Ғаламторға тәуелділіктен шығу жолдары
(last modified Wed, 18 Dec 2019 16:21:46 GMT )
Жел 18, 2019 22:21 Asia/Almaty
  • Ғаламторға тәуелділіктен шығу жолдары

Ғаламторға тәуелділік – адамның ғаламтор және басқа "on-line" құрылғыларына тәуелді болып, солар арқылы өмірдегі күйзелістермен қарсыласуға талпыну әрекеті. Ғаламторға тәуелділік мәселе әсіресе халқының көбі ғаламторға кіріптар мемлекеттерде мойындалды.

 

Егер пайдалы уақыттарыңыздың көптеген сағаттарын және бос уақыттарыңызды ғаламтор алдында өткізетін болсандар, егер тегін Download немесе түннің ортасына дейін Website-терді аралап, әлде сағаттарыңды достарыңмен Chat етумен өткізетін болсандар, бұл сіздің де "ғаламторға тәуелділік" құбылыстың торына түсуініздің белгілері болар. Бұл мәселеге тірелген адамның отбасы ол үшін алаңдап, бұл адам ешбір жұмысына үлгермейді, сондай-ақ оның ғаламтор қызметіне төлейтін қаржысы да артады.

 

Аздап ойланыңыз. Ең бірінші ағзаңыз бен жүйке жүйесін демалдырыңыз. Айналаға қарап, көзіңізді ашып-жұмып, ойланыңыздар. Сіз де сағаттап компьютер немесе ұялы телефоннан көз алмайтындар,  тіпті қонаққа немесе маңызды кездесуге қатысуға барудың орнына "сиқырлы сандықты" тастап кете алмайтын адамдардың бірісіз бе? Егер мөлшерден артық Еmail-іңізді тексеріп, сағаттар бойы компьютерлік ойын ойнайтын адам болсаңыз, өзіңізден күдіктенуіңіз керек. Бұл мәселе достарыңыз және отбасыңызбен сөйлесудің орнына уақытты ғаламтордағы достарыңызбен сөйлесуге жұмсаған жағдайда одан сайын маңызды болады. Компьютерге деген тәуелділік әртүрлі болады: компьютерлік ойындарға құмарлық, Website-терді аралау, хакерлікпен айналысу, веблогтерді жаңарту, тәртіпсіз сайттарғе кіру. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі Chat-тар  мен  ғаламтордан жаңа  мәлімет іздеу сынды келсі шынайы мәселерді ұмытуға болмайды. Компьютер мен ғаламторды пайдалану туралы әртүрлі пікірлердің арасында психологияның әртүрлі салаларындағы зерттеушілердің «Кәсіби нашақорлардың 8 ауруы» деп аталатын жұмысының нәтижесі қызық және әртүрлі болуы мүмкін. Ешбір мақсатсыз ғаламторды шолу, шамадан тыс Google Play, Википедияға тәуелділік, маңызы жоқ мәліметтерді жүктеу, анонимді фотоальбомдарға тәуелділік пен аса сезімталдық кейбір ғаламтор ауруларыныңа қатарына жатады.  Бірақ мінез-құлықтанушы Джуди Джеймстің пікірінше, әлеуметтік желілерге тәуелділік қатты әсер етеді. Басқа әдеттер сияқты оны көп адамдар қолданады. Күні бойы ұялы телефонын тексеріп отыратын адам да әлеуметтік желілерге тәуелді адам саналады. Бұл тәуелділік алғаш рет 1995 жылы жарияланды. 1996 жылы дамып, ауруды емдейтін  орталықтар ашылып, заң органдары бұл тәуелділікті психологиялық мәселе деп қабылдады.  Зерттеулер ғаламторға тәуелді адам миының белсенділігі алкогольдік ішімдіктерге тәуелді адамның миына ұқсас екенін көрсетті. Нашақорлықты емдейтін емханаларға науқасты әдетте мінез-құлқының өзгергенін байқаған адамдар жібереді. Басында науқаспен әңгіме жүргізіледі. Келесі кезеңде науқас үшін жеке және топтық отырыстар жоспарланады. Жеке отырыстарда науқастың жеке қиындықтары қарастырылады. Топтық отырыстарда  науқастар бір-бірінің мәселелеріне тыңдап, ғаламтор әлемінің құтқарылу жолдарые  талқылайды.  

Кез-келген тәуелділікті емдеу үшін  өзіне берік және қатаң  болу өте маңызды. Негізінде тәуелділіктен шығу саласында қадам жасау маңызды тақырып.

 

Айтылған нәрселерге сай сіздер ғаламторға тәуелділердің қатарында болсаңыздар бізбен бірге болыңыздар. Біз тәуелділіктен бас тарту жолдарымен таныстырамыз. Алаңдамаңыз, тәуелділіктен бас тартқызатын клиника мен лагерьге бару қажет емес. Сіздің ісіңізді бақылауға алып,  тәуелділіктен бас тартатын ерік жігеріңіз бар екендігіне сенімдіміз.

Бірге бірінші қадамды жасайық. Ғаламторды шамадан тыс пайдалану салдарынан жоғалтқан нәрселеріңіздің (мәселен, отбасымен қарым-қатынас орнататын уақыт, күндізгі ұйқы немесе достармен кездесу) тізімін жазыңыз. Апта бойындағы "on-line" және ғаламторды басқа түрде пайдаланған уақытыңызды есептеңіз. Ғаламторды пайдалану үлгісін анықтап, аптаның қай күндері "on-line" пайдаланасыз? Ғаламторды бір отырғанда неше сағат пайдаланасыз? Сағат нешеде ғаламторды пайдалана бастайсыз? Көбінесе ғаламтордың қай жерін пайдаланасыз? Ғаламтордың тоқтап қалу себебін табыңыз. Ғаламторды пайдалану бағдарламаңызды өзгертіңіз немесе жаңа бағдарлама құрыңыз. Бұл үшін жұмысты бастау және аяқтау уақытын, сондай-ақ мақсатыңызды белгілеңіз. Егер осы күнге дейін аптада ғаламтор үшін 40 сағат бөлген болсаңыз, енді 20 сағатқа қысқартыңыз. Компьютер мен ұялы телфонды пайдаланған кездегі көңіл-күйіңізге назар аударыңыз. Бұл іс үшін «ғаламтор әлеміне енбестен бұрын ... «сездім» деген сөйлемді толықтырыңыз. Көбінесе «шаршап-шалдығу, жалғыздық, бақытсыздық, абыржу, алаңдау, ыза мен күйзеліс сезіндім» деген жауап беріледі. Мазасыздыратын сезімдерді басқарудың сау және тиімді әдістерін қолданып көріңіз. Жаттығу, медитация, тыныштандыратын және тыныс алу жаттығулары  жағымсыз эмоциялардан арылуға көмектеседі. Содан соң «жақсы көретін ғаламтор жұмыстарымды бастаған кезде ... «сеземін» деген сөйлемге жауап беріңіз. Бұл сөйлемге көбінесе «тыныштық, қуаныш, өзіне сенім, құрмет, сабыр, сүйіспеншілік, қолдауға ие болу мен үміт сезінем» деп жауап қайтарылады. Ғаламторды қолданып, сүйікті іс-әрекеттеріңізбен айналысқан кездегі сезімдеріңізді біле отырып, сіз күнделікті өмірдің не нәрсесінен қашып жатқаныңызды және виртуалды өмірден не іздейтініңізді нақты көре аласыз.  Енді   ғаламторды қайтадан қолдануды шешкен сайын сіздің   таңдауыңыз болады. Виртуалды топтармен қатынас орнату тәжірибелеріңізді  негізгі әлемде пайдаланыңыз. Әлеуметтік өміріңізді шектемеңіз, көретін немесе араласатын адамдарға көмектесіңіз. Егер сіз ғаламтор кеңістігінде тапқыр, ақылды және мейірімді болсаңыз, шынайы өмірде де сондай болуға талпыныс жасаңыз.

Ғаламторды күнделікті пайдаланатын әдетіңізді өзгертіңіз. Егер түстен кейінгі сағаттарыңызды ғаламторда өткізуге әдеттенген болсаңыз, бұл белсенділігіңізді шектеп, таңғы мерзімге ауыстырыңыз. Уақытыңызды қадірлей біліңіз. Егер белгілі тақырыпты іздейтін болсаңыз, уақытыңызды әртүрлі мәселелермен босқа кетірмеңіз. Тағы бір жұмысты аяқтаймын, сосын тұрамын демеңіз. «Бір жұмыс» еш уақытта аяқталмай, мәңгі жалғасуы мүмкін. Сондықтан уақыт пен жұмысқа шектеу қойыңыз.

Компьютерді белгіленген уақытта пайдалану жөн. Егер ноутбугіңіз болса, оны  көзге түсе бермейтіндей жерге қойыңыз. Егер үстел компьютеріңіз болса, оның бетін жауып қойыңыз. Компьютерді қолданар алдында қажет уақытты белгілеңіз. Мысалы, 30 минуттық шек қойыңыз. Уақыт біткен кезде сізге ескерту жасайтын сағаттың сигналын орнатыңыз. Белгілеген уақыт аяқталған соң, компьютерді сөндіруді өз міндетіңіз деп біліңіз.

Есіңізде болсын, сіз кез-келген тәуелділіктен бас тартқан кезде сәтсіздікке ұшырауыңыз мүмкін. Үміттен айырылмай, талпыныстарыңызды жалғастырыңыз. Емнің алғашқы күндерінің қиын болатынын, тіпті үмітсіздікке себеп болатынын өзіңіз де білесіз.  Бірақ денсаулықты сақтау, сондай-ақ отбасы және достарыңызбен жақсы қарым-қатынас жасауды басты мәселе, ал ғаламтор немесе кез келген технологияның тек тұрмысты жақсарту үшін керектігін үнемі қайталай беріңіз.  Жағдайыныздың жақсарғанын сезсеңіз, сізді құттықтауға болады. Сіз тәуелділікті жеңіп, қатерлерден алыстадыңыз. Жақсарғаннан кейін сіз шынайы әлемдегі жақсы өмірдің дәмін тататын боласыз.