«Һашем әулетінің айы» – хазірет Аббастың туған күні құтты болсын!
(last modified Tue, 09 Apr 2019 15:21:12 GMT )
Сәу 09, 2019 21:21 Asia/Almaty
  • «Һашем әулетінің айы» – хазірет Аббастың туған күні құтты болсын!

Һиджридің 26 жылының шағбан айының төртінші жұлдызында хазірет Әлидің (ғ.с.) отбасы қасиетті сәбидің дүниеге келуімен қуанышқа бөленді. Әкесі бұл сәбидің есімін Аббас деп қойды.

Оны әдеп пен адалдықтың көрінісі санайтын. Егер Кербалаға барған болсаңыздар, екі қасиетті кесененің арасынан бір-бірінен 378 м жерде орналасқан екі қасиетті зиратты көресіздер. Екі зират та салтанатпен жарқырайды.  Зер салып қарасаңыздар, өлгеннен кейін де ағасының тірегіндей болып тұрған Кербаланың туын көтерушіні көргендей боласыздар. Ол әдеп сақтап, еш уақытта рұқсатсыз имам Хусейннің (ғ.с.) алдында отырмайтын. «Алла елшісінің перзенті», «менің басшым» деп атап, ағасының жоғары дәрежесін құрметтейтін. Мүмкін сол себепті болар, зияратшылар хазірет Абассқа сәлем беріп, оның рұқсатымен бірінші имам Хусейнді (ғ.с.) зиярат етіп, содан соң хазірет Аббастың зиратының басына келеді. Хазірет Әлидің (ғ.с.) перзенті хазірет Аббастың туған күнімен құттықтаймыз!

 

Һиджридің 26 жылының шағбан айының төртінші жұлдызында хазірет Әлидің (ғ.с.) отбасы қасиетті сәбидің дүниеге келуімен қуанышқа бөленді. Имам Әли (ғ.с.) баласының атын Аббас деп қойды.

Ол дүниенің әшекейімен безендірілмегенімен иманның нұрына толы үйде дүниеге келді. Ол бала кезінен зұлымдықты қабылдамау және әділет деген түсініктермен танысып, сол кезден оның болмысында Алланың жолында табандылық пен жанкештілік білдіру сияқты қадір-қасиеттер қалыптасты. Аббас әкесі Имам Әли (ғ.с.) мен анасы Хазам бен Халед Омериенің қызы Фатиманың етегінде тәрбиеленіп, намыс, жанкештілік пен батылдықтың үлгісі болды. Аббас бен Әли өз өмірінде әкесі мен жәуәнмәрт ағаларынан үлгі алып, жоғары сипаттардың барлығын өз бойында жинақтады. Ол үш пәк имамнан үйренгенін Кербалада көрсетіп, имам Хусейн (ғ.с.) Ашурасының қаһарманы болды. Оның сопылығы, иманы, пәктігі мен жанкештілігі туралы мақалдарда айтылатын болды. Оның болмысының нұры мен илаһи сипаттары ақиқат іздеушілерге жол көрсетеді.

Аббас әкесі имам Әлидің (ғ.с.) қасында, иманды анасының етегінде, сонымен қатар Имам Хасан (ғ.с.) мен Имам Хусейннің (ғ.с.) қасында өсті. Ол үш пәк имамнан жоғары сипаттар мен негіздерді үйренді. Ол әрқашан шәһидтердің жетекшісі имам Хусейнмен (ғ.с.) бірге болып, оның мінез-құлқы мен амалдарынан үлгі алды. Имам Әлидің (ғ.с.) тәрбиесі жасөспірімнің ой-өрісі мен рухани дамуына үлкен үлес қосып, жоғары сипаттардың қалыптасуына себеп болды. Хазірет Аббас өмірінің басынан бастап, таухид пен хақ жолында жанын аямауды үйренді.  Хазірет Әбу Әл-Фазл өмірінің 14 жылын даңқты хазірет Әлидің (ғ.с.) қасында өткізді. Хазірет Аббас Имам Әлидің (ғ.с.) даналығы, иманы және кемелдігінен пайдаланып, оның терең ойы мен сөздерінен ғибрат алды. Имам Әли (ғ.с.): «Перзентім Аббас бала кезінен кептердің балапаны аналық кептердің аузынан су ішіп, қоректенетіні секілді менен білім үйренді», - деп айтқан болатын. Хазірет Әли (ғ.с.) хазірет Аббастың рухы мен ақлағын тәрбиелеумен қатар, оның физикалық дамуына де ерекше көңіл бөлетін. Ол хазірет Аббасқа оқ атуды үйретті. Оның әкесінің қасында болуы Әлидің (ғ.с.) сипаттарынан үлгі алып, келешекте өмірде пайдалануы үшін жақсы мұрсат болды. Тек Аллаға иман келтіріп, өз иманына табанды болу хазірет Аббастың қадір-қасиеттерінің бірі болды.  Хазірет Аббас бала кезінен әкесінің иманы мен хазіреттің жаратылған әлем туралы терең білімін көруі оның  Аллаға деген иманының  рухы және жанымен араласып, ахлақтық ерекшеліктерінің дамуына себеп болды.  

 

Имам Әлидің (ғ.с.) перзенті хазірет Аббастың бойындағы әкесі мен арабтар арасында танымал болған нағашы ағаларына ұқсаған ержүректігі мен батылдығы оның есімінің Ислам тарихында мәңгіге қалуына себеп болды.  Кейбір тарихшылар оның әкесімен бірге соғыстарға қатысып, еш уақытта қорықпай, ержүректілік көрсеткенін айтады. Тарихта Сеффейн соғысы қызып жатқан кезде Ислам әскерінің арасынан бет пердесі бар жігіттің алға шығып, кейін бетін ашып, өзімен жекпе-жекке шақырғаны туралы айтылған. Адамдар оның жасын шамамен 17 жаста деп болжаған. Муавие өз әскері арасындағы ең күшті сарбазы Абушасаға ұрысқа шығуды бұйырғанда  Абушаса Муавиеге: "Шам халқы мені атқа мінген мың сарбазға теңейді. Соған қарамастан сен мені мыңа жасөспіріммен төбелесуге жібересің бе?"- деп сұрап, өз перзенттерінің біріне хазіретпен күресуге шығуды бұйырады. Көп ұзамай хазірет Аббас қарсыласын құлатады. Шайқастан көтерілген шаң-тозаң басылған соң Абушаса қанға бөгіп, өлген перзентін көргенде таңғалады. Абушасаның жеті перзенті болған. Ол соларды бірінен соң бірін хазірет Аббасқа қарсы соғысқа жіберді. Бірақ жасөспірім олардың барлығын өлтіреді. Отбасының соғысқұмарлық беделінен айрылған Абушаас соңында күреске өзі шығады. Хазірет Аббас оның өзін де өлтіреді. Енді ешкім оған қарсы соғысқысы келмеді.  Ол өзінің батылдығымен хазірет Әлидің (ғ.с.) серіктерін таңғалдырады. Хазірет Аббас өз әскеріне оралған кезде имам Әли (ғ.с.) перзентінің бетіндегі пердені алып, бетіндегі шаңды сүртеді. Хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болған кезде хазірет Аббас ағаларына тірек болатыны туралы уәде беріп, өмір бойы еш уақытта олардың алдына шықпады. Имам Хасан (ғ.с.) Муавиемен бейбіт келісімге отырған кезде ешбір сұрақсыз имамның қасында болды. Имам Хасан Моджтаба Мединеге орлаған кезде ағасының сыйлықтарын халыққа бөліп берумен айналысқан.  Хазірет Аббас бұл кезде "Баб әл-Хаваедж" деген лақап атпен аталып, қоғамның мақұрымдарына қолдау көрсетті.

Язидтің билік басына келуімен хазірет Аббас ислам үмбетінің әмавилердің қысымына түсіп, азап-қорлықпен өмір сүретінін көрді. Әмавилердің қылмыскер тобы халықтың тағдырын өз қолына алып, олардың байлықтарын талан-таражға салып, өмірлерін қатерге тікті. Хазірет Аббас үмбетке адал болуды ағасы Хусейннің (ғ.с.) көтерілісіне қатысу деп білді. Сондықтан ағасымен бірге әмавилердің құлдығынан азат болу туралы ұран айтып, ислам үмбетін олардың құлдығынан босатуды өз мақсаты етіп, қасиетті жиһадты бастап, жоғары мақсаттың жолында шәһид болды.   

Кербалада қолдарына түсірген нәрселерді Шамға Язидтің қасына жеткізген кезде олардың арасында үлкен ту болды. Язид пен оның қасына жиналғандар тудың бүкіл жерінің тесілгенін, жыртылғанын, бірақ қолға ұстайтын ағашының сау екенін көрді. Сонда Язид: "Бұл туды кім ұстап жүрді?"- деп сұраған кезде: "Аббас бен Әли" деген жауап алды. Язид таңғалып, үш рет орнынан тұрып, отырып: "Қолға ұстайтын ағашынан басқа найзалар мен қылыштың соққыларынан сау тамтығы қалмаған мың туға қараңдар. Уа, Аббас! Сен өзіңнен қарғысты алыстаттың!"- деді.

Бауырдың бауырына адал болуы осындай болады. Сәлем саған, хазірет Аббас! Сәлем саған, даналығына байланысты «Әбу Әл-Фазл», көркем жүзі, беделі және жомарттығына байланысты «Қамаре бани Һашем»-«Һашем әулетінің айы» деген лақап аттарға ие болған адам!

Имам Садық (ғ.с.) хазірет Аббастың зияратнамасының басында бұл тұлғаның иманы мен қырағылығына куәлік етіп: "Сенің өміріңнің ешбір сәтінде осалдық көрсетпегеніңді, артқа шегінбегеніңді, сенің қырағылығың мен иманыңның дінде мәңгі қалғанына куәлік етемін",- деген болатын.  

Хазірет Аббастың туған күні құтты болсын!