Әлем Наурыздан Наурызға дейін: Сирия өзгерістері
(last modified Tue, 02 Apr 2019 17:22:39 GMT )
Сәу 02, 2019 23:22 Asia/Almaty
  • Әлем Наурыздан Наурызға дейін: Сирия өзгерістері

Өткен жылғы Сирияның өзгерістерін екі негізгі оқиғамен, атап айтқанда Сирия халқының қарсыласу ағымының саяси жеңісін көрсетететін Башар Асад басқарған заңды әрі халық жүйесінің жағдайының расталуымен және Трамптың америкалық күштерді Сириядан шығару шешімін жариялауы негізінде АҚШ-тың бұл елдегі сәтсіздікке ұшырауының әшкереленуімен байланыстыруға болады. Бұл екі тақырып халықаралық салада ауқымды реакциялармен бетпе-бет келді.

 

Сирия дағдарысы 2011 жылы Сауд Арабиясы мен АҚШ пен одақтастарының қолдауына ие лаңкестік топтардың аймақ теңгерімін сионистік режимнің мүддесіне өзгертуді көздеген шабуылымен басталды. Бірақ соңғы жылдары Сирия күштері қарсыласу күштерінің көмегімен бұл дағдарысты бәсеңдетті. Сириялық күштер өткен айларда қарсыласу ағымы күштерінің көмегімен лаңкестерге қатаң соққы берді. Сондықтан Сирияда лаңкестер қазір Идлиб пен елдің шөлді дала аймақтарында ғана қалды. Егер АҚШ пен Батыс және араб басшыларының қастандықтары мен Түркияның кейбір кедергілері болмағанда Сирия үкіметі тіпті өткен жылы Идлибтегі лаңкестерге жойқын шабуыл жасап, оларды толық жоюға шешім қабылдаған болатын. Бірақ, бұл мәселе шешілмей, қалған лаңкестердің  көзін құрту 2019 жылға қалдырылды. Бұл туралы Сирия Президентінің саяси және ақпарат кеңесшісі Бесине Шаабан: «Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб міндетті түрде азат етіледі. Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Сирияның солтүстігінде буферлік аймақ құра алмайды. Идлибтегі лаңкестікті белгісіз уақытқа дейін өз бетімен қалдыруға  болмайды»,- деді.

Ирак пен Сирия халқының батыл қарсыласуы аймақтың саяси және әскери теңгерімінің шынайы өзгеруінің факторы болды. Сирия мен Иракта ДАИШ лаңкестерін сәтсіздікке ұшырату Таяу Шығыс өзгерістерінің халық мүдделеріне қарай өзгеріп, билеп-төстеушілердің қолдарын қысқартуды жылдамдатты.

Сирия армиясы мен халық күштерінің маңызды жеңістері лаңкестікке қарсы күрестің келешегі мен ДАИШ жойылғаннан кейінгі кезеңдегі елді қайта қалпына келтіруге қажет жұмыстарды анықтады. Сирия өткен жылдары халықаралық көрмелер өткізіп, кейбір экономикалық топтарды бұл елді қайта қалпына келтіруге тартты. Елді қайта қалпына келтіру тақырыбын қозғау Сирияның ДАИШ-тен кейінгі кезеңде елді қайта қалпына келтіру жолындағы талпынысын көрсетеді.

Сирия үкіметінің экономикалық саясаты – ДАИШ-тан кейінгі кезеңнің негізгі тақырыптарының бірі. Халықаралық компаниялар мен әртүрлі елдердің экономикалық топтарының Сирияға инвестиция салуды көздеуі АҚШ-тың санкция салу арқылы бұл елді оқшаулау әрекетінің нәтижеге жетпегенінің белгісі. Foreign Policy бұл салада: «Еуропалық мемлекеттер Сирияны қайта қалпына келтіру үдерісіне қатысуда бәсекелестік танытып жатыр»,- деп жазды. Foreign Policy Италия, Польша, Венгрия мен Австрияны Еуроодақтың Сирияны қайта қалпына келтіруге қатысуының негізгі қолдаушылары ретінде атап: «Франция, Германия және Британия Башар Асадқа қарсы қатаң ұстанымдарын сақтағысы келсе, Оңтүстік және Шығыс Еуропа елдері бұл ұстанымды өзгертуді қалайды. Батыс Еуропа дипломаттарының бірі Еуроодақтың бүкіл 28 мемлекеті Асадтың соғыс жеңімпазы екенін мойындайды»,- деп жазды.  ДАИШ-тың сәтсіздікке ұшырауынан кейін және басқа тәкфиршіл лаңкестік топтардың жойылу үдерісі жақындауына байланысты Сирияның саяси өзгерістері жылдамдады. Сирия жөніндегі халықаралық және аймақтық отырыстар бұл мәселенің маңыздылығын білдіреді. Дипломатиялық топтардың Дамаскке оралуы Сирияның саяси деңгейдегі жеңісінің белгісі. Сирия армиясы мен одақтастарының лаңкестікке қарсы соғысы мен басып алынған аймақтардың көбінің азат етілуімен Дамаск әртүрлі елдердің басшылары және топтарымен дипломатиялық кездесулер өткізе бастады. Кездесулер Сирияның лаңкестікке қарсы соғыстан өткенін көрсетеді. Дамаск өткен айларда әртүрлі саяси делегацияларды қабылдады. Бұл мәселе лаңкестікке қарсы бірнеше жылға созылған соғыстан кейін Башар Асад үкіметі үшін өте маңызды. 2011 жылдың наурыз айында баяндалған Сирияда дағдарыс тудыру жобасындағы Асад үкіметі дұшпандары мен лаңкестердің мақсаттарының бірі Асад үкіметін құлату болды. АҚШ пен кейбір еуропалық және Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі  сияқты араб мемлекеттері мен сионистік режим Сирия үкіметін құлату үшін бар мүмкіндіктерін лаңкестердің ықтиярына берді. Бірақ қарсыласу ағымы бұл қастандықты сәтсіздікке ұшыратты. 

Бүгінде араб елдері өз елшіліктерін Дамаскке қайтаруға талпынып, араб-африкалық мемлекеттердің басшылары Сирияға сапар шегіп, Сирия Президенті Башар Асадпен кездесті. Араб лигасының қолдауымен жасалған бұл сапарлардың  Сирияны лигаға қайтару талпыныстарымен тұспа-тұс өтуі – Сирияның араб әлемінің саяси ортасына оралуының белгісі. Біраз уақыт бұрын Сирия Парламенті Төрағасының Иорданияның астанасы Аммандағы араб парламенттері конференциясына қатысуы  Сирияның Араб лигасына оралуына жағдай тудырудың бастамасы саналады. Сирияның саяси-дипломатиялық салалардағы үдерісінің жылдамдығы артып, Дамаск қарсыласу ағымдарының жеңісі аясындағы саяси кеңестердің мекеніне айналды. Сириямен қарым-қатынасты жақсарту жолындағы талпыныстар Дамаскке Біріккен Араб Әмірлігі  елшілігінің оралған күнінен басталды. Бахрейннің Сириядағы саяси өкілеттігінің жұмысын бастауын қуаттауымен бірге Кувейт те жақын арада Сирияға өз елшілігін қайтаратынын хабарлады. Сондай-ақ, Иордания Парламентінің өкілдері Сириямен арадағы дипоматиялық қарым-қатынастарын қайта бастап, Дамаскке өз елшісін қайтаруды сұрады. 2011 жылдың наурыз айында Сирия дағдарысы басталған кезде араб елдері Дамаскпен дипломатиялық байланысты тоқтатып, бұл елдегі елшіліктерін жапқан болатын. Сондай-ақ, 2011 жылдың қараша айында араб басшыларының ұсынысымен Араб лигасындағы Сирияның мүшелігі тоқтатылды. Кейбір араб және батыс елдерінің Сириядағы қастандықтары сәтсіздікке ұшыраған қазіргі кезде аймақ мемлекеттерінің көбі Дамаскпен қарым-қатынасты қайта бастап, өз елшіліктерін Сирияға қайтаруға мүдделік таныты. Сирия дағдарысы басталуынан бірнеше жыл өткенімен шетелдік алпауыт елдердің араласуына қарамастан бұл елдің жүйесі құламауымен қатар Сирия Парламенті Төрағасының айтуы бойынша, бұл ел лаңкестер мен олардың қолдаушыларына қарсы тұрудың үлгісіне айналды.  

Сириядағы екінші маңызды өзгеріс ретінде Трамптың америкалық күштерді сол елден шығаратынын жариялауын атау керек. АҚШ Президенті 2018 жылдың 19 желтоқсанында шамамен 2000 америкалық әскеридің Сириядан кететінін жариялады. Басында бұл күштердің 30 күннің ішінде шығатыны жарияланғанымен, Трамптың АҚШ-тың елінде сынмен бетпе-бет келуінен кейін америкалық күштердің Сириядан кетуінің мерзімі өзгертіліп, 120 күн деп жарияланды. Саяси мәселелердің мамандары мен стратегиялық зерттеу институттарының басшылары америкалық күштерді Сириядан шығару туралы жариялауды Ақ үй басшыларының сәтсіздігі, керісінше Сирия үкіметі мен одақтастарының жеңісі деп бағалады. Америкалық күштердің аймақтағы, әсіресе Сириядағы орналасуы – қате әрі заңсыз әрекет. Америкалық күштер әрқашан аймақтағы тұрақсыздықтар мен тынышсыздықтардың себебі болды. Осындай жағдайда Трамп америкалық күштерді Сириядан шығару туралы шешімін жариялап, сәтсіздігінің салдарларын азайтқысы келді. Трамп бұл шешімін Сириядағы ешбір мақсатына, атап айтқанда елдің заңды үкіметін құлату және елдің аймақтарын лаңкестердің бақылауына алу деген мақсатына жетпеген жағдайда жариялады. АҚШ-тың сәтсіздіктерінде қарсыласу ағымы маңызды рөл атқарды.

Сириядағы өзгерістер мен Трамптың бір-біріне кереғар шешім қабылдауы АҚШ-тың жеңілгені мен тығырыққа тірелгенін көрсетеді. Аймақтың келешегіне қатысты перспективалар қарсыласу ағымының америкалық әскерилер үшін бұл елден қашудан басқа жолды қалдырмағанын дәлелдеді. Трамп өз көзіне сене алмай, Сириядағы үдеріске таңғалып отыр. Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1397 жылдың соңындағы қарсыласу ағымының жетістіктеріне куәсі болуымыз – Сирияға қарсы қастандықтардың сәтсіздікке ұшырап, саяси және әскери жағдайдың қарсыласу ағымының мүддесіне қарай өзгеруінің белгісі.

Башар Асадтың Иранға сапар шегуі мен ИИР басшыларымен, атап айтқанда Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесуі ақпарат құралдарының басты хабары  болды. Ислам революциясының жетекшсі Сирия Президенті Башар Асадпен кездесуінде Сирияның жеңіске жетуі мен АҚШ пен оның аймақтағы жалдамалыларының  сәтсіздікке ұшырауының сырын Сирия Президенті мен халқының табандылығы және қарсыласуы ағымына сүйенуі деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі Сириядағы қарсыласу ағымының жеңіске жетуін америкалықтардың ашу-ызасының себебі деп сараптап, олардың жаңадан қастандықтар ойластыратынын ескертіп: «Америкалықтардың Сирияға қарсы қастандықтары өте қатерлі. Сондықтан оларға қатаң қарсылық білдіріп, табандылық таныту керек. Иран мен Сирия терең стратегиялық қарым-қатынасқа ие.  Қарсыласу ағымының құдыреті осы стратегиялық қарым-қатынастармен байланысты. Дұшпан жобаларын іске асыра алмайды»,- деді.  Аятолла Хаменеи Сирия үкіметі мен халқының табандылық рухын сақтап, күш-қуатын арттыру қажеттігін қуаттап, ел Президентіне: «Сіз өз табандылығыңызбен араб әлемінің қаһарманына айналдыңыз. Аймақтағы қарсыласу ағымы сіздің арқаңызда күш-қуаты мен абыройын арттырды»,- деп қуаттады.

Сирия Президенті Башар Асад кездесуде еліне қолдау көрсеткені үшін ИИР-на алғыс айтты. Ислам революциясының Сақшылар корпусы  Құдс күштерінің қолбасышысы Ғасем Солеймани айтқандай, Сирия Президентінің Ислам революциясы жетекшісімен кездесуі «Қарсыласу ағымы жеңісінің мерекесі» болды. Бұл кездесу ИИР-ның аймақтағы құдыретін көрсетуі мен тарихи оқиға саналады. Сириядағы бірнеше жылғы дағдарыс пен соғыстан кейін жасалған бұл бірінші сапар Сирия жүйесінің жеткілікті тұрақтылық пен күш-қуатқа ие екенін көрсетті. Сирияның қазіргі жағдайы қарсыласу ағымының стратегиялық айбынын, ал ИИР-ның Сирияның қасынан табылуы бұл елдегі өзгерістердің Батыстың, әсіресе АҚШ-тың ерік-жігерінен тыс екенін көрсетті.