Хазірет Зейнаб – ізгіліктің көрінісі
Хазірет Зейнаб өзінің жақсылығы, мейірімі және айбыны, сондай-ақ жарқын мінезі, адамгершілігі және қадір-қасиетімен басқалардан жоғары болды.
Бүгін Исламның ұлық пайғамбарының немересі хазірет Зейнабтың туған күні. Хазірет Зейнаб ең жақын адамдары шәһид болған кезде сабыр сақтаған мүмін, тақуа банудың өзі. Оның білімі мен қырағылығы баршаға танымал, есімі Ислам тарихының маңызды кезеңдерімен байланысты болды. Хазірет Зейнаб ресалят, велаят және пәктік ортасында тәрбиеленді. Хазірет Зейнабтың атасы Алла елшісі (с.ғ.с.) мен әкесі хазірет Әли (ғ.с.) кемел адамның жоғары үлгілері, анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) пәктік, сабырлық және табандылықтың көрінісі болды. Хазірет Зейнаб уаһи нұры мен велаят пен пәктік күні аясында тәрбиеленіп, жаратылған әлем тәрбиешілерінің жоғары тағылымымен жоғары деңгейге жетті.
Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетіне сәлем мен салауат айтып, әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Зейнабтың туған күнімен құттықтаймыз!
Хазірет Зейнаб хиджраттың 5 жылы уаһи әулетінде дүниеге келді. Хазірет Зейнабтың дүниеге келуімен хазірет Заһра (ғ.с.) мен хазірет Әли (ғ.с.) қуанышқа бөленді. Олар Алла елшісінен немересінің есімін қоюды сұрады. Алла елшісі немересін құшақтап, оған қарап, көзі жасқа толды. Содан соң құлағына азан шақырып, есімін «Зейнаб» қойды. Хазірет Зейнаб бала кезінен Алла елшісі мен отбасы мүшелерінің сүйіктісі болды. Хазірет Әли (ғ.с.) қызын алдына алып, мейіріммен сөйлесетін. Хазірет Заһра (ғ.с.) да кішкентай қызын аналық махаббатына бөлеп, оған дін мен Құран тағылымдарын үйретті. Рауаяттардың бірінде күндердің бір күні хазірет Әли (ғ.с.) хазіреттің Зейнабқа былай деп айтқаны келтірілген: «Қызым бір деп айт»,- деді. Қызы: «Бір»,- деді. Содан соң әкесі: «Екі деп айт»,- деді. Хазірет Зейнап «екі» деп айтпай, үнсіз қалды. Хазірет Әли (ғ.с.): «Қызым, неге екі деп айтпайсың?»- деп сұрйады. Хазірет Зейнаб тәтті тілімен: «Әке, бір деп айтқан тіл, екі деп айта алмайды»,- деп жауап берді. Әкесі қызының бұл сөзінен кейін перзентінің болмысындағы тауһидтың тереңдігін түсінеді. Ол қызының сөзін түсінді. Хазірет Зейнаб бала кезінен Алланы мадақтады.
Хазірет Зейнабтың ерекшеліктерінің бірі батылдығы болды. Сондықтан зияратнамасында «Хашеми әулетінің арыстан әйелі» деген лақаппен аталды. Ахлақ ғылымының ұстаздары батылдықты үш деңгейге бөледі: бірінші деңгейі басқалардан, әсіресе зорлықшылдардан қорықпау; екінші деңгейі біріншіден жоғары, яғни, нәпсіні бақылауға алу; үшінші деңгейі батылдық, яғни, өз өмірінде жеңіс немесе жеңіліспен бетпе-бет келген кезде сабыр сақтап, ұстамдылық білдіру саналады. Хазірет Зейнаб батылдықтың үш деңгейіне де ие болды.
Хазірет Зейнаб бала кезінен ата-анасының ғибадаттары мен түнгі намаздарын жақыннан көріп, өзі де түнді Жаратушымен сырласу үшін ояу өткізген. Ол отбасы мүшелері сынды Құраннан адамның жаратылу мақсаты кемелдік пен құлшылықтың биіктігіне жету екенін жақсы үйренген болатын. "Зарияат" сүресінің 56-шы аятынан: "Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылуы үшін ғана жараттым",- деп оқимыз. Хазірет Зейнаб Аллаға құлшылық етіп, ғибадаттарын орындауға ғашық болып, ең қиын жағдайларда да оларды тоқтатпады. Құлшылық етудің белесіне жеткен бұл бану Жаратушымен шын жүрекпен сырласатын. Хазірет Зейнабтың құлшылық ету ідеңгейін имам Хусейннің келесі сөзінен түсінуге болады. Өзі пәк, Алланың қалауымен күнәдән алыс болған имам Кербалада дұшпанға аттанар кезде қоштасып, қарындасына: "Қарындасым, мені түнгі намаздарыңда ұмытпа, мені үшін дұға тіле",- деген болатын. Имам Саджад (ғ.с.) да хазірет Зейнаб туралы: "Апам Зейнаб Куфеден Кербалаға жеткенше бүкіл жол бойы уәжіп және мұстахаб намаздарын орындады. Кейбір үйлерде аш және әлсіз болғанына байланысты намазын отырып оқыды",- деп айтқан.
Хазірет Зейнабтың келесі ерекшелігі – пәктігі мен тазалығы. Пәктік пен тазалық – әйелдердің ең құнды қадір-қасиеттері. Хазірет Зейнаб тазалық пен пәктікті анасы хазірет Фатима-Заһрадан (ғ.с.) үйренген. Ол ең ауыр жағдайларда да пәктігін көрсетіп, тұтқынға түскен кезде, сондай-ақ Кербаладан Шамға қарай жолға шыққанда да бөтен адамдардың көзіне түспес үшін хиджабын сақтаған. Сүннит мұсылман жазушы әрі зерттеуші Айша бент әш-Шати: "Хейнаб жас кезінде қандай болды? Тарихшылар еш нәрсе айтпайды. Өйткені ол үйде және хиджабын сақтап өмір сүрді. Біз жабық есіктің артынан оны көре алмаймыз. Бірақ ондаған жылдардан кейін Зейнаб үйінен шығып, Кербалада ерлік көрсетті.
Өкінішке орай, осы кезде әлемнің түкпір-түпкірінде үстемшілдер мен мәдени шабуыл жасаушылар әйелдердің тазалығын нысанаға алып, әйелдерге әсер ету арқылы қоғамды тұрақсыздық пен дінсіздікке итермелеуге талпынуда. Олар әйелдердің намысы мен пәктігін жойып, қоғамды бұзақылыққа итермелеп, өздерінің шайтандық сұраныстарына жетуді көздеуде. Үстемшілер дін жойылса, әйелдер мен ерлерді намысы мен тазалығынан айыратын мүмкіндік туатынын түсінді. Әйелдер пәктік пен намыс, абырой сабағын Алла елшісінің немересі хазірет Зейнебтен ала алады. Әйел, ғалым, мистик, саяси белсенді және ықпалды адам бола тұра, хазірет Зейнаб сынды намысы мен пәктігін сақтай алады.
Хазірет Зейнабтың тұрмыс құратын уақыты келген кезде өз көкесінің ұлы Абдолла бен Джафар сөз айтты. Абдолла отбасы тұрғысынан ерекше орынға ие болды. Оның әкесі, Пайғамбардың (с.ғ.с.) көкесінің перзенті және хазірет Әлидің (ғ.с.) бауыры Джафар бен Абиталеп Муте соғысында шәһид болды. Абдолланың анасы Асма бен Амис Алланың ризалығы үшін көп жылдар бойы отанынан алыс Хабаше жерінде өмір сүріп, жұбайы шәһид болған кезде сабыр сақтаған жанкешті әйел еді. Абдолла бен Джафар осындай ата-ананың ортасында тәрбиеленді. Хазірет Зейнаб Абдолламен отбасын құрмақ болған кезде тұрмыс құрудың шарты ретінде ағасы Хусейннің (ғ.с.) қасында болуды сұраған болатын. Абдолла бұл шартты қабылдады.
Хазірет Зейнабтың тағы бір қадір-қасиеті жанкештілігі болды. Ол Кербала оқиғасы кезінде тіпті өзінің су үлесін пайдаланбай, балаларға берген. Куфеден Шамға жеткенше аштық пен шөлдегеніне қарамастан жанкештіліктің әдемі көрінісін көрсетті. Имам Зейн әл-Абидин: "Апам Зейнаб тұтқын бола тұра тамағын балаларға бөліп беретін»,- деп есіне алатын.
Қорыта айтқанда, хазірет Зейнаб жоғары ахлақи қадір-қасиеттердің көрінісі болды. Сабыр мен табандылық, иман мен жанкештілік, әр-намыс хазірет Зейнабтың ерекшеліктері болды.
Әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Зейнабтың туған күнімен құттықтаймыз!