Бүгін хазірет Әлидің (ғ.с.) туған күні
(last modified Wed, 20 Mar 2019 08:26:37 GMT )
Нау 20, 2019 14:26 Asia/Almaty
  • Бүгін хазірет Әлидің (ғ.с.) туған күні

Піл жылының ережеп айының 13 жұлдызында адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған және одан кейін қайталанбаған оқиға болды. Бұл күні Алланың үйі Қағбада хазірет Әли (ғ.с.) дүниеге келді.

Исламның ұлық пайғамбарының күйеу баласы әрі орынбасары, адамгершілік пен әділеттің үлгісі хазірет Әли бен Абиталептің туған күні құтты болсын!

 

Исламның ұлық пайғамбарының күйеу баласы әрі орынбасары, адамгершілік пен әділеттің үлгісі хазірет Әли бен Абиталептің туған күні құтты болсын!

Бүгін ережеп айының 13 жұлдызы, Наурыз мейрамы қарсаңында хазірет Әлидің (ғ.с.) туған күні. Хазіреттің туған күнінің биыл Наурыз мейрамы және көктеммен тұспа-тұс келуі хазіреттің көктем туралы көркем сөзін еске салады: «Жер әдемі бау-бақшалары арқылы баршаны қуаныш пен шаттыққа бөлеп, жасыл желегімен таңырқатады». Имам Әли (ғ.с.) жасыл табиғатты тамашалуды денсаулық пен қуанышқа себеп болады деп атап: «Күнә жасалмаған әрбір күн – мейрам»,- деген.

 

Піл жылының ережеп айының 13 жұлдызында адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған және одан кейін қайталанбаған оқиға болды. Бұл күні Алланың үйі Қағбада хазірет Әли (ғ.с.) дүниеге келді.

Хазіреттің әкесі Пайғамбардың (с.ғ.с.) көкесі Абдолмуталеб бен Хашим бен Абдуманафтың перзенті Абутолеб, анасы Асад бен Хашимнің қызы Фатима болған. Сондықтан хазірет Әли (ғ.с.) екі жағынан да Хашими әулетімен байланысты. Мұхаммад Малеки: «Әли (ғ.с.) Меккеде Алланың үйінің ішінде, Жаратушының айы ережеп айының  13 жұлдызында, жұма күні Піл жылында дүниеге келді.

Нишабури Хаким: «Хазірет Әлиге (ғ.с.) дейін Қағбада ешкім дүниеге келмеген. Осы күнге дейін де Қағбаның ішінде ешкім дүниеге келген жоқ» деген.

Қағбаның қабырғасы ашылып, оның ішіне Фатима бен Асад еніп, біраздан кейін сәбиін құшақтап шыққан. Бұл хазірет Әлидің (ғ.с.) жоғары дәрежесін көрсетеді.  Хазірет Әлиді (ғ.с.) «Исламның ұлық пайғамбары тәрбиелеген мұғжиза» деп атады. Өйткені, хазірет Алла елшісінің жаны мен тынысы, бауыры мен орынбасары болып, Пайғамбар (с.ғ.с.) оны білім мен хикметтің қайнары деп таныстырып: «Егер мен қала болсам, Әли – оның дарбазасы. Білім меңгергісі келген адам дарбазадан өтуі керек» десе, келесі бір сөзінде: «Мен – хикметтің үйімін, Әли – оның дарбазасы»,- деген.

 

Хазірет Әли (ғ.с.) – Алланың ең жақсы пенделерінің бірі. Имам Әли (ғ.с.) Пайғамбардың мүнәжәттарын естіп, Исламға иман келтірген бірінші адам болды. Ол Алланың ризалығына ие болып, оған жақындау жолында қадам басты.  Хазірет Әли (ғ.с.) сабыр және кешірімділігімен танымал болды. Бұл тұлғаның сабырын Джамал соғысы мен дұшпандарға, әсіресе Марван бен Хакам мен Абдолла бен Зубайерге қатысты амалынан байқауға болады. Имам оларды жеңгенімен, кешірді. Хазірет Әли (ғ.с.) Джамал соғысына қатысқандар мен Басре халқын жазаламады. Қалада хазіреттің: «Соғыстан қашқан адам қудаланбайды, жаралылармен ешкімнің ісі жоқ, қамауға алынған ешбір адам өлтірілмейді, қаруын тастаған адам аман қалады»,- деген даусы естілді. Хазірет Әли (ғ.с.) Меккені жеңген кездегі Пайғамбардың (с.ғ.с.) тәсілін пайдаланды. Сеффейн соғысында Шам халқы басында хазірет пен серіктерінің алдынан суға баратын жолды жапты. Соғыстың тізгіні имам Әли (ғ.с.) мен серіктерінің қолына түскен кезде хазіреттен: «Олар да жапқан сияқты Шам әскерилерінің алдынан суды жабайық па?» деп сұраған кезде: «Еш уақытта олардың істеген істерін қайталамаңдар»,- деген.

 

Азаттық – имам Әлидің (ғ.с.) қисыны бойынша, адамның болмысы мен негізінің бір бөлімі. Имам мен серіктері азаттық туралы сөйлескен кезде бір-біріне дәлелмен жауап беретін. Дұшпандар мешітке кіріп, хазірет Әли (ғ.с.) сөз сөйлеген кезде естіртпеуге талпынды. Хаваредждер жамағат намаздарын имам Әлидің (ғ.с.) артынан тұрып оқымайтын. Олар өз еркілерімен мешітке келгенімен жамағат намаздарын имаммен бірге орындамай, имамды қорлайтын. Осман халифадан кейін кейбіреулер бият ету үшін имамның қасына келген кезде имам әр адамның шешімді өз еркімен қабылдауы керектігі туралы ескертті.

Имам Әли оларға: «Үкімет мәселесі – өз мәселелерің, басшыны таңдау – өз құқықтарың. Сондықтан ешкім сіздерді бір адамды қабылдауға мәжбүрлей алмайды»,- деді.

Әділет – имам Әлидің (ғ.с.) келесі ерекшелігі. Имам Әлиден (ғ.с.): «Әділет жоғары ма, әлде кешірімділік пе?»-  деп сұрағанда: «Әділет – әр нәрсенің өз орнында орналасуы. Хақ оның Иесіне беріледі. Кешірімділік оның құнын   жояды. Әділет – жалпы әрі оны барша пайдаланатын саясат. Алайда,  кешірімді  қоғамның тек арнайы бір тобы ғана пайдаланады, сол себепті әділет жоғары»,- деп жауап берген.

 

Хазірет Әли (ғ.с.): «Алламен ант етемін, бауырым Ақилді азғантай бидай сұраған халге жеткен жағдайда көрдім. Ақил бірнеше рет қасыма келіп, өтінішін қайталады. Мен оны тыңдадым. Ол менен дінімді сатып, әдістерімнен   алыстап, оның талабын орындауымды қалады.  Сол кезде оған сабақ болсын деп, бір кесек темірді алып, отқа қыздырып, қолына жақындаттым. Ақил ыстықты сезіп, науқас адам секілді айқайлады. Мен оған: «Әй, Ақил! Сен   бір кесек темірдің ыстығына төзе алмай айқайладың. Бірақ, мені Алланың ашуымен лаулаған отқа итергің келе ме? Сен қолыңның азғана күйгеніне бола айқайладың, мен тозақтың отына түсіп айқайламаймын ба?»- дедім.

Имам Әлидің (ғ.с.)-ның сөзінде: «Алла әділетті халықтың негізі ретінде қалыптастырды. Әділет – Исламның шырағы; Ислам – әділетсіз жарығы жоқ шырақ»,- деп айтылды. 

Адам денесі мен жанның денсаулығы үшін басты кедергі – дүниеқұмарлық. Хазірет Әли (ғ.с.) ислам қоғамының басшысы ретінде ислам жерлерінің бар байлығын қолында ұстап, оларды баcқару билігіне ие  болғанымен дүниеге құмартпады.

Хазірет: «Сендерге дүниеқұмарлыққа қатысты ескерту жасаймын. Өйткені, дүние – мәңгі өмір сүретін мекен  емес, ол тек қоныс  аударатын жер. Алла үшін дүние түкке тұрмайтын үй. Дүние өзінің зейнеті, жүрекке қонымдылығы және сұлулығымен адамды алдайды. Бұл дүниеде адалдық арамдықпен, жақсылық жамандықпен, өмір өліммен, тәтті ащымен аралас. Іргетастары қирап жатқан үй мен ол жердегі өмір мәңгі емес дүниенің қандай құны бар?» деді.

Хазірет Әли (ғ.с.) дүниенің байлығы мен билігіне немқұрайдылық танытып, құрма бақтарында еңбек етіп, жерлерді абадтандырып, басқаларға көмектесуге талпынды. Алла елшісі хазірет Әлидің (ғ.с.) әртүрлі ерекшеліктеріне назар аударып: «Хазірет Адам мен оның білімін, хазірет Нұх пен оның тақуалығын, хазірет Ибрахим мен оның сабырын, хазірет Мұса мен оның кереметін, сондай-ақ хазірет Иса мен оның ғибадатын көргісі келген адам Әли бен Абитолебке қараңдар»,- деген болатын.