Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (1)
(last modified Sun, 20 Sep 2020 12:37:15 GMT )
Қыр 20, 2020 18:37 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (1)

Қыркүйек айының 21 күнінен Иранда «Қасиетті қорғаныс апталығы» өтеді.

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1359 жылы, сәйкесінше 1980 жылдың қыркүйек айында Ирактың БААС режимі әлемнің  алпауыт құдыреттерінің қолдауымен Иранға шабуыл жасап, Ислам революциясына қарсы соғысын бастады. Ирандағы үстем үкіметтің ылдарға созылған билігінен тәуелсіздік пен азаттыққа ие бола алған Иран халқы бақайшағына дейін қаруланған шапқыншыларға қарсы тұрып, отаның қорғау үшін ұлттық бірлігін көрсетті. Бұл бірлік Иран халқына сегіз жылға созылған соғыста дұшпанға қарсы тұрып, оны жерінен қуып жіберуіне себеп болды. Құлдырау мен шарықтауға толы соғыс жылдары ирандық жауынгерлер ерлігін көрсетіп, Иран жері әйелдері мен ерлерінің жанкештілігінің куәсі болды.   
Қасиетті қорғаныс соғысының ержүрек жауынгерлері

Қорғаныс – маңызды және қасиетті түсінік. Кейбір уақыттарда халықтар тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығы және жоғары армандарын қорғау үшін қорғаныс пен қарсыласуға көтеріледі. Тарих бойында көптеген халықтар қолына қару алып, өзі мен елін қорғауға мәжбүр болды. Мұндай шайқастар айыпталмайды, керісінше ұлттардың мақтанышы болып табылады. Иранның мұсылман халқының Саддам режимі мен оның қолдаушыларына қарсы сегіз жылдық қорғанысы Иран тарихының жарқыраған кезеңі саналып, осыған орай қасиетті қорғаныс жыдары деп атанды.

Ислам зорлық-зомбылық пен қорлыққа қарсы халықтың заңды қорғанысын оның құқығы деп біліп, оны қолдайды. Ислам діні әділетті тәрбиелеп, зорлық-зомбылыққа қарсы дін. Исламның көзқарасынша басқалардың құқыларын бұзу – үлкен қылмыс, сондықтан құқыларына жасалған шабуылға қарсы тұратын адам Алланың жолында және елдің территориялық тұтастығын қорғау үшін жиһад еткен адам маджаһед. Алла Тағала жиһадтың маңыздылығы туралы Құранда мұсылмандарға: «Өздеріңмен соғысқандармен Алла жолында соғысыңдар да шектен шықпаңдар. Негізінен Алла тағала шектен шығушыларды жақсы көрмейді»,- деді. («Бақаре» сүресі, 190-шы аят).

Алланың жолында жиһад ету жоғары орынға ие және оларды құрметтеу мұсылмандар үшін қажеттілік. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Жиһад – жәннәт дарбазаларының бірі. Алла оны арнайы әулиелері үшін ашады»,- деді. Жаратушы «Ниса» сүресінің 95-ші аятында: «Мүміндерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылармен Алла жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Алла малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді»,- деді.

1359 жылдың 31 шаһриварындағы (1980 жылдың 22 қыркүйегі) Иранның әуежайларын бомбалау және таңыған соғыстың басталуы Иран халқының көбі үшін күтпеген жәйт болды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи қасиетті қорғаныстың басталған күндері туралы: «Соғыстың басталуы мен себептері жөнінде көп айтылды.  Бірақ соғыстың ең маңызды сәттерінің бірі, соғыстың басталу немесе дәлірек айтсақ, Ирактың басып кіру туралы білген кезіміз болғанын айтуымыз керек. Соғыстың 1359 жылдың 31 шаһриварында  (1980 жылы 22 қыркүйекте) түстен кейін басталғаны бүкіл ирандықтардың есінде қалды. Сл күні мен «Меһрмоһ» әуежайына жақын зауыдта сөз сөйлемек болып, уақытымды күтіп тұрған едім. Бір кезде терезелер мен есіктерден жарылыс даыбысын естідім. Қасымда тұрған қарауыл бауырларым сыртқа шығып келіп, аспанда «Меһрмоһ» әуежайы мен басқа жерлерді бомбалаған бірнеше жойғыш ұшақты көргендерін хабарлады.  Енді мен үшін жұмысшылардың рухын нығайтатын сөз сөйлеу міндет болды. сөз сөйлеп болған соң жылдам бірлеске штабқа жетіп, елдің басқа башыларымен күтпеген оқиғаны талқылалық. Біз үшін соғыс күтпеген жәйт болды. Кез келген күтпген нәрсе басында шамалы таңырқатады. Иран-Ирак шекарасындағы мәселелер туралы мәліметтері аз болған Иран халқы бұл жағдайды күтпеді және саяси және әскери талдаулардың ортасында болмады.

Аятолла Хаменеи соғыс майданында

Сол күні Саддам Иранға қарсы соғыстың алғашқы күнің жақыннан көру үшін армия штабының  операция бөлмесіне келді.  Бұл күн «найзағай күні» деп аталды. Саддам бұл күні басына қызыл бас киім киіп, беліне оқ салғыш байлап операция бөліміне енді. Ирактың Қорғаныс министрі Аднан Хайролла оған: «Басшым, біздің жастарымыз жиырма минут бұрын ұшып кетті»,- деді. Саддам: «Жарты сағаттан кейін Иранның белі сынады»,- деп жауап берді. Саддамның Иранға қарсы соғыстың қысқа мерзімді соғыс болатыны туралы болжамдары бөс сөз болды.  Ол бастаған соғыс  2887 күнге созылып, екі елдің шекарасының ұзындығы 1200 және тереңдігі 80 километр майданында жүргізілді. Сол кезден әлемдіктер елі мен революциясын қорғау үшін көтерілген жастардың ерлігінің куәсі болды. Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс - өзінің мектебін, революциясын және исламдық отанын қорғауда батылдық пен шәһидтіктің биік шыңына көтерілген және дұшпандар өз мақсаттарына жету жолында сәтсіздікке ұшыратқан ұлттың табандылығы мен ерлігінің көрінісі.  Иранға таңылған сегіз жылдық соғыс еркін өмір сүру үшін жоғары баға төлеген адамдардың бірлігі мен қозғалысының толқынына әкеліп, намыс, сенім, махаббат, батылдық, тапқырлық және жанқиярлықтың көрінісі болды.  Елдің оңтүстік және батыс шекаралары біраз уақыт бойы осы жердің перзенттерінің құрбан болған жеріне айналғанымен, олардың иманы мен күші бұл жерді қасиетті жерге айналдырды.