АҚШ – кемсітушіліктер империясы (1)
«АҚШ – кемсітушіліктер империясы» атты бағдарлама 11 бөлімнен тұрады. Бағдарламада АҚШ қоғамындағы полицияның азшылықтарға қатігездік тақырыбы қарастырылады.
Бұл бағдарламада АҚШ-та полицияның азшылықтар мен түрлі түстілерге қарсы қатігездіктерінің себептерін анықтауға күш салынды. Бірінші бағдарламада АҚШ-тағы азшылықтар мен полицияның қатігездігіне жалпы шолу жасаймыз.
АҚШ-та полицияның азшылықтарға қарсы, тіпті азшылық топтарға жататын балалар мен жасөспірім күдіктілерге қатысты қатігездігі әсіресе соңғы жылдарда осы елдің қоғамында көптеген алаңдаушылық тудырды. АҚШ қоғамында полицейлердің азшылықтарға қарсы қатігездіктері ерте заманнан бұл елде үстемдік ететін нәсілшілдіктен бастау алып отырғанға ұқсайды. Басқа жағынан сыншылар АҚШ-тағы «полицияның айуандығы» деп атайтын полицияның дөрекі қатынасы – осы ел қоғамында қалыптасқан қатігездіктің жаңғырығы. АҚШ еуропалық мигранттар, әсіресе британдық мигранттар тарапынан құрылған. Бұл ел құл саудасы арқылы дамыды. Жалпы, АҚШ-тағы азшылық топтарға түрлі түстілер, соның ішінде қара нәсілділер, үндістер, сары түстілер мен қытайлар, латынамерикалықтар сияқты аз ұлттар және мұсылмандар, буддистер мен яһудилер сияқты діни азшылықтар жатады.
Осыдан біраз жыл бұрын қара нәсілді азшылық АҚШ-тың кейбір өңірлеріндегі плантацияларда құл және қара жұмысшы ретінде қолданылған. Екінші топ, яғни үндістер осы құрлықтың бастапқы тұрғындары саналады. Байлығы талан-таражға салынғандықтан олар еңбекқор болса да, кедей халық болып отыр. АҚШ-тың әртүрлі өнеркәсіп салаларында ұзақ уақытқа және аз жалақыға жұмыс істейтін азиялық сары түсті азшылық пен латынамерикалықтар үшінші және төртінші топтарға жатады. Шын мәнінде АҚШ-тың қазіргі дамуы мен модернизациялануы ресми түрде осы елге қоныс аударған ақ нәсілділер тарапынан отарланған түрлі түсті төрт азшылықтың еңбегіне қарыздар. Түрлі түсті төрт америкалық азшылыққа бесінші және алтыншы азшылықты қосу керек. Олар да АҚШ полициясының қатігездігін бастан өткерді. Олар – мұсылман азшылық пен сионизмге қарсы яһуди азшылық. «Либералдық экономика» деп аталатын АҚШ-тың капиталистік экономикалық жүйесі осы азшылық топтарға тұрмыстық дамуға мүмкіндік жасамады, тіпті оларды әртүрлі тәсілмен басып-жаншыды.
АҚШ-тың капиталистік экономикасы азшылық топтарды ғана алқымнан алып отырған жоқ, керісінше жалпы осы елдің басқа халқына да қиын тиіп отыр. Соның салдарынан ауқымды халықтық ашу-ыза The Wall Street қозғалысы қалыбында көрініс тапты. Полицияның қатігездігімен ештеңе өнбейтіні анық. 2011-2012 жылдары The Wall Street қозғалысында «Біз АҚШ халқының 99 пайызын құраймыз, алайда ел байлығының 1 пайызын ғана иеленіп отырмыз. Байлықтың 99 пайызы капиталистердің қолында» деген сөздер айтылды. Бүгінде АҚШ-та бұл үдеріс одан ары жалғасып жатыр. Кедейліктің ащы дәмін көбінесе азшылық топтар татып келеді. Олар ерте заманнан бері кемсітушілік көріп отыр. Олардың өмірінде кедейлену, қылмыс жасау, түрмеге қамалу, полицияның қатегіздігіне ұшырау біте қайнасып жатыр.
АҚШ халқының шамамен 12 пайызын құрайтын америкалық қара нәсілділер кедейлік пен кемсітушілік жағдайына байланысты елдегі қылмыскерлердің 50 пайызын құрайды. АҚШ-тағы қара нәсілділердің кедейлігі олардың кейбіреулерін қылмыс жасауға итермелейді. Қара нәсілділер қылмысының жоғары статистикасы полицияның бүкіл қара нәсілді қоғамға күдікпен қарауына себеп болды. Соның салдарынан полиция оларға қарсы қатігездік жасап, түрмеге қамауда. АҚШ-та қара нәсілді әйелдерге қарсы кемсітушілік пен қатігездік жасалады. Осындай факторлар ұдайы қайталанып отырады. Нәсілдік кемсітушілік қара нәсілді әйелдерге жыныстық кемсітушілік жасауға ұласты. Қара нәсілді ерлер түрмеге қамалған соң олардың кейбіреуінің әйелдері көбінесес көп балалы жанұяларының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін әртүрлі істерге, соның ішінде тән сатуға дейін баруға мәжбүр. Қорғансыз әйелдердің қаржылай қиыншылығы қара нәсілділер тұратын аудандардағы қылмыстық циклді толықтырып, қоғамда қара нәсілділерге қатысты теріс ой қалыптасуына себеп болып отыр. Қара нәсілдердің түрмеге қамалуына байланысты бұл қарым-қатынас үлгісі олардың перзенттеріне таралады. Түптеп келгенде мұны тоқтатудың жолы жоқ сияқты. Бұл жайттар әлеуметтік топтар арасындағы алшақтықты арттырып, аудандар мен штаттардың бір-бірінен айырылуына себеп болып отыр. Бір университеттің қара нәсілді ұстазы ақ нәсілділердің бай ауданына кіргенде бәрі оған аңтарыла қарайды, оның барлық әрекеті мен жүріс-тұрысы бақылауға алынады. Дүкенде ақша берер кезде оның қатынасы мен әрекеттеріне көп көңіл аударылады. Мұның бәрі АҚШ қоғамында да, Голливуд фильмдерінде де фундаменталды түрде көрінеді.
Өткен онжылдықтар барысында Голливудта үндістер мен қара нәсілділерге қарсы нәсілшіл мазмұнда көптеген фильм түсірілді. Голливудтың «Бір ұлттың тууы» сияқты алғашқы фильмдерінде қара нәсілділерге қарсы нәсілшілдік ауқымды насихатталғаны анық байқалады. Басқа фильмдерде де АҚШ қоғамындағы үндістер сияқты азшылықтар қатігез көрсетілген. Мысалы, Голливуд «Күдікті» атты фильмінде полицияның қара нәсілділерге қарсы қатігездік мәселесіне, «Шаян тайпасының күзі» атты фильмде мемлекеттік күштердің үндістерге қарсы қатігездік тақырыбына тоқталған. Шын мәнінде, әсіресе қара нәсілділерге қатысты нәсілшілдік – АҚШ-тың жүйелі әрі фундаменталды түрде қалыптасқан шындықтарының бірі. АҚШ-та нәсілшілдік бұл елдегі құлдық кезеңнен, яғни 17 ғасырдан басталады. Құлдық заңының жойылғанына бірнеше ғасыр өтсе де, бұл елдегі нәсілдік пен тайпалық азшылықтар, соның ішінде қара нәсілділер мен басқа да мигранттар АҚШ-тағы нәсілшілдікке ұдайы наразылық білдіріп келеді. Бүгінде америкалықтардың өздері осы мәселені мойындап отыр.
АҚШ-тың жалғыз қара нәсілді Президенті Барак Обама 2013 жылы 18 жастағы қара нәсілді жас жігіттің полицейдің қолынан қаза тауып, сотта полицейдің жазықсыз танылуы барысында: «АҚШ-та полицейдің дөрекі қатынасы мен қудалауына ұшырамаған афроамерикалық кемде-кем. Мен өзім де бұл жағдайы бастан өткердім»,-деді. Осындай жағдайда АҚШ-та полиция мен соттың қара нәсілділерге қарсы мақсаттандырылған кемсітушілігі және халықты басып-жаншуы – бұл елде азшылықтар мен түрлі түстілердің адами құқықтарын бұзудың айқын үлгісі. АҚШ адам құқығын құрал ретінде пайланып, жыл сайын тәуелсіз елдерге қарсы көптеген есеп жариялайды. Бұл елдің басшылары заңдарды өзгертіп, кемсітушілік пен полицияның қатігездігін доғаруға талпыныс жасаудың орнына қара нәсілділерге тілеулестік білдірумен шектеліп отыр. Соның салдарынан полицияның қара нәсілділер мен басқа азшылықтарға қатігездігі жалғасып жатыр.
Қатігездіктердің бірінде Калифорния штатының Сен-Бернардино қаласында 9 полицей күдіктіні бірнеше минут бойы ұрып-соққан. Сонымен қатар, Фергюсон қаласында ақ нәсілді полицейдің қолынан жазықсыз қара нәсілді жас жігіттің өлтірілуінің жылдығына орай АҚШ-тың әртүрлі штаттарында өткен халықтың бейбіт шеруі полиция күштерінің қатігездігіне тап болып, халықтың алдында басқа бір қара нәсілді жас жігіттің өлтірілуіне соқтырды. Мұндай оқиғалардың қайталануы АҚШ полициясында дөрекі, нәсілшіл әрі кемсітушілік қатынас бойлай еніп, сіңіп қалғанын және ел сотының полицияны қолдайтынын көрсетеді.
АҚШ-тағы Африка істері жөніндегі зерттеулердің докторы Ренди Шорт: «АҚШ полициясының амалдарын тексеретін тәуелсіз институт 100-ден аса фильм мен полицияның халықпен қатынасы туралы құжаттарды зерттегеннен кейін бір есеп жариялады. Бұл полиция күштерінің бейбіт адамдарға дөрекі қатынас жасап, оқ атқанын көрсетеді»,-деді. Ренди Шорт АҚШ полициясының бүкіл ел бойынша, әсіресе басты қалаларда қара нәсілділерге қарсы қатігездік жасауын оларға қарсы жүйелі түрде басып-жаншу және қауымдық тазартудың бір түрі деп атады.
Келесі бағдарламаны АҚШ-тағы сот органының рөлі мен полиция қатігездігінің себебін анықтауға арнаймыз.