15-хордад көтерілісі
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i47028-15_хордад_көтерілісі
ИИР негізін қалаушы имам Хомейнидің дүниеден озғанынан бері 31 жыл өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 04, 2020 16:31 Asia/Almaty
  • 15-хордад көтерілісі

ИИР негізін қалаушы имам Хомейнидің дүниеден озғанынан бері 31 жыл өтті.

 


 

 

Имам Хомейни илаһи құндылықтарға сүйенген күрескер болды. Ол өмірінің қомақты бөлімін күрес пен революцияға құрмет көрсетуге арнады.   Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1342 жылының 15-хордад оқиғасы революцияның тағдырына әсерін тигізген имам Хомейнидің Иранның саяси өзгерістер тарихындағы күресінің маңызды кезеңі саналады. Негізінде революцияшыл қозғалыс жағдайы 1332 жылдың 28 мордадындағы (1953 жылдың тамыз айы) америкалық-ағылшын төңкерісінен басталды. Шах режимінің басып-жаншуы артқан жағдайда имам Хомейни оларды өз сөзі мен мәлімдемелері арқылы әшкереледі. Ол 1342 жылдың 13-хордадында Құмдағы Фейзие медресесінде сөйлеген сөзінде тарихи маңызды мәселелерге тоқталды. 1342 жылғы имамның сөзі негізінде Иран халқының құқыларына зорлық-зомбылық жасағаны үшін шах режимін айыптау және үстемшіл мақсаттарды көздеген «ақ революция» деп аталған ағымдарға наразылық білдіру болды. Сол әшкерелеулерден кейін шах режимінің нөкерлері 1342 жылдың 15 хордад күнінің таңында Құмдағы имамның үйіне басып кіріп, ол кісіні тұтқындап, Теһран түрмесіне жеткізді. Имамның түрмеге қамалғаны туралы хабар таралған соң Құм,  Теһран, Мешһед пен Шираз секілді Иранның әртүрлі қалаларында наразылық шерулері басталып, бірнеше күнге жалғасты. Шерулер кезінде көп адам қаза болды, жарақат алып, тұтқындалды. Біраздан кейін шах режимі имамды азат еткенімен наразылықтар жалғасты. Иам үнсіз қалмай, шах режимі мен үстемшілдікке наразылығын күшейтті. Наразылықтар имамның қайтадан тұтқындалып, елден қуылуына жеткізді. Шах режимі имамды Түркияға, кейін Наджаф пен Францияға қудалады.

Имам Хомейни 15-хордад туралы: «15-хордад – Ашура күні сынды мазлұм халықтың аза күні. 15 хордад – ерлік күні; Ислам мен мұсылмандардың қайта туған күні. 15- хордад ерлік күнін еске алу – тарих бойындағы адами құндылықтарды еске алу. 15- хордад көтерілісі шах билігін құлдыратып, аңыздарды теріске шығарды. Ұлы халық көтерілісі және перзенттерінің төгілген қанымен келешек ұрпақ үшін көтеріліс жолын ашып, мүмкін еместі мүмкін етті»,- деді.  Имам Хомейни зорлық-зомбылық көрген халықтар арасында, тіпті қиын жағдайларда да ең үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады деген сенім қалыптастырып, шынайы күрес майданында құдыреттің халықтың қолында екенін, сондай-ақ, әлемдік алпауыттардың қолдауына сүйенбей үлкен саяси өзгеріс жасауға болатынын көрсетті.

Ирандағы Ислам революциясының жеңісі әлемнің азаттық талап етуші халықтарының шабыт беретін қайнары ретінде әлемнің саяси қозғалыстарының, әсіресе исламдық елдердің назарына түсіп, осы кезге дейін 40 жыл өткенімен әртүрлі елдердегі революциялардың негізі болып келеді. Имам Хомейни құтқаратын саяси ой-пкірілерді таратып, Ислам мен исламдық қоғамды оқшауланып, шындық пен әділет талап ету жолында күресті. Имам Хомейнидің саяси көзқарасының жаһандануы әлемге Ислам революциясының әділет пен шындықты көздейтінін көрсетті. Имам қырағылығымен халықты оятып, мұсылмандар, ислам әлемі мен әлсіздер арасында күреске қажет батылдық рухын таратты. Бұл үлкен қозғалыс революция құндылықтарын жаһандық құндылыққа айналдырып, халықтың құқыларын қорғауды қарсыласу ағымы түрінде қалыптастырды. Сөйтіп, Ислам революциясы әлемнің саяси және әлеуметтік салаларындағы шындықты талап ету ағымның көрінісіне айналды. Бұл имам Хомейнидің саяси көзқарасының болмысындағы теріске шығарылмайтын оқиғалар болды. Сондықтан имам Хомейнидің саяси ой-пікірі аймақ пен әлемдегі үлкен өзгерістің бастауы болды. Негізінде имам Хомейнидің Исламның мүмкіндіктерін таныстыру саласындағы үлкен қозғалысы екіполюстік жүйені дағдарысқа тіреді.