Біздің қымбатты және бақытты досымыз
(last modified Sat, 02 Jan 2021 21:35:47 GMT )
Қаң 03, 2021 03:35 Asia/Almaty
  • Біздің қымбатты және бақытты досымыз

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1398 жылының 13 дей күні (2020ж. 3 қаңтары) – Иранның ержүрек азаматының шәһид болған күні. Бұл оқиға милиондаған халықтың аға сардарына тағзым етуі мен бір-бірін құрметтеуіне әкелді.

13 дей күнің Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи «Алланың күні» деп атады.   Барлық күндер Алланың күндері болғанымен, кейбір күндер мен кезеңдер орын алған оқиғаларына байланысты адамдардың ойында аңағұрлым ерекше көрінеді. Ержүрек сардар Қасем Солейманидің шәһид болуы және аймақ пен әлемнің кейбір мемлекеттері халықтарының шәһидпен қоштасу рәсімге қатысуы Алланың күні мен көптеген нығметтерін еске салды. Аятолла Хаменеидің айтуынша, Алланың құдыреті мен көмегі әшкереленетін күн - «Алланың» күні. 

Ислам мәдениетінде Алла адамзатқа орнатқан барлық мүмкіндіктер мен таланттардың өркендеуі үшін қолайлы платформаны қамтамасыз ету үшін басшылық пен қоғам адамдары арасында құдайлық және адамзаттық құндылықтарға негізделген мықты және ажырамас байланыс орнатылуы керек. Бұл демократияның айқын мысалы және ажырамас байланысы шәһид сардар қажы Касем Солеймани мен Аятолла Хаменеи арасындағы қарым-қатынас болды. Аятолла Хаменеи: «Ол менің жақсы, жақын, ержүрек досым»,- деді. «Ниса» сүресінің  69-шы аятында: «Алла (Т.) нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі сардар Солейманидің шәһид болуын тарихи оқиға деп біліп, бұл шәһидтің ирандықтар мен исламдық үмбет үшін қаһарманға айналуына тоқталып: «Шәһид Солейманидің Иран халқының қаһарманына айналуының және әртүрлі топтардың оны құрметтеуінің себебі – шәһид Солейманидің Иран мен ирандықтардың мәдени құндылықтарының көрінісі болуы»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі ержүректілік пен қарсыласуды шәһид Солейманидің анық ерекшеліктерінен деп атап: «Батылдық пен қарсыласу рухы Иранның қадір-қасиеттеріне жатады және олар шәһид Солейманидің Иран халқының қаһарманына айналуының себебі болды. Басқа жақтан шәһид Солеймани исламдық үмбеттің қаһарманына айналды, өйткені оның талпыныстары мен рухы және шәһид болуы ислам әлеміндегі қарсылықты ояту мен жұмылдырудың коды.  Үстемшілдікке қарсыласу қажеттлігі бар ислам әлемінің кез келген жерінде шәһид Солейманидің есімі код болады. Шәһид Солеймани исламдық халықтардың арасында қарсыласу мен күрестің үлгісін таратты»,- деді.

Басқа жақтан сардар Қасем Солеймани, Исламның әйгілі сардары діни жетекшісін жақсы көретін велаяттың жақтасы болды. Оның Исламның әскерінің офицері реінде мұсылмандары діни жетекшісіне  және Иранның бүкіл қарулы күштері бас қолбасшысына деген көзқарасы әскери тұрғыдан жоғары болды.

Қажы Қасем өзінің сүйікті басшысының алдында тұрған кезде қарапайым және сыпайы болды, оның көздерінен қуанышы байқалып, өзі күлімсірейті. Кейде көздері жасқа толып, жүзінен мақтанышы байқалатын.

Шәһид Солеймани

Сардар Солеймани діни жетекшінің тарапынан «Зольфағар»  белгісімен марапатталды. Әскери  атақтар мен белгілер адамгершілікті, өз-өзіне сенімділікті арттыру және Қарулы күштер қызметкерлерін көтермелеу және олардың сенімділіктерін арттыру үшін табысталады. «Зольфағар» – ең жоғары әскери белгі.

Ислам революциясы жетекшісі «Зольфақор» белгісін табыстаған кезде: «Алла жолындағы әрекеттер бұл белгілермен бағаланбайды. Алла Тағала: "Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жаннатпен айырбастады...",- деген.  ("Тәубә" сүресі, 11-ші аят).  Яғни Алла жолындағы жиһад үшін Алла Тағала жаннаты мен ризалығын сыйлайды. Біздің ауызша немесе ғамалымызбен   рақмет айтуымыз бен белгімен марапаттауымы дүниенің материалдық есебі, ал илаһи есеп біздің қолымызда емес.  Барлығыңыз талпыныс жасадыңыздар. Алла Тағала жақын бауырымыз Солейманиге көмектесті. Бауырымыз сан рет дұшпанның қастығы қатерімен бетпе-бет келді. Алла жолында, Алла үшін жиһад жасады. Ұлы Алла бауырымыздың өмірін бақытты, соңын шәһид болумен  аяқтатсын. Әрине қазір емес. Ислам республикасы келешекте көп жылдар бойы сізді қажет етеді. Өміріңіздің соңы шәһәдат болсын",- деді.  

Қажы Солеймани өзінің өсиетнамасында: «Уа, Алла, саған мың алғыс айтамын, құрметті адал Хомейниден кейін мені  басқа адал тұлғаның, аятолла Хамненеидін қолына салды. Бүгінгі ислам мен шииттердің адал адамы - Иранның данышпаны және исламның саяси азаматы, қымбатты Хаменеи - менің өмірім ол үшін құрбан болсын!»- деп жазды.  Қысқаша айтқанда сардар Солеймани діни жетекшіні дана, үлкен нығмет, иман келтірген, шынайы емші, бірақ мазлұм деп санады. Бұл мектептегі бір мұғалімнің наным сенімі емес. Бұл зерттеулерінен нәтижеге жеткен зерттеушінің  көзқарасы емес. Бұл 40 жыл бойы елдің ішкі және сыртқы маңызды мәселелерін шешуге қатысқан және күн сайын тәжірибе алған, қажымас белсенділігі мен шәһид болғанынан кейін де ұмытылмайтын адамның наным-сенімдері.  Сардар Қасем Солеймани өзін тек велаят сарбазы деп білді. Еш уақытта сардардың сөзі мен амалы діни жетекшінің сөзі мен амалына қарсы болмады.