Имам Әли ән-Нақи (ғ.с.) – жетекші және ағартушы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i4120-Имам_Әли_ән_Нақи_(ғ.с.)_жетекші_және_ағартушы
Имам Әли ән-Нақи (ғ.с.) – Алла Тағаланың пенделеріне жіберген илаһи мейірімділігі мен рақымдылығының келесі үлгісі.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 11, 2016 14:21 Asia/Almaty
  • Имам Әли ән-Нақи (ғ.с.) – жетекші және ағартушы

Имам Әли ән-Нақи (ғ.с.) – Алла Тағаланың пенделеріне жіберген илаһи мейірімділігі мен рақымдылығының келесі үлгісі.

Имам Әли ән-Нақи (ғ.с.) – Алла Тағаланың пенделеріне жіберген илаһи мейірімділігі мен рақымдылығының келесі үлгісі. Имам – адамды дұрыс жолға нұсқау үшін оның кемелдікке жету жолында орналасқан жарқыраған шырақ. Хазіреттің өмірбаяны мен ғамалдары кемелдікке жеткісі келетіндер үшін үлгі болып табылады., Ол сөздері мен ғамалдары адамның пәк өмірінің үлгісі және илаһи пәк құндылықтарының көрінісі саналатын Исламның ұлық пайғамбарының әулеті мүшелерінің бірі. «Хади» деген лақап атқа ие имам Әли ән-Нақи (ғ.с.) пайғамбар әулетін таныстырып, былай деген: «Имамдар – рақымдылықтың қоры, білімнің қазынасы, сабырдың шыңы, адамгершілік негіздері, пайғамбарлардың сайлағандары, қараңғыдағы шырақтар және Алланың әлемдіктерге жіберген үлгілері». Имам Хади (ғ.с.) жүрекке жағымды әрі ашық адам болды. Әрқашан күлімсіреп, Алланың атын ауызынан тастамайтын. Ол жол жүрген кезде де ерекше көңіл-күйге ие болып, Жаратушыға қатысты ғибадатын орындайтын. Үстіне қарапайым киім киіп жүретін. Хазіреттің қамыстан жасалған жайнамазы болды. Түндерді ғибадат етіп, сол жайнамаздың үстінде өткізген. Ол мейірімділік пен адамгершілікке ие тұлға болды.

Ер адам шаршап-шалдыққан еді. Саусағы жараланып, иығына зақым келген. Ол жамағаттың арасына кірді. Көп адам жиналған еді. Сондықтан жаралы адам олардың арасынан қиындықпен өтті. Өтіп бара жатқан кезде бір нәрсе іліп кетіп, киімін жыртып алды. Ер адам ашуланып: «Қандай жаман күн еді!»- деді. Имам Хади (ғ.с.) ол адамның сөзін естіп, не болғанын сұрады. Адам имамға бастан кешкен оқиғасын айтып береді. Имам оған: «Күндердің барлығы жақсы. Мейірімді Алла ешбір күнді жаман етіп жаратқан жоқ. Әр адам әр жасаған іс-әрекеті үшін сый алады немесе айыпталады»,- деді. Имамның сөзін естіп, адам өзінің қатесі мен әрбір оқиғада илаһи хикметтің бар екенін түсінді. Адам одан хабарсыз болуы мүмкін. Сондықтан Алладан кешірім сұраңдар. Күндердің бірінде Аббаси әулетінің залым патшасы Мотаваккелдің жақындарының бірі оның алдында өзі жақсы көрсету үшін имам Хади (ғ.с.)-ды жамандап, Мотаваккелге: «Имам Хади өз үйінде қару жасырып, сенің үкіметіңе қарсы көтеріліс жасағысы келеді»,- деді. Мотаваккел сарбаздарына имамның үйіне шабуыл жасауды бұйырды. Түн болатын. Имам бөлмесінде Құран оқып отырған. Күтпеген сәтте үкімет сарбаздары үйге басып-кіріп, үйді ақтарғандарымен еш нәрсе таппай, имамды Мотаваккелге ертіп апарады. Мотаваккел имамды босатуды бұыйрады. Кейін әлгі адам өз ісіне өкініп, ұялады. Имам Хади (ғ.с.) әрқашан сол кездегі үкіметтердің бақылауында болды. Олар имамның халықпен қарым-қатынас орнатуын жаратпады. Бірақ оның ахлағының ерекшеліктері халықтың, әсіресе ғалымдардың оны мадақтауға мәжбүрледі. Әбу Абдолла Джуниди: «Алламен ант етемін, ол (имам Хади) жер бетіндегі ең жақсы адам және ең жақсы жаратылыс»,- деген болатын. Имам Хади (ғ.с.) тек мұсылмандардың жүректерін ғана өзіне тартпады. Болмысының нұры бүкіл жаратылысты нұрландырып, жүректер мен тілдерді қарапайымдылыққа үйретіп, хазіреттің жақтастарын ғана емес, сонымен қатар барлық діндер мен әртүрлі мазхабтардың үлкендерін өзінің ғылыми деңгейі мен адамгершілігін жоғары санауға мойындатты. Христиан дәрігері Яздад имам Хади (ғ.с.)-ды жақсы көрген адамдардың бірі болды. Ол имам Хади (ғ.с.)-ның Самерраға ауыстырылуы туралы: «Барлық ғылымдардан хабардар адам бар болса, ол имамның өзі. Халықтың имамға деген сүйіспеншілігіне тосқауыл болу үшін хазіретті Самерраға әкелді. Өйткені имамның болуымен ол өзінің билігі қатерге тіреледі деп санады»,- деді. Имамдардың айқын ерекшеліктерінің біріне қоғамды бақытты өмірге қарай нұсқаулары жатады. Аббаси үкіметі бұл тұлғалардың жұмыстырына тосқауыл қою үшін ғылыми пікірталастар ұйымдастырумен айналысты. Бұл пікірталастардың мақсаты ғалымдар және ойшылдармен имамдарды бетпе-бет келтіріп, олардың ғылыми деңгейлерін төмендеткісі келді. Мұндай жиындар Мамун Аббасидің кезінде өзінің жоғары деңгейіне жеткен болатын. Бұл үдеріс имам Хади (ғ.с.)-ның кезеңіне дейін жалғасты. Алайда ол тұлғалар алтын уақыттарын қоғамдық ой-пікірді хабардар етіп, исламдық неіздерді тарату үшін пайдаланды. Мотаваккел Аббаси екі ойшыл – Яхия бен Аксам мен Ибн Секитті имам Хади (ғ.с.)-мен өтетін ғылыми отырысқа қатысуға шақырды. Секит пайғамбарлардың мұғжизаларының айырмашылығы туралы сұрап: «Неліктен хазірет Мұса таяғымен, хазірет Иса науқастарды тірілтуімен, ал хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Құранмен танымал болды?»- деп сұрады. Имам: «Хазірет Мұса таяғы және нұрланған қолымен мұғжиза көрсетіп, халықты таң қалдырды. Хазірет Иса кейбір науқастарды емдеп, өлгендерді тірілтті. Сол кезде хазіреттің емі мен осы саладағы жетістіктері халықты таңырқатты. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) өлең мен әдебиет халықтың ойларына билік еткен кезде өзінің Құран мұғжизасымен келді. Ол қасиетті Құранмен адамдардың ой-пікірлеріне әсер етіп, Алланың жолдауын оларға жеткізді»,- деп жауап берді. Секит сөзі мен сұрақтарын жалғастырғанымен имам Хади (ғ.с.)-ның ғылыми ұлылығын көріп, жеңілгенін мойындап, үнсіз қалды. Оның үнсіз қалуы Яхия бен Аксамның ашу-ызасына тиді. Ол ренішпен: «Ибн Секит пікірталасқа не үшін қатысты, оның ісі – өлең мен әдебиет»,- деді. Содан соң қағаз алып, өзінің сұрақтарын қойды. Бірақ ол да имамның ерекше білімінің алдында өзінің әлсіздігін мойындады.

Имам Хади (ғ.с.)-ның кезеңіндегі ең көп таралған пікірталастардың бірі Құранның адамның жазғаны немесе жазбағаны туралы мәселеге қатысты болды. «Мұтазалаттар» Құранды адамның еңбегі деп санайды. Бірақ «ишараттар» Құранды адамның еңбегі деп санамайды. Бұл қайшылықтардың толқыны аббасилер кезінде жоғары деңгейіне жетті. Имам Хади (ғ.с.) бұл пікірталастарды бедғат санап, өз жақтастары үшін Ислам мектебінің негізгі бағдарын көрсетті. Ол өз жақтастарын ойландыру үшін: «Мейірімді және Рақымды Алланың атымен! Жаратушы бізді бұл күндердің бүліктерінен аман сақтап, бізге ең үлкен мәрхаметін сыйлады. Кері жағдайда адамның несібесі бақытсыздық болады. Құран туралы пікірталастарға қатысты айтарым, олар бедғаттан туындаған. Алладан басқа Жаратушы жоқ және Өзінен басқалардың барлығы Оның жаратылыстары. Құран Кәрім – Ұлы Алланың сөзі. Сұбхан Алла Құранды белгілі уақыт немесе арнайы халық үшін жібермеді. Құран тұрақты. Бұл кітап барлық уақыт үшін – жаңа және барлық халық үшін – мәңгілік. Алла Тағала сіздерді және бізді «Әнбия» сүресінің 49-шы аятында: «Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқып әрі олар, қияметтен үрейленеді»,- деп сипаттаған адамдардың арасына қосады»,- деп жазды. Имам Хади (ғ.с.) хиджри қамаридің 254-ші жылының ережеп айының 3-ші жұлдызында Аббаси басшысы Мұтаздың бұйрығымен уландырылып, соның салдарынан шәһид болады. Бұл күні Бани Хашим әулеті мен басқалар имамның үйіне жиналып «Біз қандай бақытсызбыз, мұқтаждар мен жетімдер жалғыз қалды» деп жоқтау айтты. Имам Хади (ғ.с.)-ның перзенті имам Хасан Аскари (ғ.с.) әкесінің жаназасын шығарды. Хазіретті жерлеу рәсіміне аза тұтып, қайғыға батқан жақтастары ағылды. Халықтың көп жиналғаны соншама, тіпті олардың арасынан өту өте қиын болды. Қазіргі кезде имам Хади (ғ.с.) мен имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның Самарредегі қасиетті кесенелері оларға ғашықтардың зиярат мекендеріне айналды.

Әлемнің барша мұсылмандарына Исламның ұлық пайғамбары ұрпақтарының бірі имам Хади (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына орай көңіл айтамыз.