Сириядағы үрейлі қылмыстардың бірі (1)
(last modified Tue, 23 Feb 2021 14:40:11 GMT )
Ақп 23, 2021 20:40 Asia/Almaty
  • Сириядағы үрейлі қылмыстардың бірі (1)

Сирия үкіметінің бұрынғы қарсыластарының бірі Әбу Башир: "Сирия халқы, оның ішінде мен де ДАИШ-пен бетпе-бет келгенше дейін Башар Асадтың Сирияның ішіндегі және сыртындағы қарсыластарының үлкен үгіт-насихат жүргізуінің ықпалына түсіп, халықтың барлық бақытсыздықтарының себебі Башар Асад пен оның үкіметі, сондықтан олар қалай болсада кетуі керек деп қате ойладық".

Осыдан шамамен он жыл бұрын кейбір араб елдерінде озбыр үкіметтеріне қарсы көтерілістер болып, олар араб әлемі мен Батыс Азия аймағына айтарлықтай ықпалын тигізді. Халық көтерілістері Тунистен басталып, бұл елдің өктемшіл президенті Зейн әл-Абидин бен Әлиді билік басынан кетірді. Содан соң көп ұзамай Мысырдың өмір бойғы билеушісі Хосни Мүбарак, Ливия диктаторы Муаммар Каддафи мен Йеменнің вице-президенті Али Абдолла Салех те дәл осындай тағдырға тап болды. бірақ бұл өзгерістерге алаңдап, одан өзері үшін қауіп-қатер көріп, араласуларымен Бахрейн, Сауд Арабиясы және Иордания сынды кейбір мемлекетттердің  озбыр үкіметтеріне іс жүзіне қолдау көрсетіп, көтерілістердің бағытын өзгертіп, наразылықтарды Сирия сынды елдерге қарай бағыттады. Алайда срия халқының наразылықтары басқа араб елдеріндегі көтерілістерден өзгеше болды. Бұл елдің жүйесі Батыстың саясаттарына және АҚШ пен сионистік режимнің дұшпандық қолдауына ие топтарға қарсыласты. Осы себепті Батыс үкіметтері мен авторитарлы араб билеушілері және Түркия сияқты аймақтағы кейбір басқа үкіметтер 2011 жылдың басынан бастап бұл елдің халқы мен азаттығы қорғауды сылтауратып, бүкіл саяси, үгіт-насихат және әскери құралдарымен  араласуға кірісті, сондай-ақ шетелдік қарулы топтарды, әсіресе ДАИШ-ты қолдап, Сирия халқы үшін үлкен апат тудырды.

Сирия Президенті Башар Асадтың бұрынғы қарсыластарының әрі қайғылы оқиғалардың құрбандарының бірі болған Абу Башир осы уақыт ішінде бастан кешкен қиындықтарына өкініш білдіріп, баяндайды.

Әбу Башир шамамен 60 жастағы Сирияның астанасы Дамасктің тұрғыны. Ол өзін, әйелі мен төрт баласын өмірлік қажеттіліктерін егіншілікпен қамтамасыз еткен. Сирия үкіметінің бұрынғы қарсыластарының бірі Әбу Башир былай деді: «Сирия халқы, оның ішінде мен де ДАИШ-пен бетпе-бет келгенше дейін Башар Асадтың Сирияның ішіндегі және сыртындағы қарсыластарының үлкен үгіт-насихат жүргізуінің ықпалына түсіп, халықтың барлық бақытсыздықтарының себебі Башар Асад пен оның үкіметі, сондықтан олар қалай болсада кетуі керек деп қате ойладық. Сол кезде Сирия халқының арасында «Башар Асад - диктатор, ол кетуі керек. Сирияны құтқару үшін Башар Асад  кетуге міндетті» деген хабарлар көп таралды. Мен де   кейбір митингтерге қатысып, балаларымды Башар Асадқа қарсы үгіт жүргізуге және барлық жерде «Сирия диктаторы кетуі керек» деп таратуға шақырдым. Уақыт өтіп, отырыстар мен наразылықтар көбейді. Хомс қаласында Башар Асад үкіметіне қарсы наразылықтарда зорлық-зомбылықтың ұшқыны байқалғаны есімде. Хомс халқы көшеге шықты және Башар Асадтың әскери күштері оларды бақылауға алу үшін жиналды. Сол кезде оқ атылып,  бірақатар адам өлді және жараланды. Сол күннен бастап Сирия халқы мен Башар Асадтың қарсыластарының наразылықтарында қан төгілді. Бірақ болашақта қандай жаңалықтар мен оқиғалар болатынын ешкім білмеді».

ДАИШ террористері

Абу Башир айтқандай, үкіметтің қарсыластары қарулы болып, Сирияның кейбір аймақтарын өз бақылауына алған. Олар біртіндеп Башар Асадқа қарсы әрекеттесуге бірігеміз деп уәжденген басқа елдерден шақырылған қонақтармен бетпе-бет келді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы ДАИШ болды.  Абу Баширдің айтуы бойынша, ДАИШ исламдық ұрандарымен келіп, Сирия халқын Башар Асад пен оның диктаторлық үкіметінен құтқарғысы келетіндігін айтты. Ол сириялық оппозицияның ДАИШ-тың келуіне білдірген реакциясы туралы: «Басында біз ДАИШ-тың келуіне қуандық, өйткені біз тек Башар Асад үкіметін құлатып, жаңа үкімет құру туралы ойладық. ДАИШ Сирия халқына дәл осы уәдені берді. Сирия қалалары күн сайын қақтығыс пен адам өлімінің куәсі болды. ДАИШ халықтың және Башар Асадтың қарсыластарының қолдауымен Сириянң қалалары мен ауылдарын бірінен соң бірін басып алып, алға ілгерледі. Бізде қуандық»,- деді.

Бұл сириялық қарсылас орнатылған жағдайға қуанғаны сондай, ол отбасымен бірге ДАИШ-тың бақылауына алынған Алеппо қаласына кетті. Бірақ ол жерде ол ащы және қайғылы шындықтарға тап болды. Ол сол кездегі басып алынған Алеппо қаласындағы жағдай туралы: «ДАИШ мүшелері қалаларды басып алғаннан кейін әскери билік орнатып, Башар Асадтың жақтастарын анықтап, қамауға алып,  қала  алаңдарында олардың басын кесіп тастады. Башар Асадтың қарсыластары да қуанып, биледі. ДАИШ сириялық қыздар мен әйелдерді әртүрлі сылтаулармен тұтқындап, оларды базарда сатты. Сауд Арабиясының, БАӘ-нің, тіпті Еуропаның байлары мен капиталистері келіп бөлініп, әдемі және жас қыздарды сатып алды. Мен мұны Алеппо базарынан көрдім, өзімде қызым болғандықтан қатты ренжідім. Сол қыздардың торда қамалған және оларды сату кезінде айқайы мен үшін азап болды»,- деп есіне алады.

ДАИШ әйелдерді сататын

 

Бірақ Әбу Башир алда ащы және қорқынышты оқиғалар оны және оның отбасын күтіп тұрғанын білмеді. Алғашқы ащы оқиға жалғыз ұлының басына түсті. Әбу Башир бұл оқиғаны былай сипаттады: «ДАИШ-тың уахабшы уағыздаушылары  ұлым Баширді бұл топтың мүше ету үшін онымен көп жұмыс жасады. Менің ұлым Башир 20 жаста болатын және дін туралы көп білмейтін. Абу Джихад деген адам онымен дос болып, Баширдің санасына үлкен әсер етті. Бірде Башир қасыма келіп, ДАИШ-тың әскери әрекетіне қатысуға рұқсат сұрады. Мен қатты қарсы болдым, өйткені мен вахабизм ойларын ұнатпадым және қабылдамадым. Бірақ Башир енді мені тыңдамады және оның бүкіл ойы тек Әбу Джихад болды. Абу Джихад оны ДАИШ-тің мүшесі етіп,  олар Баширге айына мың доллар төлеп отырған. Мен ұлыма: «Неге ДАИШ үшін соғысқың келеді? Оларды білесің бе?! Олардың ой-пікірлерін білесің бе?»- дедім. Ол: «Шиіттер – мүшірік, біз оларды өлтіріуіміз керек. ДАИШ-тың міндеті алдымен шиіттерді өтіру, содан соң кәпірлермен соғысу. Шиіттерді өлтіріп, жәннәтқа барамыз»,- деген ақылға сай келмейтін сөздер айтты. Мұны оның миына Абу Джиһад құйған. Мен анасы Умм Айшамен сөйлестім, Баширді  әрекетке қатысудан бас тартқызсын деп. Бірақ менің және анасының сөздері мен ақылдарымыздың пайдасы болмады. Башир енді ДАИШ мүшесі болды. Ол бірнеше ай жаттығулардан кейін ДАИШ әрекеттеріне қатысатын болды. Сриялық күштермен бір жыл соғысқаннан кейін өлді. Оның мәйітін бізге әкелмеді, Абу Джиһад маған тек оның өлгені туралы хабарды жеткізді. Сөйтіп Сирияның азаматтық соғысы жалғыз ұлымнан айырды. Башир ДАИШ пен вахабизмнің жалған ойы жолында босқа өлді».

 

Әбу Башир ДАИШ-тың рақымсыз басшылары мен олардың шетелдік жақтастарының соғыс пен билеп-төстеуді талап ету  жолында ұлынан айырылғанымен, оның жағдайы отбасында бірнеше адам өлген, ұрланған немесе ДАИШ-тың тұтқыны болған, сондай-ақ басқа елдерге қоныс аударғандардан жақсырақ. Алайда бұл сириялық қарсылас үшін оқиға аяқталмады және оны келеңсіз оқиғалар әлі де күтіп тұрды...