Трамп және климаттың өзгеруі тақырыбы 4
(last modified Sat, 18 Jan 2020 14:50:52 GMT )
Қаң 18, 2020 20:50 Asia/Almaty
  • Трамп және климаттың өзгеруі тақырыбы 4

Трамптың пікірінше, жаһандық жылыну шынайы емес, бұл қытайлықтардың ойдан шығарған қастықтары.

 

2017 жылы Дональд Трамп АҚШ Президенті ретінде билік басына келген кезде, АҚШ-тың әлем бойындағы  парниктік газдердің ең үлкен өндірушісі болуына қарамастан сайлау науқаны ағымында айтқанын қайталап, америкалық азаматтарға бұл елді Париж келісімінен шығару уәде берді. Ол: «Бұл келісім алты жарым миллион жұмыс орны мен 3 триллион долларын құрайтын жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) жоғалтуға себеп болуда»,- деп уәжденді. Трамптың пікірінше, жаһандық жылыну шынайы емес, бұл қытайлықтардың ойдан шығарған қастықтары. Осыған орай ол Париж келісімінен шығып, АҚШ  климаттың өзгеруіне қарсы шешімдерді орындады деп санайды. Трамп мұнай өндірісін арттыру үшін президент Барак Обаманың парниктік газдардың мөлшерін азайтуға байланысты заңдарының күшін жойды. Сөйтіп өткен жылдарда АҚШ-тағы климаттың өзгеруінің алдын алатын жұмыстарға тыйым салынды. Трамптың әрекеттері әлем түгілі, АҚШ-тың өзіне көптеген қиындықтар тудырды деп айтуға болады. Бұл қиындықтардың бірі осы кезде АҚШ пен әлемнің көптеген аймақтарына қатер тудырып отырған құрғақшылық болып табылады.

 

Құрғақшылық

Құрғақшылық – су тапшылығы, яғни аймақтың судың жетіспеушілігімен бетпе-бет келетін кезең. Құрғақшылық бірнеше айдан жылдарға дейін созылуы мүмкін. Бұл судың теңгерімсіздігін тудыруы мүмкін, нәтижесінде су тапшылығы, өсімдіктердің жойылуы, гидроэлектростанцияларға қажет су ағынының қарқындылығының төмендеуі, жер үсті суларының тереңдігі мен ылғалды топырақтың төмендеуі мүмкін. Бұл жағдай өсімдіктердің  булануы әдеттегіден артқан кезде пайда болады. Құрғақшылық - әлемнің кез келген жерінде ауылшаруашылығы үшін ең маңызды физикалық проблема.

Өткен онжылдықтарда құрғақшылықтың негізгі себептерінің бірі болып, жаһандық жылыну саналады. Жердің жылынуы булану деңгейін асырып, ауылшаруашылық өнімдердің суға деген қажеттілігін арттыруда. Басқа жақтан климаттық өзгерістердің салдарлардың бірі саналатын жауын-шашынның азаюйы ауылшаруашылық қолданатын су мөлшерінің азаюына және нәтижесінде құрғақшылыққа әкеледі. Осы кезде мемлекеттердің көбінде климаттың өзгерістері  құрғақшылық құбылысына себеп болуда. Мәселен, Эфиопия мен Гватемала сынды кедей елдерде жауын-шашынның аздығынан шаруалар азық-түлігі үшін жері мен жабдық-құралдарын сатуға мәжбүр.  Сондай-ақ Африка мүйісі мен Орталық Америка аймағындағы  құрғақшылықтың жалғасуы табиғи ресурстарды жойылуына себеп болды. Сомалиде адамдар тамағы мен суы үшін бірнеше шақырым жол жүруге мәжбүр. Қазіргі кезде құрғақшылық бүкіл әлемде азық-түлік тапшылығының негізгі себебі болып табылады. Африка елдеріндегі аштық, әрине, жаңа құбылыс емес. Тіпті көздерін ашуға әлдері жетпейтін, тек сүйегі мен терісі қалған балалар, жануар  немесе адамның мәйіттерінің үстінде отырған тазқаралар, сондай-ақ құрғақшылықтың салдарынан  жарылған жерлер  - сирек кездесетін жәйт емес. Бірақ БҰҰ-ның бағалауы бойынша Африка мүйісіндегі Сомали, Кения, Эфиопия, Судан, Уганда және Джибути еліндегі ашаршылық пен құрғақшылық соңғы 60 жылда бұрын-соңды болмаған.  БҰҰ: «Климаттың өзгеруі бұл елдердегі аштық дағдарысының негізгі себебі. Өнім шығаратын елдердегі құрғақшылық азықтың әлемдік бағасының қымбаттауына  және халық тұрмысының қаржыларының артуына әкелді»,- деп жариялады. Сарапшылардың пікірінше, азық өндірісінің төмендеуінің қатері сондай деңгейге жетіп, келешекте қарулы шабуыл емес азық пен ішімдік суы дағдарысы адам үшін басты қоқан-лоққы болады.

Африкадағы құрғақшылық

Қолда бар деректер әлемдегі құрғақшылық пен жауын-шашынның жетіспеушілігі қазір көптеген проблемаларды тудырып отырғандығын көрсетеді. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, осы кезде  әлемде 3 миллиардқа жуық адам таза ішімдік суға жеткілікті қол жетімді емес.   2030 жылға қарай әлем  халықының жартысы бұл мәселемен бетпе-бет келеді. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) баяндамасында әлемдегі азық-түлікпен қамтамасыз етудің 40 пайызы ауыл шаруашылығына байланысты және 2050 жылға қарай әлем халқы 9 млрд. жетеді. Сондықтан бұл халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауылшаруашылығы өнімі өндірісін кем дегенде 60 пайызға артыру қажет. Климаттың өзгеруі жауын-шашынның азаюы, температураның көтерілуі мен жердің ысуын әкеледі.  Әлемдегі судың шамамен 70 пайызының ауылшаруашылық өнімдерін суару үшін пайдаланылатындығына назар аудатарын болсақ, құрғақшылық пен су тапшылығы дағдарыстары туралы болжамдар айтылады. Сондықтан  егер бұл дағдарыс бақылауға алынып, оны шешуге шара қолданылмаса, әлем халқының кемінде жартысы аштықпен бетпе-бет келуі мүмкін. 2012 жыл АҚШ климаты тархында маңызды жыл болды. Бұл жылы бірнеше аймақтың құрғақшылығы бірге орын алып, АҚШ-тың 60 пайыздан артық жері құрғақшылық қатеріне тірелді.  Өткен жылдарда бұл қатер азайғанымен, осы кезге дейін құрғақшылық қауіпі толық шешілмеді.

«Спутниктің» Science Alert-ке сүйеніп хабарлауынша, АҚШ ғалымдарының тобы алдағы 50 жылда Құрама Штаттар жаһандық жылынудың салдарынан ауыз судың едәуір тапшылығына тап болады деп мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, осы кездің  өзінде орталық және оңтүстік-батыс және орталық Рокки таулары, Калифорния, Флорида және Орта Батыс аймақтарда сумен қамтамасыз ету қатермен бетпе-бет келуде. Ондаған мемлекеттік органдар мен бірқатар министрліктердің көмегімен жасалған «Климаттың ұлттық бағалауы» деп аталған АҚШ үкіметінің мәлімдемеде климаттың өзгеруінің, соның ішінде құрғақшылықтың салдары көрсетілді. Аталмыш мәлімдеме бойынша, климаттың өзгерістеріне байланысты қаржы шығындар жүздеген миллиард долларға жетуі мүмкін. Тек АҚШ-тың оңтүстік-шығы аймағы 2100 жылға дейін температураның қатты өзгеруіне тиесілі жарты миллиард доллар құрайтын жұмыс сағаттарынан айырылады деген болжамдар жасалды. Бұл ғасыр бойы жоғары температура, құрғақшылдық пен су тасқының салдарынан өнімдердің саны мен сапасы төмендейді. Орталық Батыстың кейбір аймақтарында ауылшарушылық осы кезде өндіріп отырған өнімдерінің 75 пайыздан азын өнідерітін болады. Температураның жоғары болуынан алдағы 12 жылда сүт өнімдерінің мөлшері 1,5 пайызға төмендейді. Бұл өнеркәсіп 2010 жылғы жоғ,ары температура апаты салдарынан 1 миллиард 200 миллион доллар шығынға ұшырады. Осы күні температураның көтерілуінің салдарынан Гавай, Кариб теңізі және басқа да жерлерді сенімді және қауіпсіз сумен қамтамасыз ету қауіп-қатермен бетпе-бет келуде. Бұл мәлімдемені жасаған адамдардың бірі Кэтрин Хейху: «Біздің алаңдауларымыз ер температурасының 1 градусқа көтерілуіне ғана емес, климаттық өзгерістерге тәуелді азық пен экономикағы байланысты»,- деді.

АҚШ Конгресінің сұранысымен дайындалған «Климаттың ұлттық бағалауы» мәлімдеменің көптеген жерлері Трамптың сөздері мен саясаттарына қайшы келеді. Трамп бұл мәлімдемеге реакция білдіріп, оны қабылдамай және нақты емес деп атап, өз үкіметі дайындаған климаттың өзгерістері АҚШ-тың экономикасына миллиардтаған доллар шығын келтіруі жөніндегі мәлімдемеге сенбейтінін қуаттады. Климат мәселелері сарапшысы Кэтрин Хейху: «Трамптың бұл шындықты қабылдамауы, дәрігер науқасға обыр ауруға шалдыққанын айтқан кезде, науқастың «менде бұл ауру жоқ» деп айтуына ұқсас. Бұл жағдайда дәргер аурухананың обыр ауруы саласындағы бүкіл дәрігерлерін жинап, науқас адамға ауруы туралы айтқызу шешім қабылдайды. Бірақ науқас бұл жолы да өз сөзін қайталады»,- деді.

АҚШ-тың Вермонт штатының сенаторы Верни Сандерс те Трамптың климаттың өзгеруі жөніндегі сөздеріне реакция білдіріп: «Трамп іс жүзінде климаттың өзгеруіне байланысты шындыққа немқұрайдылық білдіріп,  қазбалы отын өндірісімен ынтымақтастық  етіп, жағдайды одан сайын нашарлататын  саясатын жалғастырып келе жатқан үкіметті басқаруда. Бұл саясат АҚШ пен әлемге соққы беруде»,- деді.

Не дегенімен Трамп ілімді қабылдамауы мүмкін, бірақ оған қатысты шындықтарды өзгерте алмайды.