Сауаттандыру – ең құнды сыйлық
(last modified Thu, 27 Dec 2018 08:34:32 GMT )
Жел 27, 2018 14:34 Asia/Almaty
  • Сауаттандыру – ең құнды сыйлық

Бүгін Иранда "Сауатсыздықты жою қоғамының" құрылған күні.

 

Сауаттандыру тек оқу, жазу және есептеуді үйреніп білу ғана емес. Сауат ашу – адамды хабардар етіп, оның дамуына көмектесу. Сауаттылық адамды инновация және белсенді қатысу арқылы әлемді өзгертетін жобаларды ұсынуға жігерлендіреді. Сауаттандыру – адамның мақсаттарды анықтап, өмір сүруге қажет орта мен жағдай жасауға қатысуы. Сол себепті сауат ашып, білім алу әр адамның құқығы және қоғамдық өзгерістер үшін қажет негізгі құралдардың бірі болып табылады. Иранда сауат ашу үдерісі шамси күнтізбесі бойынша 1315-ші жылы (1936 ж.) ересектер арасындағы сауатсыздықты жою сыныптарының ұйымдастырылуымен басталып, бағдарламалары үш кезеңге жобаланды. Ол кезде сауаттандыру ісі Білім министрлігіне қарасты басқармалардың біріне міндеттелді. Бірақ, біраздан кейін дұрыс нәтижеге жетпегендіктен таратылды. Иран Ислам революциясынан кейін имам Хомейнидің басшылығымен сауатсыздықты жою қозғалысы құрылып, революция тарихының жаңа кезеңі басталды. 1358-ші жылдың дей айының 8 күні имам Хомейни сауатсыздықпен күресуге бар күшті жұмылдыру мен  "Сауатсыздықты жою қоғамые" құру туралы бұйрық беріп, тағылым мен тәрбиенің ғибадат екенін баса айтып: "Әрбір халық үшін басты қажеттілік – медицина, тұрғын үй және олардан да маңыздысы – баршаға білім беру",- деді. Бұл бұйрықта Иранның барша азаматына халықтық қозғалысқа қатысып, сауатсыз адамдарды сауттандыруға күш салуға кеңес берілді.

 "Сауатсыздықты жою қоғамы" әртүрлі жобаларды, соның ішінде сауат ашу ісіне ерікті күштерді жұмылдыру жобасын іске асырып, имам Хомейнидің қысқа мерзімдік тарихи мақсатын өткен бірнеше онжылдықта іске асырды. Сөйтіп, 1355-ші жылы елдің алты жастан асқан азаматтарының сауаттылығы 47,5 пайызды құраса, 1395-ші жылы (2016 ж.) шамамен 90 пайызға артты.  Сауаттандыру қозғалысының ұйымдастырылуымен Иранды дамыту тұрғысынан Ислам революциясының жаңа кезеңі басталды.

Соңғы қасиетті кітап Құран Кәрімге шолу жасап, бірінші илаһи бұйрықтың оқуға бұйыру болғанын көреміз. Сондай-ақ, Исламның ұлық пайғамбары  Бадр соғысында   басқаларға оқып-жазуды үйреткені үшін тұтқынға түскендерді азат еткен. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Исламның шариғатын басқа елдерге тарату үшін серіктерін әртүрлі тілдерді үйренуге жігерлендірген.

Білім алуды уәжіп деп атап, ғалымдарды ең қадірлі адамдар санаған Ислам дінінде білім алуға талпынбаған мұсылман айыпталады, ал білім алуға құштар жандарға көптеген хабар беріледі.

Ислам білімді нұр мен жарық, надандықты қараңғылық санайды. Құран Кәрім «Рағыд» сүресінің 16-шы аятының бөлімінде: «...Көрмейтін мен көретін немесе жарық пен қараңғылық тең бе?...” және «Зумәр» сүресінің 9-шы аятында: «“Білгендер мен білмегендер тең бола ма?”,- де. Шын мәнінде, ақыл иелері ғана үгіт ала алады», -деп айтылған. Ислам дініне сәйкес, ғылым нұр мен жарық саналғандықтан, білім алу әр мұсылман үшін уәжіп, зұлматтардан шығып, жарыққа жету міндет саналады. Сондықтан Исламның ұлық пайғамбары барлық мұсылман ерлер мен әйелдерге білім алуға кеңес берген. 

Ислам дінінің насихаттары бойынша, Ислам революциясы жеңіспен аяқталған соң сауатсыздықты жою қозғалысының жұмыстары хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1359-шы жылдың басынан (1980 ж.) басталды. 1360-шы жылы (1981 ж.) өткеннің тәжірибелеріне сүйеніп, облыстар мен қалаларда бастауыш сыныптар құруға бұйрық берілді. Бұл жылы ересектерді оқытуға арналған бірінші оқулық жарыққа шықты. Оқулық арқылы оқушыларға оқу мен жазу үйрету мақсат етілді. 1363-ші жылы (1984) сауатсыздықпен күресу бағдарламаларын нығайтып, оларды дамыту мақсатында Ислам кеңесі Мәжілісінде сауаттандыру қозғалысы ұйымының Жарғысы бекітілді. Бұл Жарғы қозғалыстың негізгі міндетін ересектерге оқу мен жазу үйрету, мәдениет деңгейін көтеру және сауаттыларға тиісті ислам мәдениетін тарату деп көрсетті. Құжатта ел халқының сауаттылығын арттыру үшін өнер құралдарын пайдалану және сауатсыздар мен сауаттары төмен адамдарды көбірек білім алуға жігерлендіру қуатталды. Осыған орай зауыттар мен мешіттерде, абақтыларда, сондай-ақ, жеке адамдарды сауаттандыру жобалары іске асырылды. Сонымен бірге сауаттандыру қозғалысы жылдар бойы таңылған соғыстың мигранттарын, ауғандық және ирактық пана тұтушыларды, соғыс тұтқындары мен әскерилерді және үкімет қызметкерлеріне қатысты бағдарламаларды өзінің жұмыс кестесіне енгізді.

«Сауатсыздықты жою қоғамының» өткен жылдардағы әрекеттерінің бірі сауаттылықты арттыру ұлттық жобасы аясында оқу үйрететін орталықтар ашты. Бұл жоба оқу мен жазудан басқа күнделікті тұрмысқа қатысты басқа мәселелерге де назар аудартып, азаматтардың қоғамдық және құқық тақырыптарына да көңіл бөлді. Сауатсыздықты жою қоғамының басшысы Әли Бақерзаде бұл ұйымның сауатсыз және сауаты төмен мүгедек адамдары үшін көбірек жұмыс атқаратыны туралы хабарлады. Әли Бақерзаденің айтуы бойынша, оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер беру курстарын жүзеге асыруды жоспарлау, шетелдік азаматтарды оқыту, оларға парсы тілін үйрету бойынша оқулықтар дайындау, ересектерді оқыту бағдарламаларын жоспарлау "Сауатсыздықпен күрес қоғамының" басты мәселелерінің қатарына кіреді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи біріншіден, сауаттандыруды, екіншіден, сауаттылықты арттыру қажеттігін қуаттап: "Негізінде, біздің елімізде   сауаттылық – халықтың құқығы. Өйткені, сауаттылық – ойланудың кілті әрі үлкен нығмет",- деді. Айта кететін жайт, Иранның "Сауатсыздықпен күрес қоғамы" өзінің қажырлы еңбегі үшін ЮНЕСКО мен  ISSCO-ның бес медальдарына ие болды.

Елдің тұрақты түрде дамуы үшін  оқып-жаза білумен қоса жоғары білімге ие болудың қажет екені айқын мәселе. "Сауатсыздықпен күрес қоғамның" құжатын алу жеткіліксіз. Сондықтан аталмыш ұйымның құжатын алып, білім алуды жалғастырумен қатар айналасындағы жағдайды өзгертіп, өзі мен жанұясының жағдайын жақсартып, кәсібі, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени салаларда қадам басатын адамдардың саны артуы керек.

Ирандық ғұлама Ходже Насреддин Туси әртүрлі ғылымдарды меңгергісі келіп, түнде азырақ ұйықтап, көп кітап оқитын. Біреуінен жалыққан кезде екіншісін қолына алатын. Ұйықтап қалмас үшін қасына су қоятын.  Ол әртүрлі кітап оқып, ғылыми мәселелер туралы ойлаған түндерінің бірінде: "Қай шаһзада мұндай ләззатты бастан өткерді?"- деген екен.


 

Тегтер