Имам Мұса Каземнің шәһид болған күні
(last modified Fri, 20 Mar 2020 02:37:46 GMT )
Нау 20, 2020 08:37 Asia/Almaty
  • Имам Мұса Каземнің шәһид болған күні

25 режеп – Алла елшісінің (с.ғ.с.) немерелерінің бірі имам Мұса Каземнің (ғ.с.) шәһид болған күні. Биыл бұл күн хижри-шамси күнтізбесінің Жаңа жылының және көктемінің бірінші күнімен тұспа-тұс келді.

 

Өзінің хош иісі және ерекше көңіл-күйімен жүрекке қонымды көктем мерзімі келді. Балқарағайлар басын көтерді.  Наурызшешектің нәзік бүршіктері көрініп, көктемнің жаршысы  бұлбұл  әнің шырқауды бастады.

Суықты кетіріп, бүкіл жерді гүлдендіретін көктемге – сәлем. Көктем жер бетіне қуанышты таратады. Үміт пен толқыныс және жарықтың мейірім дауысын жеткізетін наурыз айының сәттеріне – сәлем. Көктемнің мейірім рухын қабылдап, жүрегін наурыздың періштесіне жүрегін ашқандарға – сәлем.

Хижри-шамси күнтізбесі көктемінің  алғашқы күні режеп айының 25 жұлдызы имам Мұса Каземнің (ғ.с.) шәһид болған күнімен тұспа-тұс келді. Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) жақтастарына имам Мұса Каземнің (ғ.с.) шәһид болған күніне орай көңіл айтамыз. 

Имам Мұса Казем (ғ.с.) мүмін, тақуа отбасында дүниеге келді. Хазіреттің әкесі имам Садық (ғ.с.) және анасы Хамиде Хатун болды. Хамиде Хатунның рухани болмысы сондай жоғары болып, имам Садық (ғ.с.) бұл бануды барлық кемшіліктер мен ластықтардан тазарған адам деп сипаттаған. Оның мәртебесі мен діни білім мен ислам мәселелерін шешуге қатысты имамы (а.с) олардан сұрақ немесе проблема туындаған кезде мұсылман әйелдеріне сабақ беруді, білім беруді және басшылық етуді сұрады. Ғылыми мақамы, діни тағылымдар мен исламдық мәселелер туралы мәліметтерге ие болуы сондай жоғары болғандықтан, исламдық қоғамның әйелдері сұрақтары және мәселелерімен имамға (ғ.с.) келген кезде, хазірет бұл бануға мұсылман әйелдерге сабақ жүргізуді ұсынатын.

Имам Мұса Казем (ғ.с.) исламдық қоғамда илаһи құндылықтар реңкі қашып, халық пен қоғамға қызмет етудін орнына басшылар бұзақылық пен жемқорлыққа батып, халық байлығын талан-таражға салған кезеңде өмір сүрді. Билік сарайындағы ғұламалар үкімет басына заңсыз келген басшыларды мадақтап, Аббситтер халифатына жағымпазданып, жалғандықты халыққа шындық қылып көрсетуге талпынды. Мұндай жағдайда имам Казем (ғ.с.) оларға қарсы тұрып, әр мұрсатты халықты басшылардың білім мен иманнан ада  екені туралы хабардар етуге пайдаланды. Имам Казем (ғ.с.) халықтың ойлануға шықырды. Өйткені  ойлану ақылдың қорегі.

Имам Каземнің (ғ.с.) негізгі талпыныстарының тәпсіршілер, хадисшілер мен әртүрлі салаларда уағыздаушыларды даярлау болды. Имам Каземнің (ғ.с.) заманында  имам Садықтың (ғ.с.) кезіндегіндей     ғылыми және мәдени жұмыстарға жағдай болмағанымен, хазірет ислам мәдениетін кеңейту мен әйгілі шәкірттер тәрбиелей алды.  Хазірет Мұса Казем (ғ.с) барлық саяси-әлеуметтік салаларда белсенділік танытуымен қатар, өз заманының көрнекті ғылыми және діни тұлғаларына білім беріп, оларды тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Фикһ, рауаят, калам, тәпсір мен пікірсайыс секілді салалар бойынша бұл ұлағатты ұстаздың тәрбиесін көрген шәкірттерге ешкім тең келмейтін. Хазіреттің шәкірттері мұсылмандарға қызмет етуде де баршаға үлгі-өнеге болып, халықтың аузынан түспейтін. Жетінші имам шәкірттерінің рухани ұлылығы мен ерекше тұлғалық қасиеттері қарсыластардың, әсіресе Аббаси әулетінің билеушілерін таң қалдыратын. Халифтер олардың халықтың жүрегіне жол табу арқылы көтеріліске шығып, Аббасилердің езгісінен әбден шаршаған халықтың да оларға қосылуына алаңдаған еді.   

Имам Каземнің (ғ.с.) әрекеттерінің бірі сенім желісін кеңейту болды. Бұл ұйым имам Садық (ғ.с.) кезінде хумс, зекет және нәзірді жинау және қажет адамдарға тарату үшін құрылған. Имамның өкілдері сыйларды алып, кедейлерге таратып,  имам мен оның жақтастары арасында қатынас орнатуға  көмектесетін. Имам Казем (ғ.с.) әкесі шәһид болған соң,  қысым көріп, абақтыға қамалғанына қарамастан, желіні сақтап қалумен шектелмей,  оны кеңейтті. Имамның  өкілдері шииттерге аталмыш қауіпсіз байланыс желісі арқылы өздерінің діни және діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Куфе, Бағдад, Медина, Египет және басқа жерлерде  белсенді жұмыс істеді.  Абу әл-Хасан Мұса бен Джафардың (ғ.с.) болмысында барлық жақсылық жинақталып, хазірет ислам қоғамының әртүрлі топтары мен халықтарына, тіпті мұсылман еместердің жүректеріне ықпал етті. Біреулер имамның ғибадаттарына, басқалар сабырлығы мен жомарттығына, үшіншілер имамның адамдардың мәселелерін шешуіне куә болып, хазіретке бет бұрды. Түнді намаз, күнді ораза тұтумен өткізген. Сабырлығы мен кешірімділігіне қатысты "Казем" деп аталды. Хазірет өзі туралы жамандағандарға жақсылықпен жауап қайтарып, жамандық жасағандарды кешіретін. Имамның тағұтқа қарсы ұстанымы соншалықты шынайы болғандықтан, ол өзінің шәкірттерінің бірі Зияд бен Саламені тағұт билігімен қызметтес болуына тыйым салды. Ол: «Мен әйел мен балаларым бар адаммын, сондықтан күнделікті қажеттіліктерімді қамтамасыз ету үшін олардың құрылғыларында жұмыс істеуім керек!»- деді. Имам оған: «Мен үшін олардың жұмыстарының бірімен айналысуымнан гөрі ғимараттың төбесінен құлап, бөлшек-бөлшек болып жатқаным жақсылау», - деді.

Имам Казем (ғ.с.) әр уақытты ғибадат етуге және Аллаға жақындауға пайдаланды. Осыған орай «Зейн әл-Моджтаһедин», яғни ғибадат жасаушылардың мен Алла  жолындағы талпыныс жасаушылардың көрінісі деп аталды.  Имам (ғ.с.) өмірінің ең әдемі сағаттары деп Жаратушымен сырласып өткен уақытын, ал  өмірінің ең жағымды сәттері дұға ету және Құдайдың бұйрықтарын орындау деп санайтын. Имам Казем (ғ.с.) Құранды әдемі оқитын.  Имамның (ғ.с.) дауысы бүкіл болмысынан шыққан сияқты болатын. Имамның Құран оқуы басқаларды таңғалдыратын, сондықтан көптеген жағдайларда  адамдар мешіттің бұрышында орналасып, тыңдайтын. Ең бастысы, имам қарсылық пен төзімділік сабағын Құраннан үйреніп, оны Құранды қорғауға қолданды. Имам Мұса Казем (ғ.с.) 35 жыл күрес, абақтыда қамалып, сан рет қудаланып, үрей тудыратын ортада өмір сүріп, биліктің қысымына қарамастан илаһи ахкамды орындап өмір сүрді. Имам Казем (ғ.с.) ұзақ уақыт, шамамен 7-10 жыл бойы Харунның әртүрлі абақтыларында  қамалды. Соңғы рет қамауға түскен кезде көп  азап көрді. Имамды қамари күнтізбесі бойынша 183-ші жылы Харун әр-Рашидтің бұйрығымен уландырылды. Имам абақтыда шәһид болды.

Имам Казем (ғ.с.) шамамен 35 жыл мұсылмандар имаматына ие болып, көптеген жылдарын   түрмеде және қуғында өткізді. Харун имамды екі рет түрмеге жіберді, екінші рет қамауда өткізген уақыты төрт жылға созылды. Түрме ортасы әдетте тұтқындағы адамның абыржуы мен уайымына  әкеледі. Бірақ Имам Каззем (ғ.с.) азап-қорлыққа төзіп,  абақтыны құлшылық етіп, ғибадат жасау жерге айналдырды.  

Сондықтан Харун күзетшілерге әсері азырақ болуы үшін имамның  түрмесінің орнын өзгертуге тура келді. Имам Казем (ғ.с.) тұтқындалған соңғы абақтыда  имамды бақылауға қатыгез Сенди бен Шахақ қойылды.   Бұл қорқынышты түрмеде имам көптеген қиыншылықтарды бастан өткерді, бірақ бұл жерде де таудай табанды тұрды. Бұл жерде де Харун  имамның биік және жеңілмейтін рухына қарсы тұра алмады, сондықтан имам Каземді (ғ.с.) өлтіру шешім қабылдады.  Ақыры, хиджри-қамаридың 183 жылы Харунның бұйрығымен имам Казем (ғ.с.) уландырып өлтірілді.

Имам Каземның (ғ.с.) шәһид болған күніне орай көңіл айтамыз.