Хазірет Аббас - ерліктің белгісі
Жанқиярлық, батылдық пен ержүректілік, физикалық және рухани батылдық, сопылық пен тақуалық, ізеттілік пен жомарттылық – мұның барлығы хазіреттің Аббастың қадір-қасиеттерінен. Алайда оның ерекшелігі өз заманының имамын жақсы тануы мен велаят жолындағы жанқиярлығы және пәк имамдардың (ғ.с.) ол үшін арнайы зияратанама шығаруы болды.
Мұхаррам айының тоғызыншы жұлдызы – Тасуа күні. Бұл күн хазірет Аббастың атымен байланысты болып тіркелді. Имам Хусейн (ғ.с.) мен бүкіл адал серіктері мұхаррам айының 10-шы, яғни Ашура күнінің таңынан түсіне дейін шәһид болды. кейін уақыт өте оларды еске алу үшін мұхаррам айының бірінші онкүндігінің әр күні бір шәһидтің есімімен атанды.
Бірінші күн Кербала жолында бірінші шәһид болған Мүслім бен Ақилдың есімімен атанды. Мүслім зилхадже айының тоғызыншы жұлдызында Куфе қаласында Умайе жалдамаларының қолынан шәһид болған имам Хусейннің елшісі болды.
Мұхаррамның тоғызыншы жұлдызы имам Хусейннен (ғ.с.) бұрын шәһид болған Кербаланың күресшісі хазірет Аббастың атымен тіркелді. Бұл күнгі аза тұту рәсімдерде хазірет Аббастың адалдығы және шәһид болған жағдайы еске алынады. Хазірет Аббас пен басқа шәһидтер үшін өткізілетін аза рәсімдер Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің пәк әулетіне махаббат білдіру болып табылады. Өйткені Құран мен рауаяттар Алла елшісінің әулетіне достық пен махаббат білдіруді мұсылмандарға уәжіп етті. “Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін”. («Шура» сүресі, 23-ші аятынан). Достық пен сүйіспеншіліктің маңызды құралдарының бірі - қайғы мен қуанышта достармен бірге болып, жанашырлық білдіру.
Сондықтан, биылғы короновирус пандемиясы аза тұту рәсімдеріне өзгерістер әкелгеніне қарамастан, имам Хусейнге (ғ.с.) деген махаббаты азайтпады және сапасы да жоғарылады. Биылғы рәсімдер денсаулық сақтау министрлігінің протоколдарына сай өтіп, аза тұтушылар масқа тағып, қолдарын дизинфекциялап, дене қызуын өлшеп, қатысатын адамдар саныңа шектеу қойылды.
Хазірет Аббас хазірет Әлидің (ғ.с.) перзенті, оның анасы Умма әл-Банин. Хазірет Аббас сұлулығы үшін «Хашим әулетінің айы» деп атанды. Оның ерекшеліктерінің бірі – мықтылығы мен күштілігі. Өйткені оның әкесі арабтардың үлкен палуандарының бірі және анасы да ержүрек әулетінен болды. Аббас бала кезінен спортпен шұғылданды. Сонымен қатар, жерде жұмыс істеу және әскери дайындық Аббасты мықты әрі батыл жігіт қылды.
Рауаят бойынша, хазірет Әлидің (ғ.с.) күндердің бірінде мешітте халыққа ақыл-кеңес айтып отырлы. Бір араб ер адам елге еніп, амандасып, өзімен бірге алып келген сандығын жерге қойып, хазіретке: «Уа, имам Әли (ғ.с.)! Сіз үшін сый әкелдім»,- деді. Ол сандығын ашып, ішінен қылышты алып, хазіретке сый етті. Сол кезде мешітке жасөспірім хазірет Аббас енді. Ол амандасып, әдеп сақтап, бұрышта тұрды. Көзі қылышқа түсті. Хазірет Әли (ғ.с.) Аббастың қылышқа қарап тұрғанын байқап: «Балам, бұл қылыштың сенде болғанын қалайсың ба?»- деп сұрады. Аббас қуанып: «әрине әкежан»,- деп жауап берді. Хазірет Әли (ғ.с.) орнынан тұрып, өз қолымен қылышты ұлына берді. Содан соң қылыштың перзентіне жарасып тұрғанын көріп, ақ сақалына көз жасы ағылды. Жиналған халық: «Уа, мүміндер басшысы! Неге жыладыңыз?»- деп сұрады. Хазірет: «Оның бұл қылышымен дұшпанды кескілеп, содан соң шәһид болатын күнің көріп тұрмын»,- деді.
Тасуа күні дұшпаның имам мен хазіреттің серіктері және жақындарының қоршауы одан сайын күшейіп, куфеліктер Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті мен имамның серіктерінің сңға жететін жолын жапты. Сондай-ақ имамға көмекке ешкім келмес үшін бүкіл жолдар бақылауға алынды. Умар Саад әскерінің қоқан-лоққылары мен шатырларға қарай шабуыл жасау ықтималы артты. Күннің батысына қаарй Умар Саад әскерімен имам Хусейннің (ғ.с.) шатырларына қарай бет алды. Атқа мінгендер жақындады. Имам Аббасты шақырып: «Бауырым атқа мініп, алға шығып, олардың ойларың сұра»,- деді. Хазірет Аббас бен Әли жылдам атқа мініп, он сегіз адаммен шапқыншы әскерге жақындап, Умар Саадтан: «Бұл әрекеттеріңнің мақсаты не?»,- деп сұрады. Умар саад Куфе басшысы Убайдолла бен Зиядтың имам Хусейннен (ғ.с.) бият алу және келіспеген жағдайда соғысу бұйрығын оқыды. Хазірет Аббас имам Хусейннің (ғ.с.) пікірін сұрау үшін хазіреттің қасына оралды. Имам. «Қайтып барып, олардан ертеңге дейін уақыт беруді сұра. Бүгінгі түнде Жаарушымызбен сырласып, намаз бен Құран оқимыз. Құран мен дұға оқып, кешірім сұрау біздің өміріміз»,- деді.
Жанқиярлық, батылдық пен ержүректілік, физикалық және рухани батылдық, сопылық пен тақуалық, ізеттілік пен жомарттылық – мұның барлығы хазіреттің Аббастың қадір-қасиеттерінен. Алайда оның ерекшелігі өз заманының имамын жақсы тануы мен велаят жолындағы жанқиярлығы және пәк имамдардың (ғ.с.) ол үшін арнайы зияратанама шығаруы болды.
Хазірет Аббас Кербала майданында қылыштаспағағ жауынгер адам болды. Өйткені имам Хусейн (ғ.с.) оған ту ұстауды міндеттеді. Саяси-әскери тұрғыдан тудан айырылу, әскердің жеңілісі саналды. Сондықтан хазірет Аббас соңғы сәтке дейін туды қорғап, тек екі адамның қалғанына қарамастан имам Хусейн (ғ.с.) майданының тірі екенін және дұшпанға қарсы табандылығын көрсетті.
Рауаят бойынша, заттары талан-таражға салынған Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің заттарын Шамдағы Язидке апарады. Олардың ішінде үлкен байрақ болды. Язид пен жиынға қатысушылар байрақтың тесілгенін, бірақ қолмен ұстайтын жердің аман қалғанын көрді. Язид: «Мыңа байрақты кім көтеріп келеді»,- деп сұрады. «Аббас бен Әли». Язид таңғалып, орнынан үш рет тұрып-отырып: «Бұл байраққа қараңдар, көтерген адамның қолы ұстаған жерден басқа, зардап шекпеген жері қалмаған»,- деді.
Хазірет Аббас адалдық тұрғысынан басқалардан алға шығып, мәңгі есе қалатын адамға айналды. Аятолла Хаменеи: «Хазірет Аббастың адалдығы - Евфраттың қасында тұрып, су ішпеу оқиғада кез-келген басқа оқиғадан артық байқалды. Рауаяттар бойынша, соңғы сәттерде керуендегі балалар мен қыздар шөлге төзе алмай, имам Хусейн (ғ.с.) мен хазірет Аббас су әкелу үшін Евфратқа қарай аттанады. Жасы алпысқа жақындаған имам Хусейн (ғ.с.) мен отыздан асқан хазірет Аббас, бұл екі ержүрек ағайын Евфраттың суына жету үшін дұшпанның әскерінің ортасына жетеді. Бір кезде имам Хусейн (ғ.с.) дұшпанның өзі мен бауырының арасын ажыратқанын сезеді. Хазірет аббас су жағалауына жетеді. Ол балалар үшін қоржынына су толтырды. Кез келген адам мұндай жағдайда шөлін басу үшін су ішуге рұқсат етеді, бірақ хазірет Абу әл-Фазл Аббас өз адалдығын көрсеті. Ол суды толтырған кезде имам Хусейннің шөлдеген еріндерін есіне алып, суды татымады. Арсызданған дұшпан хазірет Аббастың екі қолын шауып, басынан темір қылышпен ұрып, ол шәһид болды»,- деді.