Бірлік аптасы 2: Пайғамбар (с.ғ.с.) – үздік үлгі
"Мұхаммад" деген есім "мақтауға лайық" деген мағынаны білдіреді. Алла елшісіне дейін бұл есім ешкімге қойылмаған болатын.
Бұл есімді Ұллы Алла таңдады. Бұрынғы қасиетті кітаптарда бұл есімге назар аудартылған болатын. Қазіргі кезде «Мұхаммад» деген есімді естімеген адам жоқ. Өйткені бұл қасиетті есімді миллиардтан астам мұсылман мадақтап, бұл ұлы тұлғаның пайғамбарлық міндетіне сүйіспеншілік білдіріп, иманына куәлік етіп, оның діні аясында бір-біріне достық пен мейірім білдіріп, адамгершілік құндылықтарын құрметтеп, тауһидтің туын көтерді.
Хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.) – жаратылыстың ұлы әрі таңырқататын құбылысы. Ол өз тіршілігі үшін үлгі іздейтін адам өмірінің мағынасы болып, дұшпанды биіктен көріп, құтқару үшін халыққа қарай асығатын бақылаушы сынды.
Адам өмір бойы үнемі үлгі тұтатын адамды іздеп, мақсатына жету үшін оған ұқсас болуға талпынады. Тәлім-тәрбие, білім алу, психология, мистика мен басқару саласындағы үлгілер жоғары орынға ие. Олардың әсерін ешбір жағдайда теріске шығаруға болмайды. Ислам тәрбие мектебіне үлес қосты.
Алла Тағала "Ахзаб" сүресінің 21-ші аятында үздік үлгі туралы: "Сондай бізге кездесуді күтпегендер: “Бізге періштелер неге түсірілмейді? Немесе Раббымызды көрсек” деді. Расында олар өздерін жоғары санап, тым шектен шығып кетті",- деді. Аят барлық замандар мен барлық жердің мұсылмандарына айтылған. Сондықтан әр заман мен әр кезеңнің адамдары Пайғамбарды үлгі тұта алады. Аллаға иман келтіріп, елшісінің пайғамбарлық міндетін қабылдау жолдарының бірі Алла жолында көптеген қиындыққа төзген Пайғамбардың (с.ғ.с.) жолы мен тәсілдерін үлгі тұту болып табылады.
Құран Кәрімде исламның ұлық пайғамбары секілді мадақталған адамды аз. Құран пікірі бойынша хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) басқа адамдар секілді өмір сүретін адам. Өйткені хазірет басқалар сияқты тамақтанып, демалды. Құранның пікірінше, Алла елшісі – ең кемел адам. Ол бүкіл адамдардың басшысы; оның мақсаты – исламдық әділетке негізделген жаңа өркениеттің іргетасын қалау. Осыған орай Құран Кәрім оны адамзатқа үлгі қылып таныстырды.
Исламның ұлық пайғамбары кеме капитаны сынды кеме дауылмен бетпе-бет келген кезде өзіне осал болуға рұқсат етпейді. Хазірет басқа мұсылмандармен бірге қолына қайла алып, ор қазды. Сахабаларының көңіл-күйін көтеріп, олармен әзілдесіп, оларды Құран мен эпостық жырлар айтуға, сондай-ақ Алланы ұмытпай, жарқыраған келешек пен үлкен жетістіктерге жігерлендірді. Мұнафықтардың қастандықтарына назар аудартып, олардың алдында қырағы болуға шақырды. Соғыс кезінде ең жақсы әскери әдісті таңдап, әртүрлі жол арқылы дұшпандықты тоқтатуға әрекеттенеді. Расында, хазірет – мүміндер үшін барлық салада үздік үлгі.
Алла Тағала «Қалам» сүресінің 4-ші аятында хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) ең жақсы ахлақ иесі деп таныстырып: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің»,- деді. Жаратушы бұл аятта Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ахлағын мадақтады. Құран тіпті Пайғамбардың өз міндетін сәтті орындауы себебінің бірін хазіреттің мейірімі деп атап: «Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді»,- деп сипаттады. («Тәубе» сүресі, 128-ші аят).
Исламның ұлық пайғамбарының сөзі мен амалы үздік үлгі. Адал әрі бақытты болғысы келген әр адам хазіретті мәңгі үлгі тұтады.
Исламның ұлық пайғамбары – теңдессіз тұлға. Хазірет ақыл мен қисынға сай амал етіп, шешімдерін жылдам ісе асыратын. Пайғамбар (с.ғ.с.) ең сабырлы, ең жомарт адамдардың бірі болып, қарапайым өмір сүрді. Алла елшісі қадір-қасиеті және адал амалдарымен үлкен ықпалға ие болды. Хазіреттің сөзі мен үнсіздігі де мағыналы болды. Анас бен Малек: «10 жыл Алла елшісінің қасында болып, хазіретке қызмет еттім. Алламен ант етемін, еш уақытта кемсітетін сөз айтқан емес»,- деп есіне алатын.
Пайғамбардың (с.ғ.с.) баршаға мейірімі халыққа танымал болды. Хазірет үнемі өз сахабаларының халін сұрап, оларды жұбататын. Егер бір адамды үш күн көрмесе, халін сұрап баратын. Егер сапарға кеткен болса, дұға тілейтін. Егер үйіңде болса, қасына баратын. Тіпті дұшпандар да Пайғамбардың рақымы мен мейірімінен пайдаланатын. Бадр соғысы кезінде Пайғамбардың бұйрығымен мұсылмандар аймақтың су құдықтарын бақылауға алып, хауыз жасап, оны сумен толтырды. Дұшпан оған жақындап, суын пайдаланғысы келген кезде пайғамбар кедергі жасамауды бұйырды. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) атқару, заң шығару, ахлақ және ой-пікір салаларындағы әділдігі баршаға танымал болды. Имам Садық (ғ.с.): «Алла елшісі тіпті сахабаларына қарағанда әділдік сақтайтын»,- деген.
Ақыл-парасат пен қисын – адамзаттың табиғи қадір-қасиеттерінің бірі. Исламның ұлық пайғамбары да осы ерекшелікке сүйеніп, ақыл мен даналыққа негіздері бойынша халықты Аллаға қарай шақырып, жанашырлық және мейірімімен халықтың жүрегі мен санасына әсер етті. Сондықтан Исламның ұлық пайғамбары Аллаға шақыру тұрғысынан үздік үлгі. Өйткені хазірет бүкіл шақыру рәсімдерімен таныс еді. Ислам үмбеті Алла елшісі ақыл-кеңестерінің арқасында әлемнің ең ірі діни жамағатын құрайды.
Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) ұлы адам болғандықтан бұл тұлғаның қасында қадір-қасиеті мол адамдар тәрбиеленді. Ол ақылды заң шығарушы, күшті басшы, әділет сұлтаны және адал пайғамбар болды. Хазірет Жер бетіндегі ең үлкен революциялардың біріне себеп болды. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Ұлы Алла мұсылмандарға Пайғамбарға бият етуді бұйырды. Бұл бият өмірдің барлық нәрселерімен байланысты болды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) сөзі және амалымен ғана емес, халық және отбасымен қатынас орнатуында, дұшпанмен мәміле жасауда, ғамалы мен сөзінде үлгі болып табылады»,- деген болатын.