Палестина жеріндегі АҚШ-тың елшісі Дэвид Фридман болды.
«Ғасыр мәмілесі» жобасының негіздері
«Ғасыр мәмілесі» жобасының негіздері әлі анық жарияланбағанымен ақпарат құралдарының сараптамалары мен Дональд Трамп үкіметінің 2017 жылдың желтоқсан айынан 2018 жылдың шілде айына дейін өткен 7 айдағы әрекеттері аталмыш жобаның кейбір маңызды негіздерін көрсетеді:
біріншіден, «Ғасыр мәмілесі» жобасының ең маңызды негізі басып алынған жерлерде Израиль мен Палестина мемлекеттерін құруды қарастырады. Алайда бұл маңызды негіздің екінші кезектегі жай-жапсары бар. Екі мемлекет құру – жылдар бойы Таяу Шығыстың бітім шебі қабылдағаннегіздерінің бірі. Бұл жобаның егжей-тегжейіне қатысты қайшылықтар мен Палестинаның исламдық топтарының бұл жобамен қарсыласуы осы кезге дейін екі мемлекет құру жобасының іске асырылмауына себеп болды;
екіншіден, «Ғасыр мәмілесі» жобасын іске асыру саласындағы бірінші қадам көне Құдсты астанасы ретінде сионистік режимге тапсыру болды. Дональд Трамп 2017 жылдың желтоқсан айында Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде таныстырып, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруге жағдай жасау туралы тапсырма берді. Оның бұл шешімі 2018-ші жылдың мамыр айында іске асырылды. Таяу Шығыс аймағы мәселелерінің маманы Сейед Хади Сейед Афқахи бұл мәселеге қатысты: ««Ғасыр мәмілесі» жобасын іске асыру саласында бірінші қадам жасалды. Трамп Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялады»,- деді. Құдстың біртұтастығын сақтап, оны еврейлендіру мен жаңадан бөлуге қарсылық білдіру «Ғасыр мәмілесі» жобасының келесі маңызды негізі саналады. Құдс мәселесі келіссөздерде талқыланбайды. Өйткені, Дональд Трамп енді Құдс мәселесінің келіссөздерде талқыға салынбайтынын қуаттады;
үшіншіден, бұл жоба Палестинаның астанасын Құдстың маңындағы Абу Дисте құруды ұсынды. Израильдің «Haaretz» газеті бұл туралы: «Трамптың «Ғасыр мәмілесі» деп танымал болған жобасы АҚШ-тың Бейт әл-Мұқаддастың шығысындағы Абу Дисті Палестинаның астанасы ретінде ұсынатынын ескертуде. Израиль 1967 жылдан кейін басып алынған Құдстың айналасындағы 3-5 ауылдан кейін шегінеді. Қазіргі уақытта Құдстың көне бөлімдері Израиль билігінің қол астында қалады. Трамп Израильдің шегінуі туралы ұсынған жобасында Израильдің қалашықтарды немесе тіпті алыс орналасқан қалашықтарын босату туралы сөз қозғамады.
Келесі маңызды мәселе Трамптың Палестина елін армиясы немесе ауыр қаруы жоқ ел болып құрылуы керек деген жобасына қатысты. Сонымен бірге бұл жобада палестиналық босқындардың еліне қайтып оралу құқықтары қарастырылмаған. Олар өмір сүріп жатқан елдерде қалуы тиіс. Келесі назар аударатын жайт, сионистік қалашықтардың толығымен Израильге тапсырылуы керектігінде.
«Ғасыр мәмілесі» жобасының мақсаттары
«Ғасыр мәмілесі» жобасын сионистік режимге ең үлкен қызмет ету деп атауға болады. Бұл жоба 33 және 51 күндік соғыстарда «сионистік режим жеңілмейді» деген кезеңнің аяқталғанын көрсетті. «Ғасыр мәмілесі» жобасы қарсыласу қозғалысы Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестік мәселесінен құтылып, қайтадан күшейіп келе жатқан жағдайда Дональд Трамп тарапынан жарияланды. Израильдіктер бұрынғыдай, 33 және 51 күндік соғыс кезеңдеріндегідей қарсыласу қозғалысымен соғыса алмайтынын жариялады. Мұндай жағдайда «Ғасыр мәмілесі» жобасында айтылған шарттарға сай екі мемлекет құру қарсыласу қозғалысының алдында Израильді қорғап, АҚШ-Израильдің бұрынғы жобаларының іске асырылмауының орнын толтыра алады. Палестина тақырыбынан кейін қарсыласу шебін әлсірету – «Ғасыр мәмілесі» жобасының келесі мақсаттарының бірі. Таяу Шығыс аймағы өткен он жылдықтарда бітімге келу мен қарсыласу шебінің бір-біріне қарсы тұруының куәсі болды. Сионистік режиммен бітімге келу мен қарсыласу негіздері әрқашан сионистік режимге қарсы тұруды қуаттады. 2011 жылғы араб көтерілістері мен сионистік режимнің одақтастары болған диктатуралардың құлауымен Таяу Шығыс аймағында қарсыласу шебі күшейді. Сондықтан Сирияда тынышсыздықтар басталып, лаңкестік соғысқа ұласып, қарсыласу шебі соғысқа шырмалды. Дұшпан Сирия үкіметі құлап, қарсыласу шебі де әлсірейді деп ойлады. Бірақ, Сирияда орын алған оқиғада бұл елдің үкіметі сақталып, қарсыласу шебінің беделі артты. Сондықтан «Ғасыр мәмілесі» жобасының мақсаттарының бірі Таяу Шығыс аймағындағы қарсыласу шебін әлсірету болды. «Ғасыр мәмілесі» жобасының келесі мақсатының бірі арабтар мен Израильді бір-біріне жақындатып, қарсыласу шебін ыдыратып, ИИР-на қарсы бірге тұруға негіздіелді. Аймақта исламдық ояну орын алып, лаңкестердің қарсыласу шебін құлату жобасы іске асырылмай, Сауд Арабиясы мен Израиль жасырын қарым-қатынастарын ресми қарым-қатынастарға айналдырды. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман өткен наурыз айында сионистік режимды ресми түрде таныды. Кейбір араб елдері мен Израиль режимінің қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру бұл режимнің заңдылығын бекіту үшін іске асырылуда. Дональд Трамп бұл жобасын АҚШ-тың ішкі және сыртқы мәселелеріне қатысты пайдалана алады. АҚШ-тың бұрынғы президенттері Палестина мен Израиль қайшылықтарын шеше алмаған жағдайда Дональд Трамп бұл мәселені шешкені туралы уәж айтуда.