Иран Ислам революциясы жетекшісінің Еуропа мен Солтүстік Американың жастарына жазған хатына шолу
(last modified Tue, 26 Jan 2021 09:09:42 GMT )
Қаң 26, 2021 15:09 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясы жетекшісінің Еуропа мен Солтүстік Американың жастарына жазған хатына шолу

2015 жылдың қаңтар айында Ислам революциясы жетекшісінің Батыс жастарына арналған бірінші хаты жарияланды.

 

2015 жылдың 21 қаңтарында әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқырмандардың ой-санасын жаулап алған және көбі ислам әлемі  қарсы және мұсылмандардың мәселелеріне байланысты болған көптеген жаңалықтардың арасында веб-сайттар мен ақпараттық агенттіктерінде   әлем бойында көптеген адамдардың назарына түскен хабар таратылды. Батыс ақпарат агенттіктерінің Ислам мен мұсылмандарға қарсы әділетсіз шабуылы күн сайын артып келе жатқан жағдайда, Иран Ислам революциясы жееткшісі аятолла Хаменеидің Еуропа мен Америка жастарына жазған маңызды хаты туралы хабар Батыстағы исламофобия атмосферасы дүр сілкіндірді және оқырмандарды батыс ақпарат құралдарында Ислам мен мұсылмандар туралы не айтылып жатқаны туралы шынайы ойлануға мәжбүрледі. Халықаралық сахнада бір елдің басшысы немесе президентінің басқа елдердің жастарына хат жолдауы сирек кездеседі, бірақ аятолла Хаменеи мұны қажеттілік деп санағаннан жасады. Бұл әрекет Франциядағы соңғы оқиғалардан және француз басылымының исламдық қасиеттерге тіл тигізуінен кейін және батыс шенеуніктері мен бұқаралық ақпарат құралдарының исламофобияны күшейтуінен кейін орын алды. Аятолла Хаменеи тағы екі рет, бірі 2015 жылдың қарашасында, екіншісі жақында 2020 жылдың қазан айында француз жастарына қысқа хатын жазды. Қазір аятолла Хаменеидің Батыс жастарына, олардың ішінде Еуропа мен Солтүстік Американың жастарына жазған бірінші хатының алтыншы жылдығы. Аятолла Хаменеи 2015 жылдың қаңтарында жарияланған хатында көптеген мұсылмандарға, әсіресе Еуропадағы және АҚШ-тағы жастарға үндеу жасады.

Аятолла Хаменеидің Батыс, әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың жастарына бірінші хатын жазған күнінен алты жыл өтті. Аятолла Хаменеи 2015 жылдың қаңтарында жарияланған хатында мұсылмандарға, әсіресе Еуропадағы және АҚШ-тағы жастарға үндеу жасады. Бұл кісі өз хатында көпшілігі Исламнан басқа діннің жақтастары болып табылатын жастарды Құранның мәті мен мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірбаянын оқуға шақырды және оларға ақпарат құралдары арқылы емес, аталмыш көздер арқылы Ислам дінімен танысу туралы ақыл-кеңес берді. Таза Исламды жақсы білетіндер аятолла Хаменеидің жастарға арнаған шақыруының имам Садықтың (ғ.с.) өз серіктеріне айтқан сөздерінен алынғанын жақсы біледі.  Имам Садық (ғ.с.): «Шындықты ертерек түсініп, жақсылыққа бет бұрған жастарға жақындаңдар»,- деген. Аятолла Хаменеи өзінің батыс жастарына жазған хатының себебі туралы: «Мен сіздер, жастарға жүгінемін, өйткені халық пен елдің келешегі сіздердің қолдарыңызда және шындықты іздеуі сезім сіздерде айқынырақ байқалады»,- деді.

Францияда лаңкестік әрекеттер және кейбір басқа оқиғалар орын алып, исламның бейнесін бұрмаланған және жағымсыз көрсетуге талпыныс жасалған жағдайда, Иран Ислам революциясының жетекшісі Еуропа және АҚШ-тағы  шындықты іздейтін жастарды  батыстың БАҚ пен саясаткерлерінің исламофобия жоспарын жүзеге асыруда неге шантаж етіп жатқанын тексеруге шақырады. 

Құран Кәрімнің аяттары шындыққа ұмтылған кез келген жасты қызықтыратын ұғымдарға толы. «Мәида» сүресінің 8-ші аятында: «Әй мүміндер! Алла үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Алладан қорқыңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы»,- деп айтылды. Жастар Құранның келесі жолдауын жақсы түсінеді: «(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт».  («Әл-Имран» сүресі, 64-ші аят). Ол исламды зорлық-зомбылықтың діні деп санай алмайды және одан бас тарта алмайды. «Анғам» сүресінің 108-ші аятынан: «Олардың Алладан өзге сиынғандарын балағаттамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаға тіл тигізеді...»,- деп оқимыз. Батыстың шындықты білгісі келетін жастары Құранға жүгінетін болса, Исламның сөз бостандығы туралы «Тәубе» сүресінің 6-шы аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Алланың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орнына жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін ел екендігінен»,- деп айтылғанын көреді.

Құранның көптеген аяттарында ақылға келу, ойлану, білім алу туралы айтылған жағдайда, Батыстың жастары қалай Исламды ақыл мен қисынға сай емес дін деп ойлайды? Ол адамгершілік пен ахлақ туралы аяттарды оқығаннан кейін исламнан қалай бет бұрып, руханиятты исламнан басқа діннен қалай іздейді? Ата-анаға жақсылық жасау («Анкабут», 8-ші аят), жұбайымен жақсы қарым-қатынаста болу («Ниса», 19-шы аят) сынды аяттарда ондаған қадір-қасиеттер ітуралы айтылды.

Құран аяттары өздерінің әртүрлі саяси, әлеуметтік, моральдық және жеке тақырыптарымен кез келген ақиқат іздеушіге құтқарылу жолын белгілейді. Иран Ислам революциясының жетекшісі илаһи басшы ретінде Құранның тағылымдарына сүйеніп, адамзат қоғамының құтқарылу жолын іздейді. Сондықтан, қазіргі әлемнің жаһандық мәселесін шешу үшін Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) кеңесі бойынша әрекет ету керек. Хазірет соңғы өсиеттерінде  мұсылмандарға: «Мен сіздердің араларыңызға екі қымбат аманатты қалдырамын, бірі - Алланың кітабы - Құран және екіншісі - менің отбасым. Сіздер бұл екеуінен алыстамасаңдар, еш уақытта адаспайсындар»,- деген.

Қазір аятолла Хаменеидің жолдауынан алты жыл өткен кезде оның және Батыс жастарын Исламды негізгі көздер арқылы түсінуге шақыруының маңыздылығы көбірек айқындала бастады. Аятолла Хаменеи Батыс жастарына жазған хатында: «Мен сіздердің Ислам туралы менің немесе басқалардың сөздерін қабылдауларыңызды талап етпеймін, бірақ   қазіргі әлемдегі осы динамикалық және ықпалды шындықты сіздерге лас мақсаттарымен таныстыруға жол бермеңіздер деймін»,- деді. Аятолла Хаменеи өз хатында ислам туралы ешбір түсіндірме бермей,   әр адамның табиғи және айқын құқығына сүйене отырып, олардан ақиқатты білу үшін зерттеу жүргізуді сұрады. Әрбір адамның табиғатында  шындықты іздеу қалыптасты.

Иран Ислам революциясы жетекшісінің Еуропа мен Солтүстік Американың жастарына жазған хатында ақиқатты іздейтін кез-келген адамның Құранға жүгініп, Исламның ұлық пайғамбарының өмірін зерттеп, Ислам мектебінің бақытты болуға жеткізетін тағылымдары мен ақиқатпен таныса алатынын мәлімдейді. Сондықтан Еуропа мен Солтүстік Американың жастары бұл ақыл-кеңеске назар аударсаваххабизмнің, ДАИШ, ән-Нусрат, және Бокохарам сияқты тәкфирлік топтардың, сондай-ақ батыстың бұқаралық ақпарат құралдарының Ислам туралы ұсынған біржақты бейнесі және кез-келген жағдайда онны айыптауның хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) таза исламына ешбір қатысының жоқ екенін түсінер еді. Сонымен қатар Еуропа мен АҚШ жастары үшін шамалы ойланса, Исламды бұрмалаушылардың және террористер мен алданғандарды мұсылмандар өкілі ретінде таныстыруларының ниеті белгілі болар еді. Қазіргі аятолла Хаменеидің хаты жарияланғаннан 6 жыл өткен кезде және   такфирлік және террористік топтардың жойылуымен және демократия мен адам құқығы  туралы уәжденетін көптеген Батыс үкіметтерінің бұл топтардың құрылуындағы рөлінің анықталуымен, Ислам революциясының   жетекшісінің хатының Батыс жастарына жазған хатының көрегендік өлшемдері күннен күнге айқындала түсуде.