Аятолла Хаменеидің француз жастарына арналған хатына шолу (1)
(last modified Sun, 08 Nov 2020 14:01:12 GMT )
Қар 08, 2020 20:01 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеидің француз жастарына арналған хатына шолу (1)

Аятолла Хаменеи француз жастарына: «Неге холокостқа күмәнденуге болмайды? Ол туралы жазған адам түрмеге жабылады, ал Пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізу азат па?»- деген сұрақтарды қойды.

                                              

Франциялық Charlie Hebdo журналының Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін карикатураларды басып шығаруы әлемнің екі миллиардтқа жуық мұсылмандарының ызасын көтеріп,  наразылықтарына себеп болды. Франция президенті Эммануэль Макрон мен бұл елдің басқа басшылары тікелей немесе тікелей емес түрде исламофобияны қолдағаннан бері, бұл ыза мен жиіркеніштер күшейді және мұссылмандардың көбі франциялық тауарларға тыйым салды. Исламофобия біраз уақыттан бері Батыс үкіметтерінің жұмыс кестесіне енгізілді.  Өйткені олар Исламның өз қиысын және дәлелдері, рухани тағылымдарымен кез келген адамның ақылы мен жүрегінде орын тапты.  Осы себептен Батыста дүниеқоңыздық, сыбайластық пен үмітсіздіктен жалыққан адамдардың бұл құтқарушы дінге бет бұруы артып келеді. Батыс үкіметтері исламофобияны күшейтіп, мұсылмандардың қасиеттіліктеріне, атап айтқанда рақым Пайғамбарына (с.ғ.с.) тіл тигізетін ақпарат құралдарды қолдауда.

Йемен халқының Пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізуге қарсы шеруі

Мұсылмандар өздерінің ұлы Пайғамбарын (с.ғ.с.) қолдап, наразылық білдіру мен шерулерге шыққаннан бастап, кейбір исламдық елдердің үкіметтері мен басшылары Алланың елшісіне (ғ.с.) жасалған тіл тигізуді айыптап, Франция үкіметінен бұл карикатуралардың басып шығарылуының алдын алуды талап етті.

Ислам революциясының жетекшсі аятолла Хаменеи өз жолдауын бұл тіл тигізулердің артында тұрған Батыс үкіметтері емес, Батыс халқы, әсіресе жастарына арнады. Аятолла Хаменеи бұдан бұрын Франциядағы ДАИШ-тың террористік әрекетінен және исламофобия толқыны күшейгеннен кейін батыс және француз жастарына екі хатты жолдады.  2015 жылдың қаңтарында басылып шыққан бірінші хатында: «Мен хатымды сіздерге, жастарға жолдаймын. Ата-аналарыңмен санаспағаным емес, халық пен отандарыңның келешегі сендердің қолдарыңда болғандықтан, сондай-ақ шындықты іздеу жастардың жүректерінде күштілеу. Хатымды саясаткерлер мен үкіметтерге арнамаймын, өйткені олар хабардар түрде саясат жолын дұрыс шындық жолынан бөлді»,- деп оқимыз.

Батыс ақпарат құралдарын, оның ішінде жазба, аудио және видео құралдарды  исламның қасиеттіліктерін қорлау үшін теріс пайдалану сөз бостандығы  сылтауымен жасалуда. Charlie Hebdo-ның тіл тигізетін карикатураларды басып шығаруы және оларды қайта басып шығаруды талап етуі мен Франция мен басқа батыс мемлекеттері басшыларының бұл әрекетті қолдауысөз бостандығы сылтауымен іске асырылуда. Макрон: «Бұл карикатуралар сөз бостандығы тұрғысынан қорғалады»,- деді.  Бірақ Ислам революциясы жетекшісінің соңғы хаты екі маңызды сұрағымен батыс, әсіресе француз басшылардың азаттық туралы уәждерін дағдарысқа тірейді. Аяолла Хаменеи франциялық жастарға: «Өз президенттеріңнен неге   Алла елшісіне (с.ғ.с.) тіл тигізуді қолдайтының, неге оны сөз бостандығы деп білетінін сұраңдар. Азаттық қасиетті баршаға танымал тұлғаға тіл тигізу ме? Бұл ақымақ әрекет оны билік басына сайлаған халықтың абыройына тіл тигізу емес пе?»- деді. Діни жетекші бұл сұрақтарымен сөз бостандығы мен азаттықтың шекарасын белгілейді.

Бостандық -   адамзаттың ұлы мақсаттары мен мұраттарының бірі.  Халықтар бұл мақсатына жету үшін көптеген талпыныс жасады, бұл жолда көптеген адамдар қаза болды. Исламда да адамдардың азаттығына ерекше көңіл бөлінді. Адам  өмір салтын және  сенімдері мен әрекеттерің таңдау еркіндігіне ие жалғыз жаратылыс. Әрине, адам өзінің дұрыс немесе бұрыс таңдауы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Батыста орта ғасырларда шіркеу озбырлығы аяқталғаннан кейін бостандыққа ерекше көңіл бөлінді. Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізу батыстың азаттық мақсаттарынан ауытқығанын көрсетеді.

   Хазрет  Мұхаммад (с.ғ.с.) - Алланың рақым пайғамбары

Аятолла Хаменеи батыс жастарына жолдаған хатында батыстағы қасиеттіліктерге тіл тигізу мен құрметсіздік білдіруге тоқталып, оны ақымақ әрекет деп атады. Адамзатқа қызмет ететін жәнеөзі қасиеттердің бірі саналатын азаттықты басқалардың құндылықтарына шабуыл жасау үшін қолдану негізінде қисынсыз әрекет саналады. бір елдің саясаткерлері азаттықты теріс пайдаланудың алдын алудын орнына шамамен екі миллиард мұсылманның ққұндылықтарына тіл тигізу үшін пайдалануды қолдауы аятолла Хаменеидің айтуынша «өз халқының абыройына құрметсіздік білдіру» болып табылады. Франциялық мұсылман қыздар мемлекеттік мектептерге хиджаб киіп кіре алмайды, өйткені бұл елде хиджабқа қарсы шекетулер күшейтілген. Соңғы кезде исламофобиясымен танымал Макрон Франция елінің 10 пайызын құрайтын мұсылмандарға қарсы тыйым салуларын арттыратын жобаны ұсынды. Бірақ Франциядағы бостандықтың қаншалықты саяси және кемсітушілік екенін көрсететін мәселелердің бірі - сионистік режимге қатысты мәселелерде, олардың ең маңыздысы холокост  тақырыбына сөз бостандығын шектеу және кейде тыйым салу болып табылады. Ислам революциясы жетекшісінің франциялық жастарға жолдаған хатының келесі мәселесі дәл осы тақырыпқа байланысты. Діни жетекші өз хатында: «Неге холокостқа күмәндену қылмыс саналады? Неге ол туралы жазған адам түрмеге қамалады, ал Пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізу азат саналады?»- деп жазды. Сионистер Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін нацистік Германия алты миллион еврейді өлтірді деген үгіт жүргізуде. Олар өздерін қорлық көргендер деп көрсетіп, бұл мәселені сылтауратып, қоғамдық пікір мен үкіметтерді итермелеп, нәтижесінде БҰҰ-ның заңсыз Израиль режимін құру  келісіміне ие болды.  Сионистер бұл тақырыптың дұрыс немесе дұрыс емес болуын зерттеуге әрдайым қарсы.  Кейбір Батыс үкіметтері, мысалы Франция, сөз бостандығына қарамастан холокостқа күмәндену мен оған келіспеуді  қылмыс деп санап, ол үшін жаза қолданады. Профессор Роджер Гароди 1998 жылы өз кітабында неміс лагерьлерінде өртеу қондырғыларының бар-жоғына және  қаза болған еврейлер  санына күмән келтіргені үшін түрмеге жабылып, айыппұл төледі. Сегіз жылдан кейін Гародидің тағы бір жерлесі, француз тарихшысы, профессор Роберт Фауриссонға ұқаса айып тағылып, түрмеде қамалды. Бұл ғалымдар еврейлердің өлтірілулерін жоққа шығарған жоқ және тек ғылыми зерттеулерге сүйеінп, холокост туралы қайшылықтарға назар аударды.

Холокост - сионистер үшін палестиналықтарды басып-жаншитын құрал

Қазіргі кезде холокосты сынауға тыйым салу  Франция мен Батыста  сөз бостандығына қатысты екіжүзідіктің белгісіне айналды. Франция үкіметі, әсіресе сионистердің қатты ықпалына түскен Макрон олардың жалған сенімдерін сынауды антисемитизм деп біліп, сынаушыларды жазалайтын болды. Негізінде еврейлердің көбі сионистік ой-пікірді қабылдамайды және оны иудаизмдегі бедғат деп санайды. Сөйтіп аятолла Хаменеи өзінің екі сұрағымен батыс халқы, әсіресе жастары үшін олардың басшыларының сөз бостандығын тек өз мүдделерін алға ілгерлету үшін пайдаланатындарын анықтайды. Өйткені олай болмағанда Charlie Hebdo сынды басылым екі миллиардқа жуық мұсылманның және олардың ішінде алты миллион франциялық мұсылманның ұлық Пайғамбарына (с.ғ.с.) тіл тигізе алмайтын еді. Бірақ холокост, сионизм немесе Израиль режимінің шапқыншы саясаттарын сынауға тыйым салынып, қылмыс саналады.