Мейірбикелер – Алланың мейірімді періштелері
(last modified Wed, 23 Dec 2020 09:34:17 GMT )
Жел 23, 2020 15:34 Asia/Almaty
  • Мейірбикелер – Алланың мейірімді періштелері

Кейде мейірбикенің күлкісі ауруға ұшыраған адамды жандандырады

Алланың кейбір періштелері жер бетінде адам кейпінде болады. Олар науқастардың қасына ақ киімдермен келіп, жанашырлықпен олардың ауыруын емдейді. Бұл мейірбикелер жердегі періштелер деп аталады. Олардың мейірімі, шыдамы және күлкілерімен мазасыз және шаршаған науқастарды жұбатады.  

Джамади аууаль айының бесінші жұлдызы  хазірет Зейнабтың туған күні. Бұл күн Иранда «Мейірбикелер күні» деп аталды. Аятолла Хаменеи бұл күні хазірет Зейнабты еске алып, баршаның назарын мейірімді медбикелер мен оларды маңызды маманына аудартады. Биыл Ислам революциясының жетекшісі Мейірбикелер күні телеарнадан тікелей сөйлеген сөзінде  мейірбикелерді Алланың мейірімді періштелері деп атады. Аятолла Хаменеи өткен жылдарда сан рет мейірбикелерді илаһи періштелер деп сипаттап: «Медбике науқастың денесін де, жанын да емдейді. Медбике іс жүзінде дәрігердің серіктесі, әріптесі және көмекшісі болып табылады. Басқа жақтан мейірбике науқас адамның тыныштығын ойлайды. Бұл өте маңызды рөл. Мейірбике адамның жазылуына көмектеседі және жылдамдатады. Ол науқас адамды тыныштыққа бөлейді. Бір күлкісі және бір жылы сөзімен, мейірімді әрекетімен вирус жұқтырғандардың жазылуын жылдамдатады»,- деді.

Науқас - күтімді қажет ететін адам. Терең жарақаттары, сынықтары немесе әлсіреткен ауралары оның дерттеріне себеп болып, ол көмек пен жанашырықты қажет етеді. Әйелі, жұбайы, ата-анасы мен перзенттерінен алыстаған науқас адам Алладан кейін мейірбикелерден көмек күтеді. Ол илаһи періште сынды келіп, науқастарға көмектеседі. Аятолла Хаменеи мейірбикелердің  маңызды рөлі туралы: «Мейірбикелер дәрігердің серіктестері және әріптестері. Мейірбикенің көмегін қажет ететін науқас адамды    тіпті ең жақсы дәрігер емдеседе, қасында  дәрігерге көмектесетін мейірбике болмаса, адамның жазылуы қиындайды. Яғни науқастың жазылуындағы мейірбикенің рөлі маңызды әрі үлкен. Егер мейірбике болмаса, қолданған ем нәтижеге жетпеуі мүмкін. Бұл жәйтті өте маңызды деп білу керек»,- деді.

Науқас адам физикалық және психикалық әлсіздікке байланысты шаршап, көңілсіз болады. Сондықтан шаршап, абыржи бастайды. Оны физикалық қалпына келтіру үшін жігер қажет.  Мейірбике   қурап қалған гүлдер мен сынған бұтақтарды күтетін бағбан сынды өз мейірімімен науқастарға үміт береді. Кейде мейірбикенің күлімдеген жүзі науқас адамның жүрегіне жаңа дем береді. Аятолла Хаменеидің пікірінше, олардың еңбегі мен қиындықтары алланың алдында ұмытылмайды. Діни жетекші адамдардың бір-бірне деегн мейірімділігі мен қайырымдылығын Исламның әдемі тағылымдары және құранның аяттарынан деп таныстырып: «Мейірбике - қайғыны алыстататын, жігерлендіретін және мейірімін білдіретін адам. Бұл Исламның жоғары құндылықтарының бірі. Құран Кәрімнің «Фатх» сүресінің 29-шы аятында «өзара тым мейірімді» болуға назар аудартты. Ол тек науқас адамдар үшін емес, бүкіл адамдарға қатысты. Барша бір-біріне мейірімді болуы керек, мейірбикелер мұны орындайды»,- деді.  

Өткен бір жылда медициналық қызметкерлер, әсіресе мейірбикелер жұмысы ауырлады. Бұл періштелер жұқпалы коронавирус індетімен күресу үшін арнайы киім киіп, үнемі беттеріне маска және көздеріне көзілдірік тағып, тәулік  бойы науқастарды емдеумен айналысты. Олар отандастарының денсаулығын сақтау үшін алғы шепте жүрді. Аятолла Хаменеи коронавирус пандемиясы кезіндегі мейірбикелердің еңбегін жоғар бағалап: «Ауруханалардағы біздің мейірбикелер  адамдарды шынымен таң қалдыратындай еңбектенді. Мейірбике ісінің өзі қиын, стресі көп жұмыс. Індеттің жұқпалы  болуы олардың жұмысын одан сайын ауырлатты. Біздің мейірбикелеріміз өз өмірлерінің қатерге тірелуіне және вирусты жұқтыру ықтималға қарамастан ауыр міндеттерін атқарды. Біздің мейірбикелеріміз бұл кезеңде үлкен жұмыс жасады»,- деп қуаттады.

 

Мейірбикелердің еңбегі,  әсіресе коронавирус пандемиясының  қиын күндері айқын көрініп,  халықтың алдында үлкен абырой мен беделге ие болды. Адамдар кейде  гүл және басқа қолдарында бар нәрселерді  сыйлау арқылы мейірбикелерге мүмкіндігінше алғыс айтты. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Осы кездегі мейірбикелердің жанкештілігі халықтың алдына олардың абыройы көтерді. Бұл ауруға дейін халық мейірбикелерге соңдай көңіл бөлмеген. Коронавирус таралғаннан бері халық мейірбикелердің жұмысының қандай маңызды екенін түсінді. Халықтың алдында олардың абырой көтерілді. Бірақ бұл жеткілікті емес»,- деді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында  ел басшыларына мейірбикелер алдындағы маңызды міндеттерін еске салып, «Мейірбикелік қызметтердің тарифтері» туралы заңды орындауды маңызды міндеттердің бірі  ретінде атады.  Аятолла Хаменеи бұл заңды медбикелер үшін пайдалы  деп біліп, басшыларға осы заңның орындалмайтындығына шағымданып: «Бұл міндетті түрде орындалуы керек заң»,- деп қуаттады.  

Ислам революциясы жетекшісінің  басшыларға берген тапсырмаларының 30 000 мейірбикені жұмысқа алу болды. Аятолла Хаменеи бұл туралы бірнеше жылдан бері айтып келеді және мейірбикелерді жұмыспен қамту және олардың жағдайын жақсарту мәселені өз бақылауына алды. Соңғы кезде Денсаулық минстрлігі бұл салада шаралар қабылдады, бірақ діни жетекші бұл мәселеге шынайы көңіл бөліп, нәтижеге жеткізуді талап етті. Бұл кісі медбикелердің тұрмыстық жағдайын жақсарту және жалақысы мен төлемдері туралы: «Біздің мейірбикелер қауіпсіз жұмыс істейтін жағдайда болуы керек. Олардың отбасылары үлкен қызметін атқару үшін ауруханаға жұмысқа кеткен жақындары үшін алаңдамайтындай және олардың еңбектерінің нәтижеге жететініне сенміді болғандары жөн»,- деді. Аятолла Хаменеи коронавирустың салдарынан мейірбике болған жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтып, жанкеш жақындары үшін Алладан жақсылық, дүние мен ақыреттегі бақытты тіледі.