Жетекшілік күнінің нұры
(last modified Sat, 24 Nov 2018 18:01:43 GMT )
Қар 25, 2018 00:01 Asia/Almaty
  • Жетекшілік күнінің нұры

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының туған күнімен құттықтаймыз!

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) келді...

Хазірет – баршаны мінез-құлқы және қарапайым амалдарымен өзіне тартып, көптеген адамдарды дұрыс жолды таңдаған кемеге отырғызып, оқиғалар толқынына қарамастан ғасырлар бойы алға ілгерілеткен теңдессіз тұлға. Қазір де сол кеме уақыт мұхитында жолын жалғастыруда. Оның үстінде « لااله الاله الله » деген жазуы бар ту желбіреп, оны Алланың елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) басқарып келеді.

Иран патшасы Хосроу Ануширван өзінің көгілдір төсегінде демалып жатқан болатын. Патшалық тәжі мен алтын ақмаралы төсегінің қасында тұрды. Кенет соғыс дабылына ұқсас дабыс естіліп, патшаның тыныштығын бұзды. Сарайының мәрмәр тасы бөлініп, сарайының бұрыш-бұрышынан қарауылдарының: «Кисра сарайының бағаналары құлады» деген дауыстары естілді. Ануширван ұйқысынан оянып, бағына қарай асықты. Ол өз көзіне өзі сенбей, айналасына қарай берді. Жолында Бозоргмехр Хакимді көріп: «Уа, дана! Қандай таңқаларлық түн! Мен екі оқиғаға куә болдым: біріншісі – көрген түсім, екіншісі – сарайымның құлағаны. Түсімде қараңғы түнде Хиджаз жағынан күн шығып, қараңғыда қалған менің сарайымнан басқа бүкіл жерге жарығын төкті. Мен қараңғыда қалып, алаңдап, бағананың құлаған дыбысынан оянып кеттім. Хиджаз жағынан көтерілген күннің мағынасы не?»- деп сұрағанда Бозоргмехр: «Күш-қуаты патшалардан артық, білімі даналардан жоғары, жарығы – Алланың сыйы, сөзінің нұры әлемге жайылып, өзіне дейінгі пайғамбарлардың діндерін талдың жапырақтары сияқты сарғайтатын адам келеді. Бағаналардың құлауы – осы кемеңгердің анасынан дүниеге келгенінің белгісі. Ол туралы хабар қырық жылдан кейін естіледі»,- деді.

Сол күннің таңында түнгі оқиғадан кейін әлі тынышталмаған Ануширван атқа мініп, майданға шығып: «Патшалар,  таңқаларлық  оқиға болды. Өткен түні мыңдаған жылдар бойы жанып тұрған  Парсы ғибадатханасының оттары кенеттен сөнді. Одан да ғажайыбы –  Қағба сілкініп, ішіндегі пұттары құлап, қирады»,- деді. «Патшалар, кеше түнде халық табынатын Саве көлінің суы да бір сәтте тартылып, табынушыларын таңғалдырды»,- деген тағы бір хабар жетті. Ануширван түс жоритындар мен болашақты болжайтындарды шақырғанда олар Меккенің аспанында әлемді өзгертетін жұлдыздың көрінетінін хабарлады. Сөйтіп, Алла Тағала Өзінің соңғы елшісі дүниеге келетін түн қарсаңында әлемді оның берекеге толы өзгерістеріне дайындады.

 

Әлемнің халықтары көптеген құдайларға табынып, надандық пен немқұрайдылық үстемдік еткен кезеңде Меккеде Алланың соңғы елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеге келді. Оның анасы Әмина: «Алламен ант етемін, перзентім дүниеге келген кезде қолын жерге қойып, басын аспанға көтергенде нұрды көрдім. Сол нұрдан  «Сен халықтың мырзасын әлемге дүниеге әкелдің. Оның есімін «Мұхаммад» деп қой» деген дауысты естідім»,- деген болатын. Сол кезде баланы Абдулмуталибке апарып, ол кісіге анасы Әминаның сөзін айтып береді.  Абдулмуталиб сәбиді етегіне салып: «Маған  пәк әрі жұпар иісті және барлық ұлдардан артық сәбиді сыйлаған Аллаға ризалығымды білдіремін»,- деді.

 

Хазірет Ибрахим, хазірет Мұса және хазірет Исадай пайғамбарлар илаһи дін әкелді. Илаһи пайғамбарлардың ортақ жолдауларының бірі келесі пайғамбардың келуі туралы хабарды жеткізуі болды. Пайғамбарлардың көбінің шақыруы ортамен немесе уақытпен байланысты болды. Алайда, илаһи соңғы пайғамбар – Исламның ұлық пайғамбары туралы кітаптарда анық айтылмаған. Жазушы Моулана Абдолхақ өзінің «Мұхаммад – әлемнің діни жазбаларында» деген кітабында: «Алланың мәслихаты тұрақты болып табылатын табиғаттың әдемілігі немесе қатты қоғалатын асыл тас қазынасы туралы хабарлардың  келесі буындар пайдаланғанша ұмытылмайтындай қылды»,- деп жазды.

Еврейлер өз кітабі мен пайғамбарларының сөздері бойынша соңғы пайғамбардың келуін күтті. Хазірет Мұса өзі сияқты пайғамбардың келетінін еврейлерге хабарлады. Тәураттың 18-ші тармағында: «Құдайларың Яһуда өздеріңнің орталарыңнан мен сияқты бауырларыңды жібереді. Оны тыңдап, оған бағыныңдар.  Құдай «Мен олардың ортасынан сен секілді пайғамбар таңдап, сөзімді оның аузы арқылы жеткіздім» деген»,- деп айтылды. Хазірет Дәуіттің Забур кітабында да сарапшылардың пікірлеріне сәйкес хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен әулеті және перзенттерінің ерекшеліктеріне өте ұқсас, қадір-қасиеттер баяндалған.

Тарихи рауаяттар бойынша, өзі Құдайдың үлкен мұғжизасы болған хазірет Иса әрқашан соңғы илаһи елшінің келетін белгілерін баяндап, адамдардың жүректерінде хазіретке деген махаббат қалыптастырды. Хазірет Исаның діні таралған әр жерде оның хабарлары да таралды. Германиялық психолог, философ Карл Яспрес «Мәсіх» деген кітабында: «Хазірет Исадан білетін нәрсеміз – оның хабарлары»,- деп жазды.

Хазірет Иса Інжілдің бірнеше жерінде қорғаушының келетіні туралы хабарлады. Хазірет: «Мен кетпей, ол келмейді. Егер мені жақсы көрсендер, менің өсиеттерімді сақтаңдар. Мен сендерге басқа қорғаушының келуін сұраймын. Ол – сендерді шындықтармен таныстыратын Алланың пәк рухы»,- деді.

 

Миладидің жетінші ғасырында Алла елшісінің келуін күткендер Йеменнен Шамға дейінгі, Палестина мен Мысырдағы христиандар болды. Иранда да күткендердің бір тобы болды. Ирандағы күткен жандардың бірі Салман Фарси еді. Салман: «Амуриеде христиан болған кезімде бір монахпен таныс болдым. Ол Құдайға адал құлшылық етіп, күндері мен түндерін ғибадатпен өткізетін. Ол біраздан кейін науқастанып қалды. Өмірінің соңғы сәтінде: «Сені онымен таныстыратын адамды танымаймын. Бірақ, соңғы пайғамбардың беғсатының уақыты жақындады. Ол арабтардың арасынан шығады. Есімі – Ахмад. Өз міндетін Меккеден бастайды. Сыйды алады, бірақ садақаны қабылдамайды. Набоваттың белгісіне ие. Егер оны түсінсең, қабылдап, оған иман келтір»,- деді. Мен: «Тіпті, егер сенің дініңнен кетуге шақырса да оны қабылдайын ба?»- деп сұрадым. Ол: «Иә, өйткені шындық онымен. Оның жақтасы бол,ан Алланың ризалығына ие болады»,- деді. Монах қайтыс болған соң араб саудагерлерінің керуенімен Арабстан түбегіне аттандым. Сол жерде құл болып, бір еврейге жұмыс істедім. Күндердің бірінде құрма бағында еврейдің бір адаммен сөйлесіп тұрғанын естідім. Ол ашуланып, халықтың өзін «Алла елшісі» деп атаған адамның айналасына жиналғаны туралы айтты. Бұл сөздерден жылдарға созылған хиджрат, бөтен жерде өмір сүру мен босқындықтың босқа кетпегенін сезіп, жүрегім толқып, әлгі адамның қасына барып, пайғамбар туралы сұрадым» деген.

Исламның ұлық пайғамбары дана Алламен таныстырып, адамгершілік, адам құқығы және азаттық туралы жолдауларын таратып, әділет орнатуға талпынды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) адамзат өмірінің қараңғы кеңістігінде терезені нұр мен жарыққа қарай ашып, адамға шындық пен ақыл нұрының аясында қараңғылық пен зұлматтан құтқарылатынын үйретті.