10 маусым – Халықаралық қолөнер күні
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i47095-10_маусым_Халықаралық_қолөнер_күні
10 маусым – Халықаралық қолөнер күні.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 10, 2020 15:54 Asia/Almaty
  • 10 маусым – Халықаралық қолөнер күні

10 маусым – Халықаралық қолөнер күні.

 

 

«Қолөнер» деп жергілікті заттарды пайдаланып, қол бұйымдарын жасайтын өнер түрлеріне айтылады. Қолөнер – халықтың рухы мен тарихи оқиғаларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін өнер. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін кейбір дамыған елдер қолөнерге көңіл бөлді.

1964 жылы Нью-Йорк қаласында  өткен  конференцияда «Бүкіләлемдік қолөнер кеңесі» деп аталатын кеңес құру мақұлданып, кейін 10 маусым «Халықаралық қолөнер күні» аталды.

Иран 1968 жылы аталмыш кеңеске мүше болып еніп, оның Азия мен Мұхит елдері ұйымында жұмысын бастады.

Бүкіләлемдік қолөнер кеңесі 2020 жылдың басында Иранның үш қаласы мен бір ауылын қолөнердің әлемдік қалалары мен ауылдарының тізіміне тіркеді. Сөйтіп, бұл тізімдегі Иран қалалары мен ауылдарының саны оннан он төртке жетті. Бұл жолы әлемдік қалалар мен ауылдар тізімінде Шираз – әлемдік қолөнер қаласы, Занджан – әлемдік гобелен, Малаиер – әшекейленген жиһаздар қаласы, сондай-ақ, Гилан облысындағы Қасемабад ауылы шатыр тоқитын ауыл ретінде тіркелді. Иран аталмыш тізімге 11 қаласы мен 3 ауылын тіркеп, әлем елдері арасында бірінші орынды иеленді. Иранда 370-тен астам қолөнер бар. Ирандағы қолөнер түрлерінің ішінен кілем тоқуды, құмыра жасау мен ағаш оюды, әйнектің артына сурет салуды, төсеніш тоқу мен тағы басқаларын атауға болады.