Үндістан мұсылмандары экстремистік үнділердің зорлық-зомбылығынан қорқып өмір сүруде
Азаматтығы туралы заңның шығуынан бір жылдан астам уақыттан кейін Үндістан мұсылмандары экстремистік индуизм зорлық-зомбылығынан қорқып өмір сүруін жалғастыруда.
Нарендра Моди үкіметі өткен сайлауда индустардың дауысына ие болу үшін қорқыныш пен зорлық-зомбылық жағдайын тудырды. 2020 жылғы Оңтүстік Азия аз сандылары ұйымының мәліметі бойынша өткен жылдан «Бхаратия Джаната» партиясы басқаратын азаматтық туралы заңына өзгертулер енгізген кезден бастап, Үндістан мұсылмандар үшін қауіпті және қатал ортаға айналды. Бұл мәлімдемеде: «Әлемнің түпкір-түпкірінде азаматтық қоғамға қауіп төніп тұрған кезде, Үндістанда мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылық жылдамдықпен күшейді. Үндістан мұсылмандар үшін қауіп-қатерлі кеңістікке айналды. 2019 жылдың желтоқсан айында Үндістанның азаматтық заңын өзгерту жобасы бекітілді. Бұл заң мигранттар, әсіресе мұсылмандардың жағдайын қиындатты. Үндістан парлманентімен бекітілген бұл заң үкіметке әскери емес Пәкістан, Бангладеш және Ауғанстан азаматтарына азаматтық беруге рқсат берді. Бірақ азаматтық берудің шарты - мигранттардың мұсылман болмауы. Бұл шешім мұсылмандардың көптеен наразылықтарына себеп болды.
«Бхаратия Джаната» партиясы 2014 жылы ұлттық деңгейде билік басына келгеннен бері діни аз сандылар, әсіресе мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылық күшейді. Билік басындағы Бхаратия Джаната партиясының мұсылмандарға қарсылығы сезімі мұсылмандар мен мұсылман ұйымдары және үнді қоғамындағы белсенділердің азаматтық жағдайына қатты әсер етті. Азаматтық туралы жаңа заңның қабылдануымен экстремистік индустар өткен жылы түрлі сылтаулармен ел мұсылмандарының өмірін қиындатты. Нарендра Модидің үкіметі мұсылмандарға қарсы заңдар қабылдау арқылы экстремистік үнділерді қолдайтын болды. Үндістан үкіметінің бұл саясаты исламға қарсы индустардың мұсылмандарға шабуыл жасауына түрткі болды.
Соңғы апталарда мұсылмандарға қарсы шабуылдарды күшейткен мәселелердің бірі - мұсылман жастардың индустар отбасыларының қыздарына үйленуі. Бұл жолы радикалды индустар мұсылман ерлердің үнді әйелдеріне үйленуін мұсылмандарға шабуыл жасау үшін сылтау ретінде пайдаланды. Олар мұны мұсылмандар үнді әйелдерінің дінін өзгерту арқылы Үндістанның демографиялық құрамын өзгерткісі келеді деп уәжденді. Индустардың бұл уәждері негізсіз. Өйткені екі діннің өкілдерінің некелесу олардың келісімімен өтеді және егер индус қыздар діннің өзгертуі де олардың келісімімен орын алады. Дін мен мазхабты таңдау - әрбір адамның негізгі құқыларының бірі. Бірақ жүздеген діні мен мазхабы бар Үндістан қоғамында мұсылмандар адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алмайды. Әсіресе қазіргі үкіметтің шешімдерімен Үндістанда исламофобия заңды нәрсеге айналды.
Индустардың исламға қарсы экстремистік әрекеттеріне сәйкес Уттар-Прадештің жергілікті үкіметі жақында мұсылмандар мен индустар арасындағы мемлекеттік некеге тыйым салатын заң қабылдады. Бұл заңның мақсаты - «махаббат жиһадының» алдын алу. «Махаббат жиһады» деген терминді исламға қарсы индустар мұсылман ерлердін үнді әйелдеріне үйленуі үшін қолданады. Экстремистік индустар мұсылман ерлер үнді әйелдерін некеге отырғызу арқылы дінін өзгертуге мәжбүр етеді деп мәлімдеді. Уттар-Прадеш штатында қабылданған заңға сәйкес «махаббат жиһадын» жасағандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Уттар-Прадеште заң қабылданғаннан кейін Telegraph газеті былай деп жазды: «Үндістандағы 40-қа жуық мұсылман отбасы үнді ұлтшыл тобының қудалауына байланысты елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадештегі ауылдарын тастап кету шешім қабылдады»,- деп жазды.
Қазіргі уақытта Үндістандағы ислам мен мұсылмандарға қарсы ұстаным азаматтық мәселесінің шеңберінен шығып кетті, кез келген аптада индустардың мұсылмандарға шабуыл жасаулары және үнді мұсылмандарының өмір сүру жағдайларын қиындату үшін жаңа әрекеттер туралы айтылуда. Олар бұл мәселеде Нарендра Моди үкіметінің қолдауына ие. 2014 жылғы сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди экономикалық даму, ауылды дамыту және ел жастары үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін өзгертуге уәде берді. Бірақ қазір оның партиясы азшылық топтарға, әсіресе мұсылмандарға қатысты зорлық-зомбылықты ушықтырды деп айыпталуда. Бхаратия Джаната партиясы және оны қолдайтын топтар Үндістанды индустар басым елге айналдыруға талпынуда. Мұсылмандарға қарсы индустар 2014 жылғы жалпы сайлауда Бхаратия Джаната партиясының 282 орынға ие болып, Нью-Делиде билікке келуіне көмектесті. 2019 жылғы Азиядағы азшылықтардың есебіне сәйкес Үндістан былтырғы жазда билеуші инду-ұлтшыл партия Бхаратия Джаната Джамму мен Кашмирде автономияны жойғаннан кейін «мұсылман азшылықтары үшін қауіпті және зорлық-зомбылық жеріне» айналды. Мұсылмандар мен индустар ғасырлар бойы бейбітшілік пен келісімде бірге өмір сүрді және ешбіреуі өзін басқасынан артық санамады. Үндістан сияқты ондаған діндер мен конфессиялар бар елде тұрақтлық пен даму үшін әртүрлі діндер мен конфессиялардың барлық ізбасарларының құқықтарын мойындаудан басқа жол жоқ. Исламға қарсы саясат Үндістанның өсуі мен дамуына кедергі болады және бұл елдің аяқталмайтын шиеленіс пен зорлық-зомбылықтарға итермелейді. 200 миллионнан астам мұсылманның негізгі құқыларын елемей, тұрақтылық, қауіпсіздік және даму туралы айтуға болмайды.