Арбағин 4: «Арбағин» жаяу жолындағы махаббат
(last modified Fri, 18 Oct 2019 16:30:47 GMT )
Қаз 18, 2019 22:30 Asia/Almaty
  • Арбағин 4: «Арбағин» жаяу жолындағы махаббат

Арбағиннің романтикалық кеңістігі Кербала шәһидінен басталғандықтан зияратшының әр қадамы арқылы жалғасатын өмірдің сезімін білдіреді. Имам Хусейн (ғ.с.) күшті магнит секілді ғашық жүректерді әлі күнге дейін өзіне тартып келеді. Ғашықтар жолға бірге шығады.

 

«Арбағин» Аба Абдолла әл-Хусейннің (ғ.с.) жақтастары мен ғашықтарын сөзбен сипаттауға келмейтін көңіл-күйге бөлейді. Жыл сайын Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің миллиондаған жақтасы «Арбағин» рәсімін өткізеді. Хиджридің 61 жылғы (680 жылы) имам Хусейн (ғ.с.) мен 72 серіктерінің шәһид болуы мен Кербала оқиғасын еске салатын бұл теңдессіз рәсімге Ирак шиіттері осы күнге дейін табандылық білдіріп келеді.

 

«Арбағин» күні қарсаңында миллиондаған адам әртүрлі жолмен Кербалаға қарай жаяу жолға шығады. Жаяу жол зияратшыны рухани тұрғыдан қанаттандырады. Ұзақ жолдың соңында зияратшы шаршап, әлсірейді. Бірақ рухани тұрғыдан көтеріліп, тыныштық табады. Аза тұтушының Кербалаға қарай жаяу жол бойындағы рухының пәктігі мен махаббаты сапарының анық белгілерінің бірі саналады. Бұл пәктіктің біразға дейін адамның бойында қалып, оның күнделікті бүкіл жұмысына әсер ететіні қандай жақсы. «Арбағиннің» жаяу жолы адамға жаңа хабарлар мен жаңа тәжірибе береді.

Жаяу зиярат тарих бойында сан рет қайталанды. Мәселен, хазірет Адам Алланың үйіне зиярат етуге 70 рет жаяу барды. Дінбасылардың көбі қажылық сапарына жаяу шыққан. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) жаяу, кейде жалаң аяқ Алланың үйіне зиярат жасауға барған. Жаяу жүру арнайы дінге байланысты емес. Рим патшасы Цезарь Құдаймен Парсы империясына қарсы шайқаста жеңіске жеткенде үлкен жеңісіне шүкіршілік білдіріп, өз үкіметінің орталығы Константинопольден  Бейт әл-Мұқаддасқа зияратқа жаяу баратыны туралы келісімге келді. Ол жеңіске жеткен соң уәдесін орындап, Бейт әл-Мұқаддасқа жаяу жолға шықты.

Имам Хусейннің (ғ.с.) қабіріне жаяу жүріп, зиярат жасау имамдардың кезінен басталды. Бірақ олардың зияраттары әрқашан қауіп-қатерлермен бетпе-бет келді. Мәселен, Мотаваккел секілді залым халифа  адамдардың қолдарын шапқанына қарамастан халық зияратқа баруды тоқтатпаған. Саддам үкіметі кезінде де қауіпсіздік күштері зияратшылардың жолдарын жауып, азап-қорлық көрсеткен. Бірақ халық имам Хусейнге (ғ.с.) зиярат жасаудан бас тартады. Өйткені имам Хусейнге (ғ.с.) деген махаббат олар үшін маңызды болды. Арбағин зияратшыларының бірінің айтуынша, зиярат жасау – махаббатты білдірудің бір түрі. Махаббат болған кезде қиындықтар мен шаршап-шалдығу маңызды емес.

Арбағин жаяу шеруі ерекшеліктерінің бірі имам Хусейннің (ғ.с.) зияратшылары мен оларды күтушілердің екіжақты сүйіспеншілігі. Екі жақ та ғашықтар сияқты: зияратшы жаяу жолға шығады, оларды күтушілер қонақжайлық көрсетеді; имам  (ғ.с.) олардың арасындағы сүйіспеншіліктің арағайыны. Екі жақ имамдары үшін бір-бірінің көңілінен шығуға тырысады. Мәселен, сырт көзге қаржы жағдайы онша жақсы көрінбеген қарт әйел зияратшыларға үйіне кіруді өтініп: «Осы уақытқа дейін зияратшыларды күтпедім. Имам Хусейн (ғ.с.) үшін үйіме кіріп, демалыңыздар»,- деді.

 

Махаббат қауіпсіздіктің бос орнын да толтырады. Жол қауіпті болса, зияратшы имам Хусейнге (ғ.с.) өзін жақынырақ сезінеді. Кербала жолындағы жарылыс салдарынан аяғынан айрылған жас қыздың сөзі бұл уәждерді растағандай. Журналистердің бірі: «Аялдамалардың бірінің қасында көзіміз жас қыз бен шаршаған қарияға түсті. Олар аялдаманың қасындағы орындықта демалып отырды. Қыздың   бір аяғы жоқ екен. Қолында екі балдағы болды.   Біз де фильм түсіру үшін бір бұрышта тұрып, олардың орындарынан тұрып, жолдарын жалғастырғанын күттік. Біраз уақыт өткенімен олар орындарынан тұрмады. Бір күш бізді  оларды күтпей, кетіп қалмауымыздан тоқтатқандай болды. Қария мен қыз  біздің оларға қарап тұрғанымызды түсінді. Басында біздің қарап тұрғанымызды ұнатпады деп ойладық. Бірақ олай емес екенін түсініп, оларға жақындадық. Қыздың қадам басқанын фильмге түсірейік деп ойладық, олармен сөйлесеміз деп ойламадық. Бірақ ойламаған жерде олармен сөйлесіп, қарт адамнан қайдан келе жатқандарын сұрадық. Ол жауап бергісі келгенімен дауысы шықпады. Таңғалдық. Ол өте ақырын сөйлегендей болды, қыз бала сөзін қайталап тұрды. Қыз бала Басреден келе жатқандарын айтты. «Неше күн жаяу жүріп келесіздер?»- деп сұрадық. «14 күн»,- деді. «Көлікке отырдыңыздар ма?» «Жоқ, көлікке отыруға болмайды»,- деп жауап берді. Біз не айтарымызды білмедік. Қарт адам және қыз бала мынадай жағдайларымен 14 күн жаяу келе жатыр екен. Кербалаға бірнеше шақырым қалды.

 

Қыз баладан өзі туралы сұрадық. Қыз "Саддам үкіметінен кейінгі бірінші жаяу жолда қауіпсіздік қазіргідей болмаған кезде бомба жарылып, мен аяғымнан айырылдым" деді.

Әкесі туралы сұрадық.

– Әкем бірнеше жыл Саддамның абақтысында болды. Саддамның жандайшаптары қаруды оның тамағына қойып, тура атты. Әкемнің көмейі жоқ.

Қария басын жоғары көтерді. Көргеніміз жүрегімізді ауыртты. Оның тамағынан оқтың мөлшеріндей тесікті көрдік.

Жарылыс, аяқтан айырылу, екі балдақ, алыс жол, қарт адамның көз жасы, дауыс шықпай қалған көмекей... 

Мұның ешқайсы олардың жолға жаяу шығуына кедергі болмаған.  Бұл жолға шыққан адамдар үшін қатер деген сөздің мағынасы жоқ. Өйткені олар Исламды қорғау үшін қолындағы бар нәрсесін қиған адамға зиярат жасауға бара жатыр.

Жыл сайын әлемнің әртүрлі жерінен көптеген халық «Арбағин» шеруіне жиналады. Бұл адамның әрқайсы арнайы ниет және себеппен жамағатқа қосылады. Солардың бірі Ирактың оңтүстігіндегі Мисан облысының әл-Каһла ауылынан келген Дахел Хадам. Ол мүгедек болғанына қарамастан жолға шығып, қиындықтарға төзіп, әлемге имам Хусейнге (ғ.с.) ғашық екенін көрсеткісі келді. Бұл жол дені сау адамдар үшін 8 күнге созылады. Ешбір көмекті қабылдамайтын Дахел Хадам сынды адамдар Кербалаға қарай жолға шығуы туралы сұрағанда: «Мақсатымыздың Хусейн (ғ.с.) болғаны жеткілікті»,- деген бір сөйлеммен жауап қайтарады.

 

Сириядан келген зияратшы имам Хусейнге (ғ.с.) жету мақсаттың бар дүниені ұмытуға себеп болатыны туралы: «Бұл жолда ешбір жарылыс маңызды емес. Олар Кербалаға жақындаған кезде руханияттың нұрын байқап, бір нәрсенің оларды тартатынын сезіп, солай қарай барғылары келіп, еш нәрсені, аяқтың, белдің ауырғанын немесе басқаны да байқамайды»,- деді.

Аустралиядан келген жас зияратшы да: «Біздің Исламға табанды болуымыздың дәлелі – имам Хусейн (ғ.с.). Мен осы жерде болуымның орнына Сидней клубтарының бірінде уақытымды өткізе алатын едім. Имам Хусейн (ғ.с.) магнит сынды. Біз магнитке тартылып, қарсыласа алмайтын темірдің бөлшектері сындымыз. Бір күш сені оған қарай тартып, сенің орыныңда қалуға күшің жетпейтіндей. Расында мұны айтып сипаттауға болмайды»,- деді.

«Арбағин» шеруі махаббатың хикаясы. Бірнеше ғасыр бұрын бұл ғашық «Маған ілесетін адам бар ма?» деп ұран тастады. Оның  ғашықтары ортақ дерттері үшін бір-біріне көмектеседі.

Арбағиннің романтикалық кеңістігі Кербала шәһидінен басталғандықтан зияратшының әр қадамы арқылы жалғасатын өмірдің сезімін білдіреді. Имам Хусейн (ғ.с.) күшті магнит секілді ғашық жүректерді әлі күнге дейін өзіне тартып келеді. Ғашықтар жолға бірге шығады.