Фирдоусидің "Шаһнамасы" кинотеатр экраны мен театр сахнасында
(last modified Sun, 08 Dec 2019 13:37:41 GMT )
Жел 08, 2019 19:37 Asia/Almaty
  • Фирдоусидің

Фирдоусидің "Шаһнамасы" – парсы тіліндегі ең үлкен әрі маңызды кітап және әлемдегі ең көрнекті эпостардың бірі. "Шаһнама" – драма жазу, әңгіме жазу, тарихи тұлғалардың қатысуы тұрғысынан бірегей туынды. Бұл жағдай театр мен кино саласындағы өнерпаздардың осы туындыға әрдайым шексіз қазына көзі ретінде қарауына себеп болды.

Абдолхоссейн Сепентаның режиссерлігімен түсірілген "Фирдоуси" фильмі – Иран кинематографиясы тарихындағы алтыншы фильм. Бұл фильмде хакім Абылқасым Фирдоусидің өмірі негізінде Шаһнаманың кейбір бөліктері бейнеленген.  Бұл Сепентаның парсы әдебиетін білетінін көрсетеді.

Сепента "Фирдоусиден" кейін "Шырын мен Фархад", "Қара көздер" және "Ләйлі-Мәжнүн" атты үш фильм түсірді. Олардың барлығында Иранның төлнұсқа әрі тарихи дастандары баяндалған.

Бұл фильмнің қайта өңделген нұсқасы 13 азарда (4 желтоқсанда) Теһранда Иранның кинематография мұражайында көрсетілді. "Фирдоуси" фильмі х.ш.ж.с.б. 1313 жылы (1934 жылы) түсірілген. Оның дастаны Фирдоуси үйінен басталады. Ол бөлмесінің терезесінен Тус қаласының қираған көпіріне қайғылы жүзбен қарап отырады. Фильмнің жалғасында "Шаһнаманың" бөлімдерін сұлтан Махмуд Ғазнави мен оның сарай маңындағыларына оқып береді. Фильмнің соңында Фирдоусидің қартайған шағында жалғыз, оқшау қалғаны көрсетіледі. Терезеден сыртқа қарағанда көшеде ойнап жүрген балалардың "Шаһнаманың" өлеңдерін оқып жүргенін естиді. Соңғы сахна – ақынның өлімі. Оның мүрдесін Тус көпірінің үстінде екі адам иығына салып алып бара жатады. Жаназаның артынан тек бір адам ғана кетіп барады. Ол ақынның қызы.   

 

"Фирдоуси" фильмнің қайта өңделген нұсқасы 13 азарда (4 желтоқсанда) Теһранда Иранның кинематография мұражайында көрсетілді.   

 

"Фирдоуси" фильмінің қайта өңделген нұсқасы 13 азарда (4 желтоқсанда) Теһранда Иранның кинематография мұражайында көрсетілді.   

Сепента бұл фильмді Фирдоусидің туғанына мың жыл толуына орай түсірген. Оның айтуынша, осы фильм оның парсы әдебиетімен жарты ғұмырлық таныстығының жемісі болып табылады. Фильмнің арнайы көрсетілімінен кейін Реза шаһ Фирдоусидің Махмуд Ғазнавимен кездесу сахналарын өзгертуге бұйрық берген. Соның нәтижесінде бұл сахналар қайта көрсетілім үшін өзгертілді.

Фильм дастанды баяндау тұрғысынан сәтті шыққан. Мысалы, Фирдоуси қартайған шағында бөлмесінің терезесінен ойын барысында оның өлеңдерін айтып жүрген балаларды көреді. Бұған қуанған ұлы ақынның сезімі әдемі суреттелген. Бұл фильмде Фирдоуси Рүстем мен Сухрабтың күресін сипаттайды. Фильм түсіруші "Шаһнаманы" осылай  көрсеткен.

"Рүстем мен Сухраб", "Бижан мен Маниже", "Тахт-е Джамшидтегі Сиавуш", "Иран ұлы анасынан хабарсыз қалды" фильмдері – Ислам революциясына дейінгі Иран кинематографиясындағы туындылардың бірқатары. Бұлар да Шаһнама дастандарынан шабыт алып түсірілген. Бірақ революциядан кейінгі жылдары деректі және көркем фильм түсірушілер мен жас аниматорлар "Шаһнама" мен оның бірегей дастандарына бұрынғыдан көбірек көңіл аударып, көптеген фильм түсірді. "Шаһнамадан" шабыт алған фильмдерді Жастар  кинематографиясы қауымдастығының әуесқой және деректі фильмдері мен Тус фестивалінен көрсетілетін туындылардан көруге болады. Бұл салада "Бір батырды жоқтау", "Нан, ғашықтық және Тус", "Шаһнама оқиғасы", "Фирдоуси", "Сиавушты жоқтау", "Зурхана", "Шаһнама мен халық", "Фирдоуси мен халық", «Симорғ», "Зал мен Симорғ", "Шаһнаманың сахналарына шолу" "Эпостың аясында" және "Сиавуштың өлімі" атты фильмдерді атауға болады.

"Шаһнама" ержүректік, батылдық, жанпидалықтар мен ақлақтық және тәлім-тәрбиелік тақырыптарға толы. Онда драмалық дастандар көп. Сол себепті "Шаһнама" әлемдегі көптеген көркем туындылар, соның ішінде қойылымдардың мазмұнын қамтамасыз ете алады. Абылқасым Фирдоуси "Шаһнамасының" тартымды дастандары ең көп тамашалаушылары бар қойылымдар қалыбында театрда сахналанды.

 

 

Беһруз Ғарибпур ирандық алғашқы қуыршақ операсын шығару арқылы "Шаһнама" дастандарын әртүрлі тәсіл және стильдерде қуыршақтармен ойнатуға болатынын көрсетті. Ол композитор және ирандық оркестрдің жетекшісі Льюис Чакнаварианмен әріптесіп, "Рүстем мен Сухраб" трагедиясын қуыршақтармен ойнатып, оны тірілтті. Әртүрлі әндер, күйлер және қойылымдар "Рүстем мен Сухраб" дастанын халықтың есіне салады.

Беһруз Ғарибпур қойған "Рустем мен Сухраб" атты қуыршақ операсының музыкасын Льюис Чакнавариан жазды. Бұл опера соңғы жылдары бірнеше рет Теһрандағы "Фирдоуси" залында қойылды. Опера хакім Фирдоусидің "Шаһнама" бәйіттерін жазу сахнасымен басталады. Фирдоуси барлық қиыншылыққа қарамай, ирандықтардың эпостық аңыздарын жазумен айналысып жатады. Бұл трагедиялық рауаят Рүстемнің сәйгүлігінің Саманган шаһының сарайына кіруімен басталады. Оның артынан Рүстем салтанатты рәсімге кіреді. Сол кезде патшаның қызы Тахмине оған ғашық болады.

"Аран" қуыршақ тобы осындай ауыр қуыршақ ойынын көрсету үшін көп жаттықты. Иранда әртістер бірінші рет Рүстем сияқты қуыршақтармен жұмыс жасады. Бұл қуыршақтар кемінде 12 жіппен қозғалады. Олардың әрекеттері табиғи, шынайы әрі үйлесімді. Армян опера әншілері Ереван университетінің парсы тілі ұстаздарынан үш ай тіл үйренді. Сөйтіп, олардың Абылқасым Фирдоусидің өлеңдерін жеңіл оқуына жағдай жасалды.

 

"Рүстем мен Сухраб" қуыршақ операсы

"Шаһнама" – әдеби және көркемдік байлыққа, ақлақтық, гуманитарлық және рухани терең ерекшеліктерге ие болумен қоса, трагедия жазу және дастан жазу сияқты драмалық қойылымдар тұрғысынан аса бағалы бірегей туынды. Қисса жазу, тұлға жасау, диалог жазу, оқиғалар мен дастанның кеңістігін реттеу, кіріспе жазу, декорация жасау, сурет салу, реңктер мен дауыстарды қолданудағы нақтылық, сипаттау мен мүсіндеуде шеберлік таныту және басқа да көркемдік қырлардың суретшілер, сценаристер, фильм түсірушілер, қисса жазушылар мен басқа да өнер иелеріне берері көп.

Иранның жас өнерпазы Эшкан Раһгозар қысқа анимациялық бірнеше фильм түсірудегі сәтті тәжірибелерінен кейін осы жолы "Соңғы дастан" көркем фильмінде Фирдоусидің "Шаһнамасындағы" дастандарды баяндады.

Бұл фильмдегі дастан "Шаһнамадағы" Заһак рауаятынан алынған еркін баяндама. Аһриманның саясы бүкіл жерге таралған кезде Джамшид өз одақтастарынан тұратын әскермен Аһриман әскерлеріне қарсы сап түзейді.  Құдайдың қолдауымен Джамшид Аһриманды жеңіп, патша тағына отырады. Бірақ ол жеңісіне тәкаппарланып, тоймайтын ашкөздікке салынып, қызы Шаһрзадты жалғыз қалдырады. Джамшид өзінің ең батыл сарбаздарынан тұратын әскерімен Аһриманды қолға түсіру үшін солтүстік жерлерге аттанып, ешқашан қайтып оралмайды. Мардас (Дәшт-е Нейзеваранның шахы Мардас арабтан шыққан, қазіргі Сирияның аймағындағы жерді басқарған. Мардастың патшалық еткен заманы Иранда Джамшидтің патшалығымен бір мезгілде болған) өліп, оның жалғыз ұлы әрі мұрагері Заһак әкесінің орнына Джамшидтің тағына отырады. Бірақ өкініштісі оның болмысында қараңғылық бар еді. Заһактың болмысындағы қараңғылық қаланы басып алып, әлемді түнекке батырады.

Заһак Аһриманмен келісімге келеді. Сол келісім негізінде диюлар оның сарбаздарына айналады. Ол салықты екі еселендіруге бұйрық береді. Егер халық салық төлей алмаса, өз жастарын сарайға жұмыс істеуге жіберуі тиіс болған. Оның бұл ісі халықтың наразылығын тудырды. Ол өз сарбаздарынан  адамдардың жаңа туған сәбилерінің миын жеу үшін сарайға әкелуге бұйрық берген кезде ауқымды наразылықтар болды. Ұста Каве осы наразылықтарды басқарды. Ол баласы Рузбеһ пен халықтың көмегімен патшаға қарсы көтеріліске шықты.

 

("Соңғы дастан" атты көркем анимацияның ресми трейлері)

 

"Соңғы дастан" атты көркем анимация дастан баяндау, режиссура, дыбыс және музыканы қолдану тұрғысынан бірегей ерекшеліктерге ие.

"Соңғы дастан" атты көркем анимация адамдар мен диюлар соғысы арасындағы бір сарбаздың көзімен басталады. Фильм эпос пен экшнді тоғыстырған. Қуанышқа орай, бұл ритм анимацияның соңына дейін сақталған. Анимацияның соңына дейін ритмді сақтау ең қиын жағдайлардың бірі болды. Сценаристер бұл тапсырманы орындай алды, фильмнің уақыты ұзақ болса да, көрермен  шаршамайды.

"Соңғы дастан" атты көркем анимация – Ирандағы дыбыстау тұрғысындағы ең алғашқы тәжірибе. Бұл әлемнің түкпір-түкпіріндегі анимация өнері индустриясында жасалатын кәсіби және страндартты қызмет. Яғни дубляж үшін атақты өнер иелері мен әртістердің дауысын қолдану билет сатылымына да оң әсер етіп, көрермен тарапынан жақсы қабылданады. "Соңғы дастан" атты көркем анимацияға қатысқан дубляжшылардың барлығы – Иран кинематографиясының жұлдыздары. Әндерден бөлек анимацияның музыкасы да өте шебер жазылған. Ол дастанның көңіл-күйімен толық үйлескен.

Джамшид пен Заһак дастаны көптеген кітаптарда, соның ішінде "Шаһнамада" баяндалған. Жазушы мен режиссердің осы әпсаналардан алған үзінділері –  "Шаһнама" мен "Бундаһиш" ("Бастаманы жарату" деген мағынадағы бір кітаптың аты. Ол пеһлеви тілінде х.қ.ж.с.б. 3 ғасырда (9 ғасырда) жазылған) сияқты кітаптарда баяндалған әртүрлі рауаяттардың қосындысынан құралған туынды.

Бұл толықметражды анимация әлемнің бірқатар беделді фестивальдерінің назарын өзіне аударып, халықаралық шараларда көптеген жүлде алды.