Ашураға арналған сұрақтар 10
"Әр күн – Ашура, жердің әр аймағы – Кербала" деген сөйлем нені білдіреді?
"Әр күн – Ашура, жердің әр аймағы – Кербала". Әрине ешбір күн Ашура және ешбір жер Кербала бола алмайды. Бұл сөлемнің мағнасы Ашура күнгі мәселелердің осы күнге дейін жалғасып, мұсылмандадың еш уақытта бұл күнді ұмытпай, имам Хұсейн (ғ.с.) аза тұтуын білдіреді.
Басқа жақтан Ашура мәдениеті уақыт өткен сайын таралып, Кербала – зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке қарсы күрестің және мақсатқа жету жолындағы табандылықтың үлгісіне айналды. Біздің діни тұлғаларымыз залымдармен күресуді үйретті. Олар өздері де үнемі олармен күресіті. Сондықтан Ашруа тек белгілі уақыт пен белгілі жерге ғана байланысты емес. "Әр күн – Ашура, жердің әр аймағы – Кербала" деген сөйлем қашан және қай жерде болсада шындық пен жалғандықтың бетпе-бет келуін көрсетеді. Ашура мен Кербала - шындық пен жалғандықтың бетпе-бет келуінің ең айқын мысалы. Шындық пен жалғандық үнемі бір-біріне қарсы тұруда. Азат адамдар әрақашан шындықты қорғап, жалғандыққа қарсы шығады. Шындық пен жалғандықтың арасындағы күреске немқұрайдылық таныту – дінсіздіктің белгісі.
Имам Хұсейннің (ғ.с.) шынайы жақтасы әрі өмірі бойы залымдарға қарсы күрескен Ислам республикасы іргетасын қалаушысы имам Хомейни бұл сөйлемді зұлымдыққа қарсы үнемі күресу қажеттілігін қуаттайды деп біліп: "Кербала оқиғасы тек бір жер және тек жетпіс бірнеше адаммен шектелмейді, әр жер Кербала болып, еш уақытта зұлымдыққа немқұрайдылық танытпауымыз керек",- деген болатын. Имам Хомейни Хұсейннің (ғ.с.) қозғалысын Ислам революциясындағы өз қозғалысының үлгісі етті. Шәһид Мотахари де: "Имам Хұссейннің (ғ.с.) қозғалысы үнемі жаңа жеңістерге жетуде. "Әр күн – Ашура" деген сөйлем күн сайын имам Хұсейннің (ғ.с.) атымен зұлымдық пен жалғандыққа қарсы күрестің жалғасуын және шындық пен әділеттің жаңғыруын білдіреді",- деген. Ислам революциясы жетекішсінің айтуынша, "Әр күн – Ашура, жердің әр аймағы – Кербала" деген сөйлем уақыт өткенімен адамзаттың өміріндегі оқиғалардың жаратылыстың шындығына жетпегенін және әр кезеңде адамдар өз рөлін дұрыс атқарса, барлық нәрсенің дұрысталып, халықтар дамып, адамгершіліктің арттатынын білдіреді.