Исламдағы ахкам философиясы (10)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i46907-Исламдағы_ахкам_философиясы_(10)
Шынайы намазхан Аллаға иман келтіріп, тек Алланың ризалығына ие болу туралы ойлап, өмір сүреді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 25, 2020 20:26 Asia/Almaty
  • Исламдағы ахкам философиясы (10)

Шынайы намазхан Аллаға иман келтіріп, тек Алланың ризалығына ие болу туралы ойлап, өмір сүреді.

Намаздың әсер етуінің ең маңызды белгілеріне адамды илаһи тура жолдан алыстатып, жалған құдайлар мен екіжүзділікті теріске шығаруы жатады. Имам Реза (ғ.с.) бұл туралы: «Намаздың философиясы – тек бір Аллаға құлшылық етуде, шерк пен пұтқа табынудан алыстап, әлем Жаратушысынан күнәләр мен қателерді кешіруді сұрауда. Еш уақытта Жаратушымызды ұмытпай, материалдық әлемнің жылтырағына қызықпайық»,- деген. Сондықтан шынайы намаз оқитын адам Аллаға иман келтіріп, өмірде тек Алланың ризалығына ие болу туралы ойлап өтеді. Құран Алла тарапынан келесі жолдауды жеткізіп: «Бізді ұмытпау үшін намаз оқы»,- деді. Бұл жерде тіршіліктің құлдыраулары мен шарықтауларында Алланы тіл, жүрек және амал арқылы еске алу туралы айтылды.  Осындай көзқарасқа сүйене отырып, шынайы намазхан байлық, нәпсіқұмарлық және азғырулардан босап, абырой мен құрметке ие болады. Иқбал Лахуридің айтуынша, «Кімде-кім Алламен тек оған ғана құлшылық етуге келісім жасаса, ол Алладан басқа «құдайға» ешқашан оралмайды, керісінше, бостандық пен еркіндікке қол жеткізеді. Намаз оқитын адам монотеистік дүниетанымға ие болып, өз мақсатын тек Аллаға жақындау деп санайтын болады. «Иншиқақ» сүресінің 6-шы аятында: «Әй, адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң, сонда Оған жолығасың»,- деп айтылды.

Бүкіл болмысымен илаһи кеңістікті түсінген хазірет Әли (ғ.с.) шынайы мүмін, намаз оқитын адамдар туралы: «Періштелер оларға түсіп, илаһи тыныштыққа бөленеді. Оларға илаһи әлемнің есіктері ашылып, орын дайындалды. Жаратушы олардың құлшылығын мадақтады. Алланы шақырған кезде, олар илаһи мағрифат пен кешірімді сезеді»,- деді. («Наһдж ул-Балағе», 220-шы құтпа). 

Шағбан айының мүнәжәтінда шынайы мүмін: «Уа, Алла! Өзіңе жақындау үшін бізді барлық тәуелділіктен алыстат. Өзіңе жақындау үшін жүрегімізді өз нұрыңмен нұрландыр. Сөйтіп нұрдың алдындағы перделер ашылып, өзіңнің бұлағына жетіп, жанымызды тазартамыз. Уа, Алла! Бізді ұлылығыңның алдында бас игендердің қатарына қоса гөр»,- деп сұрайды. Намаз бен дұғалар арқылы Аллаға жақындайтын адамның мақсаты олардың әлемін түсінбейтін адамдардан кез келген тұрғыдан өзгеше болады. Хазірет Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» 228-ші құтпасында: «Дүниеқұмарлар өз денесін маңызды және өлімді үлкен оқиға деп санайды. Бірақ Аллаға жақындау туралы ойлайтындар рухының өлімі туралы ойлайды»,- деді. Иман келтіргендер Алланың жолына түскендерден қалып қоймау туралы ойлайды. Хаірет Әли (ғ.с.) «Комейл» дұғасы бөлімдерінің бірінде: «Уа, Алла! Менің күшімді арттыр, өзіңнің айбыныңды түсінуге көмектес»,- деп сұрады.

Қорыта айтқанда, намаз оқып, Алламен сырласып, Аллаға құлшылық ету адамды басқалар үшін үлгі боларлық, намазды мәдениет ретінде қалыптастыруға әсер ете алатындай адам тәрбиелейді.