Исламның ұлық пайғамбары әлемдіктер үшін жіберілген рақымыдылық
(last modified Sun, 01 Nov 2020 13:34:23 GMT )
Қар 01, 2020 19:34 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары әлемдіктер үшін жіберілген рақымыдылық

Алла Тағала Құран Кәрімнің «Әнбия» сүресінің 107-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Біз сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік»,- деді.

Алла Тағала рақымыдылықты өзі үшін уәжіп етті және оны бүкіл жағдай мен бүкіл нәрсеге таратты. Бірақ кейбір адамдар дұрыс жолдан ауытқып, өздерінің адами қасиеттерін жоғалтып, шексіз илаһи мейірімділік пен рақымдылықтан мақрұм қалады. Алайда адамдарды бақыт пен тақуалыққа қарай жетелеу міндетке ие илаһи елшілер мүмкіндіктеріне қарай оларға адасқандары туралы айтуға талпынады. Алланың тарапынан белгіленген пайғамбарлар адамзатқа хабаршы және ескертуші болды. Олардың ескертулері Алланың мейірімділігінің белгісі. Исламның ұлық пайғамбары илаһи елшілердің ішінде ең танымалы болды. Құран Кәрім: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Біз сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік»,- деді. («Әнбия», 107-ші аят).

Дүниежүзінің бүкіл халқы – мүміндері де, мүмін еместері де Исламның ұлық пайғамбарына борыштар. Өйткені Ислам діні баршаны надандық пен ырымшылдықтан және адасудан құтқарды.   Кейбіреулер оны қолданды, ал біреулер қарсылық көрсетті және исламнан үркіту ағымды ұйымдастырды. Жаратушы Пайғамбарды (с.ғ.с.) бүкіл әлемдіктер үшін жіберді, сондықтан оның мейірімділігі бүкіл жаартылған әлемге таратылды. Алла Тағала өзі бүкіл әлемнің басшысы және бүкіл адамдардың тәрбиешісі. Алла жаратылған әлемге тікелей әсер етуімен бірге өзінің жаратылыстары арқылы  рақымын жеткізеді. Құранның көзқарасы бойынша,  Ислам пайғамбарының ең маңызды адамгершілік қадір-қасиеті басқаларға деген сүйіспеншілікпен қарауы болды.

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) бұл мадақтайтын ерекшелікке ие болып, көптеген жүректерде орын тапты. Сондай-ақ ешбір құдырет атқаралмаған істі атқарып, адамзатқа дұрыс жолды нұсқады. Алла Тағала бұл салада «Әл-Имран» сүресінің 159-шы аятында: «(Мұхаммал с.ғ.с.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Бұл аят бойынша, пайғабмардың рақымы мен мейірімі халықтың Исламға қызығушылық танытуына себеп болды. исламның ұлық пайғамбарының мұғжизаларының бірі – жүректерді бір-біріне жақындату. «Әнфал» сүресінің 63-шы аятында: «Ол мүміндердің жүректерін қосты. Егер сен, жер жүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ Алла, олардың араларын біріктірді. Расында Ол, өте үстем, аса дана»,- деп айтылды.

Пайғамбар (с.ғ.с.)  ахлаққа негізделген өркениет орнатуға талпынды. Алла елшісінің пікірінше, тіпті дұшпанға қарсы соғыс оларды өзгерту және тәрбиелеу мақсатпен жүргізілуі керек. Хазірет мүмкіндігінше дұшпандарды бейбітшілік мен келісімге келуге шақырды. Сондықтан қажет болмаса, соғыс жүргізуге рұқсатын бермеді. Пайғамбар (с.ғ.с.) кек алу туралы ойламады. Пайғамбар (с.ғ.с.) Меккені басып алған соң, сөз сөйлеуге дайындалды. Он мыңдаған сарбаздар, ерлер мен әйелдер, үлкен-кіші, дұшпандар мен достар оған қарап тұрды. Бір мезгілде Пайғамбар әскерінің қолбасшысы биік жерге шығып, дауыстап: «Бүгін кек алатын күн»,- деді. Оның қорқытулары мекке халқының жүрегін үрейге толтырды. Қолбасшының дауысы пайғамбардың құлағына жеткен кезде, хазірет қатты ренжіп, жылдам хазірет Әлиді (ғ.с.) шақырып, туды қолбасшының қолынан алып, «бүгін рақым мен мейірім күнң» деп жариялауды бұйырды. Содан соң құрайштарға: «Уа, құрайш тобы, мен сендерге не істейді деп ойлайсындар?»- деп сұрады. Олар: «Уа, Алла елшісі, сенен тек жақсылықтан басқа ешнәрсе күтпейміз»,- деп жауап берді. Пайғамбар: «Барыңдар – азатсыңдар. Ешкімнің сендерде ісі жоқ»,- деді. Хазірет бұл сөзін айтып, өзіне дұшпандық білдірген құрайштар мен Мекке халқына қоғамдық кешірім жариялады. Пайғамбар (с.ғ.с.) жеңгеніне қарамастан кек алмады. Кекшіл дұшпандарын сәтсіздікке ұшыратты, бірақ оларды тұтқындамады, ешкімді өлтірмеді, олардың мүлкін талан-таражға салмады. Қаланы мейірімімен жеңіп алды.

Исламның ұлық пайғамбары кез келген уақытты мұсылмандар еместерді, кәпірлер мен мүшіріктерді Исламға шақыруға пайдаланды. Мұсылмандар дұшпанды жеңіп, адамдарың тұтқынға алған кезде Пайғамбардың  (с.ғ.с.) бірініші жұмысы әртүрлі сылтаумен оларды азат ету болды. Хазірет кейбіреулерді жақсы ахлағы үшін азат етті. Исламның халықтың алдында білім есіктерін ашық қойындар деген негізі бойынша, кейбір адамдарды мұсылмандарға оқу мен жазуды үйрету шартпен босатты. Пайғамбардың (с.ғ.с.)  пансыз қалғандарды өтрмеу туралы ақыл-кеңесі хазреттің тіпті дұшпанға деген әділдігі мен мейірімділігін көрсетеді. Пайғамбар (с.ғ.с.) жүйесінің танымал ерекшелігінің бірі бауырластық сезімді нығайтуы болды. хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) ең әдемі жолмен адамдарды бұзақылық пен қақтығыстардан шығаруға талпынды.

Исламның ұлық пайғамбарының жеделхаты әлемдіктер үшін жүрекке қонымды  болды. Ислам тағылымдарына қарай шақыру Исламның адамгершілікке негізделгенін және ырымшылдықтан алыстап,   мәдени және рухани қатынастар арасындағы тепе-теңдік пен үйлесімділікті орната алғанын көрсетті. Ағылшын жазушысы және ойшылы Бернард Шоу әлемді қазіргі проблемалардан құтқаратын жол ретінде  Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) ілімдерін қабылдау деп біліп: «Мен болжауымша, бұдан былай Мұхаммадтың (с.ғ.с.) наным-сенімі Еуропаның келешегіне әсерін тигізетін болады.   өйткені менің ойымша, егер жаңа дүниені Мұхаммадтай адам басқаратын болса, адамзаттың ежелгі арманы – бебйтішлігі мен бақыты – қамтамасыз етіледі»,- деді. 

Исламның ұлық пайғамбары көктемнің самал желі сынды. Ол Медине қаласы мен оның жанжағына хош иісті таратты. Содан соң Ислам Иран мен Рим империясына дейін жетіп, Алла елшісі халық жүректерінде орын тапты.