Исламның ұлық пайғамбары әулетінің көзқарасындағы түстер мен нәсілдердің теңдігі
(last modified Thu, 23 Jul 2020 08:49:42 GMT )
Шіл 23, 2020 14:49 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары әулетінің көзқарасындағы түстер мен нәсілдердің теңдігі

Алла елшісі (с.ғ.с.) барлық иман келтірген адамдармен мейірімді, ашық және жайдары болатын. Хазірет құлдар, кедейлер, түрлі түсті адамдарға жақын болып, олармен дастархан басында бірге отыратын.

 

Илаһи діндер адамдарды түс пен нәсілдерге бөлмей, кемелдікке қарай  жол нұсқайды. Бұл мәселе Құран Кәрім, илаһи пайғамбарлар, Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) мен хазіреттің ұрпағынан шыққан пәк имамдардың (ғ.с.) әдемі тағылымдарынан. Құран өз аяттарында нәсілдік кемсітушілікті қабылдамайды. Бұл туралы «Худжурат» сүресінің 13-ші аятында: «Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы»,- деп айтылды.  

Бұл аятқа сәйкес Алла Тағала адамдардың  әртүрлі ұлттарға бөлып, әртүрлі тілдерде сөйлейтін қылып жаратты және ешбір адамды түрі, ұлты немесе нәсілі бойынша басқалардан артық қылмады.  Жаратушы өз әділетімен ең жақсы адамдар деп тақуаларды санайды және ешбір адамға түсі мен мүмкіндігіне қарай басқаларға зұлымдық жасауға рұқсат етпеді.   

Хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) кешкен ғұмырына шолу жасап, Алла елшісінің нәсілшілдікке қарсы тұрғанын көреміз.   Алла елшісі пайғамбарлық міндетіне сайланған кезде Арабстандағы нәсілшілдік жоғары деңгейіне жетіп, нәсілдік, таптық және ұлтаралық нәсілділік кеңінен таралған болатын. Араб емес және қара түсті адамдардың ешбір мүмкіндігі болмады. Олар тек құлдар ретінде араб ақсүйектерінің жағдайын жақсарту үшін жұмысқа қолданылды. Хазірет Мұхамма-Мұстафа (с.ғ.с.) беғсатының басынан Құран аяттары мен илаһи бұйырықтарына сүйеніп, надандық кезеңнің барлық салт-рәсімдерін жойды. Хазірет нәсілшілдікті қабылдамай, құлдар үшін бостандық пен қадір-құрметті талап етті.  Исламның ұлық пайғамбары 23 жыл бойы әртүрлі мұрсаттарды пайдаланып, арабтарды туыстық және рулық мақтаншылықтан алыстатуға талпынды. Алла елшісі Меккені жеңіп алған соң сөйлеген сөзінде халықтың нәсілдік және рулық нәсілдіктен алыстауға шақырып: «Уа, халайық! Жаратушыларыңның жалғыз және әкелеріңнің (хазірет Адамның) біреу екенін біліңдер. Сондықтан араб араб еместен және керісінше, сондай-ақ қара нәсілді ақ нәсілдіден және керісінше артық емес. Тек тақуа адам басқалардан артық. Бұл шындықты айттым ба?»,- деп сұрады. Халық мақұлдады. Хазірет: «Олай болса, естігендер бұл жерде болмаған, бұл сөзді естімегендерге жеткізіңдер»,- деді.

Хазіреттің сахабаларының арасында қара нәсілділер де болды.  Алла елшісі Белал Хабашиді жақсы көріп, оның әдемі дауысын мадақтайтын. Белал Аллаға иман келтірген соң құрайштар тарапынан көптеген азап көрген қара нәсілді құлдардың бірі. Пайғамбар (с.ғ.с.) Меккені жеңіп алған соң Белалдан Қағбаның үстінен азаң айтуды сұрады. Алла елшісі Белалдың тақуалығы үшін оны жәннәтқа енетіндерден деп таныстырып, сан рет жәннәтің үш адамды, Әли (ғ.с.), Аммар мен Белалды күтетінін қуаттады. Тағы бір хадисінде: «Қара нәсілділердің үш адамы жәннәтқа барады, олардың ішінде Лұқман Хаким және Белал Хабаши»,- деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) Салман, Абузар, Белал және басқа иман келтірген адамдармен бірге жүріп-тұрып, хазірет үшін бұл мүміндердің ақсүйектерден немесе кедейлерден, түстілерден немесе ақ нәсілділерден болуының айырмашылығы болмады.

Күндердің бірінде қара нәсілді  құлдардың бірі арабтардың ақсақалдарының бірі Абдәрахман ибн Ауфпен бетпе-бет келіп, Абдәрахман ашуланып, құлға: «Қара нәсілдіден туылған»,- деді. Бұл сөзді Пайғамбар естіген кезде: «Ешбір ақ нәсілдінің қара нәсілдіден (тақуалығы болмаса) еш нәрсесі артық емес»,- деді.  Алла елшісінің әртүрлі таптар және түрлі нәсілдермен әдемі қатынас орнатқан. Бір күні құрайш басшылары ашуланып, хазіреттің қасына келіп: «Уа, Мұхаммад! Біз бұл адамдардың қасында отырамыз деп ойлайсынба? Егер оларды өзіңнен алыстатсан, ммкін сенің қасына келіп, сенің жақтасын болармыз»,- деді. сол кезде Алла елшісіне: «(Мұхаммад с.ғ.с.) сондай  күндіз-түні Раббыларына жалбарынып, Оның дидарын тілегендерді қума»,- деп айтылған «Анғам» сүресінің 52-ші аяты түсті. Бұл аятта Алла Тағала тағы адамдардың артықшылығы ұлты мен түсіне байланысты емес, тақуалығы мен адал амалдарына байланысты екенін қуаттады. Алла елшісі өмірінің соңына дейін бұл негізгі табанды болып, еш уақытта құрайштардың үстемшіл талаптарына бағынбады.

Исламның ұлық пайғамбары ғана емес, пәк әулеті (ғ.с.) де нәсілдік және рулық кемсітушілікке қарсы болды. Халыққа бақыт пен жақсылық жолын көрсетушілер Құран тағылымдары мен Алла елшісінің өмірін үлгі тұтып, амал етіп, адамдардың артықшылығы тақуалығы және адал амалдарына байланысты деп білді. Әділет көшбасшысы және құлдыққа қарсы болған хазірет Әли (ғ.с.) бір мыңнан астам құлды сатып алып, өз еркімен жіберді. Имам Әли (ғ.с.) бес жылдық қысқа уақыт  билігі кезінде әртүрлі діндер, түстер, тілдер өкілдерімен қатынас орнатты.    

Хазірет мүлікті халық арасында бөлып, кедейлерге көмектескен кезде, еш уақытта кемсітушілік жасамады. Бір күні екі әйел, бірі араб екншісі араб емес имам Әлидің (ғ.с.) қасына келіп, көмек сұрады. Хазірет екеуіне де бірдей ақша мен азық берді. Араб әйел имамға: «Мен арабпын, ал мыңа әйел араб емес»,- деді. Имам: «алламен ант етемін, мүлікті бөлген кезде араб пен араб еместік айырмашылығы жоқ»,- деп жауап берді.

Күндердің бірінде барша халық жаңбыр сұрау үшін дала шығып, дұға жасады. Дұға аяқталды, бірақ жаңбыр жаумады. Қара нәсілді құл басқалардан алысырақ тұрып, сәжде жасап, дұғасын айта бастады. Басын сәждеден көтерместен бұрын жаңбыр жауды. Ол имам Саджадтың (ғ.с.) қызметшілері және жақтастарының бірі еді. Аһле-бейт (ғ.с.) амалыг үлгі еткен кез келген адам Аллаға жақындайды. Алла Тағала таза жүректердің дұғаларын тезірек орындайды. Джун ибн Хави Алладанимам Хусейннің (ғ.с.) қасында шәһид болуды сұраған және Алла Тағала оның тілегін орындаған қара нәсілді құл болды. джун Ашура күні имам Хусейннің (ғ.с.) қасына келіп, майданға шығуға рұқсат сұраған адал серіктерінің бірі. Имам Хусейн (ғ.с.) мейірімімен: «сен соғысқа баруға мәжбүр емессін»,- деді. Джун: «Басшым! Өзімді құтқарып, сізді қыиндық кезінде жалғыз қалдырамын ба?! Алламен ант етемін, денемнің иісі жасан, өзім қара және нәсілім ақсүйек болмағанымен, сіз сынды имам иісімді жақсы етіп, түсімді ағартады және жәннәтқа баратынымды хабарлайды. Қара қаным сіздің таза қанынызбен араласпағанша сізден кетпеймін»,- деді. Имам оның бұл сөздерін естіп, оған соғысуға рұқсат береді. содан соң Джун батыл соығсып, шәһид болды. Имам Хусейн (ғ.с.) оның қасына жақындап: «Уа, Алла!  Оның жүзін ағартып, оны әділ адамдар, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және хазіреттің әулетімен таныстыр»,- деп тіледі. Сол кезде ол ағарып, әтірдің хош иісі сезілді.

 Аһле-бейттің (ғ.с.) мөлдір және мейірім ортасында нәсіл мен түс маңызды емес, тек таза жүректердің Аллаға деген махаббаты маңызды.