9 дей ерлігі – Ислам революциясы тарихындағы мәңгілік күн
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i44846-9_дей_ерлігі_Ислам_революциясы_тарихындағы_мәңгілік_күн
Х.ш.ж.с.б. 1388 жылдың дей айының 9 жұлдызында, сәйкесінше 2009 жылдың 30 желтоқсанында болған шеруге Иран халқының өз еркімен қатысуы – Ирандағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың арасында әртүрлі қырдан аса маңызды жолдаулары бар теңдессіз оқиғалардың бірі.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 28, 2019 14:36 Asia/Almaty
  • 9 дей ерлігі – Ислам революциясы тарихындағы мәңгілік күн

Х.ш.ж.с.б. 1388 жылдың дей айының 9 жұлдызында, сәйкесінше 2009 жылдың 30 желтоқсанында болған шеруге Иран халқының өз еркімен қатысуы – Ирандағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың арасында әртүрлі қырдан аса маңызды жолдаулары бар теңдессіз оқиғалардың бірі.


 

Бұл оқиғаға шолу жасағанда байқалатын бірінші жайтта халықтың осындай құбылыстардың пайда болуында атқаратын рөлінің арқасында дұшпандар шетке ысырылып, қоқан-лоққылар ұлттың бірлігі  мен абырой-айбынына әсер ететін үлкен мұрсаттарға айналдырылады.

АҚШ Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі жылдардың барлығында Иран режимін әлсіретіп, ұлттың бірлігін бұзуға талпынып, ИИР-ды іштен саяси қайшылықтар мен әлеуметтік кикілжіңдерге душар етуге күш салды. Бірақ  Иран халқының х.ш.ж.с.б. 1388 жылғы президенттік сайлаудың оныншы кезеңінен кейін болған бүлік сияқты қозғалыстарға табандылығы олардың Ислам революциясы мен ислам республикасы жүйесінің тұрақтылығын сақтайтын басты күш ретінде ешқашан дұшпандарға ықпал етуге рұқсат етпейтінін көрсетті.  

9 дей ерлігінің мәңгілік көрсеткіштерін баяндаудағы екінші жайтта дұшпандардың Иран халқына қарсы ұйымдастырған топтары айқындалды. 1388 жылғы сайлау нәтижесіне наразылық сылтауымен орын алған бүлікте бір оқпен екі нысананы ату саясаты көзделді. Бұл топ бір жағынан Иранда сайлаудың дұрыстығына күмән туғызу үшін әрекет етті, екінші жағынан ИИР жүйесін іштен құлатуды алдын ала жоспарлады. 9 дейдегі Иран халқы ерлігінің арқасында бұл топтың екі мақсаты да жеңіліске ұшырады.  

Батыстағы кейбір теоретиктер талқылаған үшінші жайтта бүлікші топтар жүйені құлату үшін күрделі шаралардың орнына жұмсақ соғыс жүргізіп, іштен құлатуға бел буды.

АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон "Ауыр таңдаулар" атты кітабында Иранның президенттік сайлауынан кейінгі бүліктерге тоқталып: "АҚШ Президенті Барак Обама үкіметі 1388 жылғы Ирандағы президенттік сайлаудан соң болған бүліктерден кейінгі жылдары әлемнің әртүрлі жерінде Иранға қарсы 5000-нан аса адамды дайындауға ондаған миллион доллар жұмсады",-деп жазды.

Тынышсыздықтардан бірнеше атпа өткен соң АҚШ-тың бұрынғы Қаржы министрінің орынбасары Павел Робертс "Foreign Policy" атты америкалық журналға берген сұхбатында Вашингтонның Иран сайлауынан кейінгі оқиғалар мен бүліктерді басқаруда Ұлттық демократиялық қоғамның (NED) сайлауда жеңіліс тапқан үміткерлердің жақтастарына қаржылай көмек бергеніне тоқталды.   

9 дей оқиғасына шолу барысындағы төртінші жайтта қоғам мен халықтың арасынан жүйені қолдайтын жасырын күштің пайда болғанын көруге болады. Бұл айбын Иран халқының дұшпан танығыш қырағылығыған көрініс тапты.  

Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, 9 дей ерлігі – жүйе құдіреті тетіктерінің бір үлгісі. Бұл теңдессіз оқиғаны ешкім алдын ала ұйымдастырмады. Ислам жүйесінің басты негізі саналатын идеологиялық құдіреттің арқасында халық көшеге шығып, теңдессіз оқиға орын алды.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи баяндамаларының бірінде АҚШ-тың күдік тудырып, халықтың үміті мен өз-өзіне сенімін жою үшін үздіксіз талпыныс жасап келе жатқанын айтып: "9 дей өз салтанатымен халықтың осындай ойындарға жауап беріп, діни-революциялық құндылықтарды қолдаған күні болды. Әрине қазір де құндылықтарды сақтау мәселесі тұр",-деп еске салды.

Бесінші жайт – саяси-әлеуметтік талаптар, бүліктер мен анархия арасына шекара қою. Осы тарихи күнде Иран халқы өзінің милллиондық шеруінде қоғамда заң бұзушыларға қосылмайтынын жариялап, іріткі салушыларға қатаң жауап берді. Бүлікшілер Иранның президентік сайлауының оныншы кезеңінде заңбұзушылық болды деген сылтаумен қате жолға түсті. 9 дей оқиғасы Иран халқының қырағылығын дәлелдеп берді.

9 дей оқиғасының қырлары мен көрсеткіштерін сараптағандағы алтыншы жайтта бүліктердің артында тұрған мақсаттар әшкереленді. Президенттік сайлаудың оныншы кезеңінен кейінгі тынышсыздыққа толы оқиғалар ИИР жүйесінің беделін нысанаға алғаны анық.

Ирандағы президенттік сайлауға халықтың 85 пайызының қатысуын жалған деп көрсету жай мәселе емес. Бұл мәселенің жанынан бейжай өтуге болмайды.

Осы оқиғаға назар аударғандағы жетінші жайтта халықтың саяси сахнада болуының бірнеше қырдан әсері болды.

9 дей күні халықтың шеруге жаппай қатысуы көрсеткендей, Иран халқы революция мен жүйе құндылықтарын қорғауда және діни сенімдеріне берік болуда ешқашан күдік-күмәнға ұшырамайды. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, осы тұрғыдан бұл тарихи қатысу Ислам революциясының тарихында естен кетпес белестердің бірі, халықтың қырағылығынан туған әрекет, ұстанымдарды тану, халықтың иманы мен еркіне негізделген әрекетке айналды.

Бұл оқиғаны сараптағандағы сегізінші жайтта ИИР жүйесінің ішкі әлеуеттерінің бір бөлігі дұшпандардың бүлігін ауыздықтауда қолданылды.

Бұл ерекшелік – Ислам революциясының мәңгі сақталуы мен динамикасын сақтауының дәлелдерінің бірі. Иран халқының президенттік сайлаудың оныншы кезеңінен кейін болған бүлік және 1396 жылы болған оқиғалар мен жуырда қуат көздерін тұтынуды басқару жобасының орындалып, бензин бағасының өсуіне наразылықтарды теріс пайдаланып, Иранның кейбір қалаларында болған тынышсыздықтар сияқты қозғалыстарға қарсы тұруы Иран халқының ешқашан дұшпандарға ықпал етуге рұқсат бермейтінін көрсетті.

Иран халқы революциялық қырағылық және саяси ұстаным аясында шеруге шығып, ауытқыған топтарға жиреніш білдіріп, бүлікті тоқтатты. АҚШ пен Ұлыбританияның Батыс елдерінің елшіліктері, тыңшылық қызметтері, елден тыс жерлердегі стратегиялық зерттеу институттары арқылы шешуші рөлі айқындалғаннан кейін бұл бүліктің трансшекаралық қырлары ашылды.

Оқиғаға шолудағы тоғызыншы жайтта осы тарихи күнде ғибратты дәрістер мен жолдаулар берілді. Олардың есте қаларлық әсер беретіні анық.

Иран халқы дұшпандар мақсатының қоғамды екіге бөліп, жүйеге сенімсіздік тудыру екенін түсінді. 1388 жылы көшелерде болған бүліктер осы мақсатта жүзеге асырылып, азалы халыққа құрметсіздік көрсетіліп, мұхаррам айының Ашура күнінде өзінің шарықтау шегіне жетті.  

Осы тұрғыдан 9 дей ерлігінің себептеріне жалпы шолу жасау ұлы оқиғаның қалыптасуына әсер еткен факторлар мен мәселелердің барлығына көңіл аударуды қажет етеді. Сонда ғана бұл шерудің неге және қалай ИИР жүйесінің ірі қастандықтарға қарсы қолданатын жұмсақ күшінің қайнар көзіне айналғанын айқындауға болады.