Революцияның екінші қадамы 9
Революциялардың себептері мен мақсаттары зерттелгендей, олардың жеңіске жетулерінен кейінгі оқиғалар мен кезеңдерге де шолу жасалып, тиесілі пікірлер айтылады.
Бұл саладағы ең маңызды пікірлердің бірін америкалық тарихшы Крейн Бринтон ұсынды. Оның пікірінше, революциялар бірінші кезеңегі көңіл-күйлері мен армандарына жету ынталарынан кейін бірте-бірте бәсендеп, жағдай революцияға дейінгі қалпына оралады. Ол өз пікірін дәлелдеу үшін Франция, Ресей, Британия мен АҚШ, яғни төрт елдің революцияларын салыстырды. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» бағарламасында Иранда Ислам ревоюциясының ерекше көңіл-күйі осы кезге дейін жалғасып, халық бұрынғысындай Ислам революциясының армандарына берік екенін қуаттады. Бұл кісі өзінің сөздерінің бірінде: «Тарихтың өткен 200 жылдағы үлкен революцияларын танимыз. Ислам революциясы олардан өзгеше. Революцияның негіздерін Ислам республикасы жүйесі мен елдің Конституциясында көруге болады. Конституцияның имам Хомейнидің мектебінен сабақ алған жазушылары бұл Заңда революцияның жалғасуына себеп болатын факторларды қарастырды»,- деді. Аятолла Хаменеидің пікірінше, революция мен Иран жүйесінің исламдық болуы Иран Ислам революциясының осы кезге дейін дамуына себеп болды. Революциялардың тағдыры туралы басқалардың пікірінше, күрестер аяқтап, жеңіске жетіп, үкіметтік органдар құрылған соң революция соңына жетіп, өз орның саяси жүйеге тапсырады.
Революцияның тағдыры туралы басқа көзқарастар бойынша, күрестер соңында жеңіске жетіп, үкіметтік органдардың қалыптасуымен революциялар аяқталып, олардың армандарының орындарына саяси жүйенің мақсаттары орнатылады. Бірақ аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Ислам революциясы жүйе құрылған соң артқа шегінбеді және келешекте де шегінбейді, революцияшыл жүйенің пікірлерін мәңгі қорғайды»,- деді. аятолла Хаменеи жүйе мен үкіметтік органдарды құруды қажет деп біледі, бірақ бұл жұмысты революцияның соңы деп санамайды. Осы кезде исламдық және революцияшыл құндылықтарға негізделген Ислам республикасы жүйесі орнатылды. Діни жетекші бұл жүйені «революцияшыл жүйе» деп атады. Сондықтан Иран халқы өзінің революцияшыл армандарын Ислам республикасы жүйесінде көріп, оны қолдайды. Ислам революциясы жетекшісі революцияны еске алу шерулеріне тоқталып: «Әлемнің ешбір елінде революцияның жылдығы халықпен былай тойланбайды. Жыл сайын 22 бахманда халық революцияның жылдығын тойлайды. Миллиондаған халық шеруге шығады»,- деді.
Революциялар жеңіске жеткен соң оның армандарын шектейтін немесе жоятын оқиғалары орын алуы мүмкін. Революциялар басшылары революцияның қиындықтарға толы жолын жағластырып, оның мақсаттарына жету немесе өз армандарын ұмытып, орнатылған оқиғалар мен тәртіпке бағыну жолдарының бірін сайлауы керек. Өкінішке орай шамамен барлық революцияларда басшылары мен олардың артынан халық алғашқы жетістіктеріне жеткен соң революцияның басқа армандарына жетуге талпынбайды. Бірақ Иран Ислам революциясы қырық жылдан кейін көптеген кедергілерге қарамастан осы кезге дейін өзінің негіздеріне табанды және оларға жетуге талпынуда. Өйткені бұл армандар мен мақсаттар еш уақытта көнермейтін және ұмытылмайтын Исламның тағылымдарының өздері саналады. Аятолла Хаменеи үнемі Ислам революциясының қасиетті армандарын қорғауды қуаттап, халық пен үкіметті бұл жолда жетелейді.
Революциялар мен көтерілістердің салдарларының бірі олардан кейінгі асыра сілтеушіліктер мен қантөгістер болып табылады. Қарсыластарды жаппай қыру бір жақтан және революция басшыларының билік үшін бәсекелесулері басқа жақтан бұл қозғалыстарды үрейлі қылып көрсетті. Алайда Иранның Ислам революциясы кезінде имам Хомейни сынды қырағы басшының басқаруымен қисынсыз қатігездіктер орын алмады. Өйткені бұл қозғалыс тіпті билікке ие болған кезде де адамға үнемі мейірім мен кешірімді болу туралы ақыл-кеңес беретін Исламның жоғары тағылымдарына сүйенді. Осыған орай «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Иран халқының Ислам революциясы күш-қуатты болуымен бірге мейірім және кешірімді. Тіпті АҚШ пен Саддам режимі Иранға қарсы шыққан кезде бірінші оқты атпады, әрқашан тек дұшпанның шабуылынан кейін өзін қорғап, қатаң соққы берді. Бұл революция басынан бастап, осы кезге дейін рақымсыз, қантөгуші болмады»,- деп айтылды.
Исламда насихатталған тақыпытардың бірі жақсылыққы жігерлендіру және жамандықтан жирендіруге негізделген ізгі-ниетті сынау саналады. Исламның пікірінше, сынау мен ақыл айту тек адамдарға ғана байланысты емес, халық үкіметті де сынай алады. Үстемшіл үкіметтер халық пен партиялар және топтарға сын айтуға рұқсат етпейді. Бірақ азат саяси жүйелер халықтың сын айту құқығын ресми қабыл едеті. ИИР-да діни халық демократиясы жүйесі ретінде басшылар мен әртүрлі ұйымдардың әрекеттерін талқыға салды. Діни жетекші «Революцияның екінші қадамы» мәлідемесінде: «Ислам революциясы ерік-жігерімен өз қателіктерін дұрыстауға дайын. Ізгі-ниетті сындар Алланың нығметтері және амал етпейтін сөз иелеріне ескерту»,- деді. Иран Ислам революциясы өткен қырық жылда жергілікті және әлемдік өзгерістерімен күш-қуатымен алға ілгерледі. Ислам революциясы халық және икемді қозғалысы ретінде сындарлы сындарды қолдайды және оны илаһи нығмет деп біледі. Иран Ислам революциясының жетекшісі революцияның Исламның негіздеріне сүйенген құндылықтарына зиян келтірмейтін сынды қабыл етуді қуаттады. Басқаша айтқанда бұл революция халық қолдайтын болмысы мен илаһи армандарын басқалардың құрбаны етпейді.