Имам Саджад (ғ.с.) – дін мен ахлақты жаңғыртушы
«Уа, Алла, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлемді жеткізіп, иманымды кемелді ет және ниетімді ең жақсы ниеттер қатарына қосып, амалымды ең жақсы амалдарға айналдыра гөр». («Макарем ахлақ» дұғасы).
Мұхаррам айының 12 жұлдызы рауаяттар бойынша, хазірет Әли бен Хұсейн (ғ.с.) – имам Саджадтың шәһид болған күні. Ол еш уақытта әкесі имам Хұсейннің (ғ.с.) зорлық-зомбылық көруі мен шәһид болуын ұмытпады. Әли бен әл-Хұсейн (ғ.с.) 35 жыл имаматы кезінде кез келген орынды жағдайда Кербала оқиғасы туралы айтып, шыңдықты әшкерелеп, жалғандықты қорлады. Сана-сезімді шыңдыққа бөлеп, алаңдаулар мен күдіктерді сөзі және амалымен шетке шығарды. Имам Саджад (ғ.с.) 61 жылдың мұхаррам айының қиын күндерінде науқастанып, Ашура күні қақтығысқа қатыса алмады. Кербала оқиғасынан шамалы уақыттан кейін ішкі дерттері мен қиындықтарына қарамастан имам Саджад (ғ.с.) өз басшылығын бастады. Хазірет омеядтарды айыптайтын сөзін сөйлеп, ең соқыр көздер шыңдықтың жарқырауын көріп, қатыгез жүректер дірілдеп, имам Хұсейн (ғ.с.) мен имамның әулетінің зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келгеніне жылады. Хазірет Әли бен әл-Хұсейн (ғ.с.) ауыр кезеңде дұрыс жолға нұсқау міндетті қабылдаған тұлға болды.
Адамгершілік пен ахлақи құндылықтар ұмытылып, халық өз басшыларының қарапайым өмір сүріп, достық кеңістікті орнатуының орнына олардың өздерін мұсылмандар халифасы деп атап, тек билік пен байлық туралы ойлағандарын көрген Амави үкіметі кезінде имам Саджад (ғ.с.) күн сынды жарқырап, дос пен дұшпанды өзін мадақтауға мәжбүр етті. Амавилер халыққа Алла биліктің Муавие мен оның әулетінде болғанын қалайды деп сендірді. Өйткені олай жасамағанда биліктері көпке шыдамайтын еді. Негізінде алдап-арбау Амави үкіметінің сұм әдісі болды. Олар күдік-күмәндер тудырып, ой-пікірді бұрмалап, дұрыс жолдан алыстатты. Амавилер Ашура оқиғасы және Кербаладағы қырып-жоюдан кейін Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің жақстары мен ғашықтары бітті және өз қарсыластарын жойды деп ойлады. Олар имам Саджад (ғ.с.) және имамның әсерінен хабарсз болды.
Имам Саджад (ғ.с.) 23 жасында имаматының басынан Ашура оқиғасын зерттеп, Кербала оқиғасына әкелген Исламның негізгі мәселелерінің маңызды бөлімін тек билік бұзақылығы ғана емес, халықтың ақлақ мәселесі болды деген нәтижеге жетті. Егер халықтың ақлағы дұрыс болғанда, билік бұзақы, залым және тіпті дінсіз болғанымен, үлкен апат орын алмайтын еді. Имам Саджадтың (ғ.с.) көзқарасынша, егер халықтың ақлағы бұзылса, бүкіл бұзақылықтың негізі болады. Сондықтан имам бүкіл күшін халықтың ақлағын жақсылыққа өзгертіп, руханиятты қайтаруға салды.
Имам Саджад (ғ.с.) халықтың діні мен ахлағын өзгертіп, оларды бұзақылықтан шығарып, қоғамда діннің негізгі рухын жаңғыртуға талпынды. Бірақ сол кездің қысым жағдай имам Саджадқа (ғ.с.) халықпен тікелей сөйлесуге рұқсат етпеді. Сондықтан имам Саджад (ғ.с.) қоғамды өзгерту үшін ең жақсы әдісті, яғни дұға және Жаратушымен сырласуды сайлады. Хазірет дұғаларының арқасында исламдық қоғамда рухан кеңістікті қалыптастырды.
«Сахифе Саджадие» – дұғалар жинағы, имамның дұға түрінде баяндаған илаһи тағылымдарының құнды жинағы. Дұға тілі – тәрбиенің ең жақсы тәсілдерінің бірі. «Сахифе Саджадиеге» имам Саджадтың (ғ.с.) Алланы тану, әлемтану, адамтану, ғайып әлем, періштелер, пайғамбарлар міндеті, ақлақ, қоғам және экономика мәселелері, құқық пен ғибадат тақырыптарына арналған 54 дұғасы енді. Бұл қоғамды тәрбиелейтін және дұрыс жолға нұсқайтын кітап. Рауаят бойынша, халық Исламға оралып, олардың саны артты. Имам Саджадтың (ғ.с.) талпыныстарынан кейін дұға арқылы жүректер Аллаға жақындап, шынайы мұсылмандар саны көбейді.
«Сахифе Саджадиедегі» танымал «Макарем әл-Ахлақ» дұғасынан: «Уа, Алла, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлемімді жеткізіп, иманымды кемелділеу етіп, ниетімді ең жақсы ниеттер қатарына қосып, амалдарымды ең жақсы амалдарға айналдыра гөр. Уа, Алла, өз мейірінмен ниетімді кемелділеу етіп, қате амалдарымды дұрыстай гөр»,- деп оқимыз.
Имам Саджадтың (ғ.с.) қоғамды өзгерту және тәрбиелеу үшін келісім, сабыр және кешірімділік сынды қадір-қасиеттерді қолданды. Хашим әулетінің ер адамының бірі имам Саджадты (ғ.с.) балағаттады. Хазірет жауап бермей, кетіп қалды. Имам Саджад (ғ.с.) жол бойы «Әл Имран» сүресінің 134-ші «Олар кеңшілікте, таршылықта Алла жолында мал сарып қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла жақсылық істеушілерді сүйеді» аятын қайталады. Имам Саджадтың (ғ.с.) серіктері имамның ахлағының Алла елшісі хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ахлағына толық ұқсас екенін білді. Имам Саджад (ғ.с.) Аллаға иман келтіру тұрғысынан теңдессіз тұлға болды. Ол ұзаққа созылған сәжделерінде илаһи білімге бөленіп, көздері жасқа толатын. Азаңның дауысын естіген кезде, түсі өзгеретін. Имамнан себебін сұраған кезде: «Кімнің алдында намаз оқитынымды білесіңдерме?»- деп жауап беретін. Има Саджадтың (ғ.с.) ғибадатын күн сайын мың рекет намаз оқитын имам Әлиге (ғ.с.) ұқсастыратын. Төртінші имамның (ғ.с.) алланың алдындағы ғибадаты ғибадат жасаушылардың зейнеті болып, ол «Зейн әл-Абидин» және көп сәжде жасағаны үшін «Саджад» деген лақаб аттарға иеленді.
Имам Саджад (ғ.с.) 35 имаматы кезінде көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) мен имам Садықтың ( ғ.с.) алғашқы топ шәкірттері имам Саджадтың шәкірттерінен болды. Ол сондай-ақ науқастар, кедейлер мен мұқтаджарға еш уақытта немқұрайдылық білдірмеді және оларға көмектесу жолда көп талпыныс жасады. Имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.) көкесі имам Хасан (ғ.с.) сынды мұқтаж адамдар үшін дастархан жайып, оларды тамақтандырып, өзі нан және құрмаға қанағаттанатын. Түндерде хазірет қоржының азық немесе динар мен дерхамға толтырып, өзін ешкім танымайтындай бүркеліп, оларды кедейлерге тарататын. Имам Саджад (ғ.с.) бұл адамдарды жақсы танитын, бірақ оларды ұялтпас үшін өз бетін бүркеп, қастарына барып, қажеттіктерін қамтамасыз ететін.
Имам Саджад (ғ.с.) өмірінің соңғы сәтіне дейін, яғни 57 жасында омеядтар қолынан қаза болғанша, бұл жасырын садақаларын таратуды жалғастырды. Ғұсл құйған кезде хазіреттің денесінде азық-түлік тасымалдаудан қалған көгерген жерлер адамдардың көзіне түсті. Ол кез келген жерде және кез келген уақытта кедей адамның сұрағанын орындауға асығатын. Хазірет екі рет өз мүлкін кедейлерге бөліп берді. Ол: «Алла күнәһар пендесінің тәубе етуін жақсы көреді»,- дейтін.