АҚШ-тың Табас сәтсіздігінен Сақшылар корпусына кегіне дейін 2
ХХ ғасырдың басынан АҚШ алпауыт мемлекет атанды. АҚШ жылдар бойы еуропалықтардың отары болған елдердегі билігін кеңейтуді көздеп келеді. Еуропалықтардан кейін америкалықтар билеген ең маңызды аймақтардың бірі Батыс Азия (Таяу Шығыс) аймағы саналады.
Бірақ, Ислам революциясының жеңісі бұл билеп-төстеушілікті шынайы дағдарысқа тіреді. Негізінде билеп-төстеушілікпен қарсыласу – ИИР-на қарсы үстемшіл қастандықтардың басталуына себеп болған фактор. Үстемшіл елдерді басқарған АҚШ барлық жылдары араласу, дағдарыс тудыру, Иранмен шекаралас аймақ елдерінде теңіз, құрлық және әуе базаларын орнатып, Парсы шығанағындағы араб елдеріне дамыған қару-жарақ сатып, Иранның қауіпсіздік және әскери салаларына қауіп-қатер тудыруда. АҚШ басшылары аймақтағы билеп-төстеуін жалғастыру үшін Ираннан үркіту саясатын жүргізіп, айыптаулары мен өтіріктерін қайталап, Иранды бейберекеттіктердің факторы, лаңкестік топтардың қолдаушысы деп таныстыруда. АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық және заңсыз әрекеттері мен Ислам революциясының Сақшылар корпусын айыптауы – АҚШ-тың келесі қастығы. Иран Ислам революциясының жетекшісі әртүрлі сөзінде АҚШ-тың дұшпандығының мақсаттары туралы: "АҚШ өзінің талап-тілектерін Иран халқына таңатын мұрсатты күтіп жүр. Қазіргі АҚШ-тың болмысы Рейган кезіндегі АҚШ-тың болмысына ұқсас; демократтар мен республикашылардың айырмашылығы жоқ",- деді.
Иран халқының дұшпандары өткен 40 жылда әртүрлі қастандық жобалағанымен оның барлығы сәтсіздікке ұшырады. Ислам революциясының Сақшылар корпусы әрқашан қарсыласудың көшбасшысы болды. Әлемдік үстемшілдік пен АҚШ өзінің кегі мен сәтсіздіктерін әрқашан ең үлкен мақсаты лаңкестікпен күрес болған органды лаңкес деп атау арқылы көрсетіп отыр. Ислам революциясының Сақшылар корпусы өзінің батылдығы және жанкештілігімен Ирандағы лаңкестерді толығымен жойды. Сондықтан үстемшіл елдер бұл органға ашу-ыза білдіруде. Иранның Сақшылар корпусы мен Армиясы елдің шекаралары мен ішінде ғана емес, бүкіл аймақ халықтарының қасынан табылып, АҚШ пен оның аймақтағы одақтастарының қолдауына ие лаңкестерге қарсы табандылық білдіруде.
ИИР Президенті Хасан Рухани фарвардиннің 20 күні Иранның ұллттық ядролық ғылым күні сөйлеген сөзінде: "Парсы шығанағы суларының көгінде біздің жолаушы тасымалдайтын ұшағымызды атып құлатқан қай ел? Әрине, үнемі аймақ істері мен халықтарының ісіне араласатын сіздерден басқа кім болушы еді? Сіздер жолаушы тасымалдайтын ұшаққа шабуыл жасап, қорғансыз жолаушыларды өлтірген соң ұшақты әскери Ғ14 ұшағымен шатастырдық деп өтірік айттыңыздар. Бұл сөздің өтірік екенін барша түсінді. Сіздер бұл лаңкестік әрекеттеріңізбен шектен шыққандарыңызды көрсеттіңіздер. Сіздер әйелдер мен балаларды өлтіріп, аймақтағы лаңкестікті қолдайсыздар»,- деп қуаттады.
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы қоғамның ортасынан шығып, Иран халқын дұшпандардың алдында біріктіріп, соғыс кезінде дұшпанға қарсы тұрып, өзінің ерлігі және шәһид болуды талап ететін революцияшыл рухымен революция жеңісінің алғашқы күнінен осы күнге дейін Иран халқының демеушісі болды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Сақшылар корпусын «революцияның мықты қорғаны», сондай-ақ, «ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қорғайтын және елдің дамуы үшін қажет орган» деп атады. Сақшылар корпусы – әлемнің мазлұмдарын қорғау әлеуетіне ие халықтық орган. Иранның Сақшылар корпусы, армиясы мен басқа күштері АҚШ үкіметінің дұшпандық әрекеттері мен саясаттарына қарсы бірігіп, гибридтік соғыс пен лаңкестік арқылы аймақ қауіпсіздігін қатерге тіреуге рұқсат етпейді. Бүгін әлемнің қоғамдық ой-пікірі АҚШ-ты аймақ пен әлемнің қауіпсіздік айналымында дағдарыс тудырушы ел ретінде таниды. АҚШ әл-Қаиданы құрып, жалғасында ДАИШ-ты қолдап, Батыс Азияны дағдарыс пен соғыс орталығына айналдырды, шамамен 10 жыл бойы Сирия мен Иракты соғыс пен лаңкестікке шырмады.
Америкалық «The Boston Globe» газеті осыдан біраз бұрын Вашингтонның лаңкестікке қатысты екіжүзділігін, сондай-ақ, АҚШ пен оның кейбір батыс-араб одақтастарын Иранды лаңкестікті қолдаушы деп атауын сынап, Иранды лаңкестікті қолдаушы деп айыптаудың себебін Иранның АҚШ-тың аймақтағы билеп-төстеушілігі мен араласуымен қарсыласуы әрі оны Иранның жалғыз кінәсі деп атап жазды.
Каирдегі Иранның мүддесін қорғайтын кеңсе АҚШ-тың 1948 жылдың сәуір айындағы Дейр-Ясиндегі палестиналықтардың сионистердің қолынан қырылып-жойылуын еске салып: «Трамп лаңкестікке қарсы күрестің қаһарманы Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялады. Расында, кім лаңкес?!»- деп жазды. Сионистік «Иерусалим пост» басылымының жазуы бойынша, Помпео Мәжілістің Сыртқы қарым-қатынастар комитетінің отырысында Израильдің ығына жығылып, Сақшылар корпусын «лаңкестік» топтардың тізіміне енгізді. Әйгілі саяси сарапшы Ноам Хомский Парижде лаңкестік шабуыл жасалған кезде АҚШ пен оның одақтастарының саясаттарын лаңкестік шабуылдардың факторы деп атап: «Егер лаңкестікті жойғыларың келсе, оның неге пайда болғаны, негізгі себептері мен тамырлары не деген сұраққа жауап беру керек»,- деді. Иран еш уақытта АҚШ пен одақтастарының аймақтағы қастықтарын іске асыруға рұқсат етпейді.
ИИР жеңістің басынан бастап дұшпандықтар мен қастандықтарды бірінен соң бірін артта қалдырды. Сол себепті қастандықтарда АҚШ-қа тек сәтсіздік қана бұйырады.